40
96. Клиенттермен өзара қарым-қатынастарды басқару HR-промоутердің жұмыс
берушілермен жұмысының негізі болып табылады. Жұмыс берушімен жұмыс істеудің
«өмірлік циклі» бар, ол жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастың стратегиясы болып
табылады.
Жұмыс беруші белгілі бір уақыт ішінде жəне қарым-қатынастардың дамуына
қарай бір санаттан екіншісіне өте алады. «Әлеуетті жұмыс беруші» байланыс
орнатылғаннан
кейін
«Жаңа
жұмыс
беруші»
болады,
кейіннен
серіктестік
орнатылғаннан кейін «Әрекеттегі жұмыс беруші» болады.
97. ЖҚО-ның жұмыс берушілердің əр түрлі санаттарына түрлі стратегияларды
қолдануының кейбір мысалдары төменде келтірілген.
1-мысал. «Әлеуетті жұмыс берушілермен серіктестік орнату»
стратегиясы
Сіз жұмыс берушімен келешекте бірлесіп жұмыс істеу мақсатымен бірінші рет хабарласқыңыз келеді.
Сіз жұмыс берушімен кездесуге немесе телефонмен сөйлесуге дайын болуыңыз керек.
Жұмыс берушімен байланысқа шығуға дайындалу.
1) Жұмыс беруші туралы ақпарат жинаңыз (ақпарат көзі БАҚ, интернет жəне т.б. болуы мүмкін).
Жұмыс беруші туралы ақпараттың болуы – маңызды. Жұмыс берушi сенімді ме, уақтылы
қызметкерлердің жалақысын төлейді ме, жұмыс берушi банкрот емес пе жəне т.б. тексерілуі тиіс. Есіңізде
болсын, «алдын ала ескеркертілген – қаруланғанмен тең».
2) Телефон соғыңыз, жұмыс берушінің кеңсесіне барыңыз, хат жазыңыз. Жұмыс берушінің сіз үшін
уақыты бар екеніне көз жеткізіңіз. Жұмыс берушімен кездесу туралы келісіп алмағанша, оған бармаңыз.
Есіңізде болсын, сіз туралы жағымсыз əсер жалпы ЖҚО туралы жағымсыз əсер қалдырады.
3) Жұмыс берушімен кездесуге немесе телефонмен сөйлесуге дайындалыңыз. ЖҚО, оның
қызметтері туралы, жұмыс беруші үшін олар несімен тиімді екендігін айтып беріңіз. Жұмыс берушінің кез
келген сұрағына дайын болыңыз.
Мысалы, «Сіз не туралы сөйлескіңіз келеді?». «Бастығым мені сізге тапсырмамен жіберді», – деп жауап
бермеңіз. Жұмыс берушіге сіздің басшыңыз немесе оның тапсырмалары қызықты емес.
Сондықтан, келесідей жауап беру керек: «Менде сіз үшін жақсы жаңалықтар бар. Мен сізге біздің жаңа
қызметтерге шолу бергім келеді!» немесе «Мен сіздің дəнекерлеуші іздеп жүргеніңізді сайтыңыздан
(Enbek.kz сайтынан) көрдім. Сізге лайықты маман табуға көмектескім келеді. Мен сізге лайықты
адамдарды тауып та қойдым, оларды сізге көрсеткім келеді».
Жұмыс берушіден оның басқа тілектері немесе сұрақтары бар ма екендігін сұраңыз. Егер сіз жауап бере
алмайтын сұрақтары болса, «Білмеймін» деп жауап бермеңіз. «Дəл қазір бұл сұрағыңызға мен жауап
бере алмаймын, жұмыспен қамту орталығының тиісті бөлімінен нақтылап алайын, содан кейін сізге
міндетті түрде хабарласамын», – деп жауап беріңіз.
Сол сияқты, ол сұраған қызметтер ЖҚО-да көрсетілмейтін болса, онда, мысалы, келесідей жауап берген
дұрыс: «Өкінішке орай, біз ондай қызмет көрсетпейміз, бірақ оны «Атамекен» ӨКП істейтінін білемін. Мен
«Атамекен» ӨКП-ден жауапты
адамды тауып, сізге байланыс мəліметтерін беремін».
4) Жұмыс беруші үшін жаңа ақпараттық материалдарды (буклеттер, лифлеттер, визиткалар жəне
т.б.) жинаңыз.
Ақпарат жұмыс беруші үшін қызық болуы керек. Ол ақпарат сіздің келген мəселеңізді сүйемелдеу керек.
Жұмыс берушіге ешқандай қатысы жоқ ЖҚО-ның материалдарын əкелудің мəні жоқ.
5) Кездесу кезінде өзіңізді сыпайы жəне ізетті ұстаңыз.
2-мысал. «Белсенді емес жұмыс берушілермен байланыстарды қалпына келтіру» стратегиясы
Клиенттерді жоғалтудың əр түрлі себептері бар.
Біріншіден, ЖҚО-ның өзінің клиенттері туралы хабардарлығы болмауы.
Екіншіден, клиенттердің ЖҚО-дан көңілі қалуы. Мəселелер ЖҚО мен қызметкерлердің біліксіздігінен
туындауы мүмкін.
Хабардарлықтың болмауы осы жұмыс берушіге жауапты HR-промоутердің ұмытшақтығы немесе
демотивациясына байланысты туындауы мүмкін.
Бұл жағдайда, жұмыс берушімен байланыс клиент туралы хабардарлықтың болмауы себебінен
үзілген болса, 1-мысалда көрсетілген үлгіні пайдаланып, байланысты қалпына келтіру керек. Сонымен
бірге жұмыс берушіден кешірім сұрауды, жəне ЖҚО өз қателіктерін түзету үшін жұмыс істейтіндігін, жəне
41
де неғұрлым клиентке бағдарланған жəне əріптестік нысанда жұмыс істейтіндігін айтуды ұмытпаңыз.
Егер байланысты жоғалтудың себебі клиенттердің ЖҚО-дан көңілі қалуы болса, келесі əрекеттер
жасалуы керек.
1) Жұмыс берушіге хабарласпас бұрын, осы клиенттің ЖҚО-мен байланысын үзуінің нақты себептерін
біліңіз. Осы жұмыс берушіге сізге дейін жауапты болған əріптесіңізбен сөйлесіңіз жəне/немесе
директорыңыздан қандай жағдай болғаны туралы сұраңыз жəне/немесе жұмыс берушiнің шағым
қалдырғандығын білу үшін жазбаларды тексеріңіз.
2) Сіз жұмыс берушінің қандай себеппен ЖҚО-мен байланысын тоқтатқанын анықтап алдыңыз. Мысалы,
ол ЖҚО-дан оған қызметкер (жұмыссызды)
оқытуды сұрады, бірақ ол қызметті ала алмады.
3) Жұмыс берушімен кездесу туралы келісу үшін хабарласыңыз. Сонымен бірге жұмыс берушіден
кешірім сұрауды жəне өткенде болған жағдайға өкінетініңізді айтуды ұмытпаңыз.
4) Жұмыс берушімен кездесу кезінде оның өткендегі ЖҚО-мен жұмыс тəжірибесіне қатысты пікірі мен
шағымдарын айтуға рұқсат етіңіз. Барлығын жазып алыңыз жəне оның барлық шағымдары мен
ұсыныстары міндетті түрде
ескеріліп, назарға алынатынын айтыңыз.
5) Жұмыс берушіге ЖҚО-ға келуді жəне жұмыспен қамту қызметінің жаңа форматта қалай жұмыс
істейтіндігін көруді ұсыныңыз. ЖҚО-ның атынан кешірім сұрау жəне одан арғы серіктестікке үміт арту
ретінде кішігірім сыйлық (мысалы, корпоративтік өнімдер – күнтізбе немесе блокнот) беруге болады.
3-мысал. «Жаңа жұмыс берушілермен байланыстарды дамыту» стратегиясы
Клиенттермен өнімді қарым-қатынас орнату үшін өзіңізді жұмыс берушілердің орнына қоюға жəне
олардың қажеттіліктерін түсінуге тырысу керек. Жаңа жұмыс берушімен серіктестікті дамыту кезінде,
жұмыс берушіге неғұрлым көп қызмет көрсетілсе, серіктестік соғұрлым тығыз жəне мықты болатынын
есте ұстаңыз. Ал бұны клиентке не қажет екенін білген жағдайда ғана сəтті орындауға болады. Клиентке
қажеті жоқ нəрсені «сату» əрекеті сəтті болуы екіталай жəне жұмыс беруші одан бас тартуы мүмкін.
Жұмыс беруші ЖҚО-ның барлық мүмкін қызметтері туралы толық білмеуі де мүмкін. Сондықтан, жұмыс
беруші қандай қызметтер алатындығын жəне оған басқа қандай қызметтерді ұсынуға болатындығын
талдаңыз. Мысалы, егер жұмыс беруші ЖҚО-мен жастар практикасы шеңберінде қызмет істесе, сіз оған
мемлекеттен қаржыландырылатын əлеуметтік жұмыс орындарын ашуға кеңес бере аласыз.
4-мысал. «Жұмыс берушілермен байланысты сақтау» стратегиясы
2-мысалда келтірілген себептермен жұмыс берушіні жоғалтып алмау үшін, клиентпен тұрақты байланыс
орнату қажет. Басқаша айтқанда, ол өзінің маңызды екендігін жəне оны ұмытпағандығын сезінуі керек.
98. Жұмыс беруші мен ЖҚО-ның тұрақты серіктестігі əр түрлі өзара əрекеттесу
түрлерінен тұрады. «Әрекеттегі жұмыс берушілермен байланысты сақтау» стратегиясы
ЖҚО мен жұмыс берушінің қарым-қатынастарын нығайтатын үш түрлі өзара
əрекеттестіктен тұрады.
Біріншіден, қаржылық өзара əрекеттестік. ЖҚО мен жұмыс берушінің қарым-
қатынасы қаржылық түрде болуы мүмкін. Мысалы, жұмыс берушінің мемлекеттен
əлеуметтік жұмыс орындарына алатын көмекқаржысы – ЖҚО мен жұмыс беруші
арасындағы қаржылық байланыс болып табылады.
Екіншіден, құрылымдық өзара əрекеттесу. ЖҚО өнімдерін дайындауға жұмыс
берушінің интеграциясы. Мысалы, ЖҚО жұмыс берушілерге қатысты жаңа қызметті
бастауды жоспарласа. Бұл жағдайда жаңа қызмет бойынша жұмыс берушімен
кеңесулер мен талқылаулар құрылымдық байланыстың мысалы бола алады. Сол
сияқты, жұмыс берушінің «Жұмыс» интернет-порталындағы (Enbek.kz) «Жеке кабинеті»
оны ЖҚО-мен құрылымдық байланыстырады.
Үшіншіден, əлеуметтік өзара əрекеттесу. Байланыстың бұл түрі HR-
промоутердің жұмыс берушімен өзара əрекеттесуіне толығымен байланысты.