Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет32/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162

93

ИЛЕНУ:  САРЫСУ  ИЛЕНУ.  Буын-буынның  ауруын  сарысу 

иленді дейміз. Әдетте илену деп қамыр, балшық сияқты қою заттың 

араласып, нығыздалуын айтамыз. Сарысу дегенді қазақ қоймалжың 

сұйықтық деп түсінген болар, сондықтан оны иленді дейтін шығар 

деп топшылауға еркіміз бар. Ал бірақ илеу сөзінің түптамырын іздей 

қалсақ, көне түркі тілдерінде иг(ий) сөзі «ауру» дегенді, игле-(ийле-) 

«ауыру,  науқастану»  дегенді  білдірген  (ДС,  204-205).  Демек,  илену 

сөзінің  төркіні  көне  игле-  болса,  ол  күнде  бұл  етістіктің  мағынасы 

«сарысумен  (сарысу  жиналып)  ауыру»  болмақ.  Бұл  жорамалымыз 

кейбір  көне  сөздердің  қазіргі  тіркестер  құрамында  сақталып  қалу 

фактілерінің едәуір екендігіне сүйеніп жасалып отыр.



ИРЕК: ИТ МІНІП, ИРЕК ҚАМШЫЛАДЫ. Бұл тіркесте ирек 

сөзі түсініксіз. Акад. А. Н. Кононовтың жазғанына қарағанда, түріктер 

арасында иттің атын Ирек немесе Серек деп қояды екен (Кононов, 

73-74). Демек, ирек сөзі «ит, қасқыр тұқымдас» деген атау болу ке-

рек. Сонда бұл образды тіркес «бір итті мініп, бір итті қамшылап» 

деген  мәнді  білдіреді.  Бір  мағынадағы  екі  сөзді  кезектестіріп,  бір 

сөйлем  ішінде  ойнату  –  тіл-тілдің  қай-қайсысына  да  жат  құбылыс 

емес. Осы әдіс арқылы, яғни сөздерді ойнатып образ жасау – ұтымды 

тәсілдердің бірі.

Ирек  сөзінің  этимологиясын  (қай  тілдік  екенін  және  түпкі 

мағынасы мен морфологиялық құрамын) әрі қарай іздестіру қажет. 

Біз әзірге таба алмадық.

КЕБЕНЕК. Қазақ тілінде «ерді кебенек ішінде таны», «кебін ки-

ген  келмейді,  кебенек  киген  келеді»  сияқты  мәтелдер  бар.  Кебенек 

сөзі  жырларда  да  кездеседі.  «Алпамыс  батыр»  жырында  Құлтай 

Алпамыстың тірі екеніне сеніп:



Кебенек кигеп ер еді, 

Кебін киген жоқ еді, – 

дейді. «Қобыланды батырда»:

Есіктің алды – ебене, 

Ерлер киер кебене, – 

деп  келеді.  Айырмашылық  –  кебенек  сөзінің  соңғы  дыбысының 

түсіріліп  айтылғаны.  Қазақ  халқының  қолөнері  жайында  кітап 

жазған  С.  Қасиманов  кебенек  сөзін  «ертеректе  болған  киіз  ша-

пан» деп түсіндіреді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі кебенек сөзін 

«малшылардың аяздан, жауын-шашыннан қорғану үшін киетін, жұқа 

киізден  тігілген  сырт  киімі»  деп  анықтайды  (ҚТТС,  IV,  535).  Сірә, 



94

алғашқы  түсіндірме  дәлірек  болар,  өйткені  «ерді  кебенек  ішінде 

таны»,  «кебін  киген  келмейді,  кебенек  киген  келеді»  дегендерге 

қарағанда, кебенек тек малшылар емес және жауын-шашыннан қор- 

ғану  үшін  ғана  емес,  жалпы  кие  беретін  ең  жұпыны  (қарапайым) 

шапан  болғанға  ұқсайды.  Оны  Шоқанның  еңбектеріндегі  сөздерге 

берілген түсіндірмелер де растай түседі: «Кебенек – қазақтардың ерте 

кездердегі киімі, ол тығыз әрі жұқа етіп басылған ақ киізден тігілетін 

кең,  ұзын  шапан  (плащ),  бұл  киім  жаңбыр  мен  қардан  қорғайды. 

Кебенекті ертеде көбінесе жауынгерлер киген» (Валиханов, II, 711).

Бұл сөздің кебе варианты да бар. «Едіге» жырында:

Тоқсан баулы ақ кебе 

Тоғысқан жерде кигенмін, – 

деген жолдар бар. Мұндағы тоғысқан жер деп тұрғаны − ұрыс май-

даны. Көне түркі тілдерінде тоқуш- «соғысу, ұрысу, шабуылдау» де-

ген мағынаны білдірген (ДС, 578). XVI ғасырдағы қазақ шежірешісі 

Қадырғали  би  де  тоқуш,  тоқушу  сөздерін  «ұрыс»,  «соғысу» 

мағыналарында жиі қолданған. Сонда тоқсан баулы кебе ұрыс май-

данында – тоғысқан (тоқушқан) жерде – киген жауынгер киімі болып 

шығады.

Жоғарыдағы мәтелдердің бірінде кебенек сөзі кебін сөзімен қатар 



айтылып,  бір-біріне  мағынасы  жағынан  жақын  (екеуі  де  киім:  бірі 

– өлінікі, екіншісі – тірінікі) болғанмен, екеуі – екі түрлі сөз: кебін 

– түркі тілдеріне араб тілінен енген кірме сөз, кепін «өлік орайтын 

материал».  Ал  кебенек-тің,  түбірі  –  кеп  сөзі  болар  деп  есептейміз. 

Көне түркі тілінде кеп – «қалып» («форма»), қазіргі қырғыз тілінде 

де кеп сөзінің бір мағынасы – «қалып, киім, маска» (Юдахин, 375). 

Бұл сөздің о бастағы «қалып» мағынасы да кездеседі. Мысалы, Қозы 

тазша болып келгенде:

Таз кепті басындағы жұлып алды... 

Мынау қолдан жасаған кебім еді... –

дейді. «Тыңшы» етіп бір қызды қой ішіне жібергенде:

Бір сұм қызды жіберді қоймен бірге

Тоқты кебін кигізіп терісіне, – деп суреттейді.

Сонымен қатар бұл сөзден қазіргі қазақ тіліндегі кептеу «нығыздау» 

(басына  бөркін  кептеп  кию),  кептелу,  таз  кепеш  (адамның  басына 

қалып сияқты кептеле қалатын баскиім) сияқты сөздер де сақталған. 

Бұл сөздің «қалып» (қалып та – киім сияқты бір нәрсені қаптайтын 

нәрсе  ғой)  мағынасынан  «киім»  деген  ауыспалы  мағынаның  тууы 

–  табиғи  құбылыс.  Сондықтан  кеп  түбірінен  жасалған  кебене/кебе-

нек сөзі «киім», оның бір түрі («киізден жасалған шапан») дегенді 

білдірген деп топшылаймыз.




95

КЕДІР-БҰДЫР. АДЫР-БҰДЫР. Бұлар – бір не екі сыңары да 

бейтаныс  қос  сөздер.  Бұдыр  компоненті  түсінікті,  жеке  қолданыла 

береді,  мағынасы:  «1)  тегіс  емес,  бұжыр-бұжыр  (бұдыр  тастар, 

бұдыр қабырға); 2) жазық, тегіс жердегі ой-қыр, кедір-бұдыр (жолдың 

бұдыры)». «Түсіндірме сөздік» бұл сөздің үшінші мағынасы да бар 

деп тіркеген, ол – «бұта, тас, төбе т.б. осы сияқты көз сүрінер, көңіл 

тоқтатар зат, тұлдыр» деп көрсетеді (айнала алты көш жер, көз сүрінер 

бұдыр жоқ). Ал адыр сөзі жер бедеріне қатысты адыр дегенді білдіруі 

нағайбілдеу, өйткені ол – бұдыр сөзіне өте жақын мағыналас сөз емес 

тәрізді. «Түсіндірме сөздік» кедір тұлғасы «тегіс емес» деген мағынада 

жеке де қолданылады деп көрсетеді, бірақ мысалдары, кедір жол де-

ген бір ғана тіркеспен берілген (ҚТТС, т. ІV. 1979. 545), сондықтан 

«тегіс емес» деген мағынада кедір қабырға, кедір таяқ, кедір еңбек 

деп айтылмайды. Соған қарағанда, бұл сөз де бір кездерде, тіпті ер-

теде бұдыр сөзімен мағыналас тұлға ретінде қолданыла келіп, бірте-

бірте жеке қолданыстан ығысып, қос сөз құрамында сақталып қалған 

деп топшылаймыз. Мұндағы көнерген сөздердің біріккен сөздер, қос 

сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер сияқты құрылымдарда да 

«цементтеліп» сақталып қалуы жиі кездеседі. Бұл екі қос сөздің де 

мағыналық жүгін арқалап тұрған – бұдыр сөзі. Сөздіктерге зер салсақ, 

бұдыр түбірінен бұдырау, бұдыраю, бұдырлану, бұдырлы, бұдырмақ, 

бұдырмақтану,  бұдырсыз  сияқты  ондаған  туынды  түбір  жасалған 

болса,  адыр  («тегіс  емес»  деген  мағынадағы)  мен  кедір  сөздерінен 

жасалған мұндай туынды тұлғалар тіркелмеген. 

КЕЗ. Оққа (жебеге) қатысты сөздердің бірі – кез. Бұл сөз – сай 

кез  оқ  деген  тіркес  пен  кезену,  кезеу  сияқты  етістік  түбірлерінде 

сақталған,  түпмағынасы  бұл  күнде  ұмыт  болған  көне  сөз.  Кез  деп 

көне түркі ескерткіштерінде жақ оғының түп жағын, яғни адырнаға 

тірейтін  жерін  атаған.  Кез  сөзі  ертеде  оқ  кезі  тіркесі  түрінде  де 

айтылған  (ДС,  305).  Бұл  сөзден  кезгір-,  кезле-  етістіктері  жасалып 

қолданылған. Екеуінің де мағынасы – «оқты адырнаға тіреу», яғни 

«атуға  ыңғайлану».  Қазақ  тіліндегі  кезену,  кезеу  етістіктері  –  көне 

кезгер-, кезле- сөздерінің морфологиялық варианттары, бұлардың да 

негізгі мағынасы «оқты адырнаға тіреп атуға оқтану».



КЕЛЕЛІ: КЕЛЕЛІ ҚАРА БҰЛТ. Махамбет өлеңдерінің бірінде:

Мен келелі қара бұлтпын

Келе жаумай ашылман, – 

деген  жолдар  бар.  Мұндағы  келелі  сөзі  бүгінгі  қазақ  тілінде  тек 

«күрделі, маңызды» деген мағынада келелі кеңес, келелі мәселе деген 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау