81
Ұрпақты жалғастыру
Қазіргі уақытта баласыз ерлі'зайыптыларға
нағыз көмек «пробиркада ұрықтандыру» болып
отыр. Бұл әдісте аналық жасуша жасанды түрде
ұрықтандырылады, содан кейін оны болашақ
ананың жатырына орналастырады.
Ұрықтану және ұрықтың дами
бастауы
Барлық сүтқоректілер сияқты, адамның ұрпағы пайда болу
үшін сперматозоид ұрық шығатын жол арқылы ер адамның
денесінен шығып, болашақ ананың ағзасына еніп, онда аналық
жасушаға қосылуы тиіс. Ер мен әйелдің жыныс мүшелері бұған
арнайы бейімделген. Ұрықтың бір үлесінде шамамен 300 млн.
сперматозоид болады, олардың барлығы қынап пен жатыр
арқылы аналық жасуша орналасқан жатыр түтігіне ұмтылады.
Алайда, олардың біреуі ғана мақсатына жетеді. Сол бақыт
иесі аналық жасушаға ере салысымен, жасушаның қабығы
өзге үміткерлердің барлығы өте алмастай жабылады, сырт'
та қалғандары біраз уақыттан соң өледі. Сперматозоид пен
аналық жасушаның ядролары қосылып, ұрықтану жүзеге
асады. Ұрықтанған аналық жасуша бөліне бастайды. Шама'
мен 1 апта өткенде кішкентай ұрық жатырға ауысып, оның
қантамырларына толы қабырғасына жабысып алады. Оның әрі
қарай дамуы сол жерде жүреді.
82
Адам
Жүктілік кезінде жатыр бұлшықеттерінің мас'
сасы 50'100 грамнан 1 келіге дейін және одан
әрі өседі, ал көлемі 500 есе ұлғаяды. Осы
өзгерістердің бәрі баланың жолдасы бөліп
шығаратын гормондардың әсерімен жүреді.
Кім бар, інімсің бе,
сіңілімсің бе?
Жүктілік және босану
Әйелдің құрсағында баланың даму кезеңі жүктілік деп ата'
лады. Адамда ол 9 айға созылады. Жүктілік – әйел өміріндегі
өте маңызды, қуанышты, бірақ өте күрделі кезең. Бұл уақытта
болашақ ананың өсіп жатқан нәрестесімен бірге іші де үлкейеді,
бүкіл ағзасы терең өзгерістерге ұшырайды. Жүкті әйелдің
жүрегіне, бүйрегі мен бауырына көп салмақ түседі, өйткені
олар екі адам үшін жұмыс істеуге
мәжбүр. Сондықтан болашақ ана жақсы
тамақтанып, көкөніс пен жеміс'жидекті
көп жеп, таза ауада серуендеуі және
қатты шаршамауы керек. Жатырға
түскен ұрық жүздеген жасушадан
тұрады әрі көлемі көкнәрдің дәніндей
болады. Бірақ жүктіліктің екінші айының
соңында оның ұзындығы 4 см'ге жетіп,
денесі, саусағы бар аяқ'қолдары,
көздің, мұрынның, ауыздың белгілері
бар басы қалыптасады. Жатырда
ұрықты сұйықтыққа толы қабық қоршап
тұрады. Жатырдың қабырғасында ерек'
ше зат – баланың жолдасы (плацен'
та) қалыптасады. Оның ішінде ана мен
болашақ баланың қан тамырлары бай'
ланысады.
83
Ұрпақты жалғастыру
10 апталық
ұрық
осындай.
Оның
жынысын
анықтауға
болады.
Ұрық өзіне қажетті оттек пен қоректік заттарды қаннан
алады. Жүктіліктің үшінші айының соңында ол қозғалып,
жұдырықтарын түйіп, қабағын шыта алады. Дамудың бұл
кезеңінде ұрық жетілген ұрыққа айналады. Төрт айында ол
кішкентай адамға әбден ұқсап, бесінші айдың соңында салмағы
300 г болады, анасы оның қозғалғанын сезеді. Сәби алтын'
шы айдың соңында қарынның сыртындағы жарықты сезіп,
анасының дауысын естиді. Жетінші айдың соңында ұрық
қалыптасып, кейбір мүшелері ғана даму үстінде болады. Ми
қабығының қалыптасуының жауапты кезеңі басталады, бала
тез салмақ қосады. Тоғыз айда оның салмағы 3'4 келіге жетіп,
сыртқа шығуға дайын болады.
Жүктілік босанумен аяқталады. Жатырдың бұлшықеттері
жиырыла бастап, баланы анасының денесінен итеріп шығарады.
Міне, бала дүниеге келеді де, алғашқы іңгәлаған үні естіледі.
Демек, баланың жағдайы жақсы, ол алғашқы рет тыныс алды
деген сөз. Акушер дәрігер ұрықты плацентамен жалғап тұрған
кіндігін кескен соң, бала өз бетінше өмірін бастайды. Әрине, ол
ата'анасының көмегінсіз жүре алатын, толық дербестікке біраз
жыл өткен соң ғана жетеді.
84
Адам
Гендер ұрпақтан'ұрпаққа беріледі. Балада
өз ата'анасның ғана емес, ата'әжесінің, тіпті
арғы аталарының қасиеттері көрініс беретіні
сондықтан.
ДНҚ қосарланған
спиральге ұқсайды
Хромосомалар
Біздің ағзамыздағы жасушалардың
ядросында тұқым қуалаушылық заты –
ДНҚ бар. Бұл кішкентай «кірпіштерден» '
негіздерден тұратын өте үлкен молекула.
ДНҚ қосарланған спиральге ұқсайтыны
электрондық микроскоппен қарағанда
көрінеді. Негіздерінің орналасуындағы
реттілік кездейсоқ емес. Біздің
көзіміз бен шашымыздың түсі қандай,
мұрнымыз бен еріндеріміздің пішіні
қандай екені, жалпы бойымыздағы
барлық қасиеттер солардың тізбегінде
шифрланған. Белгілі бір ерекшелікке жа'
уапты кішкентай ДНҚ бөлігі геном деп
аталады. ДНҚ молекуласының ядро'
сында тығыз орналасқан ерекше құрылымдар – хромосома;
лар бар. Осы хромосомалардың (демек, гендердің) жарты'
сын біз анамыздан, ал жартысын әкемізден аламыз. Барлық
балалардың өз ата'анасына ұқсайтын себебі сол.
Денеміздің әрбір жасушасында 23 жұп хромосома бар,
олардың құрамында мыңдаған гендер болады. 22 жұп
хромосоманың сыртқы көрінісі ерлер мен әйелдерде бірдей, ал
бір жұбы өзгеше. Бұл жыныстық хромосомалар. Әйелдерде бұл
жұпты ХХ, ал ерлерде ХY деп белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |