55
7-қадам. Аймақ халқының алдында ЖҚО-ның қойылған мақсаттар мен
нəтижелерге жеуін ашық жариялау.
176. Мониторинг жүйесінің көмегімен мыналарды қадағалауға болады (6-
диаграмма):
- ЖҚО-мен қанша ресурстар (шығындар) пайдаланылды (ресурстар мониторингі);
- ЖҚО қандай іс-шаралар (іс-əрекеттер) орындады (процес мониторингі);
- ЖҚО қанша қызмет көрсетті жəне қандай сапада (нəтижелер мониторингі);
- ЖҚО қызметі аймақтың жұмыспен қамту саласына қалай əсер етті, аймақтың
тұрғындары қандай пайда алды (əсер ету мониторингі).
Мониторинг ЖҚО-ның нəтижелерге жетудегі прогресс деңгейін анықтауға, қажетті
нəтижелерге жету ықтималдығын арттыратын басқарушылық шешімдер қабылдауға,
есептерді жасауға, алынған деректерді зерделеуге бағытталған.
Әдістеменің осы редакциясында негізгі көрсеткіштер бойынша ЖҚО қызметі
нəтижелерінің мониторингі қарастырылды (5-диаграмма).
6-диаграмма. ЖҚО қызметінің мониторингін жоспарлау мен ұйымдастырудың тəсілдемесі
177. Негізгі көрсеткіштер бойынша ЖҚО қызметі нəтижелерінің мониторингін
жүргізеді:
- ЖҚО-ның Мониторинг бөлімі;
- жергілікті уəкілетті органдар;
- «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ.
Пилоттық жұмыспен қамту орталықтары үшін 2017 жылы негізгі көрсеткіштер
бойынша нəтижелер мониторингі ай сайын жүргізіледі. 2018 жылдан бастап нəтижелер
мониторингі барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары үшін тоқсан сайын
жүргізіледі.
4. Халықты
жұмыспен
қамту
орталығының
қызмет
нəтижелерінің
көрсеткіштерін анықтау жəне таңдау
178. ЖҚО қызметінің мониторингі сəйкес көрсеткіштер жүйесі негізінде жүзеге
асырылады. Көрсеткіш не өлшенетін болатындығын сипаттайды.
Көрсеткіштердің көмегімен өлшеуге болады:
- ЖҚО-мен қанша ресурстар (шығындар) пайдаланылды;
- ЖҚО ұсынған қызметтердің саны жəне олардың сапасы,
- ЖҚО қызметі аймақтың жұмыспен қамту саласына қалай əсер етті, аймақ
тұрғындары қандай пайда алды.
Осылайша, көрсеткіштердің келесі деңгейлері қарастырылған:
56
1) ЖҚО-ның ресурстары көрсеткіштері, ЖҚО-ның жылдық (тоқсандық, айлық)
қызмет көрсету көлемін ұсынуға қажет ресурстарының (қаржылық, материалдық, еңбек)
санын анықтайтын;
2) ЖҚО нəтижесінің көрсеткіштері, ЖҚО қызметтерінің абсолютті түрде
көрсетілген сандық көлемін, қызметтер алушылардың санын жəне/немесе қызмет
көрсету сапасын анықтайтын;
3) нəтиженің аймақтық көрсеткіштері, аймақтағы жұмыспен қамту саласындағы
өзгерістерді өлшеу үшін.
ЖҚО-ның қызмет нəтижелерінің мониторингін жүргізу үшін, ЖҚО-ның қызмет
бірлігін белгіленген сапада көрсетуге бөлген бюджет жəне басқа ресурстардың көлемін
анықтайтын, экономикалық тиімділік көрсеткіштері əзірленуі мүмкін.
8
ЖҚО-ның қызмет көрсеткіштері ЖҚО ұсынатын қызметтермен байланысты болуы
керек.
ЖҚО-ның қызмет нəтижелерінің көрсеткіштері төменде келтірілген (9-кесте).
9-кесте. Халықты
жұмыспен
қамту
орталығының
қызмет
нəтижелерінің
көрсеткіштері
Аймақтың стратегиялық
мақсаты
9
Аймақтағы жұмыссыздықтың төмендеуі
Соңғы нəтиже
Көрсеткіш
Аймақтағы
жұмыссыздықтың
төмендеуі
Аймақтағы жұмыссыздықтың деңгейі
ЖҚО қызметінің мақсаты
Жұмыс берушілердің талаптарына сəйкес жұмыс
іздеушілерді тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру
1-міндет
Жұмыс берушілермен серіктестік
Нəтиже
Көрсеткіш
1
Жұмыс
берушілермен
байланыс орнату
Тіркелген жұмыс берушілердің артуы
Бос жұмыс орындарын тіркеген (ұсынған) жұмыс
берушілердің артуы
2
Бос жұмыс
орындарын тіркеу
Тіркелген бос жұмыс орындары санының артуы
Жұмыс берушілердің мақсатты топтарынан (аймақ
экономикасының нақты саласынан) тіркелген бос жұмыс
орындардың артуы
Бір айдан аса толтырылмаған бос жұмыс орындары
санының азаюы (бос орындарды)
3
Жұмыс берушілерді
тіркеу
ЖҚО-да тіркелген жұмыс берушілердің артуы
Бір айдан астам жабылмаған бос жұмыс орындары
санының азаюы (ЖҚО-да тіркелген)
Бос жұмыс орындардын толтыру мерзімдерінің қысқаруы
4
Ұсынылатын
қызметтер
сапасының артуы
Жұмыс берушілер тарапынан негізделген шағымдардың
болмауы
ЖҚО қызметкерлерінің жұмыс сапасын «жақсы» деп
бағалаған жұмыс берушілер санының артуы (сауалнама
нəтижелері бойынша)
2-міндет
Жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру
8
Әдістеменің осы нұсқасында (V4.10.10.2017) нəтиже көрсеткіштері ғана қарастырылған
9
ЖҚО жетуге үлесін қосатын аймақтық деңгейдегі стратегиялық мақсат көрсетіледі
57
Нəтижелер
Көрсеткіш
5
ЖҚО-ға бірінші рет
өтініш білдірген
жұмыс іздеушілердің
артуы
ЖҚО-ға бірінші рет өтініш білдірген тіркелген жұмыс
іздеушілер санының артуы
6
Жұмыс іздеушілерді
тұрақты жұмыс
орындарына
жұмысқа
орналастыру
Тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған
жұмыс іздеушілер санының артуы
БІРІНШІ санаттағы жұмысқа орналастырылған жұмыс
іздеушілер санының артуы
Жалақы деңгейі жоғары БІРІНШІ санаттағы жұмысқа
орналастырылған жұмыс іздеушілер санының артуы
10
ЕКІНШІ санаттағы жұмысқа орналастырылған жұмыс
іздеушілер санының артуы
Жалақы деңгейі жоғары ЕКІНШІ санаттағы жұмысқа
орналастырылған жұмыс іздеушілер санының артуы
10
ҮШІНШІ санаттағы жұмысқа орналастырылған жұмыс
іздеушілер санының артуы
Жалақы деңгейі жоғары ҮШІНШІ санаттағы жұмысқа
орналастырылған жұмыс іздеушілер санының артуы
10
Жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санында
жұмысқа орналастырылғаннан кейін 6 айдан аса жұмыс
істеген азаматтардың салыстырмалы салмағының артуы
Қысқамерзімді оқытуды аяқтаған жұмыс іздеушілердің
жалпы санында қысқамерзімді оқыту аяқтағаннан кейін
мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған жұмыс
іздеушілердің салыстырмалы салмағының артуы
7
Жұмыс іздеушіні
жұмысқа
орналастыру мерзімі
Жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру мерзімдерін
қысқарту
Жұмыс іздеушіні
жұмысқа
орналастыру құны
Жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру құнын
қысқарту
Жұмыс іздеушілер тарапынан негізделген шағымдардың
болмауы
Көрсетілетін
қызметтер сапасын
арттыру
ЖҚО қызметкерлерінің жұмыс сапасын «жақсы» деп
бағалаған жұмыс іздеушілер санының артуы (сауалнама
нəтижелері бойынша)
Жұмыс іздеушінің ресепшнде кезек күту уақытын азайту
179. ЖҚО нəтижелердің қосымша көрсеткіштерін əзірлеуі мүмкін. Бұл
көрсеткіштер бойынша деректер ЖҚО қызметін басқару үшін жиналады, олар бойынша
одан əрі ресми есеп берілмейді. Қосымша көрсеткіштердің жекелеген түрлерінің
мысалдары төменде келтірілген (10-кесте).
10-кесте. Халықты жұмыспен қамту орталығының нəтижелерінің қосымша
көрсеткіштерінің таңдаулы түрлері
1-міндет
Жұмыс берушілермен серіктестік
Нəтиже
Қосымша көрсеткіштер
Жұмыс
берушілермен
байланыс орнату
Аймақ экономикасының дамушы салаларындағы
тіркелген жұмыс берушілердің артуы
10
Жалақының жоғары деңгейі – аймақ бойынша орташа жəне одан жоғары жалақы. Орташа жалақының мөлшері
туралы ақпараттың көзі – мемлекеттік статистика органдары
Достарыңызбен бөлісу: |