Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет99/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162

271

Ағыну«Қобыланды батыр» жырында:

«Әуелі, Құдай, ағындым,

Ата-анамды сағындым», – деген жолдар бар.

Бұл сөз қазақ тілінің қазіргі түсіндірме сөздіктерінде тіркелмепті 

(көрсетілмепті). Тек «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде» ағыну сөзін 

Қытай  қазақтары  тіліндегі  диалектизм  деп  көрсетеді  де,  мысалға 

«Қобыланды»  жырынан  алынған  жоғарыдағы  жолдарды  береді, 

мағынасын  «жалыну,  жалбарыну»  деп  көрсетеді.  Ағыну  етістігінің 

мағынасы мәнмәтінге қарағанда, «сыйыну» немесе «шағыну» деген-

дерге  саятын  сияқты.  Сөздің  этимологиясын  қарастырғанда,  ағы> 



ағыла-> йығла-> йыла-> жыла- деген тұлғаларға барып тіркелмес пе 

екен  деп  ойлауға  болады  (Э.В.Севортян.  Этимологический  словарь 

тюркских языков. - М.: Наука, 1974. - С. 80-81). Ол күнде ағындым 

сөзі «Құдайға жалындым немесе сағынышымды айтып шағындым, 

тілек  айттым»  дегенді  білдіретін  болып  шығады,  өйткені  жырдың 

бұл екі жолы – Қобыланды баланың зынданда жатқанда айтқан сөзі. 

Демек, тұтқын бала әуелі Құдайға шағынғанын, содан соң ата-ана-

сын сағынып жылағанын айтқан сияқты. Бұл – әзірге жорамалымыз. 

Іздестіре түсу керек. Ал Қытай қазақтарының жергілікті ерекшелігі 

деп тану – қисынсыз, өйткені сол өңірдегі сөйлеу тілінен не көркем 

әдебиетінен мысалдар жоқ.

Лағу (Ылағу). Бұл сөз «жорту, аттану, жөнімен бет алу» дегенді 

білдіретін сияқты.

Аламан тегін алсын деп,

Олжа болып қалсын деп

Түн ішінде лақтым (Батырлар жыры).

Жасы алпысқа келгенде,

Әкем қайда ылақты («Ер Қосай»).

Бұл  жыр  жолдарында  ылағу  деген  қимыл-әрекеті  «жөнсіз  бет 

алу,  адасу»  емес,  «белгілі  бір  мақсатпен  аттану,  жортуылдау»  де-

ген  мағынада  беріліп  тұр.  Бұл  сөйлемде  Ер  Бөкшенің  баласы  –  Ер 

Қосайдың сұрағы мен әкесінің жауабы айтылған. Ер Бөкше, әрине, 

бір  жаққа  бетімен  адасып  кеткен  жоқ,  жорыққа  аттанған.  Қазіргі 

қолданыста лағу (ылағу) сөзінің мағынасы жоғарыда көрсетілгеннен 

бөлек («басқа жаққа бетімен кету, адасу» және «не болса соны айту, 

бос  сөйлеу»  –  ҚТТС,  7-том,  48-б.).  Қазақтың  өлең-  жырларында, 

әсіресе  батырлар  жырларында  ұрыс-соғысқа,  шабуыл-жорыққа 

қатысты  мағынасы  бар  етістіктердің  варианттары,  синонимдері, 

метафоралық  тұлғалары  едәуір  көп  екені  байқалады,  сондықтан 

бірқатар сөздердің бұл күнде өзімізге айқын мағыналарынан өзгеше 

мағынада  жұмсалған  етістіктердің  ескі  қолданыстар  болып  көрінуі 

заңды. Әрине, бұндай етістіктердің осы күнгідей мағынада жұмсалуы 

да аз кездеспейді. Мысалы:




272

Гүмпілдеген көп қалмақ

Алды-артына ылақты? («Ер Қосай», 24, 25). 

Бұл  жерде  ылақты  сөзі  «бет-бетімен  қашу»,  «айдалаға  кету» 

дегенді білдіреді.

Айдындықтай.  Қазақ  тілінің  сөздіктерінде  бұл  сөз  жоқ. 

Мағынасын да бірден тап басып айтып беру қиын. Бұл тұлға XV-XVI 

ғасыр ақын-жырауларының тілінде кездеседі. Доспамбет жырау:

Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы:

Хан қызындай сұлтанның 

Айдындынтай ақ білегін жастанып...

Омыраудағы он түймесін ағытып,

Кейінгі қалған көпекке

Қалай да белін шешті екен! – дейді. 

Бұл  жолдарда  бірнеше  ескілік  бар:  айдындықтай,  білек,  сұл- 

тандайын,  көпек.  Бұл  жерде  біз  алғашқы  айдындықтай  сөзін 

талдайық.  Сөз  түбірі  –  айдын.  Ол  орта  ғасырлардағы  түркі  жазба 

ескерткіштері тілінде «жарық, жарқыраған анық, ашық, айқын» де-

ген мағыналарда жиі қолданылған. Сірә, бұл айдын сөзінің о бастағы 

денотат мағынасы болар. Түбірге -ды жұрнағы жалғанып, адамның 

жағымды бейнесін сипаттайтын эпитет ретінде қосымша (коннотат) 

мағынада да жұмсалған.

«Қыз Жібек» лиро-эпосын жырлаушы жырау бас кейіпкерін ай-



дынды туған Қыз Жібек деп суреттейді. Орақ батыр туралы жырда 

кейіпкер Айдынды Орақ, айлы Орақ, Айбалтасы қанды Орақ болып 

аталады.  Айдынды  Жібекте,  айдынды  Орақ  та  «нұрлы,  сәулетті» 

деген  мағынада  суреттеліп  тұр.  Нұр  –  күннің  ашық  сәулесі,  ол  ақ 

сөзінің  семантикасына  жақындайды.  Ақ  жүзің  аппақ  екен  атқан 

таңдай  деген  өлең  жолдарындағы  эпитет  мағынасы  атқан  таң

одан таңның нұры, бұдан ашық, әрі қарай аппақ жүз болып өрбіген, 

яғни  семантикалық  қозғалысқа  түскен.  Демек,  айдын/  айдындық 

тұлғалары – қазақ тілінде поэтикалық бірлік болып қалыптасқан ескі 

сөз.

Айдындық сөзі оғыз тілдеріне тән. Түрік тілінде айдынлық сөзінің 

екінші  сындық  мағынасы  –  «ақ,  аппақ».  Қазақ  тілі  үшін  бейтаны-

стау айдындық деген есім сөзге -тай теңеу жұрнағын жалғап, «ашық 

нұрдай>аппақ>ақ» (білек) болып мағынасы жылжыған. Ақ, аппақ – 

сұлулықтың  символы,  ол  айдындықтай  деген  ескілік  сөзбен  қатар 

айтылып,  эстетикалық  әсері  күшейтілген.  Мұндай  тәсіл  –  қазақ 

тілі  үшін  кәнігі  дағдылы  құбылыс  екендігі  белгілі.  Сөйтіп,  туыс 

түркі  тіліне  тән  айдындық  сөзінің  айдындықтай  ақ  білек  болып 

қолданылуы – семантикалық ескіліктің бір көрінісі болып танылады.



273

«ЕДІГЕ БИ», «ЕДІГЕ БАТЫР», «ЕР ЕДІГЕ» ЖӘНЕ БАСҚА 

ДА ЕДІГЕ ТУРАЛЫ ЖЫРЛАРДАҒЫ ЕСКІЛІКТЕР

Лексикалық  ескіліктерді  жинауда  біз  Едіге  есімімен  келетін 

жырларға  ерекше  назар  аудардық.  XIX  ғасырдың  орта  тұсында 

әкелі-балалы  Шыңғыс  пен  Шоқан  Уәлихановтар  ел  ішінен  жаз-

дыртып алған «Едіге батыр» атты жыр нұсқасы – Шоқанның айту-

ына  қарағанда,  батырлар  жырларының  ең  әрідегісі  де,  ең  көркемі 

де  болатын.  Кез  келген  жырдың  варианттарын  (нұсқаларын)  салы-

стыра қарағанда, көнелігі мен көркемділігін анықтайтын бірден-бір 

көрсеткіш – оның тілі екендігі белгілі. Едіге туралы жырға ерекше 

көңіл бөлген Шоқанның тануы бойынша, қолына түскен нұсқа XV 

ғасырда  пайда  болған.  Содан  бері  ауызша  да  тарап,  хатқа  да  түсіп 

отырған.  Жыр  ноғайлық  ортада  туған.  Кезінде  Алтын  Орда  мен 

кейінірек  Ноғай  ордасын  мекендеген  «ноғайлының  ауыр  жұрты» 

ру-тайпалар  одақтары,  кейін  түркі  халықтары  болып  қалыптасып, 

бөлініп кеткендер бұл жырды ортақ мұра ретінде өздерінше жырлап, 

өз дүниесі санап иемдегендері де айтылып келеді. «Едіге» жырының 

сондай иесінің бірі – қазақ халқы.

Демек,  Едіге  туралы  жырдың  XV  ғасырларда  дүниеге  кел-

ген  нұсқасы,  біріншіден,  ең  әрідегісі  және  ноғайлы  жұртында 

туғандықтан,  жыр  мәтінінде  біраз  ескіліктер,  қазақ  тіліне  жат 

бөгделік  элементтер  (жеке  сөздер,  сөз  тіркестері,  морфологиялық 

амалдар,  бірді-екілі  фонетикалық  өзгешеліктер)  сақталған.  Әрине, 

Едіге туралы жырдың XIX ғасырдағы қазақ жұртына жеткен нұсқасы 

– ең тұңғыш ноғайша жырланған түрі емес, қазақша жырланған түрі, 

өйткені  о  баста  барлық  лингвистикалық  параметрі  жағынан  бір-

біріне өте жақын қазақ пен ноғай тілдерінде сөйлеп, жыр жырлаған 

бабаларымыз Едіге туралы аңыздар мен жырларды өз тілдеріне оңай 

үйлестіріп, үндестіріп алған. Жырдың жалпы арқауын сақтап кейінгі 

ғасырларда  өздерінше  жаңа  нұсқаларын  ұсынушылар  жырды  таза 

қазақшалап үлгергені байқалады. Бұларда ескі сөздер мен тіркестер, 

кәнігі поэтикалық сөз-образдар жоққа тән.

Біз «Шоқан нұсқасы» деп атап отырған жыр мәтінін Шоқанның 

әкесі  –  Шыңғыс  Уәлиханов  ел  ішінен  жырдың  үш  нұсқасын  жаз-

дыртып  алады:  әуелгісін  Аманқарағай  болысындағы  қыпшақ  ау-

лында тұратын қазақ Жұмағұл ақыннан, 2-нұсқасын жергілікті өзге 

жыршылардан,  үшіншісін  Арыстанбай  ақынның  айтуымен  қағазға 

түсіртіп алады. Шоқан үш нұсқаны салыстыра отырып, бір жыр етіп 

тұтастырып, 41 беттік қолжазба дайындайды. Оны Ахмет деген кісі 

жаңадан мұқият көшіріп береді. Шоқан орысша аудармасын жасай-



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау