1. Өндірістік орындардың технологиялық сызбасына



жүктеу 1,2 Mb.
бет1/49
Дата20.11.2018
өлшемі1,2 Mb.
#21914
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

Мазмұны

бет


Кіріспе

1. Өндірістік орындардың технологиялық сызбасына

сипаттама


    1. . Керамзит блокты өнеркәсібі

1.2. Портландцемент цехы

1.3. Бетон қоспалы узел цехы (БҚУ)

1.4. Ағаш өңдеу цехы (АӨЦ)

1.5. Қазандық

1.6. Кірпіш күйдіру цехы

2. Өндірістен түзілетін газ - шаң тастамалар көздеріне

мінездеме

2.1. Шикізат дайындау және шихталарды құралуы

2.2. Қалыпқа массаны дайындау

2.3. Топырақ шикізатын дайындау немесе пішіндеу

2.4. Кірпіш шикізатын кептіру

2.5. Кірпіш шикізатын қабырғалы керамикада күйдіру

3. Әдеби шолу

3.1. Сумен абсорбциялау әдісі

3.2. Әктілеу әдісі

3.3. Нерекуперационды әдіс

3.4. Натрий негіздегі хемосорбентті абсорбциялау

3.5. Аммиакты әдіс

3.6. Амин ароматымен абсорбциялау

3.7. Өндірісте сұйық фазадағы NO2 , CO2-ні оттегімен

гомогенді қышқылдандыру әдісі

3.8. Газ фазадағы азот оттегісін сумен абсорбциялау әдісі

3.9. Көмір қышқылын мыс – алюминий – хлорид

ерітіндісімен абсорбциялау

3.10. Шығарылатын газдар NO2 , CO2 , SO2 және қалқыма заттарды

залалсыздандыру үшін тазалау қондырғыларын таңдаймыз

4. Газ – шаң тастамаларын тазалау жүйесінің негізгі және

қосымша қондырғыларын (жабдықтарын)таңдау

4.1. Газ тазалау қондырғыларының есебі

4.1.1.Циклон қондырғысыеың есебі

4.1.2.РЖС (РПН) қондырғысындағы технологиялық

газдарды абсорбермен тазалау есебі

5. Қоршаған ортаны қорғау

5.1. Шекті мүмкіндік тастамалар есебі

5.2. Бір көзден шығатын тастамалармен атмосфера

ластануын есептеу

5.3. Газ қалдықтары пештен атмосфераға бір мезгілде шығып

жатқанын анықтаймыз

5.4. Өндірістің қауіпті категориясын анықтаймыз (КОП)

5.5. Санитарлы қорғау зонасын желдің бығытымен анықтаймыз

5.6. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер

6. Тіршілік қауіпсіздігі

6.1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

6.2. Еңбек жағдайына әсер беретін технологиялық процесстер

мен құрылымдар құрылымдардың механикаландырған

және автоматтандырылған дәрежесіне мінездеме

6.3. Жарықтандыру

6.4. Желдету жүйесі

6.5. Шу және тербеліс

6.6. Санитарлық тұрмыстық және медициналық қызмет ету

6.7. Микроклиматтық жағдай

6.8. Өрт қауіпсіздігі

6.9. Өрт сөндіргіш құралдары

6.10. Жеке тапсырма

6.11. Жарықтандыру есебі

7. Экономикалық бөлім

7.2. Ғимарат құрылысының жоба қаржы бағасының есебі

7.3. Қондырғыға кететін капиталды шығындар және

бөлінген аммортизация

7.4. Газ тазалау бөлімінде еңбек ұйымының жал ақысы

7.5. Технологиялық мақсатқа кететін энергетикалық

шығындар есебі

8. Сәулет – құрылыс бөлімі

8.1. Бастапқы мәліметтер

8.2. Технологиялық процесс

8.3. Көлемді – жоспарлы шешімдер

8.4. Конструктивті шешімдер

8.5. Өртке қарсы шаралар

9. Автоматтандыру бөлімі

9.1. Күйдіру кірпіш цехындағы газды тазалау қондырғыларын

автоматтандыру , техникалық құралдарын таңдау

және негіздеу

10. Бизнес жоспар бөлімі

10.1. Аннотация

10.2. Түйін

10.3. Кәсіпорынның сипаттамасы

10.4. Менеджмент

10.5. Өнімнің сипаттамасы

10.6. Маркетинг жоспары

10.7. Өндірістік жоспар

10.8. Ұйымдастырушылық жоспар

10.9. Қаржылық жоспар

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылдың 1- наурыз айындағы қазақстан халқына жолдауы.

Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге , жаңа стандарттарға көшуге , мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экологиялық кодексі қабылдануға тиіс.

Тұтас алғанда , біз 2010 жылы қоғамның тұрлауы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз. [1]

Өндіріс саласының қатары интенсивті өсумен бірге ауаға тасталынатын әртүрлі және құрамы күрделі тастамалар саны да тез өсуде. Сонымен бірге өндірістік өнеркәсіптер ауа бассейн аудандарын ластап жатыр.

Көп тараған қауіпті газ тастамарына шаң,токсикалық және қалқыма заттар құрайды. Мұндай ластау көзіне құрылыс материалдар өнеркәсіптеріне байланысты.

Құрылыс материалдардың даму тендециясының бірі өндірістің бірден өсуі,өнімдердің сапасын жоғарлату, жаңа өнімдерді шығаруды ұйымдастыру,цементтің-кірпіштің тиімді түрлерін шығару, қазіргі заманның қуатты қондырғыларын пайдалану болып табылады.Байланыстырғыш материалдар өндірісі қазіргі заман құрылысының негізгі көздері болып табылады. [21]

Құрылыс материалдар өндірісінде темір бетондар, күйген кірпіштер,керамзитті блоктар,есік –терезелі блокты құрылыс материалдары шығарады.Осы Құрылыс материалдарды өндіру барысында қоршаған ортаға,яғни атмосфераға шаң, газдар және қатты қалдықтар тасталынады.Қоршаған ортаны неорганикалық шаңдар, цемент шаңдары, ағаш шаңдары,күйелер, күкірт оксидісі, көміртегі оттегісі,азот оттегісі, аэразоль күйдірулері бөлінеді.Бұл тастамалар адам өміріне, денсаулығына,өсімдіктерге,яғни қоршаған ортаға зиян-қауіптерін тигізуде.

Қазақстан республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрліктері «Атмосфераны ластайтын тастамалы заттарды нормалау үшін осы атмосфераны ластайтын заттарға қойылған Шектік Мүмкіндік Тастамалар (ШМТ,ПДВ) немесе Уақытша Келісімді Тастамалар (УКТ,ВСВ) » әр ластау көздері үшін бекіткен. [6]

Құрылыс материал өндірісі үшін МШТ-дың нормативтік жобасы , атмосфераны ластайтын ластау көздерін инвентаризациялау негізде,сәйкесінше МЕСТ 17.2.3.02-82 «Табиғатты қорғау. Атмосфера», «Өндірістік өнеркәсіптен қауіпті заттар тастамаларға қойылған шектік ережелер», «Су объектілеріне және атмосфераны ластайтын заттар тастамаларын нормалауының инструкциясы немесе құрылымы». [9]

Атмосфераны қауіпті ластаулардан қорғау-бұл негізгі техникалық мәселермен шешіледі.Ол үшін тастамаларды жою үшін технологиялық мәселерді модернизациялау керек немесе оларды өндірісте толық қайта өңдеу керек.

Атмосфералық ауаны қорғауды нығайту мақсатында өндірістік және басқа да тастамаларды тазалау үшін эффективтілігі жоғары қондырғылар енгізу қажет.

Диплом жобасының мақсаты болып, құрылыс материалдар өндірісінен шаң,газ тастамаларды тазалау технологиясын және қоршаған ортаға тастамаларды нормалау.

1. Өндірістік орындардың технологиялық

сызбасына сипаттама.
Құрылыс материал өндірісінде күйген қыштар дайындау кезінде керамзитті блоктар шығаруда,цемент дайындауда,қазандықты іске қосқанда, бетон-қоспалы узельді дайындауда, есік-терезе блоктарын шығару немесе ағаш өңдеу цехтарынан шығатын шаңдар, газдар, күйе шаңдары т.б. атмосфераны ластайды.Өндірістің бас жоспары 1 - суретте көрсетілген.
1.1. Керамзит блокты өнеркәсібі

Керамзит пен құмды қозғалмалы транспорт көмегімен майдалағыш СМ-112-ге беріледі.Бұл жерге силосостан шыққан цемент дозатор арқылы түседі. СМ-112 жүйесінен бөлінген шаңдар диаметрі 0.3м , биіктігі 12м құбырмен желдеткіш Ц-70 көмегі арқылы ауаға тасталынады. Дайын қоспаларға қалып жасау бөліміне барады.Одан кейін дайын блоктар булағыш бу бөліміне беріледі, онда блоктарды кептіру болады. Кептіру үшін парды қазандықтан беріледі. [3]



1.2. Портландцемент цехы

Порландцемент дегеніміз клинкердің ,гипстің азғантай қоспасымен әк пен саз қоспасының қайнауына дейінгі және жануынан алынған жұқа майдаланған өнімді айтады.

Порландцемент құрамы құрылыстың құрамын жақсарту үшін клинкерге оның құрамына гипс пен активті минералды қоспалар қосады. [2]

Порландцемент өндірісінің процесі өз ретінде технологиялық операциядан тұрады, оны екі кешенге бөлуге болады.Бірінші кешенге клинкер өндірісіндегі операциялар жатады. Екінші кешенге гипспен гидравликалық басқа қоспалармен клинкерді майдалау операциясы жатады , сонымен қатар клинкерден порландцементті дайындау қарастырылады.

Клинкерді алу – бұл ауыр және энергияны көп қажет ететін процесс. Ол көптеген капиталды және эксплуатациялық шығындарды қажет етеді.

Клинкерді портландцементті алу негізгі технологиялық процестерден тұрады:



  • жандыру үшін шикізат материалдарын дайындау;

  • отын дайындау;

  • шикізат материалдарын күйдіру.

Цемент өндірісінің негізгі технологиялық процесінде көп мөлшерде шаң түзіледі. Шаң түзілу көзі болып пеш агрегаттары, дейірмендер, кірпіштер және ұсақтау қондырғылары, шикізат қоймалары, цемент, клинкер қоспалары, шаң материалдарын тастайтын жолдар, темір жол вагонына цементті арту орындары.Кесте – 1.

Цемент өндірісінің негізгі технологиялық жүйесі көп көлемде шаң болуымен жүргізіледі. Атмосфераға тасталынатын , бөлінетін газдар мен аспирациялы ауаны шаңсыздандыру үшін арнайы шаң ұстайтын қондырғылар қолданылады, олар ауаның ластануы мен өңделетін материалдардың шығындарын болдырмау жолдарын жасайды.Атмосфераға


10

11


12

13

6

8 9

7

5


3


1

2

4



3


14



14

14

Сурет-1. Құрылыс материалдары кәсіпорнының бас жоспар.

1-админисративтік ғимарат ; 2-асхана ; 3-автокөлік жолдары; 4-автотранспорттық бөлімше; 5-механикалық участкі;6-бетон қоспалы узель; 7-кірпіш күйдіру цехы; 8-көмір қоймасы; 9-қазандық; 10-цемент дайындау цехы; 11-керамзитті блок цехы; 12-ағаш өңдеу цехы; 13-темір жол; 14-тұрғын үйлер.
тасталынатын шаңдардың 80 %-ке жуығы айналмалы пештерден бөлінеді, ал шаңдардың басқа бөлігі- цементті және шикізатты диірмендерден , ұсақтағыш-кептіргіш қондырғылардан, сонымен қатар шикізат материалдарын , қоспалар , клинкерді және цементтің сақталуы барысында бөлінеді.Кесте-1. [2]

Цемент өндірісінің шаңдарына сипаттамалар. Кесте -1.


Технологиялық

қондырғылар



Өнім көлемі

м 3/кг



Температура,

°С


Температура,

°С


Шаң концент.

мг/м3



Бөлшек дисперс.

құрамы,


5 мкм

Бұрыш,°


Тығыздығы,

кг/м 3



100м дейінгі пеш ұзындығы

3.8-6.0

225-385

60-67

10-48

1.7-36

37-45

2670-2820

Жылу алмастырғыш циклондыпеш

2.5-3.3

190-380

29-44

16-60

51-75

45-51

2640-2840



Мұздатқыш

1.0-2.9

90-290

-

5-40

15-17

35-41

3060-3300

Сепараторлы диірмен цементті

0.5-0.7

65-90

30-44

545-860


15-35

38-50

2750-3180



Сонымен бірге цементті клинкер өндірісінде шаң газдарын пайдалануға болады.Цемент клинкер өндірісі—энергиялы процесс 1т цемент шығаруға 180-200 кг отын пайдалынады.Цементке кететін отын мен электр қуатының үлесі 40-50 % -ке жетеді.
1.3. Бетон қоспалы узел цехы (БҚУ)

Бетон – бұл темір бетон және бетон бұйымдары жиналған өндіріс үшін, тағы да БҚУ комбинатының басқада шаруашылық қажеттіліктеріне өндіреді.

Цемент БҚУ – ге автотранспорт (цементовоз) арқылы береді және силосты цементті сорғызып, оларды бункер цементтіне түседі және одан кейін порциялы дозатор көмегімен қоймалы бетон-араластырғыш узелге түседі . Онда инертті-құм, қиыршықтарды және т.б. қоректендіргіш және қозғалмалы транспорт көмегімен қоймадан бетон-араластырғыш узелге әкеледі, онда оларды араластыру жүреді. Дайын қоспаны бункерден арту арқылы машинаға беріледі. Қоспаларды дайындау кезінде цемент шаңдары атмосфераны ластайды. [3]

1.4. Ағаш өңдеу цехы (АӨЦ)

АӨЦ – бұл ағаштан бұйымдар шығару үшін қолданады.Оларға тақтай, плинтус, терезе және есік қаңқалары және т.с.с.

АӨЦ –ы негізгі үш бөлімнен тұрады:


  1. Аралағыш

  2. Столяр

  3. Погонажді ,қойма.

Ағашты көтерме кранмен аралағышқа береді, оны тақтайлай қылып аралайды.Ары қарай столярлі және плотникті цехқа береді, ол жерде столяр бөлімінде ағаш өңдейтін – домалақ аралағыш , фуговальді – строгальді, фрезернді , шипорезді т.б. 7 станок бар.Әр станокта аспирациялары бар, ауаны сорып алатын ВДН-60 желдеткішпен қамтамасыз етілген.

Поганажді бөлімінде 6 станокпен ағаш өңдейді – домалақ аралағыш және строгальді т.б. Әр станокта аспирациясы бар , ауаны желдеткіштер ВДН-60 соруды қамтамасыз етіледі. Ағашты аралау кезінде шығатын газдарды ЦН-22 циклонында тазалау жүргізіледі. [4]


1.5. Қазандық

Құрылыс материалдар өндірісінде жылулық энергияны тұрмыстық қажеттіліктер үшін , технологиялық тізбек үшін қазандықты қолданады. Жағармай көзі – көмір.Екі қазан Е-І/9-0.9 Р3 және КТ -50 қазандықтарымен жабдықталған.

Негізгі қауіпті шығатын компоненті газдарға – күл , күйе шаңдары ,күкірт оксидісі , көміртек оттегісі , азот оттегісі , аэрозоль күйдірулерін желдеткіш көмегімен биіктігі 20 м және диаметрі 0.5 м құбыр арқылы атмосфералық ауаға тасталынады.Атмосфераға тасталынатын зиянды заттарға сипаттама кесте – 2 көрсетілген. [12]

1.6. Кірпіш күйдіру цехы

Топырақ – бұл қоңыр - сары түсті , оны бульдозермен жәшік әпергішпен береді. Одан әрі қарай вальцелер СМ – 83 және топырақ араластырғыш СМК – 125 арқылы транспортер дайын топырақ қоймасына апарады. Шикізаттың қалыптағы құрамын жоғарлату үшін, оған бентонитті порошок қосады. Одан соң қоймадан дайын топырақты транспортер арқылы вальцеге және 2 вальді топырақ араластырғыш СМК – 125 өнімділігі 18 м3/сағ беріледі. Одан кейін ылғалданған топырақ (саз) өнімділігі 6-7 мың.дана/сағ вакуум-преске СМК – 28А транспортермен береді. Престің бас жағын мундштукпен бекітілген . Ол тығыздау , престеу және төртбұрыш қалып алу қызметін атқарады. Брусты кесу өнімділігі 7000 дана/сағ –ты жартылай автоматпен СМК – 163 атқарылады.

Кірпіш шикізатын сиымдылығы 240 дана кептіргіш вагоншигімен тунельді кептіргішке апарады. Онда 1 тәулік бойы кептіріледі. Кептірілген қыштарды транспорттер арқылы пешке әкеледі және онда қаланады.

Кірпіш шикізатын күйдіру қатты отынмен жанатын домалақ пеште іске асырылады.Отын ретінде көмірді – камфорк арқылы тастайды. Осыдан барып қыштар қызады. Садканың тығыздығы 1м3-ке 250-260 дана қыш.Пештен шығарылатын газдар желдеткіш арқылы атмосфераға лақтырылады.Атмосфераға тасталынатын газдар құрамына көмір қышқыл газы , азот оттегісі , күкірт оттегісі , күйелер , күлдер жатады. Олар қорашаған ортаға , адам денсаулығына қауіп төндіреді. [21]



Атмосфераға тасталынатын зиянды заттар.

Кесте- 2.

Аталуы

ШМК м.р.

мг/м3



ШМК с.с.

мг/м3



Қауіптілік

класы


Тастамалар ,

т/жыл


Қалқ. заттар

0.5

0.15

3

15.3427

Темір шаңы

-

0.04

3

0.1096

Күл

0.15

0.05

2

0.138

Сваро.аэрозоль

0.5

0.15

3

0.0223

MgO2

0.01

0.001

2

0.00108

HF

0.02

0.005

2

0.00012

NO2

0.085

0.04

2

3.5795

SO2

0.5

0.05

3

4.8778

H2SO3 пары

0.3

0.1

2

26.662

Бенза пирен

-

1*10-6

1

2.9*10-6

Жанармай пары

-

1.2

4

4.3*10-5

CO2

5.0

3.0

4

23.7605

CH

5.0

1.5

4

0.269

Барлығы:










74.722

2. Өндірістен түзілетін газ - шаң тастамалар

көздеріне мінездеме.
Құрылыс материал өндірісі өлшемі 250х120х65 саз кірпішті құрылыс материалын өндіреді. 2- суретте технологиялық схема сипатталады.

Өндірісте атмосфераны зиянды заттар тастамалар көздері болып келесі қондырғылармен учаскілерден тұрады:



  • көмірді артатын эстакада. Арту эстакада 300м2 алқабын 2175.0 тонна Қарағандылық көмірді артқанда және сақтағанда қалқыма заттар бөлінеді;

  • жартылай вагоннан көмірді түсіру.Бір мезетте 4 жартылай вагондарды эстакада түсіруге болады. Жартылай вагоннан түсіру кезінде атмосфераға қалқыма заттар тасталынады;

  • самосвалдарға көмірді артқышпен артады . Артқыш ТО-18 (1 дана) сиымдылығы 1.25 м3 ковшамен артқанда атмосфераға қалқыма заттар тасталынады ;

  • ұнтақ – майдалағыш. Топырақ материалына компонент ретінде майдаланған көмірді қосады. Нәтижесінде ұнтақ – майдалағышқа майдаланған көмірді береді. Мұнда да самосвалға майдаланған көмірді артқанда атмосфераға қалқыма заттар , көмір шаңы немесе күйе түрінде тасталынады;

  • арту жұмысы кезінде экскаватор Э55-11 және бульдозер Т-170 , краз машиналардан токсикалық газдар тасталынады. Дизельді іштен жану двигательтері жұмыс кезінде атмосфераға күйелер , азот оксидісі , көміртек оксидісі , көмірсутектері , күкірт оксидісі , бензапирендер тасталынады;

  • сварка учаскісі (элекрлі - дугалы пісіру, пропан – бутанды кескіш ). МР – 3 маркалы элекродты қолдану кезінде атмосфераға аэрозоль пісірмесі , марганец 2- оксидісі ,сутек фторы (НҒ) бөлінеді. Пропан бутанды кесу кезінде атмосфераға азот оттегісі , көміртек оттегісі бөлінеді;

  • Кірпішті күйдіру үшін домалақ пеш қолданады. Негізгі отын көмір болып табылады , отын резервісі қарастырылмаған. Пеште көмірді жағу кезінде атмосфераны күйе – күлдер , азот оксидісі , көміртек оксидісі , күкірт оттекті ластаушы заттар бөлінеді;

  • Сиымдылығы 3 м3 резервуар . Дизельді отынды сақтау кезінде атмосфераға дизельді отынның пары бөлінеді.Кесте – 3. [3]



2.1. Шикізат дайындау және шихталарды құралуы

Жазғы айларда карьерді сумен 12 %-тік ылғалға дейін суландырады. Бұл кезде экскаватор жұмысы оңайланады және дайын өнімнің сапасы жақсарады. Суды құбыр арқылы насоспен ені 3-4 м және тереңдігі 0.6 м дайындалған котловадан береді.Шикізат бір ковшалы экскаватор ЭН55-11 сиымдылығы 0.8 м3 ковшамен алады. Шикізатты автосамосвалдарға арту қамтамасыз етілген.

Шикізатты краьерден зауытқа дейін Краз автосамосвалымен тасымалданады Шикізатты жәшік ыдысымен беру арқылы бункерге артады. Оларды өндіріске қажеттілігін бір қалыпты жеткізеді. Берілетін шикізат санын жәшік ыдысымен берілетін лентаның қозғалыс жылдамдығын және жоғары көтерілген шибераны реттеуге болады.

Шикізатты жылдамдығы 60 м/мин қозғалып тұрған қиғаш ленталы тасымалдағышқа түседі . Мұнда ұнтақталған тас көмірін қосады. Ол жану процесін жоғарлату үшін . Қабылдағыш бункерден көмір ұнтақ – майдалағышқа түседі , онда түйіршіктерді мм-ге дейін майдалайды. Өлшенген көмірді сиымдылығы 1м3 бункерге элаватормен береді. Мөлшерленген көмір саны 3.2-3.5% -і шихта массасын құрайды.

Мөлшерленген топырақ шикізатымен көмір бөлгіш вальціде майдалайды , бөлшектейді – 3 мм-ден жоғары түйінділерді алып тасталынады.

2.2. Қалыпқа массаны дайындау

Вальцелі майдалағыштан ұнтақталған топырақ шикізатымен оған қосылған отын ( 2 вальді араластырғыш ) бір түпті пластинка дайындау , шикізатті қалыптау үшін 2 вальді араластырғышқа түседі. Одан ары қарай суды қосумен топырақ шикізатын араластыру кезінде пластинкалы консистенке өтеді , мұнымен бірге ылғалды абсолютті интервалмен сипатталады ( пластинка санымен ). Топырақ балшығының қалыпты су құрамы 20-22 % - ті құрайды.


2.3. Топырақ шикізатын қалыптау немесе пішіндеу

Кірпіш – шикізатын пішіндеу үшін ылғал топырақ шикізатымен бірге жанғыш қоспа массын қолданады. Пластинкалы конситенкде тұрғандарды пішінге келуі , басқа күштің әсерімен пішінді өзгерту және шашылмай сақталуы керек .

Ленталы тығыздағыш – қабырғалы керамика өндірісіндегі қиын механикалық қондырғы болып табылады. Негізгі жұмыс бөлігі шнек - ол вакуумсіз ленталы тығыздағыш. Олар мундштук және тығыздағыш басы арқылы пішіндеу массасына өтеді.

Тығыздағыш басының ұзындығы 210 мм-мен цилиндр және мундштук жалғастырады. Ол винтті шнектің қысу әсерінен шикізат массасы тығындалады және масса ағын әсерінен домалақ пішіні – тік бұрышты пішінге өзгереді.

Пішін тығынын кесу – автоматпен іске асады , оны синхронизатормен бірге орналастырады. Кірпіш шикізатын автоматпен кесу үшін рамка енінен тепе-тең етіп рейкаға орналастырады , олар рольгангумен қозғалады және күшейткішпен қадамдық тасымалдағышқа беріледі. Соңында көтергіште қатар қылып жинайды , одан кейін 200 дана шикізатты вагоншикпен кептіргіш тунельге тасымалдайды. [3]
Атмосфераны ластау көздеріне сипаттама. Кесте – 3.




Атмофераны ластайтын көздер

Ластанған заттарды бөлетін көздерінің

аталуы


Шығаратын өнім

атауы


Ластайтын заттардың аталуы

Атмосфераға шығатын ластама заттардың температура сы,

°С


Атмосфераға шығатын ластама заттар саны

Ласай-тын заттар-дың коды


Мах.


г/с

Суммал.


т/жыл




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Көмір тастайтын эстакада

Алаң- көмір сақтау үшін

Көмір сақтау

Қалқыма заттар

28

0.101

1.57

2902

2

Жартылай вагоннан көмір түсіретін эстакада

Алаң -көмір сақтау үшін

Көмір түсіру


Қалқыма заттар


28

3.022

0.13



2902


3

Самосвалға көмірді артқышпен арту

Ковш

Көмір арту


Қалқыма заттар


28

0.05

0.0045


2902

4

Самосвалдан бункерке түсіру

Бункер

Көмір түсіру

Қалқыма заттар

28

10.0

0.216

2902

5

Ұнтақ майдалағыш

Ұнтақ майдалағыш

Көмірді майдалау

Қалқыма заттар

28

4.5

2.835

2902

6

Бункерден майдаланған көмірді арту

Бункер

Көмір арту



Қалқыма заттар

28


85.5

2.462

2902

7

Домалақ пеш

Желдеткіш

Шикізатты күйдіру және кептіру

Қалқыма заттар

H2CO3

СО2

NO2

SO2


40


0.4439

0.3021


1.712

1.469


0.206

69.03

4.698


26.622

22.853


3.215

2902

0330


0322

0337


0301

8

Механикалық учаскі

Токар станогі

Фрезерлі ст.


Детальдарды ремонттау


Металл шаңдары


16

0.1096

0.2192

2902







1

2

3

4

5

6

7

8

9

Сваркалі учаскі

Эл.свар.

Кескіш


Детальдарды ремонттау

Қалқыма заттар

СО2

NO2

MgO2

HF


28


0.0397

0.0017


0.0001

0.0176


0.0176

0.0223

0.00108


0.00012

0.0095


0.0095

2902

0143


0316

0337


0301

10

Жанармай сақтайтын резервуар

Штуцер

Кран


Клапан

Жанармай сақтау

Дизельді жанармайдың парлары

18

2.2*10-6

4.3*10-5

2732


11

Артатын және бульдозерлерден

бөлінетін токси-лық газдар



Артқыш То-18-1дана

Бульдозер Т-170-1дана



Арту жұмыстары

СО2

NO2

CH2

SO2

күл

Бензапирен



90


0.348

0.104


0.139

0.053


0.069

1.1*10-6


0.184

0.055


0.07

0.028


0.0368

5.8*10-7


0337

2745


0301

0328


0330

0703


12

Автотранспорт жұмысында

Жол

Шикізатты тасымалдау

Қалқыма заттар


28

0.0119

0.008

2902

13

Карьерде жұмыс істегенде тасталынатын токсикалық газдар

Экскаватор Э-5511

Краз көлігі

Арту жұмыстары



СО2

NO2

CH2

SO2

күл

Бензапирен



90


0.652

0.196


0.261

0.101


0.13

2.3*10-6


0.714

0.214


0.285

0.11


0.146

2.3*10-6


0337

2745


0301

0328


0330

0703


14

Экскаватордың арту жұмысы

Карьер

Шикізат арту

Қалқыма заттар


28

3.19

1.194

2902

15

Қабылдағыш алаңға түсіру

Алаң

Шикізат түсіру

Қалқыма заттар


28

0.138

0.018

2902

2.4. Кірпіш шикізатын кептіру

Пішінделген кірпіш щикізаты ленталы тығыздағышта 18-22 % -ті ылғалдан тұрады , сондықтан кептіргіште кептіреді. Онда оның ылғалы 6-8 % -ке дейін төмендейді және кептірілген шикізат төзімділігі анағырлым жоғарылайды . Ол үшін шикізатқа керекті көп жылу мөлшерін беру қажет. Жылу тасымалдағыш көмегімен жылу беріледі. Жылу ретінде ауа немесе ауамен түтін газ араласқан қосындыны қолданады.

Орталықтан берілетін жылу тасымалдағыш температурасы 110 – 120°С және соңында 100-110°С , қысымы 120-140 Па , жылу тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығы – 15 м/с. Камерада жылу тасымалдағыш температурасын 50-90°С , қысымы 3-20 Па , жылу тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығын 1.5 - 2.5 м/с -ке дейін реттеуге болады. Шығатын газ температурасы 40°С , салыстырмалы ылғалдылығы 80-90 % болады.
2.5. Кірпіш шикізатын қабырғалы керамикада күйдіру

Қабырғалы керамикада – бұйымдарды күйдіру процессі 4 –сатыдан тұрады:



  • кептіргенге дейінгі шикізатты 200°С температура кезіндегі қалған суларды жою;

  • шикізатты 700°С температураға дейін , түтінді –газдармен қыздыру;

  • взвар отынның жану учаскесіндегі кірпішті 950 – 1050°С максималды температураға дейін күйдіру ;

  • суыту , бастапқыда ақырындап 500°С дейін , одан кейін тез кірпішті арту температурасына дейін 50°С салқындату.

Күйдіру пештерінде көрсетілген күйдіру сатылар зоналарда іске асырылады. Кептіруге дейінгі шикізатты күйдіру пештерінде қатарласқан бұйымдар арқылы ыстық ауаны сорып алу процесі жүреді.Кептіргенге дейінгі зонасында механикалық араласқан массадағы су толығымен жойылады және шикізат төзімділігі жоғарлайды.

Пеш екі жалынмен жұмыс істейді . 12 камералы – бір жалынға. Камераны зона бойынша бөлу келесідей : кептіруге дейінгі және жылыту -3 , взвареда -2 , закаледа -1 , мұздатқышта -2 , артуда -2 , қалауда -1 , бос кезінде -1. Күйдіру температурасы 1050°С.

Кірпішке отынды тастау арқылы жүреді . Отынды 15-16 минут сайын , 0.7-0.8 кг порциямен шашып тастайды. Шашу үшін калиброванді күрек қолданады. Күйдіру үшін көмір қолданады. Отын трубкасы арқылы көмірді жанған садкаға тастайды. 1000 дана кірпіш күйдіруге 145 кг шартты отын шығындалады.

Жалынның жүруіне орталық түтін каналымен желдеткіш көмегінің ықпалы жоғары болады. Камерадағы түтін ықпалын конус көмегімен реттейді. Күйдіру процесінде әр 2 жалынды 3-4 ашқыш конустары қызмет атқарады. Жақыны қағаз шибері түтін конусі толықтай ашылады , келесілері - жартылай , жалынға жақыны – 1/3 бөлігі.





  1. жүктеу 1,2 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау