184
йағы сөзіне алып барады, ол сөз «дұшпан, жау» деген ұтымды береді.
Сонда й~ж, с~ш дыбыс алмасуларын есепке алғанда, көне түркіше
йағылаш- – «бір-бірімен соғысу, ұрысу» деген сөздің қазақшасы бо-
лып шығады. Қазақ тілінде көне йагы сөзінен туған екі етістік бар
деп табамыз: йағы>жау тұлғасынан жасалған жаула- етістігі және
йағы>жағы тұлғасынан пайда болған жағыла- >жағала-, олардың
ортақ етіс түрлері – жаулас- және жағалас-. Жағаласу сөзі, сірә,
қазақ топырағында жасалған етістік емес, көне түркіден келе жатқан
қалдық деп тану керек, өйткені көне түркі ескерткіштері тілінде
йағылаш- деген ортақ етіс тұлғасы қолданылған.
Көне бір түбірден екі туынды сөздің жасалғанын қазақ эпоста-
ры тілінде кездесетін қатуланып, қаттанды деген трафареттегі екі
сөзден де көреміз: екеуінің де түбірі – көне қатығ («қатты, берік,
мықты») тұлғасы. Оның осы көне тұлғасынан қатулан- етістігі
(қатығ>қатыу> қату + лан+н) және қат (ол да – «қаттылық,
мықтылық» мағынасын беретін сөз) тұлғасынан қаттан- (қат
+ та + н) етістігі жасалған. Қат сөзі зат есім түрінде көне түркі
ескерткіштерінде тіркелмегенімен (ал қат- деген етістік бар), бұл
түбір қазіргі түркі тілдеріндегі қатты, қатыр- сияқты туынды сөздерді
жасаған. Сірә, бұлар көне түркілердегі қатығ тұлғасының соңғы
«әлсіз» ығ (ғ) дыбысы түсіп қалған замандарда жасалған сөздер
болуы да мүмкін, өйткені көне ескерткіштер тілінде қатығлан-,
қатты, қатығды (соңғы екеуі – осы күнгі
қатты сөзінің баламасы)
тұлғалары тіркелген (сөздікке енген). Демек, қатуланды сөзінде көне
қатығ тұлғасы сақталған (қатығ>қатыу> қату) да, қаттанды сөзінде
соңғы ығ дыбысы сусып түсіп қалған немесе қат тұлғасы о бастан-ақ
есім сөз болған. Сөйтіп, қатуланды, қаттанды деген шаблон (кәнігі)
фраза «әбден күшейді, қатайды» деген тура мағынасынан ауысып,
контекске қарай «қатты ашуланды, буырқанды» деген ұғымды береді
деп тануға болады.
Соңғы екі мысалдың екеуі де сөздер тарихындағы мына бір
құбылысқа көңіл аудартады. Тілдің басы артық дүниені көтермейтіні
мәлім. Сондықтан дәлме-дәл түсетін бір мағынадағы екі тұлға
қалайша сақталған (жұмсалып келген) деген сауал туады. «Осы
іспеттес сөздер әрқашан дәлме-дәл мағынада жұмсала ма?» деген
сұраққа жауап іздеу керек болады. Мұндайда тіл фактісі жауапты өзі
береді, яғни қосарлана жүретін тұлғалардың біреуі екіншісінен ажы-
ратылатын мағыналық реңқ үстеп алуы мүмкін. Мысалы, жауласу
етістігі «өштесу, соғысу, ұрысу» деген келіспеушілікті, қарсыласуды
білдіретін жалпы ұғымды берсе, жағаласу сол келіспеушілік,
185
қарсыласу ұғымының ішінде «тайталасу, арпалысу, қоса қабаттасу»
сияқты нақтылау мәнде қолданылатын сөзге айналған.
Ал кейде мағыналас сөздердің қатар (қосарлана) қолданылуы
сол сөздер беретін ұғымды күшейтіп, оның «әбден, тіпті, мықты»
екенін білдіретін реңк үстейді. Айталық, қатуланды, қаттанды деген
бір мағынадағы екі тұлғадан «әбден күш алды, тіпті күшейді» де-
ген ұғым (мүмкін, одан барып ауыспалы «әбден ашуланды, мықтап
қаһарына мінді» деген мағына) пайда болып тұр.
§2. Көне түркілік сөздердің басым көпшілігі – бұл күнде көне
мағынасында жеке қолданылмайтын тұлғалар, олар не күрделі
етістіктердің құрамында сақталып қалған. Мысалы, жер болу, жер
қылу дегендегі жер сөзі көне түркілердегі ир сөзі сияқты «ұялған,
қысылған» мағынасында жеке қолданылмайды. Сондай-ақ жек
көру дегендегі жек сөзі де көне түркілер тіліндегі йенк сөзі сияқты
«түкке тұрғысыз, болмашы, мардымсыз» деген мағынада жеке-дара
жұмсалмайды.
Көне түркі заманынан келе жатқан сөздердің ішінде тіркес құра-
мында емес, жеке тұрып қолданылатын күйде сақталғандары да жоқ
емес. Бірақ олар – көне сөздер болғандықтан, бұл күнде мағыналары
күңгірттеніп, арнайы зерттеулер арқылы түсіндірмесе, екінің бірі
бірден тап басып, қай ұғымды беріп тұрған сөз екенін айтып бере
алмайтын дәрежеде көрінеді. Мысалы, «Қобыланды батыр» жы-
рында Құртқа сұлу батырға: Не қылсаң да маған қыл, Бурылға, сірә,
қағылма, – дейді. Мұндағы қағылма деген сөзді әдетте «соқтықпа,
ұрынба» деген мәндегі қақтықпа сөзінің бір варианты болар деп
ұғамыз, ал, дұрысында, мұның түбірі – көне түркі тілдеріндегі «ашу-
лану» мағынасындағы қақы- етістігі, сонда қағылу «ашулану» дегенді
білдіретін сөз болып шығады. Мүмкін, қақтығу етістігінің түбірі де
көне қақы- болған күнде де, бұл екі тұлға қағылу және қақтығу бо-
лып, екі бөлек мағынаны беретін сөздерге айналған: қағылу – «ашула-
ну, ренжу», қақтығу – «ұрыну, соқтығу» деген мағыналарға ие сөздер.
Түбірі бұл күндегі қазақтар үшін мағынасы ұмыт болған көне
сөздердің қатарына тостақ, «орау, үйіру» мағынасындағы толғау,
«аспан» ұғымы бар қалықпан (құс), қалықтау, сөз дегеннің көне
тұлғасынан туындаған сауын (саб>сау+ын) айту, сөз саптау, жаушы
(саб> сау>жаушы), «жүру, адымдау» мағынасы бар
маң- түбірінен
жасалған маңғыстау, жыланның уытын оқып шығару дегендегі оқу
(«шақыру» деген мағынаны беретін көне тұлға), шыр біту дегендегі
шыр (көне түркілерде «май»), «біреудің әйелі, жұбайы» мағынасын