36
- жергілікті
еңбек нарығының жағдайы;
- оқу мекемелерінде тиісті
курстарда орындардың болуы;
- жұмыс іздеушіге қоғамдық көліктің қолжетімділігі;
- жұмыс іздеушінің отбасына көмек көрсету қажеттілігі;
- жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының талаптарын сақтауы үшін жұмыс
іздеушінің
қаржылық шығындары;
- жұмыс іздеушінің өмір сүру жағдайлары;
- ЖОЖЖ-да көрсетілген жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларға жұмыс
іздеушінің қатысу мүмкіндігіне əсер етуі мүмкін кез-келген басқа жағдайлар.
83. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері барлық қажетті ақпарат
жұмыс іздеушінің ЖОЖЖ-ына енгізілгеніне көз жеткізуі тиіс. ЖОЖЖ қысқа жəне
құрылымдалған болуы керек.
5.4 Жұмыс іздеушінің жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын орындауы
туралы
ақпарат беруі
84. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеуші жұмыс табу
немесе оны табуды жақындату үшін қандай іс-шараларды (іс-əрекеттерді) орындағаны
туралы білуі керек.
85. Жұмыс іздеуші ЖОЖЖ-да көрсетілген мерзімде Жұмыс іздеушілерді қолдау
бөлімінің менеджеріне жұмыс іздеу бойынша қандай іс-əрекетер жасағаны жəне
ЖОЖЖ-ды қалай орындағаны туралы ақпарат беруі тиіс.
Ақпарат жұмыс іздеуші тарапынан ЖОЖЖ-ға қол қойылғаннан кейін екі аптадан
кем емес мерзімде беріледі. ЖОЖЖ-ды орындау туралы ақпарат беру мерзімі ЖОЖЖ-
да көрсетілген іс-шараларды (іс-əрекеттерді) орындау мерзімдеріне сəйкес келуі тиіс
(қысқа мерзімді, орта, ұзақ мерзімді).
Егер жұмыс іздеушінің ЖОЖЖ-да көрсетілген жұмысқа орналастыру мақсатына
қол жеткізілсе, ЖОЖЖ аяқталғаннан кейінгі ақпарат жұмыс іздеуші тарапынан
берілмейді.
Жұмыс іздеуші ақпарат бергенде қандай жұмыстарға өтініш бергені, қандай
қысқамерзімді кəсіби курстарды аяқтағаны, қандай сұхбаттасуларға барғаны, қанша
сағат уақытша жұмыс орындарында жұмыс істегені жəне басқа да іс-əрекеттері мен іс-
іс-шаралары туралы хабардар етуі тиіс.
ЖОЖЖ-дың орындалуы туралы ақпаратта жұмыс іздеуші сондай-ақ көрсете
алады:
- ол қандай бос
жұмыс орындарына өтініш берді;
- жұмыс іздеу мəселесі бойынша қандай жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктерімен (агенттермен)
кездесті;
- ол қандай оқыту курстарына өтініш берді;
- ол қандай тəжірибелерге өтініш берді немесе қандай тəжірибеден өту
орындарына барды.
Жұмыс іздеуші егер олар ЖОЖЖ-ға кірмеген болса да, барлық орындаған іс-
əрекеттері мен іс-шараларын көрсетуі керек.
86. Жұмыс іздеуші берген ЖОЖЖ-ды орындау туралы ақпарат оған жəне Жұмыс
іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджеріне жұмыс іздеушінің жұмыс іздеуі қалай өтіп
жатқанын түсінуге көмектеседі.
Менеджермен кездесу кезінде жұмыс іздеуші өз қызметінің нəтижелері туралы
сөйлесіп, оған қандай қолдау қажет екендігін талқылайды. ЖОЖЖ-бен бірге атқарылған
жұмыс туралы ақпарат жұмыс іздеушінің жұмыс іздеуін ары қарай жоспарлау үшін негіз
болады.