68
Адам
Құлақтың құрылысы
Есту және тепе;теңдікті сезіну
Есту адамның қоршаған ортада дұрыс бағдар алып жүруіне
және басқа адамдармен қарым'қатынас жасауына мүкіндік
береді. Адамның есту қабілеті мысықтыкіндей күшті емес. Бірақ
біз жіңішкелігі мен қаттылығы алуан түрлі дыбыстарды қабылдай
аламыз. Естудің арқасында сөйлесе аламыз. Кішкентай сәби
әуелі ата'анасын тыңдап жүріп, содан кейін ғана өзі де сөйлей
бастайды ғой.
Біздің есту мүшеміз – құлақ. Оның сыртқы бөлігі –
құлақ қалқаны – дыбыс толқындарын есту жолына
бағыттайды. Жануарлардың өмірінде есту өте маңызды рөл
атқаратындықтан, құлақ қалқандары үлкен әрі қозғалмалы,
сондықтан олардың арнайы бұлшықеттері болады. Адамдар,
әдетте, сирек жағдайда болмаса құлақтарын қозғалта алмай'
ды. Есту мүшесінің ең маңызды бөліктері – ортаңғы және ішкі
құлақ – бас сүйектің самай сүйегіндегі капсулада орналасқан.
Дыбыс – ауа бөлшектерінің тербелісі, ол дыбыс көзінен толқын
түрінде таралып, есту жолының түбіндегі дабыл жарғағын
дірілдетеді. Дабыл жарғағына жанаса өзара қозғалмалы түрде
жалғасқан, ортаңғы құлақтағы үш құлақ сүйекшелері –
Құлақ қалқаны
Есту жолы
Дабыл
жарғағы
Жартылай
айналмалы
өзектер
Құлақ
сүйекшелері
Ұлу
69
Сезім мүшелері
Кемеде шайқатылғанда немесе автокөлікпен
жүргенде вестибулярлы аппарат «істен шығып»,
адамның басы айналуы, жүрегі айнуы
ықтимал. Бұл жағымсыз ахуалға «теңіз ауруы»
деген ат берілген.
Тепе=теңдік сезімін
дамытуға болады
балғашық, төсше және үзеңгіше орнала'
сады.
Олар тербелісті ішкі құлаққа апа'
ратын сопақша тесікке береді. Ішкі
құлақ – өзара байланысқан өзектер
мен қуыстар жүйесі, оны лабиринт
деп өте дәл атаған. Осы лабиринттің
бір бөлігі ұлу деп аталады. Ұлудың ішін
арнайы сұйықтық толтырған және 30
мың жасуша'түктерден тұратын Корти
мүшесі де сонда. Түктер сұйықтықтың
тербелісін тап басып, оларды электр сиг'
налына айналдырады да, миға жібереді.
Біз жүргенде, жүгіргенде неме'
се велосипед тепкенде, мұны тепе'
теңдікті сезінудің арқасында жасай'
тынымызды ойлап жатпаймыз. Бұл сезімге жауапты мүше ішкі
құлақта орналасқан, ол вестибулярлы аппарат деп аталады.
Өзара перпендикуляр орналасқан үш жартылай айналмалы
өзектерден және олардың түбіндегі сұйықтыққа толы екі ампу'
ладан тұратын лабиринттің бір бөлігі сол аппаратқа тиесілі. Біз
денеміздің қалпын өзгертсек болғаны, сезімтал жасушалардай
ішке төселген өзектер мен ампулалар сұйықтықтың қозғалысын
сезе қойып, миға хабар жібереді. Ал ми тепе'теңдікті сақау үшін
не істеу керегін шешеді.
70
Адам
Көздің тор қабықшасында бейненің
қалыптасуы
Көздің ішкі
құрылысы
Көру
Айналадағы дүние туралы
ақпараттың шамамен 90 пайызын
біз көру арқылы аламыз. Бұл өте көп.
Сондықтан көз ' адамның ең басты
сезім мүшесі деуге болады. Көздеріміз
көптеген жануарлардағы сияқты
бастың екі жағында емес, алдымызда
орналасуының арқасында, біз бір зат'
ты екі көру нүктесімен бірдей көреміз.
Мұндай көру бинокулярлық деп атала'
ды. Ол заттардың көлемін көруге және екі арадағы қашықтықты
өте дәл бағамдауға жол ашады. Бұл әсіресе қауіп'қатерлі орта'
да өмір сүрген бабаларымызға өте қажет болған.
Көздің пішіні домалақ. Оның сыртын қатты ақ қабық – скле'
ра жапқан, ол көзді зақымданудан қорғайды. Көз алмасының
басым бөлігі шыны тәрізді дене деген мөлдір массаға толы. Ол
көздің пішінін сақтайды әрі қоректік заттары болады. Склераның
алдыңғы жағы жарық өткізетін жұқа мөлдір қасаң қабықшаға
ұласады. Склераның астында көзге қорек беретін қан тамыр'
лары торлаған тамырлы қабықша жатыр. Алдында нұрлы
қабықша орналасқан.
Оның ішінде болатын меланин пигментінің әсерімен көз
71
Сезім мүшелері
Көптеген адамдардың көздері шамамен 150 түсті
ажырата алады, ал кәсіби адамның, мысалы
суретшінің немесе химик'лаборанттың көзі 15
мыңға жуық түсті ажыратады!
Көздің тор
қабықшасындағы
таяқшалар мен
колбашалар
көгілдір, жасыл немесе қоңырқай бо'
лады. нұрлы қабықшаның ортасын'
да дөңгелек тесік – қарашық бар.
Нұрлы қабықшаның бұлшықеттері
жиырылғанда қарашықтың көлемі
кішірейеді, көзге түсетін жарықтың
мөлшерін нұрлы қабықша осылай рет'
теп отырады. Қатты жарықта қарашық
тарылады, ал қараңғыда кеңейеді.
Қарашықтың көлемі көңіл'күйге де бай'
ланысты: ашуланған адамның қарашығы
кішірейеді. Қарашықтың дәл артында көз
бұршағы – мөлдір линза орналасқан, ол
өзіне жалғанған сіңірлердің көмегімен
көлбеулігін аздап өзгерте алады. Көз
бұршағы жарық сәулелерін ішіне тор қабықша төселген көздің
артқы қабырғасына түсіреді. Тор қабықша ерекше жарықсезгіш
жасушалардан – таяқшалар мен колбашалардан тұрады. Олар
көру жүйкесі арқылы миға сигналдарды жібереді.
Таяқшалар
жіңішке мұртшаларға ұқсайды, жарыққа
сезімтал. Солардың көмегімен біз жарық пен қараңғыны
және сұр түстің әртүрлі реңктерін ажыратамыз. Колбаша'
лар кішкентай пиязшықтарға ұқсайды. Олар түстерді, ұсақ
бөлшектерді қабылдауға жауапты. Дәл солардың арқасында біз
инені сабақтап, ұсақ әріптерді танимыз, табиғат бояулары мен
әдемі суреттерге сүйсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |