110
Өткен ұОҚ алған
білім
Жолда жүру тәртібінің қарапайым қауіпсіздігі ережелерін білуі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату
0-2 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«көшелер қандай болады» ойын жаттығуы.
Балалар шеңбер бойына жиналып, педагогтің «Сенің көшең
қандай?» сұрағына жауап береді. Мысалы:
Көшелер:
• (жазда?) жасыл, жылы, шулы...
• (қыста?) суық, қарлы, тайғақ...
• (мереке күндері?) безендірілген, көңілді...
• (түнде?) жарық, жұлдызды, қараңғы... т.б.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Сен тұратын көше қалай аталады? Ол көшеде не орналасқан?
Көшеңді не үшін ұнатасың?
– Сенің таныстарың мен жақындарың қонаққа келгенде үйіңді
қалай тауып жатады?
– Балаларға өзінің мекенжайын білу керек пе, неліктен?
Балалардың жауаптары.
111
Қорытынды: Әр қалада, елдімекендерде үйлер мен көшелер
өте көп. Адамдар тез табуы үшін әр үйдің өз нөмірі, көшелердің
атаулары бар.
Барлық балалар өз мекенжайларын жатқа білуі керек. Ол кез
келген жағдайда қажет болуы мүмкін.
ҰОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Көшенің қай бөлігі жаяу жүргіншілерге әсіресе балаларға
қауіпті? Ол қалай аталады?
– Көшенің қай бөлігі жаяу жүргіншілерге арналған және ол қалай
аталады?
Балалар көше, жол, жаяу жүргіншілер жолы не екенін және
олардың қауіпті болуы туралы талқылайды.
Қорытынды: Көше көліктерге арналған жол және жаяу
жүргіншілер жүретін жол деп бөлінеді.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Көшеге шыққанда үлкендер балаларға нені ескертеді? Адам
үшін көлік жүретін жол несімен қауіпті?
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарайды.
Жаяу жүргіншілер жолымен жүргенде үлкендер жол жақ
бөлігінде жүруі керек. Бала жол шетінен алыстау жүреді.
Балалар мектепке барар жолда доппен немесе басқа да қимылды
ойындар ойнап, өздеріне қауіп төндірмеуі тиіс. Сондай-ақ
мектепке барар жолда көңілді ойындар ұйымдастыруға болмайды.
Әліппе-дәптер
112
Қауіпсіздік ережелері:
• Жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.
• Көліктер қозғалатын жолда, тіпті жаяу жүргіншілер жолында
ойнауға болмайды.
• Қозғалып бара жатқан көлікке жармасуға болмайды.
• Кез келген қозғалыстағы көлік адам өмірі үшін қауіп
төндіретінін ұмытпау керек.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге апатты жағдайға түспеу
үшін не көмектеседі?
Балалар өз ойларын білдіріп, бір қорытындыға келеді.
Көшеде белгілі бір орындарда жүргізушілер мен жаяу
жүргіншілерге арналған түрлі белгілер орналасқан. Олар көшедегі
және жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға көмектеседі.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)
Балалар суретті қарап, түрлі түсті қарындашпен бағдаршам-
ның қажетті түсін бояйды.
талқылау.
Бағдаршамның жоғарғы жағында қандай көзі бар? Бұл көзі нені
білдіреді?
Әліппе-дәптер
113
(Қызыл түсті. Тоқта!)
Бағдаршамның ортасындағы көзінің түсі қандай? Бұл нені
білдіреді? (Сары түсті. Тұра тұр! Қызыл немесе жасыл көзі
жанғанша күт.)
Ал бағдаршамның төменгі жағында қандай көзі бар? Бұл нені
білдіреді? (Жасыл түсті. Жүруге рұқсат!)
Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда бірден жүруге бола ма?
Болмайды! Алдымен көліктердің толық тоқтағанын қарау
қажет.
Дұрыс ұғып аңғарсаң,
Сөйлегіш-ақ бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда,
Аяғыңды баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Салмақты бол тастан да.
Жасыл көзін ашқанда,
Батыл атта, жасқанба.
ереже. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда көшеден өтуге
болмайды!
көптілділік: бағдаршам – светофор – тraffic light
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Көше қиылысында бағдаршам болмаған жағдайда не істеуге
болады? Бағдаршамнан басқа не көмектеседі?
114
педагог ақпараты: Мұндай жағдайда жаяу адамдарға «жолақ
белгі» (зебра) көмектеседі. «Жолақ белгі» деп аталған себебі –
жолдан өту жолы ақ-қара жолақты болып келеді.
Жолақпен өткенде алдымен солға қарап, көлік жоғына көз
жеткізіп, содан кейін жолдың ортасына келгенде оңға қарап алып
жолдан өту керек.
Қауіпсіздік ережелері:
• Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда көшеден өтуге
болмайды.
• Бағдаршам жоқ жерде көшеден тек «жолақ белгі» арқылы өту
керек.
• Көшеден өтерде алдымен сол жаққа қарап, көлік жоқ екеніне
көз жеткізіп барып қана өту керек.
• Көше ортасына келгенде оң жаққа қарап, абайлап өту керек.
«Не жақсы, не жаман?» ойыны
Педагог балаларға ойын ойнауды ұсынады. Балалар түрлі
әрекеттерді көрсетіп, қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін
атайды. Егер жақсы әрекет болса, жұдырығыңды түйіп, бас
бармағыңды көрсетесің, егер жаман әрекет болса – бас бармағың
төмен түседі.
• Бала еденді жуды.
• Бала тамақтанар алдында қолын жумады.
• Қыз бала анасымен еденді жуды.
• Бала анасын тыңдамай, ұзақ ұйықтамады.
• Балалар анасымен сыпайы сөйлесті.
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |