172
Туар қара, сірә, монғол тіліне де ортақ сөз болар, тіпті алдыңғы
сыңары – монғол тілінің элементі болуы мүмкін. Туувал (тууар)
монғолша айдап жүретін мал (орысша гурт), туугда(х) – «мал айдау»
деген етістік, мал – монғолша да мал (скот), ал қара қазіргі сөздік-
тердің көрсетуі бойынша ірі мал: жылқы, түйе, сиыр (ҚТТС, 6-том,
36), қара мал – сиыр (47-бет). Өткен ғасыр сөздіктерінде, мысалы,
Будагов сөздігінде қара − жылқыдан басқа ірі мал, ІІ том, 44-бет).
Демек, қара сөзінің «жалпы мал» деген мағынасы ертеден болғанға
ұқсайды, ал даралап атауға келгенде, жылқы малын туар қара деп атау
қалыптасқан тәрізді, кейін оны қазақ тілінде жылқы сөзі алмастырған.
ТҰЛА БОЙЫ. Бұл тіркестің жалпы мағынасы түсінікті: оны
сөздіктер «бүкіл дене, он екі мүшесі түгелімен» деп түсіндіреді
(ҚТТС, т. 9. 269-бет). Мұндағы бой сөзі де түсінікті, ал тұла деген
немене? Ол жеке тұрып қолданылмайды. Іздестірсек, тул – парсы
тілінде «ұзындық, ұзындық аралығында» деген мағынаны беретін сөз
екен. Қазіргі қазақ тіліндегі тұла бой дегеніміз – адам денесінің ұзын
(бүкіл) бойы, яғни бүкіл денесі деген тіркес болып шығады. Өте ер-
теде қалыптасқан мұндай екі тілдік сөздердің тіркесі қазақ тілінде аз
кездеспейді. Мысалы, ұзақ қарға деген құс атауы да – «қарға + қарға»
деген сөз: зағ парсы тілінде «қарға» (ол парсы тіліне түркі тілдерінен
ауысқан сөз болуы мүмкін, ол күнде түркі тілдерінде ұзақ сөзі жеке
тұрып та қарға деген құс атауын білдірген сөз болуы керек). Және бір
мысал: шарбы май тіркесі. Бұл да – парсы-түркі сөздерінің қатарласа
қолданылған май+май сөздері, өйткені чәрб – парсыша «май».
ТҰРАЛАП ҚАЛУ. Монғол тілінде тура- етістігі «арықтау» де-
ген мағынаны береді. Саха (якут) тілінде туор, хақас тілінде торо
– «аш, арық» ұғымын білдіретін сөздер. Бұлардың түбірі көне түркі-
монғолдың тура- етістігі болса керек. Қазақ, қырғыз тілдерінде
көптеген сөздер зат есім ретінде танылып, оған етістік тудыратын
-ла жұрнағы жалғанғаны мәлім (Юнусалиев, 52). Демек, тұрала- –
«арықтау» мағынасын беретін сөз. Бұл ұядан арық-тұрық деген қос
сөздің екінші сыңары да шыққан: тұрық – арық сөзінің көне вари-
анты.
ТҮЛЕЙ. Бұл сөз қазақ тілінде көбінесе түлкі жортпас түлей,
түлейден қашқан түлкі деген сияқты тіркестерде кездеседі. Түлей
сөзін түсіндірме сөздікте де, фразеологиялық сөздікте де «қалың, ну»
(екі томдық ҚТТС, II, 293), «қалың ну орман» (Кеңесбаев, 526) деп
анықтайды (он томдық толық түсіндірме сөздік бұл сөзді мүлде бер-
173
меген). К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі түлей («түлкү жүрбөс түлей
жол») сөзін «саңырау, мылқау» мағынасындағы дүлей сөзімен бір деп
табады да, жоғарғы мысалдағы түлей жол дегенді «глухая дорога»
(жым-жырт жол) деп аударады.
Түлей мен дүлей (дүлей күш, дүлей адам дегендердегі) сөздері
бір тұлғаның − фонетикалық екі варианты ма, жоқ, екі басқа сөздер
ме, оны этимологтердің үлесіне қалдыра тұрып, түлей сөзінің
мағынасына контекске қарай үңілсек, ол «қалың (шөп, бұта, орман,
қамыс т. б.), ну орман» дегеннен гөрі, «жапан түз, жалпақ дала» де-
генге жуық келеді. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында:
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып кетіп барады.
Түлкі жортпас түлейден,
Адыр-адыр белдерден
Шапқанда шаңы бұрқырап,
Жұлдыздай болып ағады, –
деген жолдарға қарағанда, түлей сөзі «ну орман» дегеннен гөрі
«жалпақ дала, ұшы-қиырсыз қашықтық» дегенді білдіретін сияқты,
өйткені жұлдыздай ағу үшін ну жынысты орман емес, адыр-адыр
белдері бар ен дала, үлкен кеңістік керек. Әрине, бұл тіркестер об-
раз ретінде қолданылған, сондықтан тіркес компоненттерінің жеке
тұрғандағы мағынасының өзгермей келуі шарт та болмас, дегенмен
образ жасайтын тіркестердің мағынасы шындықтан туатындығын
ескермеске және болмайды. Сол сияқты «Қамбар» жырында:
Түлейден қашқан түлкіңді
Ұстайын қуып ендетіп, –
дейді. Мұндағы ендетіп қуу деген тіркес «көсіліп, түлкі жолын кеу-
леп» деген мағына беретінін ескерсек, түлкі қашатын түлей – орман
емес, ашық жер, жалпақ дала.
Сірә, біздіңше, түлкі жортпас түлей дегеңдегі түлей сөзі осы
соңғы мағынаны білдіреді, «түлкі жүрмейтін жапан түз» деген
ұғымды беретін тәрізді. Жоғарыдағы мысалда да қарсақ жортпас
қалың – «орманды, шөпті дегендей жынысты жер» болса, түлкі
жортпас түлей – керісінше, «ашық дала», яғни бұл жердегі образ
қарама-қайшы параллельдерге құрылған.
Қырғыз тілінде түлей сөзінің түлей жол тәрізді тіркесте келетіні
де осы мағынаны («жапан түз, ашық дала» дегеннен шыққан «ұшы-
қиырсыз даладағы ұзаққа кеткен жол») білдіретін сияқты, өйткені
жолдың үстінде ну жыныс, орман өспейді ғой. Қазақ жазушыларын-
да қу түлейде жорту деген тіркес те кездеседі, мұнда да тіркес «қу
дала, ен дала, жапан түз» дегенге меңзейді.
174
ТЫҚЫР ТАЯҢ КЕЗ, ТЫҚЫР ТАЯНДЬІ. Он томдық толық
түсіндірме сөздікте «құлаққа естілетін тықырлаған дыбыс» деген
мағынаны беретін тықыр сөзінің ұясында, тықыр таянды деген
тіркесті келтіріп, оған «қауіп-қатер төнді, жаны қысылды» деген
түсінік беріледі. Қазақ тілінде тықыр таяң кез дегенде тіркес бар.
Сірә, о бастағы қолданыс тықыр таяң деген зат есім болса керек. Түркі
халықтарының тарихын терең зерттеген Л.Н.Гумилевтің жазғанына
қарағанда, V-VII ғасырларда түркүттерде көк Тәңірге құрбан шалу
рәсімі болған. Бұл рәсім осы түркүттердің бүгінгі ұрпағының бірі –
қачыларда XIX ғасырдың соңына дейін орып алып келген. Қачылар
осы құрбандықты тығыр таих деп атаған. Құрбандыққа қой шалы-
нып, қымыз, сүт, айран және ет сорпасын төгетін болған. Қысқасы,
ел-жұртқа қиыншылық төнгенде, тығыр таихқа құрбан шалуға
мәжбүр болған. Өте ертедегі бабаларымыз ел басына қауіп-қатер,
қиыншылық төнген күнді тықыр таяң кез, яғни «құрбандық шалу
кезі келді» деп айтпады ма екен деген ойға қаламыз. Замандар өте
қазақ сияқты түркілерде бұл рәсімнің аты ұмыт болып, оны атап
тұрған сөздердің мағынасы күңгірттенгендіктен, өзімізге таныс
тықыр және таяну сөздерімен алмастырып алуымыз әбден ықтимал.
Тықыр сөзі дыбысқа қатысты, бірақ қиыншылық, ауыртпалықтарға
дыбыстың не қатысы бар? Сондықтан тықыр таянды деген тұрақты
тіркестің жалпы мағынасы түсінікті болғанмен, бұл ұғым тіркес
құрамындағы тықыр сөзінің дыбысқа қатысты мағынасынан шығып
тұрмағаны сезіледі. Сол себептен біз тықыр таяну етістігін жасап
тұрған сөздердің төркінін көне кезеңдерден іздедік те жоғарғы бол-
жамымызды айттық. Бұл – сөз жоқ, өте батыл барған жорамалымыз,
әлі де іздестіре түсу қажеттігін сеземіз.
ҰБАП-ШҰБАП. Бұл қос сөздің соңғы сыңарының мағынасы
біршама түсінікті: шұбыру сөзімен түбірлес шұбау етістігі «адам-
дардың, малдың бірінің артынан бірі жүріп отыруы» дегенді білдіреді.
Ал алдыңғы ұбап компоненті бүгінде жеке қолданылмайды. Сірә,
о баста ұбы-/ұба- деген етістік жеке қолданылған да болар, өйткені
ұбырып-шұбырып деген туынды түбірлер де бар. Ұбы-/ұба- етістігі
шұба(у) етістігімен мағыналас болғанын сеземіз. Өзге тілдер сияқты,
қазақ тілінде де мағыналары өте жақын сөздер қосарланып айтыла
келіп, тұрақты тіркес, яғни қалыптасқан қос сөз болып кеткені аз
кездеспейді. Мұндай тіркестер плеонастық сипатта болады, яғни бір
мағынаны білдіретін екі түрлі тұлға жапсарласа айтылады да бірін
бірі айқындай түседі. Мұндай плеоназмдардағы компоненттерінің
Достарыңызбен бөлісу: |