Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет15/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

60

Адам

Адамның миында шамамен 14 млрд. нейрон бо'

лады. Баланың миы жылдам дамиды, 14 жасқа 

таяғанда ең жоғары салмағына жетеді. 60 жастан 

кейін көптеген адамдардың миының салмағы 

азаяды.


Мидың құрылысы

Ми

Адам ағзасының ең үлкен 

құндылығы – ми, оның мықты бассүйек 

сауытындағы сенімді жерге орналасуы 

да тегін емес. ол сананың, естің, әртүрлі 

дағды мен білімнің – адамды адам етіп 

тұрған барлық нәрсенің  қоймасы. Біздің 

миымыздың салмағы орта есеппен 1 ке'

лі 400 г ., құрылысы да өте күрделі. Ол 

тіршілік әрекетінің әр саласына жауап 

беретін бірнеше бөлімнен тұрады. Ең үлкен әрі  маңызды  бөлі'

мі – үлкен ми сыңарлары, бірақ өзге бөлімдерсіз де біз өмір сүре 

алмаймыз.

Мидың түбінде жұлынның жалғасындай болып сопақша 



ми жатыр. Оның қалың қабырғалары негізінен үлкен ми 

сыңарларына және мидың басқа да бөліктеріне баратын жүйке 

ұштарынан тұрады. Ағзаның тыныс алу, жүректің соғу жиілігі, 

қан тамырларының тарылуы мен кеңеюі, жұтыну сияқты    өмірлік 

маңызы зор қызметтерін басқаратын жүйке орталықтары да 

сонда орналасқан. Біз тыныс алусыз және жүрек жұмысынсыз 

5 минуттан артық өмір сүре алмаймыз! Сопақша ми адам үшін 

өте маңызды болғанымен, көлемі кіші, ұзындығы бар болғаны 2 

см.



61

Басқару орталығы

Спорттың 

белсенді 

түрлерімен 

шұғылдағанда 

басты 

міндетті түрде 

дулығамен 

қорғау қажет

Үлкен ми сыңарларының артында мидың мишық деп атала'

тын бөлігі жатыр. Ол кеңістікте бағдар алуды, тепе'теңдікті, дәл 

әрі үйлесімді қимылды қамтамасыз етеді. Мишық құрылысы 

жағынан үлкен ми сыңарларына өте ұқсас. Ол да екі жарты'

дан тұрады, оның да қабығы бар, қабығының бетінде жіңішке 

қатпарлары көп. Мишық зақымданған кезде оның қызметтері 

ішінара мидың басқа бөліктеріне көшеді, бірақ ондай адамдар 

дәме'дәл қимылдаудан қалады, мысалы инені сабақтай алмай'

ды.


Ортаңғы ми қаңқа бұлшықеттерінің тонусына жауапты: 

ол бұлшықеттерге жүйке импульстерін жібереді, солардың 

арқасында бұлшықеттер сергек күйде (тонус) болады. Мидың 

қатты жарақаттануы салдарынан ғана тонус жоғалады. Аралық 



мидың ең маңызды бөліктері – таламус және гипоталамус. 

Аралық ми ағзаның барлық рецепторларынан ақпарат алады, 

денеміздің температурасын реттейді, ішкі мүшелердің жұмысын 

үйлестіреді. Гипоталамус гормондарды бөлетін ішкі секреция 

бездерін басқарады.



62

Адам

Үлкен ми 

сыңарлары 

үстінен 

қарағанда 

(сол жақта) 

және көлденең 

қимасы (оң 

жақта)

Үлкен ми сыңарлары

Көптеген жануарлардың миы адамдікінен едәуір үлкен: мы'

салы пілдердің миы 5 келі! Ендеше адамды Жер бетіндегі ең 

саналы тіршілік иесі ететін не? Біріншіден, біздің миымыз – 

дене салмағына шаққанда ең үлкені. Бірақ ең бастысы бұл да 

емес!  Өйткені ақыл'естің болуы нейрон денелері шоғырланған 

сұр заттың мөлшеріне ғана байланысты. Сұр зат мидың басты 

бөлігі – үлкен ми сыңарларының беткі жұқа қабатын (қабық) 

түзеді.  Үлкен ми сыңарлары қабықтың ауданын үлкейтетін 

қатпарлар мен сайшаларға толы. Адамда оның ауданы аса 

үлкен, сондықтан «ойлайтын» сұр заттың мөлшері бойынша 

біз планетаның барлық басқа тіршілік иелерінен миллиондаған 

есе асып түсеміз. Ми сыңарларының қабығы астында ней'

рон өсінділерінен тұратын ақ зат бар, ол миды ағзаның барлық 

мүшелерімен байланыстырады.

Адамдар кейде миын жарақаттап алады, содан кейін көру не'

месе есту қабілетінен, қимылын дәл үйлестіру қабылетінен не'

месе жадынан айырылады. Ғалымдар осындай мәліметтерді 

жинай отырып, жануарларға тәжірибе жасап, үлкен ми 

сыңарларының қабығы аймақтарға бөлінгенін, олардың 

әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратынын анықтады. Желке 

тұсындағы аймақ – көру аймағы. Мұнда көзден түскен ақпарат 

талданады.




63

Басқару орталығы

Шамамен планетадағы әрбір алтыншы адам 

солақайлар қатарына жатады екен. Мидың оң жақ 

сыңары бейнелі ойлауға, ал сол жағы – логикалық 

ойлауға жауап беретінін ғалымдар анықтаған.

Ми қабығының 

аймақтары

Соның арқасында біз көреміз, 

түстерді ажыратамыз және адамдардың 

бет'жүзін еске сақтаймыз, оқимыз. 

Есту аймағы самай маңында, қозғалыс 

аймағы (қозғалыс үйлесімділігіне жа'

уап беретін) – төбемізде орналасқан. 

Қабықта көңіл'күйімізге – қуаныш, ауыру, 

ашу'ызаға жауап беретін өз аймақтары 

бар. Сонымен қатар, жадқа, үйрену 

қабілетіне, мінез'құлыққа, т.б. жауап'

ты көптеген аймақтар бар. Қысқасы, ми 

қабығының картасы өте күрделі болып 

шықты, ғалымдар миымызды көп зерт'

теген сайын, оның күрделілігі де арта 

түсуде. 


Бір қызығы, мидың оң жақ сыңары дененің сол жағының 

жұмысына, ал сол жағы – оң жақ жартысының жұмысына  жа'

уап береді. Адамдардың басым бөлігінің сол жақ ми сыңары 

жақсырақ дамыған, сондықтан олардың оң қолы икемдірек. 

Бірақ арамызда солақайлар  да  бар,  олар  жазу  жазғанда 

қаламды, тамақ жегенде ' қасықты сол қолымен ұстайды. 

Солақайлардың оң жақ ми сыңарлары жақсы дамыған болып 

шықты. Солақайлардың арасынан ұлы адамдар да көп шыққан: 

Қайта өрлеу дәуіріндегі суретші, ғалым Леонардо да Вин'

чи, әйгілі физик Альберт Эйнштейн және «Алиса ғажайыптар 

елінденің» авторы Льюис Кэрролл.



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау