143
IV. ұОҚ
қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік
баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау
смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған
білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына
көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе
сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына
салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер
№16
тАҚырыБы: ҚАуіпСіздік МектеБі.
тАБИҒАттА ӨзіН дұрыС ұСтАу
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ұОҚ оқытылу
мақсаттары
0.3.3.3. Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерін білу.
күтілетін
нәтиже
Барлық балалар:
Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерін біледі.
144
көпшілік балалар:
Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын түсінеді.
кейбір балалар:
Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерін қолданады.
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын орындайды.
Табиғаттағы қауіпті жағдайларда қорғану туралы біледі.
көптілділік: жидек – ягода – berry
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: орман, дала, алау, өрт, улы жидек, улы
саңырауқұлақ.
Пікір алмасу сұрақтары:
Табиғат аясында серуендегенде нені істеуге болады, нені істемеу қажет?
Табиғат аясында тағы қандай қауіп кездесуі мүмкін?
Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс жинауға болады?
Неліктен дәрілік өсімдіктерді «жасыл дәріхана» деп атайды?
Өткен ұОҚ
алған білім
Табиғат аясындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерді білуі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату
0-2 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«Соқпақ жол»
• Балалар көздерін жұмып, өздерін даладамыз деп елестетеді.
Жалаң аяқтары жұмсақ жасыл шөпте тұр.
• Өсімдік сабағы, жапырағы және гүлдерінен адам өзіне күш-қуат
алады.
• Күн шуағы денелерін қыздырып, күш береді.
145
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
• Балалар өзенге барып, аяқтарымен суға түсті.
• Су барлық жайсыздықты жуады. Балалар жағымды күш-қуат
алады.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Табиғат аясында серуендегенде нені істеуге болады, нені істемеу
қажет?
Балалар өз пікірлерін білдіріп, талқылайды.
• Табиғат аясында жүргенде айқайлауға, музыканы қатты қоюға
болмайды, бұл аңдар мен құстарды өз мекенінен үркітіп, төлдері
адасып қалуы мүмкін.
• Белгісіз өсімдіктер мен гүлдерді үзіп алуға болмайды, олар
«Қызыл кітапқа» енгізілген немесе улы болуы мүмкін.
• Далада от жағуға болмайды, өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
• Орманға қоқыс тастауға болмайды – табиғатты ластауға және
жануарлардың қырылуына себепкер болуы мүмкін.
ҰОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Табиғатқа зиян келтірмей, қалай дұрыс демалуға болады?
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, педагогпен
бірге қорытындылайды.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Орманда отты қалай жағуға болады?
Табиғат аясына шығуды көптеген отбасы дәстүрге айналдырған.
Бірақ орманда және демалыс аймағында от жағуға рұқсат алу керек
екенін көпшілігі біле бермейді. Кейбір демалыс орындарында
арнайы от жағатын алаң жасалған.
Әліппе-дәптер
146
От жағатын арнайы алаңы жоқ орында демалғанда, жерді шөптен
тазалап, терең шұңқыр жасайды. Қайтар уақытта отқа су құйып,
топырақ тастап, оның үстінен шөпті топырағымен жабу керек.
Қауіпсіздік ережелері:
• Өрт – табиғат үшін аса қауіпті. Сондықтан үлкендерсіз от жақпа.
• Отпен ойнама. Егер өрт басталғанын көрсең, дереу үлкендерге
хабарла.
• Есіңе сақта! Табиғат – жануарлар мен жәндіктердің, құстардың
үйі. Өрт кезінде көптеген жануарлар және олардың төлдері
қырылуы мүмкін.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Сені табиғат аясында тағы қандай қауіп күтуі мүмкін?
педагог ақпараты:
№1 қауіп – орманда адасып кетуің мүмкін.
• Адаспас үшін орманда жалғыз жүрмеу керек. Ата-анаңнан
адасып қалсаң, даусыңды шығарып айқайла, осылай тез тауып
алуға болады.
• Адасып қалсаң, беталды жүгірме. Отырып, мұқият дыбысты
тыңдау керек. Машинаның гүрілін, пойыздың жүрісін, адамдардың
сөйлегенін, иттің үргенін естісең, сол бағытқа қарай жүру қажет.
№2 қауіп – жабайы жануарлар мен жыртқыштар кездесуі мүмкін.
№3 қауіп – улы өсімдіктермен уланып қалуың мүмкін.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Сен қандай улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды білесің?
(ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, таныс
өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды атайды.
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |