«мектептік тамақтану» сериясы астана-алматы-2008 Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 186,85 Kb.
Pdf просмотр
бет17/21
Дата22.05.2018
өлшемі186,85 Kb.
#16102
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

бақылауымен жүргізіледі. Сынаманы таза (қайнатылып өнделген) қақпағы
бар шыны ыдысқа (гарнирлері өзге ыдысқа алынады) алып, мұздатқыштың
арнайы бөлінген орнында 2° до плюс 6°С температура аралығында сақтау
керек.
78. Тағам өнімдерін тағамдық кулинарлық өңдеуді қоғамдық
тамақтандыру объектлеріне арналған тағамдық жəне кулинарлық
өнімдерді дайындау үшін рецептурада белгіленген талаптарға сəйкес
жүргізу керек:
1) винегреттер мен салаттарға арналған көкөністер тазаланбаған
күйінде пісіріледі. Көкөністерді алдын ала пісіріп дайындауға болмайды;
піскен көкөністерді қайнатқан цехта тазалайды;
2) Тағамға табиғи қалпында қолданылатын көкөністерді ағын сумен
жақсылап жуып тазалағаннан соң, қайтадан ағын сумен мұқият тазалап
жуу керек. Көкөністерді рі\u1072 алдын ала суға 
(кулинариялық өңдеуге дейін)
салып қоюға рұқсат етілмейді;
3) винегреттер мен салаттарды өсімдік майымен тек қана таратардың
алдында майлайды;
4) азық-түліктердің дəмдік жəне витаминдік құндылығын сақтау үшін,
асты əрбір қабылдағанға дейін дайындайды жəне дайын болған мезгілден
бір сағаттың ішінде тарқатылады. Көкөністерді, картопты пісірердің
алдында турап қайнап жатқан суға салып, қақпағы жабылатын ыдыста
пісіру керек. Жаңа үзілген көгеріштерді піскен тағамдарға тарату кезінде
ғана салады;
5) картопты тазалағаннан кейін 2-3 сағатқа тұздалған суық суға
салады;
6) котлеттер, балық немесе ет турамасынан жасалынған биточкалар,
кесектеп туралған балықтар табада 3-5 минут бойы екі жағынан бірдей
қуырылуы керек, содан соң ыстық арқылы қуыратын шкафтарда плюс 250-
280°С температурада 5-7 минут бойы əрі қарай пісіреді;
7) асылған еттен (тауықтан) жасалған екінші тағамдар жəне бірінші
тағамға қосылатын ұсақтап туралған еттер екінші қайтара термиялық
өңдеуден өтуі керек – сорпада қайнатылып жəне тарқатқанға дейін сорпада
сақталуы керек;
8) омлет дайындауға емдəмдік жұмыртқа қолданылуы керек. Омлетті
температурасы плюс 180-200°С қуыратын шкафта 2,5-3 см қалыңдықта 8-
10 минут бойы дайындайды; жұмыртқаны су қайнағаннан кейін тағы 10
бойы қайнатып пісіреді;
9) ақ ірімшіктен жасалған запеканкалардың қалыңдығы 3-4 см болуы
керек жəне температурасы плюс 180-200°С қуыратын шкафта 20-30
минуттай пісіру керек;
10) пісірілген шұжықтар, сосискалар ыстық өңдеуден (қайнаған кезден
бастап тағы 5минут бойы қайнату керек) өткеннен кейін таралымға
жіберіледі;
11) флягтегі сүттерді 2-3 минут бойы қайнату керек. Сүтті қайнатып


болғаннан кейін арнайы сөрелерде немесе ваннада қақпағы жабылған
күйде суытады.
79. Бұрынғы дайындалған тамақтардан қалған тағамдарды қолдануға
жəне дайындалғанына біраз уақыт өткен тағамды, айран немесе басқа
ашыған сүт өнімдерін дайындауға, ішіне ет салынған құймақты, флотша
дайындалған макарондарды қолдануға болмайды; кремі бар кондитерлік
тағамдарды, кремдерді, сусындарды, морстарды, квасты, сілікпелерді,
құйылып жасалатын тағамдарды (еттен жəне балықтан), сельдтен жасалған
фаршмакты; фритюрде жасалатын тағамдарды, паштеттерді;
пастерленбеген сүттен дайындалған сүт жəне ашыған сүт өнімдерін;
қаннан жəне өкпе-бауыр, ішек-қарыннан жасалған шұжықтарды, суда
жүзетін құстардың жұмыртқасын жəне етін, үйде консервіленген
тағамдарды пайдалануға болмайды.
80. Піскен тағамды тарату балаларды сауықтыру ұйымдарының
медицина қызметкері сынама алғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Тағамдардың сапасын түйсіктік көрсеткіштер бойынша (сынама тағам
дайындалған ыдыстың өзінен ғана алынады) бағалайды. Бракераж
журналында піскен тағамдардың ақаулығын, салынатын негізгі өнімдерді,
сынама алынғаны жəне таратуға рұқсат етілгені туралы осы санитарлық
ережелерге 4 қосымшаның 5 кестесіне сəйкес тіркелуі тиіс. Тамақ
дайындаудың технологиясы бұзылғанда, тағам дайын болмаған жағдайда,
анықталған аспаздық кемшіліктер жойылғанға дейін тағамдарды таратуға
болмайды.
81. Балаларды сауықтыру ұйымдарында тамақтандырудың сапасы мен
ұйымдастырылуын ұйымның басшысы, дəрігер, емдəм медбикесі
қамтамасыз етеді.
Медициналық қызметкерлер мынандай бақылаулар жүргізеді:
1) ас дайындау орнына қабылданған тағамдық өнімдер сапасын осы
санитарлық ережелердегі 4 қосымшаның 6 кестесіне сəйкес тексереді жəне
арнайы журналда тіркеледі.
2) өнімдердің сақталу жағдайына жəне тарату мерзімінің ұстанылуын
тексеруге;
3) дайындалатын тағамның сапасын тексеруге;
4) тағамдық өнімдердің табиғи нормаларының сақталуын (əрбір 10
күн сайын жинақталатын бухгалтерлік ведомостардағы есептер бойынша)
қадағалауды;
5) тəуліктік сынаманың дұрыс алынуы жəне сақталуын;
6) ас дайындау орнының қызметкерлерінің жəне асхана
кезекшілерінің жеке бас тазалығы ережесін сақтауын.
9. Балаларды сауықтыру ұйымдарында балаларға гигиеналық
тұрғыдан берілетін тəрбие
97. Балаларды сауықтыру ұйымдарында балаларға берілетін
гигиеналық тəрбиені медицина қызметкерлері мен педагогтар жүргізеді.
Бұл жұмыстағы жалпы басшылық - дəрігерге тиесілі. Балаларды
гигиеналық тəрбиелеудің жоспары балаларды сауықтыру ұйымдарының


педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
98. Балаларды сауықтыру ұйымдарында балаларға гигиеналық тəрбие
беру салауатты өмір қалпын қалыптастырып насихаттау негізінде
жүргізіледі. Топтар бойынша жүргізілетін əңгіменің (ұзақтығы15-20 минут
көлемінен артық емес) тақырыбы мыналарға:
1) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктерменен, жеміс-жидектерменен
уланудан сақтануға;
2) балалар арасында болатын жарақаттарды болдырмауға,
жарақаттану орын алғанда көрсетілетін алғашқы көмекті дұрыс беруді
үйретуге;
3) шылым шегудің, арақ-шарап ішудің, нашақорлықтың
зияндылығын насихаттауға;
4) жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алуға, иммунитет
жетіспеушілігінен пайда болатын синдромды болдырмауға жəне жеке
бастың тазалығын сақтауға бағытталуы керек.
10. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы медицина
қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері
99. Медицина персоналы үшін штат кестесі Қазақстан
Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 «Білім
беру ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штаттарын бекіту»
қаулысына сəйкес бекітіледі.
100. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы дəрігерлер мен орта
медициналық персоналдың жұмысына əдістемелік басшылық жəне
бақылауды балаларды сауықтыру ұйымының орналасқан жеріндегі
ведомстволық бағыныштылығына қарай жергілікті денсаулық сақтау
жүйесінің аумақтық органдары мен ұйымдары жүргізеді.
101. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері:
1) балаларды сауықтыру ұйымдарына балалар келер алдында
ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүргізу, бөлмелерді, ұйымның
аумағын, шомылатын жəне спортпен айналысатын орынды, қоршаған
жерлерді алдын ала қарап дайындығын u1090 тексереді;
2) Балаларды сауықтыру ұйымдарын комиссиялық қабылдау
шараларына қатысады;
3) медициналық кабинетті жəне ауруды оқшаулайтын бөлмелерді
жабдықтау, оларды қажетті дəрі-дəрмектермен, таңатын материалдар
жиынтығымен, осы санитарлық ережелердегі 6 қосымшасына сəйкес
медициналық құжаттармен қамтамасыз етеді;
4) балаларды сауықтыру ұйымдарының əрбір қызметкерінің
құжаттарын тексереді;
5) балаларды қабылдау кезінде медициналық тексеру жүргізу, ф079/у
үлгідегі "Балаларды сауықтыру ұйымдарына демалуға баратын оқушыға
берілетін медициналық анықтаманың" болуын жəне оның осы санитарлық
ережелердегі 2 қосымшаға сəйкес дұрыс толтырылуын тексереді;
6) балаларды балалар сауықтыру ұйымдарына дейін шығарып салу
жəне қайтарда бірге алып келу;


жүктеу 186,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау