105
Біз үшін қалыпты заттар қауіпті болуы мүмкін бе?
Электр тогы несімен қауіпті?
Газ пеші бізге қандай қауіп төндіруі мүмкін?
Өткен ұОҚ-де
алған білім
Тұрмыстық қауіпті заттар туралы білу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«денсаулық пен саулық бұлағы» ойыны.
Балалар кезекпен бір-біріне және жақындарына жақсылық,
денсаулық, амандық, жақсы көңіл күй тілейді.
Педагог балалардың айтқандарын қорытындылап, олардың
лебіздері бұлақ суындай бір арнаға түсіп, жақындары мен
достарына баратынын айтады.
ҰОҚ ортасы
III. тақырып бойынша
жұмыс
6-25 минут
Элток атты айдаһар жайлы ертегіні тыңдау және
талқылау.
«Ертеде бір отпен тыныс алатын кішкентай айдаһар өмір
сүріпті. Ол өмірін көңілді өткізді, әлемді шарлап, өзінің
күшін түрлі заттарда сынап көрді. Адамдар оны өздерінен
алыстатты, себебі ол үнемі сәтсіздік әкелетін: біресе бұзады,
біресе жандырады. Ал оның барлығына пайдалы болғысы
келді. Оның тентектігі адамдарға ұнамады.
Әліппе-дәптер
106
Бір күні айдаһар сиқыршыны кездестіріп, одан үй мен
қызықты іс тауып беруін сұрайды. Сиқыршы бір минут
ойланбастан оған қабырғадағы кішкентай қорапты
көрсетеді. Екі дөңгелек тесік жаңа үйге кіру және шығу
есігі қызметін атқарады.
Кейде үйге айдаһарға күш беретін құралдар келетін, айдаһар
оларға өзінің қабілеттерімен қуана бөлісетін. Құралдар
гуілдеп, ызылдап, түрлі жұмыстарды орындайтын. Айдаһар
өзінің жаңа өміріне риза болды. Ол өзінің үйіне кішкентай
адамдар келіп, тыныштығын бұзуға тырысқандарына
ренжіп, өзінің отымен жауап беретін. Осыдан кейін
кішкентай адамдар оған жолауға қорқыпты, себебі от оларға
қатты тиді».
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Бұл ертегіде не туралы айтылған?
– Сендер айдаһардың қандай күшті қолданғанын
байқадыңдар?
– Қандай үй туралы айтылғанын білесіңдер ме, ол қалай
аталады? Электр тогы адамдарға қандай қауіп төндіреді.
Балалардың жауаптары.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Үтік қандай қауіп туғызуы мүмкін?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты:
Үтік электр тогынан қызып, киімнің
қыртысын үтіктейді. Ыстық үтіктен күйіп қалуың мүмкін.
Үтіктеген соң, үтікті тоқтан ажырату керек, әйтпесе одан
Әліппе-дәптер
107
өрт туындауы мүмкін. Өрт тез арада айналадағы заттарға
жайылып кетеді.
Қауіпсіздік ережелері:
• Электр құралдарын ұстағанда мұқият бол.
• Үйден шығарда үтікті тоқтан ажыратқаныңды
тексер.
• Өрт кезінде арнайы өрт қызметінің 101 нөміріне
қоңырау шал.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалардың жауаптары.
– Газ пеші қандай қауіп туғызуы мүмкін?
Балалар педагогпен бірге Әліппе-дәптердегі суреттерді
қарап, талқылайды.
педагог ақпараты: Газ (электр) пеші үйдегі ең қажетті
құрал, ол адамға тамақ дайындауға керек. Электр пешінсіз
іс тынбайды. Бұл тұрмыстық құралдан қауіп бар ма? Әрине,
бар!
Балалар педагогпен бірге ереже құрастырады.
Қауіпсіздік ережелері:
• Газдан абай бол!
• Үйден шығарда газды өшіргеніңді тексер.
• Егер газдың иісін сезсең, газ қызметінің арнайы – 104
нөміріне қоңырау шал.
Арнайы қызмет телефон нөмірлерін есте сақта!
Жедел жәрдемнің нөмірі – 103.
Өрт сөндіру қызметі – 101.
Полицияның нөмірі – 102.
Әліппе-дәптер
108
IV. ұОҚ қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықтыақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережесін
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына
жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын
түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда
баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің
суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз
болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына
салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?
Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер
109
№ 11
тАҚырыБы:
ҚАуіпСіздік
МектеБі.
МеН
кӨШедеМіН. ЖОлдА ЖҮру ереЖеСі
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ұОҚ оқытылу
мақсаттары
0.3.2.1. «Жаяу жүргіншілер» өткелі белгісін, бағдаршам белгісінің маңызын
түсіну.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін біледі.
көпшілік балалар:
«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін түсінеді.
кейбір балалар:
«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісін жолдан өту үшін қолданады.
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Педагогтің сұрағына толық жауап береді.
Жолда жүру ережесін сақтаудың маңыздылығын біледі.
көптілділік: бағдаршам – светофор – тraffic light
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: көшені кесіп өту, көшенің жаяу адам
жүруге арналған бөлігі, бағдаршам, жолда жүру ережелері.
Пікір алмасу сұрақтары:
Көшенің қай бөлігі жаяу жүргіншілерге арналған, ол қалай аталады?
Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге апаттық жағдайдың алдын алуға не
көмектеседі?
Достарыңызбен бөлісу: |