115
• Оқушы бауырын бағдаршам арқылы жолдан өтуді үйретті.
• Қыз көп кәмпит жеді.
• Бала ботқа мен сорпаның орнына күнделікті нан мен колбаса
жейді.
• Балалар терезе алдына аскөк өсірді.
IV. ұОҚ
қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік
баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер жолда жүру қауіпсіздігі ережесін түсінбесеңдер,
онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің
суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған
білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы
сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде
өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін
баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер
116
№12
тАҚырыБы: ҚАуіпСіздік МектеБі. МеН
кӨШедеМіН
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ұОҚ оқытылу
мақсаттары
0.3.2.2. Таныс емес жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін түсінуі.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Таныс емес жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін біледі.
көпшілік балалар:
Таныс емес жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін түсінеді.
кейбір балалар:
Таныс емес жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерінің маңыздылығын түсіндіреді.
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Өзінің аты-жөнін, мекенжайын, телефон нөмірін айта алады.
Көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы біледі.
көптілділік: ойын – игра – game
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: абайлағыштық, мұқияттылық, қауіпсіздік
ережесі.
Пікір алмасу сұрақтары:
Спорттық ойындар мен сабақтарға неліктен арнайы орын бөлінеді?
Балалар велосипед, ролик тебу кезінде қандай қауіптен қорғанады?
Адам көп жерде қасыңдағы үлкендерден адасып қалсаң, не істеу керек?
Егер бала мекенжайын және ата-анасының телефон нөмірін білмесе, не істеу керек?
117
Өткен ұОҚ алған
білім
Қимылды ойын барысында қауіпсіздік ережесін білуі.
Өзі туралы мәліметтерді білуі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату
0-2 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«Сәлемдесу» ойыны
Балалар шеңбер бойына жиналады, педагог бір-бірімен ерекше
түрде сәлемдесуді ұсынады. Бірақ сәлемдесуге арналған сөздерді
қолданбай, тек қимыл арқылы сәлемдесеміз.
• Қайырлы таң, Әсел! – Күліп, басын изейді.
• Қайырлы таң, Әсет! – Күліп, басын изейді.
Осылайша шеңбер бойымен жалғасады.
• Қайырлы таң, көк аспан! – Қолды көтеріп, түсіреді.
• Қайырлы таң, алтын Күн! – Қолды көтеріп, түсіреді.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Өз көшеңді, аулаңды неліктен ұнатасың?
– Аулада қандай ойын ойнаған ұнайды?
Балалар өз ойларын айтады, педагог жауаптарын
қорытындылайды.
Қорытынды: Барлық бала өзінің көшесін, ауласын жақсы көреді,
онда ол достарымен ойнайды, қыдырады. Қыздар мен ұлдар
түрлі ойын ойнағанды ұнатады. Доппен, велосипедпен, роликпен,
конькимен және т.б.
118
ҰОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Үлкендер балаларын далаға жіберер алдында нені ескертеді?
Балалар үлкендердің қарауынсыз аулаға шыға ала ма?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін үлкендер балаларды далаға тек үлкен аға, әпкелерінің
қарауымен ғана жібереді.
Қауіпсіздік ережелері:
• Кез келген қозғалыстағы көлік қауіп төндіруі мүмкін екенін
естен шығармау керек.
• Әркез жан-жаққа қарап жүру керек.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Үлкендер балаларға аулада қандай өзін-өзі ұстау ережелерін
сақтауды ескертеді? Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Әдетте ойын алаңы арнайы қоршалған болады.
Сонымен қатар ол балаларды түрлі қауіптен сақтауға көмектеседі.
Дегенмен ойын алаңының өзінде ата-аналар қауіпсіздік ережесін
қатаң сақтауды үнемі ескертіп отырады.
Қауіпсіздік ережелері:
• Пышақ, сынған бөтелке, қоқыс сияқты қауіпті заттарды ұстауға
болмайды.
• Үшкір, ауыр, ыстық заттарды ұстауға болмайды.
119
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Ойын алаңында балалар үшін барлығы қауіпсіз бе? Әткеншек
қандай қауіп төндіруі мүмкін?
Балалар суретті қарап, өз ойларымен бөліседі.
педагог ақпараты: Әткеншек те қауіпсіз емес. Қатты қозғалыс
үстіндегі әткеншектің соққысы ауыр жарақаттауы мүмкін.
Сондықтан балалар тербеліп жатқан әткеншек алдынан өткенде
абайлап, оны алысырақтан айналып өткені жөн. Әткеншекте
тербелгенде екі қолмен кермесінен мықтап ұстап, қозғалмай
тыныш отыру керек. Әткеншек толық тоқтамай, одан секіріп
түсуге болмайды.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Кез келген жерде доппен ойнап, ролик тебуге бола ма?
Балалар дәптердегі суретті қарайды.
педагог ақпараты: Велосипед, ролик тебу үшін қорғаныш
заттарын қолдану қажет: басқа дулыға, тізеқап, шынтаққап, қолғап
киеді.
– Неге соққыдан бұл орындарды жабады?
– Аулада ойнап жүрген балаларға қандай ережені сақтау керек?
– Қалай ойлайсыңдар, ойын алаңындағы барлық заттар балалар
үшін қауіпсіз бе?
– Ойын алаңында қандай қауіпті құралдар бар, еске түсіріңдер.
– Жүгіретін ойындарға арналған шөп сияқты арнайы беті жұмсақ
алаң болуы керек.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырады.
– Сендер сырғанауды ұнатасыңдар ма? Сырғанақ несімен қауіпті?
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |