96
сияқты тіркестерде қолданылады, Түсіндірме сөздіктерде оның бұлт
сияқты нақты зат атауымен келуі көрсетілмейді.
Махамбет ақын – образды сөздерді шебер қолданған суреткер.
Сондықтан ол келелі бұлт деп топталған қою (қара) бұлтты атап, оны
айбарлы күштің, алған бетінен қайтпайтын қайсарлықтың символы
етіп ұсынып отыр. Сөз түбірі парсы тіліндегі гәллә «үйір, топ» деген
сөз болу керек. Бұл сөз келе түрінде қырғыз тілінде сиырдың табы-
нын білдірсе, қазақ тілінде түйенің тобын білдіреді, яғни жылқының
үйірі, сиырдың табыны деген сияқты, түйенің келесі болады. Келелі
мәселе дегенде де «шоғырымен келіп күрделенген, мән алған мәселе»
деген ұғымды түсінеміз. Махамбет ақынның «келе жаумай ашылмай-
тын бұлты» шоғырланған, топталған, яғни қою бұлт, мұндай бұлтты
әдетте қара бұлт деп атайды. Келелі бұлттың да қара бұлт екенін
ақын екі сөзді қатар келтіріп, мағынасын айқындап тұр.
КЕН. Қазіргі кезде кен сөзін «жер астынан қазып алынатын көмір,
темір, мыс, алтын сияқты қазбалы заттардың орны, рудник, қазба» деп
ұғамыз, оны ауыспалы мәнде «мол қазына, байлық» дегеннің орайын-
да қолданамыз. Түсіндірме сөздіктер де, қазақ тіліндегі араб-парсы
сөздерінің сөздіктері де кен сөзінің мағынасын осылайша түсіндіреді.
Бұл – кірме сөз, парсы сөзі. Парсы тілінде бұл сөздің «кеніш (орыс-
ша рудник, копь)» және «қазба байлық» деген мағыналары бар.
Қазақ тілінде де бұл сөз «бір нәрсенің жиналған жері, көзі» деген
ұғымда қолданылып келгені байқалады. Мысалы, «Қыз Жібек» жы-
рында Шеге ақын туралы «сөйлер сөзге кен еді» десе, мұнда да кен
сөзі қазба байлықтар сияқты, тілге шеберліктің көзі, соның қоймасы
сияқты болған адам жөнінде айтылып тұр.
Қазақ тілінде кен сөзінің жоғарғы көрсетілген мағынаға қатысы
жоқ және бір ұғымы болған. Ол жөнінде Шоқан еңбектерінен білеміз.
Оның айтуынша: «Аруақтар мен әулиелердің көзі түскен жер –
тұзды көлдерді де кен деп атаған (Валиханов, I, 113). Ғалымның осы
айтқанын «Алпамыс» жырындағы:
Әзіреті Қаратау
Әулиенің кені еді, –
деген жолдар әбден дәлелдейді. Мұндағы кен – Әзіреті әулиенің көзі
түскен Қаратау (не сондағы ащы көлдердің бірі) деген мәндегі сөз.
КЕРДЕҢ МОЙЫН. Тілімізде кердең мойын кесілсе деген тіркес
бар. Мұндағы кердең – гардан деген парсы сөзі, мағынасы – «мой-
ын». Сонда екі тілдік мойын деген сөз қатар/ айтылып, плеоназм
деп аталатын сөз түрін жасағаны байқалады. Екі тілге жататын бір
97
мағынадағы сөздердің қатар келіп, плеонастық құбылыс жасауы
– қазақ тілінде кеңінен көрінетін факт. Мысалы, некен-саяқ, қыз-
қырқын, көр соқыр сияқты сөздердің бір сыңары екіншісінің толық
баламасы (эквиваленті) екендігі оқулықтар мен жеке еңбектерде
кеңінен айтылып жүр.
КЕРЕН. КЕРІК. «Қамбар батыр» жырында:
Керендей ашып ауызын, –
деген жол бар. Мұндағы керендей сөзі өзге жырларда және осы
жырдың басқа варианттарында керектей, арандай түрінде келеді.
Керик сөзі қырғыз эпосында да кездеседі: «керигим бар, пилим
бар». Бұл мұнда «носорог (мүйізтұмсық) деп аталатын жануардың
атауы» делінген. Сірә, қазақ жырларында да дұрысы керіктей ашып
ауызын болса керек. Әрине, бұл болжамымыз – егер қазақтар да об-
раз үшін керік атауы арқылы носорогті алған болса. Носорог – керік
сияқты айбарлы жануар аузын ашқанда, соншама қорқынышты
болатыны мәлім. Бұл образ – о баста қазақтың, қырғыздың өзінікі
емес (бұлар қоныс тепкен мекендерде носорог болған емес қой), өзге
әдебиеттерден келген кірме образ болса керек.
Ал керік сөзінің керен тұлғасына көшуін керік сөзінің жалпы қазақ
қауымына түсініксіздігінен іздеуге болады. Оның үстіне құлан, бұлан
деген сияқты тағы жан-жануарлардың атаулары -ан деген дыбыстарға
аяқталып келетіндіктен, аузын кең ашатын бейтаныс аңның атын да
керен деп ұғу – әбден заңды құбылыс. Керік сөзінің аран сөзімен ал-
масуы да – осы негізде. Аран да – бейтаныс нәрсе (жануар ма, өзге бір
образ ба?). Мүмкін аран – монғолдың араатан «жыртқыш, жыртқыш
аңдар» деген сөзінің бір варианты болар.
Ал керік сөзі қазақ эпостарында «ат, батырдың, балуанның мінген
аты» деген мағынада және қолданылады. Мысалы, «Алпамыс» жы-
рында:
Сол уақытта бір палуан
Келе жатыр ұмтылып,
Аяғын жерге сүйретіп,
Мінген керкін үйретіп, –
дейді. Немесе осы жырда қалмақ батыры туралы:
Астына мінген керігі
Шыға келді ойнақтап, –
деген жолдар бар. Жырдың басылымында түсіндірілгендей, керік
– «көлік, жүк, жұмыс көлігі» емес, бұл жердегі керік – ат дегеннің
бір атауы. Бірақ керік сөзінің бір қызығы – ол жағымсыз кейіпкерге
қатысты жерде айтылады. Керік мінген – қазақтың батырлары емес,
98
қалмақтың ханы не балуаны болып келеді. Соған қарағанда, керік деп
жалпы атты емес, «бойы аласа ат» деген сияқты жылқының белгілі
бір тұқымын атаса керек. Мысалы, ұйғыр тілінде кәркә сөзі «лили-
пут», «аласа бойлы» дегендерді білдіреді: кәркә бойлуқ, кәр ат (аласа
келген кер ат) (Уйг.-русск. сл., 639). Жылқының монғолдық тұқымын
бөліп көрсету үшін, оны керік деп атағанға ұқсайды деп жорамал-
даймыз. Ал, жалпы алғанда бұл сөздің этимологиясын да, осы сөз
арқылы беріліп тұрған образдың сырын да әлі іздестіре түсу қажет.
КЕТБҰҒЫ. Махамбет ақынның атақты «Айналайын Ақ Жайық»
деп басталатын толғауында:
Керт бұғыдай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?! –
деген жолдар бар. Ақынның біраз кітабында осылайша неме-
се Кертбұғыдай түрінде жазылып жүр. Көп басылымда бұл сөзге
«бұғының бір түрі» деп түсініктеме беріліп келді. Бұл түсіндірменің
жаңсақтығы контекстің өзінен де көрініп тұр: Кертбұғыдай билерден
ақыл сұрау- дегеннен кейін Кертбұғы сөзінің адам есімі екені өзінен-
өзі танылуға тиіс. Ал осы сөздің дұрысы, біріншіден, Кертбұғы ма,
екіншіден, ол кім? Біздіңше, бұл есім Кетбұғы болып жазылуы ке-
рек. Екіншіден, ол Махамбет сияқты сауатты, өткен-кеткен рухани
дүниеден хабардар ақын – Кетбұғының кім екенін біліп айтып отыр
дейміз. Махамбеттің меңзеп отырғаны XIII ғасырдағы атақты Аталық
жырау немесе Ұлығ Жыршы болар ма? Араб тарихшысы Ибн әл-
Асирдің шежіресінде ауызға алынған «Жошы өлімін естірту» деген
20 жолдық өлең тексімен жеткен, найман тайпасынан шыққан Аталық
жырауды (араб тарихшысының атауы бойынша Ұлығ Жыршыны)
Кетбуқа деп те атаған. Бұл есімді біз түркі-монғол тайпалары тари-
хынан аз кездестірмейміз.
Монғол империясының Хулагу ханы тұсындағы армиясының
штаб басшысы найман Кит-Буқа нойон деген адам болған (әрине,
бұл жерде жалқы есім орысша таңбалануынша келтірілген, түркіше
не монғолша Кетбұға/ Кетбуғы/Кедбуқа т.т.болуы керек) (Гумилев.
Поиски... 210, 214, 215). С.Аманжоловтың мәліметіне қарағанда,
қазақ шежірелерінің бірінде найманның Тоқпан, Ел Ата, Өкреш деген
үш ұлы болады. Ел Атадан Келбұғы, Кетбұғы тарайды (Аманжолов,
56, 59). Қазақ күйшілерінің тарихын жүйелі түрде зерттей бастаған
ғалым А.Сейдімбеков: «Кетбұға – Шыңғысханның замандасы... ша-
мамен 1150-1230 жылдар аралығында ғұмыр кешкен адам. Ауызша,
жазбаша деректерде Кетбұға ұлы жыршы, дәулескер күйші, көріпкел
бақсы, тіптен Шыңғысханның хат таныған шежірешісі ретінде баян-
Достарыңызбен бөлісу: |