Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет19/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

76

Адам

Ұрпақты жалғастыру

Табиғат адамзат атаулыны екі жынысқа бөлген – еркек 

және әйел. Ерлер мен әйелдердің дене құрылысы әртүрлі, 

физиологиясы, психологиясы, қызығулары да бөлек. 

Бірақ олар бірін;бірі толықтырады және бас қосқанда 

ғана өмірге бала әкеле алады, яғни адамзат ұрпағын 

жалғастырады. Ұрпақ әкелуге жауап беретін мүшелер 

жүйесі жыныстық немесе репродуктивтік деп аталады. 

Екі жарты ; бір бүтін

Гректің бір философы еркек пен әйелді толық жетілген 

бір тіршілік иесінің жартылары, оларды құдай өзі екіге бөліп 

жіберген деп санаған екен. Содан бері жартылар уайым шегіп 

жүріп, тек бір'бірін тауып алып қосылғанда ғана бақытқа 

кенеледі екен.

Табиғат әйелге өте маңызды рөлді – ана әрі жар болуды 

жүктеген. Ал әзірше болашақ әйелдер – жай ғана бантик таққан 



К. Бранкузи. 

«Сүйісу»

бұрымды қыздар. Қыз балалардың 

көпшілігі қуыршақ ойнағанды ұнатады, 

кішкентай аналар сияқты оған қамқор 

болады. Біраз жылдан кейін қыздар 

бойжетеді. Ағзаларында өзгерістер бо'

лады: омырау пайда болады, жамбаста'

ры кеңейеді. Әйелдер дене күші жағынан 

еркектерден төмен, есесіне неғұрлым 

биязы әрі әсем. Әйел ежелден ошақтың 

ұйытқысы болған, тамақ пісіріп, бала 

тәрбиелеген. Қазіргі әйелдер көп еңбек 

етеді, спортпен шұғылданады. Әйтсе де 

қамқорлық, нәзіктік, балаға деген ма'

хаббат бұрынғысындай әйелге тән ең 



77

Ұрпақты жалғастыру

Әрбір жынысқа тән дауыс тембрі, терідегі түктерінің 

сипаты, кеуде бездері мен жамбасының құрылысы 

қосымша жыныстық белгілер деп аталады. 

Олардың дамуына ерлер мен әйелдердің жыныс 

гормондары жауап береді.



Нағыз еркектер!

Нағыз әйелдер!

маңызды қасиет болып қалуда.

Ұл балалар қимыл ойындарын ұнатады, күш сынасудың сәті 

келсе тартынбайды. Олардың көбі техникамен әуестенеді. Уақыт 

өте келе, тынымсыз ойын балалары ер;азаматқа айналады. 

Олардың сыртқы келбеттері өзгереді. Иықтары кеңейіп, жамба'

стары тарылыңқырайды, денесі нығаяды, бұлшықеттері дамып, 

беттеріне тебіндеген мұрт пен сақал шығады. Табиғат ерлерді 

отбасына қамқор болсын: асырасын, үй салсын, әйелдер мен 

балаларды жаудан қорғасын деп әдейі күшті әрі төзімді етіп 

жаратқан.



78

Адам

Сирек жағдайларда адамда екі жыныстың 

белгілері қатар дамиды. Бұл құбылыс гермаф'

родитизм (ежелгі Грек мифіндегі Гермес пен 

Афродитаның ұлы, қосы жынысты тіршілік 

иесіне айналған Гермафродиттің аты бойынша) 

деп аталады. 

Репродуктивтік жүйе

Ерлер мен әйелдердің арасындағы ең басты айырмашылық 

олардың репродуктивтік жүйесінің (көбею жүйесі) 

айырмашылығы, ұрпақ жалғастыруға қажетті  жыныс мүшелері 

осы жүйеге жатады.

Ерлердің жыныс мүшесіне  аталық  без,  жыныс  мүшесі  не'

месе  пенис,  ұрық  шығатын  жолдар  және  көмекші  бездер  жа'

тады. Жұп аталық бездер тері қапшықта (ұмада) орналасады. 

Аталық бездерде ерлердің жыныстық жасушалары – сперма'

тозоидтар, сондай'ақ ерлердің жыныс гормоны – қосымша 

жыныстық белгілердің дамуына жауапты тестостерон жаса'

лып шығады. Қуықалды безі сперматозоидтардың тіршілік 

қабілеттілігін және қозғалыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін 

сұйықтық бөледі. Сперма ұрық шығаратын жолдармен қою 

сұйықтық түрінде жыныс мүшесіне түсіп, одан аз'аздан бөлініп 

шығады.

Әйелдердің жыныс мүшесіне құрсақ қуысында қарыннан 

төмен орналасқан аналық бездер, жатыр, жатыр түтіктері, 

қынап жатады. Жұп аналық жасушаларда әйелдің жыныс жасу'

шалары – аналық жасуша пісіп жетіледі де, әйелдердің қосымша 

жыныстық белгілерінің көрінуіне жауапты гормондар бөлінеді. 



79

Аталық без

Пенис

Қуықалды безі

Ума

Қынап

Жатыр

Аналық без

Жатыр түтігі

Ұрпақты жалғастыру

Ерлердің жыныс мүшесі

Әйелдердің жыныс 

мүшесі

Жетілген аналық жасушалар аналық безден жатыр түтігіне, 

олардан – жатырға түседі. 

Бала дүниеге келгенге дейін жатырда дамып өседі. Қынаптың 

ауызы қарыннан төмен тері қатпарлары арасында орналасқан, 

олар жыныс еріндері деп аталады (бұл әйелдердің сыртқы жы'

ныс мүшелері).

Жыныстық жетілу кезеңі немесе пубертаттық кезең – 

баланың ересек адамға айналуы – ұл балаларда 13'тен 17'18 

жасқа дейін, қыз балаларда 12'ден 16 жасқа дейін болады. Бұл 

үдерісті гипофизде, бүйрекүсті және жыныс бездерінде жаса'

латын гормондар басқарады. Гормондар деңгейі бұл кезеңде 

5'8 есе өседі. Бұл кезде өсу күрт жылдамдайды, ұл балалардың 

жыныс мүшесі мен аталық безінің көлемі ұлғаяды, бетіне түк 

шығып, дауысы өзгереді. Қыз балалардың да жыныс мүшелері 

жетіліп, сүт бездері қалыптасады. 



80

Адам

Сперматозоид (сол 

жақта) және аналық 

жасуша (оң жақта)

Жандының бәрі – жұмыртқадан!

Әйелдің жыныс жасушасы – аналық жасуша барынша ірі 

әрі дөңгелек пішінді. Қыз бала дүниеге келгенде оның аналық 

безінде бүкіл өміріне жететін аналық жасушалардың толық 

жиынтығы болады – 400 мыңдай. Жыныстық жетілу кезінде 40 

мыңдай аналық жасуша қалады, бірақ олардың 450'500 ғана 

толық жетіледі. Қалған аналық жасушалар өсе бастайды, бірақ 

кейін дамуын тоқтатады. Әдетте, әйел ағзасында айына бір рет 

бір аналық жасуша жетіледі. Ол аналық бездің қабырғасын жа'

рып шығып, құрсақ қуысына түседі, онда оны шұңғыл ыдыстай 

кеңейген жатыр түтігі «ұстап» алады. Пісіп жетілген аналық жа'

суша 24 сағаттай ғана өмір сүреді.

Ерлердің жыныс жасушасы – сперматозоид – бақаның ба'

ласына сырттай ұқсайды. Сперматозоид үш бөліктен тұрады: 

басы, мойны және құйрығы. Сперматозоидтың құйрығы өте 

ұзын әрі қозғалғыш. Құйрығының ирелеңдеуінің арқасында 

сперматозоид алға жылжи алады. Ол 1 минут ішінде шамамен 3 

мм жол жүреді. Бұл осындай кішкентай жасуша үшін өте жоғары 

жылдамдық. Сперматозоидтың көлемі аналық жасушаның 

көлемінен көп кіші, оны микроскоппен ғана көруге болады. Ер 

адамның ағзасында сперматозоидтар үнемі әрі көп мөлшерде 

пісіп жетіледі. 




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау