Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет40/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162

116

атаған. Яғни қазақ атауы этноним бола бастаған, ал оған дейін қазақ 

ру-тайпаларының  бір  жиынтық  атауы  болмаған  (В.П.Юдин.  Орды: 

Белая, Синяя, Серая, Золотая… Кітап: Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. 

Алма-Ата, 1992). Атақты тарихшы Мухаммед Хайдардың көрсетуіне 

қарағанда, Дашт-и Қыпшақты өзіне бағындырған Әбілхайырдың қол 

астынан Керей хан мен Жәнібек сұлтан бірқатар қауымды көшіріп, 

айырып әкеткенде, оларды сол кезде қазақтар (яғни бойсұнбай алыс- 

тап кеткен, еркіндік іздеген) деп атаған болуы керек. Және бұлайша 

атауды (этнонимдік) жырыла көшкен тайпалардың өздері емес, өзге 

халықтар қолданған болса керек дейді тарихшылар. ХVІ ғасырдың 

ең  соңғы  кезеңінде  (1602  жылы  жазып  бітірген)  жылнама  жазып 

қалдырған қазақ тарихшысы – Жалайыр Қадырғали би Қосымұлы өз 

туындысында өз халқын «қазақ» деп атамаған, оны «алаш мыңы» деп 

атаған (бұл жөнінде осы кітаптағы алаш сөзтізбесін қараңыз).

Қазақ шығу тіркес-атауында және бір қосымша мағыналық реңк 

(сема) болғанға ұқсайды, яғни қазақ шыққан жеке адам не адамдар 

немесе тіпті рулы ел алғашқы кезде қиыншылық, кезбелік күй кеш-

кен. Мұны қазақ ақын-жырауларының: «Жазыда мал іздеген» немесе 

«Арқада мезгілсіз жылқы жусаса, О дағы бір аш қазаққа жолығар» 

деген  жолдары  дәлелдейді.  Демек,  ертедегі  эпос-жырларда,  ақын-

жыраулар  тілінде  кездесетін  қазақ  сөзі  мен  қазақ  шығу  тіркесінің 

мән-мағынасын осылайша түсініп оқыған жөн.



Қазақ сөзі халықтың атауы – этноним ретінде батырлар жырларын-

да өте сирек кездеседі де, ХІХ ғасырда жасап өткен ақын-жыраулар 

тілінде  жиірек  жұмсалғаны  байқалады.  Мысалы,  ХІХ  ғасырдың  ІІ 

жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жасаған ақындардың туын-

дыларында қазақ сөзі халқымыздың атауы. Мысалы: Мұрат ақында 

(ХІХ ғ.): 



Атамыз қазақ болғанда,

Әлденеше шапқан жер…

Жеті жұрт көшіп кеткен жер,

Атамыз қазақ баласы

Қонып мекен еткен жер, – дейді.

Қашаған ақында (ХІХ ғ.): 

Қазақ деген ел едік, 

Қайырлы халық атанған,

Өсіп-өнген қатардан («Ақын», Қазан, 1912). 

Қазақ  сөзі  «осы  халықтың  жеке  бір  адамы»  деген  мағынада  да 

жұмсалады. Мысалы, Махамбетте:

Бір қазақпен тең едім, 

Қай қазақтан кем едім.



117

Қашқымбай Қожамбетұлында: 



Қазақтай малды баға алман,

Қаламды қолға алайын.

Жоғарыда айтылғандай, қазақ сөзінің этимологиясы жайындағы 

әңгіме өз алдына бөлек талдауларды қажет етеді. Дегенмен осы сөздің 

түптөркініне қатысы бар бір ойымызды білдіріп кетсек. Қазақ сөзінің 

шығу  етістігімен  тіркесуі  грамматикалық  үйлесім  заңына  қайшы 

келіп тұрған сияқты көрінеді. Бұл тіркес не қазақ болып шығып кету

немесе  қазақтыққа  шығып  кету  тәрізді  болса  керек  қой.  Әйтпесе 

қазақ шығу тіркесіміндегі қазақ сөзі алыс шығу, оңаша шығу, шет 

шығу,  қашық  шығу,  қашыққа  шығу  (қашық  болу)  дегендердегі 

үстеулер  сияқты  сезіліп  тұрады.  Ал,  шындығында,  тіркес  дұрыс 

түзілген. Өйткені шығу етістігінің көне түркі тілдерінде 7-мағынасы 

деп  «біреуге  не  бір  нәрсеге  айналу»,  «біреу  не  бір  нәрсе  болып 

шығу» көрсетілген, яғни «біреу не бір нәрсе болу» деген мағынада 

жұмсалған. Және атау тұлғадағы сөзбен жұмсалған: қазақ шықты – 

«қазақ болды». Көне түркіде йағы чықды − «жау болды». 

Қайткен күнде де бұл сөздің семантикалық қозғалысы бар: бүгінгі 



қазақ  этнонимі  мағыналық  жағынан  бірден  қалыптаспаған,  мұны 

осы  атаудың  қазақ  тіліндегі  соңғы  4-5  ғасырлық  қолданысының 

ерекшеліктері көрсетеді.

Терминдік мәні бар қазақ шығып кету деген бұл тіркесті тарихи 

романдар жазушы қазіргі авторлар да дұрыс пайдаланған. Мысалы 

Мұхтар  Мағауин  «Аласапыран»  романында:  «Бүкіл  Сібір  жұртына 

тірек болған тайпалы ел тұтасымен қазақ шығып кетті деп жазады» 

(«Аласапыран», І кітап, 157-бет). 



ҚАЗЫНА/ҚАЗИНЕ. «Алпамыс» жырында бала тілеп әулиелерге 

аттанған Байбөрі мен бәйбішесі жайында:

Бәйбіше барды ақырын 

Қазына аузын ашқалы. 

Таратты алтын-күмістен 

Қалғанынша мысқалы, – 

деген сөздер айтылады. Бұл сөз жыр ішінде бірнеше рет қолданылған.



Қазына  сөзі  қазақ  эпостарының  бәрінде  де  кездеседі.  Кейбір 

басылымдарда  қазине  вариантында  да  ұшырасады.  Осы  күнгі  тілі- 

мізде  қазына  сөзі  «мүлік,  байлық»  және  «мемлекет,  қоғам»  деген 

мағыналарда  жұмсалады.  Жырларды  бастырушылар  да  бұл  сөзді 

«мүлік,  жиһаз»  деп  түсіндіреді.  Бұл  –  арабтың  хазине  деген  сөзі, 

мағынасы  –  асыл  мүлік,  жиһаздың  өзі  емес,  соны  сақтайтын  жер. 




118

Ал түркі тілдеріне енгенде, бұл сөз көбінесе асыл мүлік, қымбат бұ- 

йымдардың жиынтық атауын білдіргенге ұқсайды.

Орта  ғасырлардағы  түркі  жазба  ескерткіштерінің  сөздігінде 

(лексикалық  қазынасында)  хазине  сөзін  «мүлік,  жиһаз  сақтайтын 

жер»  деп  көрсетеді  де  келтірілген  мысалдар  осыған  сай  түседі 

(Фазылов, II, 479). Ал, шындығында, қазақ жырларында кездесетін 

қазына сөзі арабтың өз тіліндегідей «алтын-күміс, бағалы киім-кешек, 

қымбат жиһаз сақталған орын» дегенді білдіреді. Қазақ халқы сияқты 

көшпелі  тұрмыс  шеккендердің  қазынасы,  сірә,  сандықтарда,  кебе-

желерде,  жүктерде  (бумаларда)  сақталса  керек.  Бұған  жоғарыдағы 



бәйбіше барды ақырын қазынаның аузын ашқалы деген жолдар дәлел 

немесе: «Қыз Жібек» жырындағы:



Қазинелі қырық нарға 

Жібектен арқан тарттырған, – 

дегендегі қазинелі сөзі – «мүлік, жиһаз салған жүгі бар қырық нар». 

Жырды  1963  жылы  шығарушылар  «қазинелі»  деп  қате  жазылған, 

дұрысы – «қазынасын» болу керек дегендері – әрине, қате. Бұл жерде 

текст қазинелі (яғни жүк артқан, жүгі бар) деп дұрыс беріліп тұр.

Асыл бұйым, қымбат жиһаз шұңқырда, жер астында да сақталатын 

болса керек, оған «Алпамыс» жырындағы қалмақ ханының:



Қазыналы қандағы 

Есепсіз түрі мол еді, – 

дегені дәлел бола алады. Мұндағы қандақ сөзі – «шұңқыр, қазылған 

жер, ор» деген мағынадағы сөз. Ол – парсы тілінің қандан «қазу» де-

ген етістігінен жасалған кірме сөз. Қазақ тілінде зындан мен қандақ 

сөздері  бір-біріне  балама  ретінде  қолданылған  тұстары  да  бар. 

Мысалы, «Алпамыс» жырында:

Патшаның сол күнде 

Қазулы оры бар еді... 

Қуанып халқы жүгірді 



Қандақтың аузын ашқалы... 

Домалатып баланы 



Зынданға әкеп тастады... –

деген жолдарда ор, қандақ, зындан сөздері бір-біріне синоним болып 

қатар қолданылған. Үшеуі де – қазылған шұңқыр, айырмасы – қандақ 

пен  орда  мүлік,  жиһаз  сақталса,  зынданда  тұтқындарды  ұстайтын 

болған. Сөйтіп, жырлардағы қазына – осы күнгідей абстракт (дерексіз) 

ұғымның  атауы  емес,  нақтылы  зат  атауы.  Жырлардың  тілінде  бұл 

сөздің  қазіргідей  мемлекет  не  қоғам  байлығына  қатысы  жоқ,  жеке 

адамның (әрине, бай адамның), әрі кетсе ханның жеке меншігіндегі 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау