188
Демек, бұл сөздің түпкі мағынасында шабуылға, талауға, қыр-
ғын-сүргінге катысты мән бар. Сондықтан аталған сөздікте аламан
тұлғасы ала- етістігінен жасалған туынды есім сөз деп танылған.
Ала- етістігінің түбірі
ал- (бір нәрсені қолмен алу) деп талданады
да, оған қосылған -а форманты – қимылдың жиілігін танытатын
көрсеткіш деп беріледі. Осы себептен түрік тіліндегі алғын, аланж
«тонау», алақ, алақты «талан-таражға салу», қазақ тіліндегі алаулау
«соғысу, ұрыс салу» дегендердің түбірінде бір нәрсені қолмен алуға
немесе бір халықты басып алуға қатысты идея (мағына) болғанмен,
ала сүргін, ала шапқын дегендерде
алу идеясы емес, «көпшілік»
идеясы басым (соңғы тіркестердегі «соғыс, ұрыс, талау» мағынасы
сүргін, шапқын сөздерінде). Сондықтан о баста қазақ халқын құраған
ру-тайпалар одағының алаш (алты алаш, алты сан алаш) аталуы бұл
сөздің «көпшілік, халық» мағынасын қамтитын ала түбірімен байла-
нысты екенін көрсетеді. Демек, алаш «көпшілік, одан барып «халық,
қауым» деген ұғымда қолданылған атау болған.
Сөйтіп, сөз тарихын қуалағанда, ала деген бір ғана тұлғаның
туынды сөз, күрделі сөз, яғни тіркес құрамында бірнеше мағынада
келетіні байқалады. Ол мағыналардың бірқатары түпкі (этимондық)
семантикадан тараған ауыспалы түрлері болса, енді біреулері
«ұрыс, соғыс, қырып-жою» мағыналары бар және «көпшілік, мас-
са» деген мағыналық реңкті қамтитын өз алдына бөлек сөздер бо-
лып шығады. Осы себептен қалың оқырманға ала балта, ала ту
дегендердегі ала-ның түске қатысы жоқ екенін, батырлар жырлары
мен Махамбет ақында кездесетін алаулау етістігінің «соғысу, ұрысу»
мағынасындағы сөз екенін тарихи лексикология курсы аңғартады.
Бұл сияқты сөздердің (қолданыстардың) семантикалық комплекстері
олардың тіркесу қабілеттерін, мағыналық мүмкіншіліктерін
айқындауға көмектеседі.
§4. Бір алуан сөздердің тіркес құрамындағы мағынасы түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде «күні кеше» ғана – орта ға-
сырларда қолданылғаны көрінеді, бірақ заман озған сайын сөздің
жеке мағынасы түгіл, тіркестің өзі қолданыстан шығып, тек ескі
өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер құрамында сақталған. Оған мы-
сал ретінде ауыр әскер, ауыр қол, ауыр жұрт, ауыр дәулет, ару ат,
ару жігіт, астана жұрт, ай қараңғы кешесі сияқты тіркестерді
келтіруге болады. Бұлардағы ауыр сөзінің «көп, сансыз, қалың»
мағынасы да, осы мағынамен келген жоғарғы тіркестер де бұл күнде
қолданылмайды.. Сондай-ақ ару сөзінің «жақсы, игі, мінсіз, асыл»
мағыналарын осы күнгі қазақ тілі қолданбайды, сондықтан ару ат,
189
ару жігіт дегендер бұл күнде нормадан тыс тұрған тіркестер болып
көрінеді, ал бірақ осы тіркестердің XV-XVII ғасырлардағы ақын-
жыраулар тілінде сақталғанын байқаймыз.
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштері тілінде жиі қолданылған
айла-/әйла- («ет-, қыл-») көмекші етістігін де бүгінгі қазақтар
білмейді, ол зар илеу деген күрделі етістік құрамында тұлғасы едәуір
өзгеріп барып (айла-> әйла->иле-) сақталған. Кеше сөзі де – қазіргі
өзіміз қолданатын мағынадағы кеше («бүгінгіден бір күн бұрын өткен
күн») емес, «түн» мағынасындағы қолданыс. Бұлардың қазақ тілінде
орын алуының екі-үш түрлі себебі бар сияқты, бірі – орта ғасырларда
бірқатар сөздердің беретін мағыналары көптеген түркі тілдеріне
(олардың оғыз, қыпшақ, қарлұқ болып тарамдалатынына қарамастан)
ортақ болған. Мысалы, жоғарыда сөз еткен ауыр, ару, «туысқан,
рулас» мағынасындағы қарындас сияқты сөздер орта ғасыр түркі
ескерткіштерінде біз көрсеткен мағыналарда қолданылған. Қазақтың
ақын-жыраулары да бұл ортақтыққа ие екендіктерін өздерінің өлең-
толғауларының тілі арқылы көрсеткен деп табамыз. Екіншіден, орта
ғасырлардағы түркі әдеби тіл дәстүрімен қазақтың ақын-жыраулар
тілі де іліктес болғандығы бұлардың өлең-жырларында ай қараңғы
кешесі сияқты тұлғалардың орын алуы көрсетеді.
§5. Қазақ тіліндегі араб, ішінара парсы сөздері, әсіресе, дерексіз
ұғым атаулары (абстракт есімдер) мен оқу-білім, мәдениет сияқты
салаларға қатысты сөздер тілімізге араб, иран халықтарымен
тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде енбеген, олар негізінен орта
ғасырлардан, сонау XII ғасырдағы Ясауи хикметтерінен бастап, күні
кешегі «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының түркі тілдеріндегі жырланы-
сы арқылы келген деген тұжырымның (мысалы, бұл жөнінде Әмір
Нәжіптің пікірлерін еске алайық) қисыны бар. Бұл кірме сөздердің
дені қазақ тілінде әбден орнығып, қалыптасқан да бірен-сараны ғана
ескі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер құрамында сақталған. Мысалы,
«Мен салар да, сен салар, атқа жемді кім салар» деген мәтелдегі
алғашқы екі рет келген салар – парсыша «әскери басшы, командир»
дегенді білдіретін сөз болса, оның бұл мағынадағы қолданысы қазақ
тілінде өріс алмаған, сондықтан бізде керуенсалар («керуен басы»),
әскерсалар («әскер басы, қол басы») сияқты сөздер жоқ. Салар сөзінің
бұл мағынасы, демек, тек мәтелде сақталған. Сол сияқты «бақыт»
мағынасындағы ораз, «әскери іс, батыршылық» мағынасындағы
сыпайшылық, «бақытсыз, сормаңдай» мағынасындағы сұм, сұмы-
рай, «көкорай, көкмайса» мағынасындағы
майдан, «қиындық, ауырт-
палық, шарасыздық» мағынасындағы сауда сияқты сөздер бұл