табиғи құбылыстарды түсінуіне қажетті кəсіби білім алуға негіз болып,
кепілдікті мемлекеттік орта білім беретін білім беру жүйесіндегі оқу
орындары;
2) жалпы білім беретін мектеп – негізгі жəне қосымша түрде жалпы
білім беру бағдарламасын пайдаланатын жалпы білім беретін орта оқу
орны. Ол мынандай үш сатыдан тұрады: бастауыш, негізгі жəне жоғарғы,
бұлардың əрқайсысы өздігімен жұмыс атқара алады;
3) гимназия – оқушылардың қабілеттері мен мүмкіншіліктерін
ескере отырып, белгілі бір бағытта тереңдетілген, жекелеп оқытуды
қарастыратын, орта білімге қатысты негізгі жəне қосымша
бағдарламаларды жүзеге асырушы жалпы білім беретін оқу орны;
4) лицей – жалпы орта білім беретін жəне негізгі, қосымша
бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу орны; жоғары сатыдағы
оқушыларға кəсіби бағыттағы білім беруді жүзеге асыратын оқу орны;
5) интернаттық ұйымдар (мектеп - интернат, мектеп жанындағы
интернат) – белгіленген азаматтарға білім алу құқығына мемлекеттік
тұрғыдан кепілдік беретін жəне жатын орынмен қамтамасыз ететін орта
білім жүйесіндегі ұйымдар;
6) шағын мектептер – саны жағынан оқушылары аз, сынып –
комплектілері біріктірілген, сабақ жүргізілуі өзгеше ұйымдастырылған
жалпы білім беретін мектеп;
7) кіші-орталық (аз уақыт болатын топ) – барлық меншік түріне
қарасты, «мектеп-балабақша» кешендерінде, мектеп жасына дейінгі
ұйымдарда жəне мектепте ұйымдастырылатын мектеп жасына дейінгі
балалардың ғана тобын тəрбиелеу;
8) мектепке дейінгі сыныптар – жалпы білім беретін мектептердегі
5-6 жастағы балаларға арналған, міндетті түрде өткізілетін бір жылдық
мектеп алдындағы тегін дайындық;
9) сыныптардың толықтырылуы – бұл оқу сыныбының үй-жайының
көлеміне байланысты анықталатын сыныптағы оқушылар саны;
10) оқу жүктемесі – оқушылар мен тəрбиеленушілер үшін оқу үдерісі
кезінде жасына қарай топталған, академиялық сағатпен есептелетін
оқушылардың сабақпен қамтылуының нормаланған түрі;
11) оқу құралы – оқу бағдарламасының белгілі бір сабағы бойынша
оқушылар мен тəрбиеленушілер үшін жүйелі түрде материалы баяндалған
оқу əдебиеті;
12) күн тəртібі – оқушылардың бекітілген күн тəртібі;
13) нормативтік құжаттар – стандарттар, санитарлық, мал дəрігерлік-
санитарлық жəне фитосанитарлық ережелер мен нормалар;
14) рекреация – үзіліс кезінде жəне сабақтан бос уақытта
оқушылардың дем алуына жəне күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
15) коррекция – оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған
сауықтыру шараларының кешенді түрі;
16) инсоляция – үй-жайға гигиеналық тұрғыдан баға бергізетін күн
сəулесі радиациясының нормаланған көрсеткіші;
17) табиғи жарықтандыру коэффициенті (əрі қарай ТЖК) – үй-
жайдың табиғи жарықтануының нормаланған көрсеткіші;
18) климаттық аумақ –климаттық белгілері бойынша (температура,
ылғалдылық) бөлінетін аймақ;
19) салыстырмалы ылғалдылық – ауадағы су буының серпінділігінің
сол температурада қаныққан су буына деген ара қатысы пайыз арқылы
анықталады;
20) рециркуляция – жабық үй-жайлардағы температураны,
ылғалдылықты, ауаның тазалығын реттеу мақсатында ауаны бірнеше рет
еселеп, толық немесе бір бөлігін қайталай алмастыру;
21) санитарлық-қорғау аумағы – тұрғындарды қоршайтын
өнеркəсіптік жəне көлік нысандарының ауаның ластануын жəне басқа да
факторлардың теріс əсерін азайтуға арналған (шу, қозғалыс, топырақ пен
судың ластануы) жəне зиянды ықпалынан қорғау мақсатында жасалынған
аумақ;
22) люфт-клозет – ғимарат ішінде орналасқан, алдында арнайы
кіреберісі, сорып-шығаратын желдету жүйесі бар, канализацияға
қосылмаған дəретхана;
23) септик – тұрмыста пайдаланудан жиналған шағын ағын суларды
тазартуға арналған құрылғы. Ол жер астында орналасқан қалдық су өтетін
бір немесе бірнеше камерадан тұратын горизонталды су тұндырғысы;
24) зарарсыздандырушы заттар – қоршаған орта нысандарындағы
жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға арналған химиялық заттар.
3. Жер бөлігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
12. Жалпы білім беру жəне интернаттық ұйымдардың аумағы келесі
аумақтарға бөлінуі керек:
1) оқу аумағы – бөлінген жер көлемінің 25% артпайтын алаң
аумағында орналасады. Қалада орналасқан мектептердің оқу аумағының
көлемі бөлінген жер аумағында биология жəне химия кабинеттерінің
қатарына кіретін жылыжай, оранжерея құрылысын салуға байланысты
кемиді;
2) денешынықтыру-спорт аумағы – мектеп ғимаратының 25 метрден
кем емес қашықтықта екпе ағаштардың сыртында орналасуы керек,
оларды оқу жайларының терезе жағынан орналастыруға рұқсат етілмейді.
Спорт алаңындағы жабдықтар денешынықтыруға қатысты оқу
бағдарламасын, секциялық-спорт сабақтарын жəне сауықтыру шараларын
өткізуге қатысты талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Спорттық-ойын алаңдарының беті тегіс қатты қабатты болуы тиіс, футбол
алаңының беті шөпті болуы керек;
3) демалыс аумағы – көгалдандырылған жəне спорт пен
шаруашылық аумағынан қашықтау, оқу аумағына жақын орналасып,
қимылдап ойнауға жəне əр оқу сатысы үшін тыныш отырып дем алатын
алаңдары болуға тиіс;
4) шаруашылық аумағы – жасыл желектермен қоршалып, ас блогының
өндірістік жайларымен қызметтік байланысы жəне өз алдына көлік кіретін
жолдары болып, мектеп пен интернат ғимаратынан кем дегенде 35 м
қашықтықта орналасуы керек. Шаруашылық аумағы ас блогының
өндірістік жайларына кіретін жаққа орналасып, көше жақтан көлік кіре
алатын жолы болуы керек. Жергілікті жағдайға байланысты шаруашылық
аумағында сарай, көкөніс сақтайтын қойма, оқу гаражы, жабдықтар мен
құралдар үшін бастырма орналастыруға болады. Шаруашылық аумағында
орналасатын жайлардың құрамы мен алаңдары қолданыстағы ҚНжЕ
талаптарына сəйкес анықталады. Шаруашылық аумағындағы құрылыс
жүргізілмеген бөлігінің бетінде қатты қабаты болуы керек.
4. Жалпы білім беретін жəне интернаттық ұйымдардың
ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
21. Орта жəне жоғарғы сынып оқушыларын оқыту кабинеттік жүйеде
жүргізілуі тиіс. Негізгі пəндер бойынша кабинеттер саны жоғарғы сынып
оқушыларының санына қарай шешіледі. Табиғи-математикалық жəне
гуманитарлық циклдар үшін кабинеттерді біріктіретін арнайы секциялар
құру қажет.
Ауылдық жерлердегі сыныптарда оқушылар саны аз болған жағдайда
оқу кабинеттерін 2 пəн бойынша пайдалануға болады. Келесі пəндер
бойынша біріктіру ыңғайлы саналады: химия - биология, математика -
сызу, сызу – сурет салу, тарих - география, əдебиет – шет тілі.
Оқыту сыныптары шу жəне жағымсыз иіс шығаратын үй-жайлардан
(шеберхана, спорттық жəне актілік залдар, ас блогы) алыс орналасуы
керек.
5. Жалпы білім беретін жəне интернаттық ұйымдарда
тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар
37. Ас блогының құрылымы, жабдықталуы жəне ұсталуы
қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкес болуы тиіс.
Мектепке дейінгі сыныптарда, кіші-орталықтарда балалар төрт сағаттан
артық болатын болса, оларды тамақтандыруды ұйымдастыру керек.
38. Жалпы білім беру ұйымдарында ыстық тамақ беру
ұйымдастырылуға тиіс – жалпы білім беретін мектептерде ұзартылған
күннің тобындағы балалары үшін екі мезгіл жəне қалған балалар үшін
таңертеңгі ыстық тамақ берілуі керек. Мектеп-интернаттарда Үкіметтің
2000 жылғы 17 мамырындағы №738 «Мұқтаж азаматтардың білім алу
кезінде оларға əлеуметтік көмек көрсетудің қайнар көздері мен көлемі
туралы» Қаулысының 4,5,6-қосымшасымен бекітілген бір балаға қажетті
тамақ нормасына сəйкес төрт мезгілдік тамақтану ұйымдастырылуы керек:
1) тамақ өнімдерінің кейбір түрлерін тамақ өнімдерін ауыстыру
кестесіне сəйкес негізгі тамақ заттарымен осы санитарлық ережелерге 2
қосымшаға сəйкес ауыстыруға рұқсат етіледі;
2) балалардың тамағы үшін мыналарды дайындауға жəне пайдалануға
тиым салынады: пастерленбеген сүтті, ыстық арқылы өңделмеген сүзбе
мен қаймақты; жеке адам дайындаған айранды, тартылған ет қосылған
Достарыңызбен бөлісу: |