398
мен жаңа бірліктер жасау соңғы 10-15 (1990-2006) жылдар кезеңінде
айтарлықтай көзге түспейді деуге болады, дегенмен бірен-сарандап
кездесіп қалады: бизнес-орталық, айтыс-шоу.
Соңғы кезеңдердегі тілдік жаңалықтардың өнімді амалдарының
бірі – сөз тіркестіру: атаулы көмек (адресная помощь), еншілес
кәсіпорын, сынақ алаңы, жылжымайтын мүлік. Мұндай тіркестер
кейде бір терминді білдіреді (оны орысша баламасына қарап тануға
болады). Мысалы, сыбайлас жемқорлық – коррупция, теріс хабар
– дезинформация, астарлы сөз – подтекст, (біреудің) беделін түсіру
– дискредитизация, жартылай финал – полуфинал, іскер топтар –
предприниматели, тең төраға – сопредседатель, бағамалы түрде –
альтернативно т.б. терминдік бір мағынаны білдіретін тіркестердің
кейбіреулері орыс тілінде де тіркес түрінде келеді: тұтыну қоржыны
– прожиточный минимум, жабық есік жағдайында – при закрытых
дверях, еншілес кәсіпорын – дочернее предприятие, үш еселенген
әлем чемпионы – трижды чемпион мира т.б.
Тіркес түрінде келген жаңа бірліктер, біздіңше, әрі қарай да
орын ала береді. Бұған қазақ тілінде орыс тіліндегідей префикс
сияқты сөзалды қосымшасының немесе екі түбірді жалғастыратын
о (е) сияқты дәнекер форманттардың жоқтығы да себепкер бола-
тын сияқты. Бұл жағдай орыс тілі арқылы келген сөздерді, көбінесе
терминдердің қазақша баламасын ұсыну барысында орын алып
келеді (мысалы, кезінде бірнеше жыл жиі қолданылып келген пере-
стройка термині
қайта құру деп аударылды. Бұл термин қосып
жазған күннің өзінде де тұрпат жағынан сөз тіркесі екені көрініп тұр.
Бұл жерде ұғым да, оны білдіретін сөздер де – жаңа). Терминдеудің
бір талабы бір ұғымды бір сөзбен атау болатындықтан, қазақ тілінде
тіркеспен келген баламаны қосып жазу әрекеті де байқалады. Мыса-
лы, сыңаржақ (экономика), көзбояушылық т.б.
Бүгінгі қазақ тіліндегі тұлғалық жаңалықтардың бірі – бірінші
компоненті гидро, авиа, авто, аэро, агро, инфра, микро, фото, ра-
дио, электр(о), кино, теле, мото, био, квази, транс, пост сияқты
сөздермен келген қазақ сөздері. Бұндай тұлғаларды «жартыкеш
сөздер» деп атаушылық та бар, өйткені бұлар не таза біріккен емес,
не біртекті дара сөздер емес деп танылатын болар. Бұл неологиялық
құбылыс қазақ тілі тәжірибесінде бұдан көп бұрын, XX ғасырдың
орта тұстарынан басталғаны белгілі. Ал соңғы 10-15 жылдың ішінде
пост (посткеңестік кеңістік), аудио (аудиожазбалар), эко (экожүйе)
сияқты мүлде жаңа неологизмдер көріне бастады.
Неологизмдер тудыру үшін ескі, бұл күнде көркем әдебиет
пен тарихқа қатысты әдебиеттерде ғана кездесетін, яғни көнерген
сөздер мен тарихтық сөздерді (историзм дегендерді) жаңа заманның
реалийлерін атауға жұмсау әрекеті де бар. Мысалы, 1998 жылы
399
бекітілген әскери терминдердің ішінде қаптал (фланг), маңдайшеп
(передовой отряд), лек, жасақ (отряд), берен (бронежилетка), тору-
ыл (засада), айдауыл (конвой) сияқты байырғы әскери лексиканың
бірліктері бар.
Тіпті солдат пен войн деген сөздерді ажырату үшін сарбаз және
жауынгер сөздері синонимдер ретінде емес, жеке нақты атау ретінде
ұсынылған.
Бүгінгі жаңа қолданыстардың әдеби тіл нормасына ену
әлеуеті және қалыптану (кодификация) процесі
Байырғы сөздердің мағынасын ауыстыру немесе үстемелеу
арқылы жаңа ұғымдарды атау сияқты кәнігі тәсіл бұл күндерде де
өз күшінде сақталып отыр және әрі қарай да орын ала бермек. Біз
әңгімелеп отырған ең соңғы кезеңнің алдындағы онжылдықтарда
пайда болған жариялылық, салауаттылық, теңгермешілдік, қоғам-
дастық сияқты ондаған неологиялық бірлік қазіргі баспасөз беттері
мен өзге де жазба дүниелердің (көбінесе оқулықтардың, ғылыми
еңбектердің) мәтіндерінде, сондай-ақ радио мен телехабарлар-
да кездесетін базар, нарық, жемқорлық, әріптестік, шақырылым,
оқылым, ауысым, рәміз, орынтақ, бітімгер сияқты жеке сөздер мен
жабық есік жағдайы, ұялы телефон, тұтыну қоржыны, атаулы
көмек, тілшілер қосыны, полиция қосы, саяси ойын, теқ төраға, ке-
ден бекеті, іскер топтар, еркін айырбас бағамы, еншілес кәсіпорын
сияқты тіркестер – жаңа мағынаға ие болғандар. Олар едәуір көп.
Демек, бұл амал арқылы қазақ лексикасы сан жағынан молайып
отырған жоқ, өйткені басым көпшілігі – байырғы сөздер, бірақ олар
қазақ тілін икемділігі, семантикалық әлеуеті (потенциялы) жағынан
байытып отыр деуге болады.
Сірә, бүгінгі және ертеңгі қазақ лексикасындағы өзгеріс-жаңа-
лықтардың тақырыптық топталуы мен жасалу амалдарында қазір-
гіден де өзгеше, соны көріністері пайда болары сөзсіз. Сондай-
ақ бір ұғымды бір таңбамен (сөзбен) беру тенденциясы күшейе
түсетін болар, бұны тілдің ішкі өз заңдылықтары талап етеді. Бұндай
жаңалықтардың дүниеге келетіндігін соңғы онжылдықтарда жеке
мағыналы лексикалық бірліктердің (жай, хат, тас, ақы, сөз т.б.
сияқты) сөз жасаушы формантқа (суффиксоидке немесе аффиксо-
идке, яғни сөз-жұрнаққа) айналып бара жатқаны жақсы танытады.
Ботаникалық, зоологиялық атаулардағы сөз-жұрнақтардың көрінісі
тіпті айқын: гүл, шөп, от, жапырақ, ағаш сияқты сөздердің өсімдік
атауларын жасауы (безекгүл, әректікен, сүтжапырақ, әтіргүл,
сәлемшөп, қоқыраушөп, қазоты, киікоты, тікенжапырақ);
құрт,