50
Адам
Тағамның асқазаннан ішекке ауысуы
Асқазан және ішек
Шайналып, сілекеймен шыланған тағамды біз жұтамыз да,
ол ұзындығы шамамен 25 см серпінді түтікке – өңешке бара'
ды. Өңештің қабырғаларында жалпақ бұлшықеттер бар, олар
ырғақты түрде бір жиырылып, бір босап, тағамды асқазанға
жылжытады.
Асқазан қарынның жоғарғы бөлігінде сол жақта, қабырғалар
бітер жерде орналасқан. Бұл бұлшықетті қабырғалары бар
шағын қапшық. Оның ішкі қабығында асқазан сөлін бөліп
шығаратын бездер бар, сөлдің құрамына тұз қышқылы кіреді.
Бұл сөл еттің, нанның, көкөністің, тәттілердің құрамында бола'
тын қоректік заттарды қорыта алады. Ал жұмыс жылдам жүру
үшін асқазанның қабырғалары сығылып, қайта кеңейіп, қоректік
массаны қарқынды түрде араластырып отырады. Асқазан өзі
қорыта алмаған нәрселердің бәрін аз'аздан әрі қарай – ішекке
жылжытып жібереді.
Асқорыту жүйесінің аса маңызды мүшесі – бауыр. Бауыр
майлы тағамды қорытуға қажетті ферменттері бар сұйықтық'
ты – өтті жасап шығарады. Бауыр тәулігіне 1 литрдей өт бөледі,
ол тамақ ішу арасындағы үзілістерде өт қабында сақталып
тұрып, қажет болған кезде ішекке түседі. Ұйқы безі асқорыту
51
Мен тамақ жегенде...
Ішектің ішіне сіңіргіш эпителий төселген, оның жа'
сушаларын көптеген түктер жауып тұрады. Егер
сол түктердің барлығын тегістеп жайса, ішектің
«жұмысшы» бетінің жалпы ауданы теннис кортына тең
болып шығар еді!
Ұйқы безі
Ішектің ішкі
қабырғасының құрылысы
сөлін бөліп шығарады, ол сөл асқазандағы қышқылды залал'
сыздандырады, оның құрамында асқорыту ферменттері көп бо'
лады.
Аш ішектің он екі елі ішегіне қарай оған жол ашылады.
Шала қорытылған тағам асқазаннан шұбатыла оратылған
түтікке – ішекке түседі. Адамда оның ұзындығы 6'8 м. Ішек
негізгі екі бөліктен – аш ішек пен тоқ ішектен тұрады. Аш
ішекте өттің, ұйқы безі сөлінің және ішектің өз сөлінің көмегімен
асқорыту аяқталады. Қоректік заттар қанға сіңеді, ал жарамсыз
қалдықтардың бәрі тоқ ішекке келіп түседі. Оның қабырғалары
қалдықтағы суды сіңіріп алып, нәжісті қалдырады. Нәжіс аналь
тесігі деп аталатын арнайы саңылау арқылы ағзадан сыртқа
шығады.
52
Адам
Бұл өнімдерде
нәруыздар көп
Біздің жейтіндеріміз
Адамның денсаулығы тамақтану мәселесімен тығыз бай'
ланысты. Неміс философы Людвиг Фейербах бірде: «Адам
не жесе, өзі де сондай» деп тегін айтпаған. Адамға қарынын
ашырудың да, артық тамақтанудың да зияны бірдей. Аштық
жүдетіп'жадатып, әлсіретеді, ал аста'төк тамақтан семіріп ке'
туге болады. Осының бәрі иммунитеттің төмендеуіне де, ішкі
мүшелердің әртүрлі ауруларының дамуына да әкеліп соғуы
мүмкін. Тамақтың мөлшері ғана емес, құрамы да маңызды. Біздің
ағзамыз қалыпты тіршілік ету үшін аспен бірге нәруыздарды,
майлар мен көмірсуларды алуы тиіс. Бұл заттар әртүрлі азық'
түліктерде кездеседі, сондықтан жейтін тағамымыз алуан түрлі
болғаны жөн.
Нәруыз – жаңа жасушалар мен ұлпалардың ең басты
құрылыс материалы. Жануарлардан алынған өнімдерде – етте,
балықта, жұмыртқада нәруыздар бәрінен де көп кездеседі.
Өсімдік текті өнімдерде де нәруыз
бар: бұршақ түрлерінде, жармалар'
да, көкөністе. Бірақ ет пен балықтағы
нәруыздарды біздің ағзамыз жақсырақ
сіңіреді, сондықтан олардан бас тартуға
болмайды.
Нанда, ботқада, картопта, қантта
көмірсулар бар, олар біздің ағзамыз
үшін негізгі қуат көздеріне жата'
ды. Әсіресе миға көмірсу көп керек.
Көмірсулар жеміс'жидек, көкөніс, ботқа,
нан, қант сияқты өнімдерде көп дедік.
Бірақ тағамдағы көмірсу мөлшерінің
шектен тыс болуынан адам артық салмақ
қосады, сондықтан қатты қызықпаған
дұрыс.
53
Мен тамақ жегенде...
Холестерин аз мөлшерде болса адамға пайдалы, ал
шамадан асып кетсе, қан тамырларында түйіртпектер
түзіп, саңылауларын тарылтып жібереді. Бұл қанның
қозғалысын қиындатып, жүрек'қантамыр ауруларына
ұшыратады.
Тәттілер мен жемістерде
көмірсулар бар
Құнды май
көздері
Өте бағалы қуат көзі – май. Оларды терінің астындағы
май қабатына қор ретінде жинау оңай, сонымен қатар, май'
лар ағзаның көптеген құрылымдарының, мысалы – жасуша
қабырғаларының, жүйкенің миелиндік қабығының жасалуына
қатысады. Май түрлері көптеген азық'түліктерде бар, әсіресе
әртүрлі майларда көп. Дене жұмысымен көп шұғылданғанда
тағамдағы май мөлшерін көбейткен жөн, ал көп қимылдамайтын
жағдайда майлары аз тағамға үйір болу керек. Ең пайдалы май'
лар өсімдік майларында болады. Ал майлы етті, малдың қыртыс
майын, сарымайды азырақ жеген дұрыс. Жануар майларының
өте көп болуы қандағы холестерин мөлшерін арттырып жіберуі
мүмкін.
54
Адам
Дәруменді
препараттар
Дәрумендер
«Дәрумен» (витамин) сөзі латынның «вита» сөзінен шыққан,
аударғанда «өмір» деген мағына береді. Дәрумендерге
мұндай аттың берілуі кездейсоқ емес: біздің ағзамызға
олардың шын мәнінде өмірлік қажеттілігі бар, ағзаның өзі олар'
ды жасап шығара алмайды. Әлдебір дәрумен жетіспейтін бол'
са (дәрігерлер мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды),
адам ауыр науқастарға ұшырауы мүмкін.
Ұлы географиялық ашылымдар за'
манында теңізшілер жаңа жерлерді
іздеп теңізді шарлады, оларға көп қауіп'
қатер төнді, бәрінен де қорқыныштысы
құрқұлақ (цинга) ауруы болатын. Қатқан
нан мен тұздалған етті бір'екі ай қорек
еткеннен кейін адамдардың қызыл
иектеріне ойық жаралар шығып, тістері
түсіп қалды, көп ұзамай бірталайы өліп
те кетті. Теңізшілер лимон жеуді әдетке айналдырса, солардың
құрқұлақтан аман'сау жүретінін байқап, өздері де жүзу сапары'
на лимон алып шығатын болды. Құрқұлақ ауруының себебі – С
дәруменінің, яғни аскорбин қышқылының жетіспеушілігі екені
ғасырлар өткеннен кейін анықталды. С дәрумені қара қарақатта,
итмұрын жемістерінде, тәтті бұрышта және тіпті шикі картопта
да көп, бірақ оны пісіргенде дәрумені бұзылып кетеді.
В1, В2, В6, дәрумендері көмірсу, май және нәруыз алмасуды
реттейді. Бұлар В тобындағы дәрумендер деп аталады. Олар
кесек тартылған ұннан жасалған нанда, жармаларда, бұршақта
(В1), жануарлардан алынған тағамдарда – сүт, жұмыртқа, ет,
балықта (В2, В6) болады. В тобындағы дәрумендер жетіспесе
адамда тері аурулары, көздің және жүйке жүйесінің аурулары
дамуы мүмкін. В6 дәруменін көптеген ауруларға, оның ішінде
инфекциялық ауруларға дәрі ретінде тағайындайды.
А дәрумені ағзаның өсуіне, асқорыту мүшелерінің дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |