макаронды, ет оралған құймақшаларды, сірне, көк сорпа, паштет, құйма
тағамдарды, жеке адамдар дайындаған морстар мен сусындарды, кремдік
бұйымдарды, фритюрде қуырылған самсаны жəне ірі бауырсақтарды,
консервілер мен үйде дайындалған компоттарды;
3) сырттан алынып келінетін тағамдық азық-түліктер (шикізаттар
мен жартылай дайын тағамдар) сапасы туралы сертификаты болуға тиіс.
Тағамдық азық түліктің ілеспе құжаты болмай, сақтау мерзімі өткен жəне
сапасының нашарлаған белгілері болған жағдайда қолдануға рұқсат
етілмейді;
4) азық-түліктік шикізатты жəне тамақ өнімдерін тасымалдау үшін
арнайы жабдықталған жəне белгіленген тəртіпте санитарлық құжаты бар
көліктер пайдаланылуы тиіс;
5) жүргізуші жəне экспедитор жұмысқа алынар алдында жəне керекті
мезгілде белгіленген тəртіп бойынша медициналық тексеруден өтіп
отыруы жəне жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс;
6) Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары мен сату
мерзімдері 2002 жылғы 1 тамыздағы №32 Бас мемлекеттік санитарлық
дəрігердің бұйрығымен анықталынып, ол Қазақстан Республикасы Əділет
министрлігінде 2002 жылғы 30 қыркүйекте №1989 тіркелген «Тез
бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына жəне сату мерзіміне
қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар» санитарлық ережелері мен
нормалары талаптарына сəйкес орындалады.
7) дастарқан мəзірі, дайын тағамдардың көлемі балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай жəне климаттық-географиялық аумақты ескере
отырып дайындалады. Жазғы кезең үшін тəуліктік рационның калориясы
10% көбейтіледі. Дастарқан мəзірінің негізіне осы санитарлық ережелерге
1 қосымшаға сəйкес қолданылып жүрген тамақтану нормасы алынуға
тиіс;
8) дайындалғаннан кейін шығатын тамақ көлемі мынандай болуға
тиіс:
6 – 10 жастағы балалар үшін бірінші тағам – 250 грамм, екінші
тағамның гарнирі - 150 грамм, ет, балық, құс - 50 грамм, үшінші тағам –
180 - 200 грамм;
11 -ден бастап 17 жастағы балалар үшін бірінші тағам көлемі- 400
грамм, 100 грамм салат, екінші тағам - 250 грамм, оның ішінде ет, балық,
құс – 70 - 100 грамм, үшінші тағам - 200 граммы.
39. Шикізатпен немесе жартылай дайындалған тағаммен жұмыс
істейтін асханада, дəмханада тамақтандыру жұмысы ұйымдастырылады.
Мектептерде оқушылар саны 100-ден асса, онда асхана қарастырылуы
керек. Шикізатпен жұмыс істейтін асхана мен дəмханаларда қолданыстағы
ҚНжЕ талаптарына сəйкес қажетті жабдықтар мен бөлмелер жиынтығы
болуға тиіс.
40. Асханаларда қолданыстағы құрылыс нормалары жəне ережелеріне
сəйкес əрбір 20 отыратын орынға бір кранды қолжуғыш орнатылуы керек.
41. Шағын комплектілі мектептерде (50 оқушыға дейін) асхана
болмаған жағдайда қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына
сəйкес тамақтану үшін қажетті жабдықтармен қамтылған үй-жай бөлінуі
керек.
42. Ас блогының қызметкерлері арнайы киіммен, жеке басының
гигиенасын сақтауға керекті жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек.
Ас блогының қызметкерлері жеке басының гигиенасын сақтау туралы
мынандай ережелерді қатаң түрде сақтауы керек:
1) жұмысқа кірісердің алдында сыртқы киімін шкафқа іліп, қолын
ыстық сумен сабындап шөткелеп жууы керек;
2) асхана ішінде тек таза арнайы киіммен жұмыс істеп, оларды кию
ережесін қатаң сақтау керек
3) асханадан шыққанда, дəретханаға барарда арнайы киімді шешіп,
одан соң қолын ыстық сумен сабындап жəне шөткелеп жууы, содан кейін
ғана арнайы киімді киюі керек
12. Жалпы білім беретін жəне интернаттық ұйымдардың үй-
жайларының жəне жерлерінің жағдайына жəне ұсталынуына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
117. Ас блок үй-жайларында тағамдық өнімдер мен оның
қалдықтарын сақтау ережелері (ас үй, қойма) қатаң ұсталынып,
дезинсекциялық жəне дератизациялық шаралар белгіленген тəртіп
бойынша жүргізіліп отыруы керек.
«Оқушыларға жалпы білім беретін жəне
интернаттық ұйымдардың құрылымына,
ұсталуына жəне оқыту жағдайларына
қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық
ережелері мен нормаларына 1-қосымша
Интернаттық ұйымдардағы бір оқушыға берілетін тағам мөлшерінің нормасы
«Оқушыларға жалпы білім беретін жəне
интернаттық ұйымдардың құрылымына,
ұсталуына жəне оқыту жағдайларына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық ережелері мен
нормаларына 2-қосымша
Тағамдарды ауыстыру кестесі
«Оқушыларға жалпы білім беретін жəне
интернаттық ұйымдардың құрылымына,
ұсталуына жəне оқыту жағдайларына
қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық
ережелері мен нормаларына 9-қосымша
Жалпы білім беру жəне интернаттық ұйымдардағы медициналық есепке алу-есеп
беру құжаттары
медициналық есепке алу-есеп беру құжаттары:
1) профилактикалық егулерді есепке алу журналы Ф 064/у үлгідегі ;
2) профилактикалық егулер картасы Ф 063/У үлгідегі;
3) санитарлық-ағарту жұмыстарын тіркеу журналы Ф 038-0/у үлгідегі;
4) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы Ф 060/у үлгідегі;
5) паразиттік ауруларды қоздырғыштарға тексерілгендерді тіркеу журналы Ф
365/у үлгідегі;
6) тереңдетілген профилактикалық медициналық тексерулер журналы. Мамандар
акты;
7) профилактикалық медициналық тексерулерді есепке алу картасы Ф 131/у
үлгідегі;
8) жұқпалы аурулар, тамақтан улану, жіті профессионалдық уланулар туралы,
вакцинаға өзгешелеу реакцияларды шұғыл хабарламалар Ф 058/у үлгідегі;
9) жіті инфекциялық аурулармен жанасуды тіркеу кітабы Ф61 үлгідегі;
10) қауіпті топ балаларының тізімі;
11) туберкулинге «+» тұлғаларды тіркеу журналы;
12) вакцинациядан кейін болған асқынуларды тіркеу журналы;
13) диспансерлік қадағалауды бақылайтын карта Ф 030/У үлгідегі;
14) вакцина мен шприцтер кірісін есеп журналы;
15) бактериалдық препараттар қозғалысын тіркеу журналы;
16) медициналық тұрғыдан тұрақты жəне ұзақ қарсыкөрсетімдері барларды тіркеу
журналы;
17) Манту сынама екпелерін тіркеу журналы;
18) ашылған флакондар мен вақцина қалдықтарын жоюды тіркейтін журнал;
19) вакцина анотациялары сақталатын папка;
20) ауру ошақтарында контактыда болғандарды тіркеу;
21) гельминттерге тексерілуден өткен тұлғаларды тіркейтін журнал;
22) педикулез бен қотырды тексеруді тіркеу журналы;
23) соматикалық аурушаңдықты тіркеу журналы;
24) карантиндерді тіркеу журналы;
25) ылғалдылық арқылы берілетін инфекцияларды тіркеу журналы;
26) күрделі жинап-тазалау жұмыстарын тіркеу журналы;
27) кабинет кварцтеу журналы;
28) бракераж журналы;
29) «С»- витаминизациялау
журналы
30) ас блогы жұмыскерлерін іріңді ауруларға тексеруді тіркеу журналы;
31) жетілдірілген ас мəзірі;
32) тоңазытқыштың температуралық тəртібін тіркейтін журнал;
33) бұйрықтар мен нұсқаулар.
БЕКІТІЛГЕН
Достарыңызбен бөлісу: |