Жұмыс бағдарламасы «ЖҮктілік кезінде әйел ағзасында болатын өзгерістер»



жүктеу 285,25 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі285,25 Kb.
#9855
түріЖұмыс бағдарламасы










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДА БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР»




«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік жұмысының проректоры профессор Тулебаев К.А.
_____________________________________
«_______»______________________2012ж.

«ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ӘЙЕЛ ОРГАНИЗМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР»

ЭЛЕКТИВТІ ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра №2 Акушерлік іс және гинекология

Маманы 051301 «Жалпы медицина»

Курс – 2


Семестр - ІІІ, ІV

Оқу сағатының көлемі – 36 сағат

Тәжіреби сабақтар – 12 сағат

Оқытушынының көмегімен өзіндік жұмыс – 12 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы – 12 сағат

Бақылау формасы емтихан

Алматы, 2012ж.

Элективті пәннің бағдарламасын асс Оспанова С.Т құрастырған, Акушерлік іс және гинекология кафедрасының отырысында талқыланған

Хаттама № 10 , «06» 01 2012 ж.

№ 2 акушерлік іс және гинекология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Калиева Л.Г.

Жұмыс бағдарлама білім бағдарламаларының Комитетінің отырысында талғыланған және мақұлданған

Хаттама №______, «_____»___________________2011 ж.

м.ғ.к, доцент Садуакасова Ш.М.

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ның Әдістемелік Кеңесінде мақұлданған

Хаттама №_______, «___»_________________ 2012 ж.

Әдістемелік Кеңесінің төрағасы

м.ғ.д., профессор Тулебаев К.А.



Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Жүкті әйел организмінің өмірлік іс әрекеті ұрықтың дамуына барлық қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Аналық жыныс жасушасы ұрықтануының имплантациясынан бастап және бала туылғанға дейін, эмбрион-ұрық әрдайым өсуіне талап етіп, бейімді-компенсаторлы механизмнен әйел организмін жетілдіру арқылы дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Ұрық анасынан қажетті оттегі, белок, май, көмірсу, витаминдер, минералды және өмірге қажетті заттарды алады. Өз кезегінде ұрықтың тіршілік әрекетінің өнімдері анасының организміне түсіп сыртқа шығарылады. Жүктіліктің әр триместріне сәйкес және жүкті емес дені сау әйелдің гомеостазын үнемі ауысып отыратын процесстерді гемостаз жаңа деңгейі анықтайды.

Әйел организмі жүктілік кезінде орталық жүйке жүйесінен бастап және тірек-қимыл аппаратына дейін барлық органдар мен жүйелер өзгеріске ұшырайды.

2.2. Пәннің мақсаты:

Жүктілік кезінде әйел организміндегі физиологиялық өзгерістер туралы студенттерге білім дағдыларың қалыптастыру.



«

2.3. Пәннің міндетттері:

  • Жүкті әйелдің эндокринді жүйесіндегі, жүйке жүйесіндегі, жүрек қан тамыр, тыныс алу, асқрыту жүйесіндегі, зәр шығару, қан жүйесіндегі, иммундық жүйедегі, гемостаз,зат алмасу, тірек қимыл жүйесіндегі, сүт бездеріндегі, терідегі, жыныс жүйесіндегі және басқа да мүшелердегі өзгерістер туралы білім қалыптастыру.

  • Жүкті әйелді жүргізу және қарау дағдыларын қалыптастыру.

  • Жүктілер және олардың туыстарымен коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.

  • Акушерия және гинекологиядағы құқықтық аспектілер туралы білімді қалыптастыру.

  • Өзін өзі жетілдіру дағдыларын дамыту.


2.4. Оқытудың қорытынды нәтижелері.

Студеттер келесі білім қалыптасу керек:

  • Жүкті әйелдің эндокринді жүйесіндегі, жүйке жүйесіндегі, жүрек қан тамыр, тыныс алу, асқрыту жүйесіндегі, зәр шығару, қан жүйесіндегі, иммундық жүйедегі, гемостаз,зат алмасу, тірек қимыл жүйесіндегі, сүт бездеріндегі, терідегі, жыныс жүйесіндегі және басқа да мүшелердегі өзгерістер туралы білім қалыптастыру.

  • Жүкті әйелді жүргізу және қарау дағдыларын қалыптастыру.

  • Акушерия және гинекологиядағы құқықтық аспектілер туралы білімді қалыптастыру.



Студент келесі дағдыларды игеру керек:

  • Жүкті әйелді сұрастыру (жалпы және арнайы)

  • Жүкті әйелдің обьективті қарау.

  • Жүкті әйел ағзасындағы өзгерістер сипатын бағалау.

  • Қосымша зерттеу әдістері.

  • Жүкті әйелді және туыстарымен коммуникативті дағдылар.

  • барлық өмір бойындағы өзін өзі оқыту және өзін өзі дамытуға және білім алуын жалғастыруға дайындық және қабілеттілік.



    1. Пререквизиты: анатомия, физиология, патологиялық физиология, биохимия, иммунология.

Аралас пәндер: терапия, эндокринология

Постреквизиты: акушерлік іс және гинекологиядан дипломнан кейін дайындау.


    1. 2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Студенттер жүктілік кезінде әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістермен таныстыру.


2.7. Тәжірибелік сабақтардың және ОКӨЖ –дың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Форма проведения практических занятий

Продолжительность в часах







Форма проведения СРСП






Жүкті әйел зат алмасу және эндокринді жүйесіндегі өзгерістер.

Тест. Ауызша сұрау және талқылау.

2







Жүкті әйелді курациялау. Анамнез жинау

2



Жүкті әйел ағзасындағы гемостаз және жүрек қан тамыр жүйесінде болатын өзгерістер.

Тест. Ауызша сұрау және талқылау.

2







Жүкті әйелді курациялау. Анамнез жинау.

2



Жүкті әйел ағзасындағы асқорыту және зәр шығару жүйесіндегі өзгерістер.

Тест. Ауызша сұрау және талқылау

2







Жүкті әйелді курациялау. Анамнез жинау

2



Жүкті әйел ағзасындағы сүт безі және жыныс жүйесінде болатын өзгерістер.



Тест. Ауызша сұрау және талқылау

2







Жүкті әйелді курациялау. Анамнез жинау.

2

5.

Жүкті әйел ағзасындағы жүйке, иммунды жүйесіндегі өзгерістер.

Тест. Ауызша сұрау және талқылау

2

Жүкті әйелді курациялау. Анамнез жинау.

2

6.

Жүкті әйел ағзасындағы тыныс алу, тері және тірек қимыл жүйесіндегі өзгерістер.

Тест. Ауызша сұрау және талқылау.

2

Жүкті әйелді курациялау. Анамнез жинау.

2




Барлығы:

Тәжірибелік сабақтар

12 сағат







ОКӨЖ

12 час



2.7. СӨЖ тақырыптық жоспары



п/п

Тақырыбы

Формы проведения

Продолжительность

(в часах)

1.


Әйел ағзасындағы репродуктивті жүйесінің физиологиясы.

Презентация.

3

2.

Жүкті әйелді диагностикалау

Презентация.


3

3.

Ішкі ағзадағы және басқа да өзгерістер.

Презентация.


3

4.

Жүктілік кезінде өзгерістердің әсер ету факторлары.

Реферат.


3




барлығы:




12 сағат



2.8. Оқу және оқыту әдістері:

Тәжірибелік сабақты өткізу: : тесттік бақылау, ауызша сұрау (мозговой штурм) және талқылау, кіші топпен жұмыс жасау.
Оқытушынының көмегімен өзіндік жұмыс: науқасты қабылдау және курациялауға қатысу.
Студенттердің өзіндік жұмыс : Студенттің негізгі және қосымша әдебиеттермен танысу,ғаламтормен және электронды тасымалдармен жұмыс жасауы. Рефераттық жұмысты және презентацияны дайындау.

СӨЖ орындау формасы: рефераттық жұмысты, презентацияны дайындау
2.9. Оқушылардың білім мен дағдыларың бағалау әдістері:

Студенттің білімін мен дағдыларын бағалау әдістері:
Студент білімі 5 көрсеткіш біліктілігі бойынша бағаланады:

  1. Студенттің теориялық білімі тест жауаптары, ауызша талдау мен талқылау, ахуалдық есептерді шешу арқылы бағаланады. (ГОСО РК 5.03.06-2006 «ҚР білім жүйесі». ЖОО білімін қорытындылау, 26.08.2006ж) жоғарғы балл – 100

  2. Тәжірибелік дағдылар әр қадам бойынша бағаланады, берілген тапсырманы орындауын қажет етеді. Келесі критериялар бойынша бағаланады:



0-49

Жағдайды бағалауда студент білімін тәжірибеде қолдана алмайды, Қате қорытынды жасайды. Тәжірибелік дағдыларды ретсіз әрі бұрыс орындайды.

50-74

Жағдайды бағалауда студент білімін тәжірибеде қолдануы нашарлау. Пікірін айтып жетізуге қиналады. . Практикалық дағдыларды ретімен орындайды, бірақ қателіктер жібереді

75-89

Жағдайды бағалауда теориялық білімі қолдана алады Алайда қорытындысын айтып жетізуге қиналады. Тәжірибелік дағдыларды ретімен орындайды, бірақ әрекетінде нақтылық жоқ

90-100

Жағдайды бағалауда білімін белсенді түрде қолдана алады, ойын нақты жеткізе алады, қорытындысын дұрыс жасай біледі. Пікірін толық түсіндіреді және негіздей алады. Тәжірибелік дағдылары ретті және нақты.

Жоғарғы балл - 100

  1. Коммуникативтік дағдыларды бағалау

0-49

Ынтасыз, тақырыпты талдауға қатыспайды, науқаспен сөйлесе алмайды, медицина қызметкерлерімен байланысқа түспейді..

50-74

Ынта-жігерсіз. Тақырыпты талдауда белсенсіз. Эмоцияға және медицина қызметкерлерінің сынауына жауапсыз, анамнез жинай алады, бірақ толық емес.

75-89

Ынталы-жігерлі. Талқылауға қатысады, медбикелермен тіл табыса алады, этиканы сақтайды. Науқасты тыныштандыра алады. Анамнез жинай біледі, бірақ нақты емес.

90-100

Ынталы-жігерлі, жағдайды талқылауға активті қатысады, медперсоналмен тез байланысқа түседі, этиканы бұлжытпай орындайды, науқасқа оның жағдайы туралы нақты әрі қысқа жеткізе біледі. Оны тыныштандыра алады. Қажетті сұрақтарды қойып, анамнезін нақты жинақтауға қабілетті. Қателіктер жібермейді.

Жоғарғы балл – 100.

  1. Адвокаттық дағдыларды бағалау – ауызша сұрастыру арқылы бағаланады, келесі нормативті-құқықты база бойынша: №685 бұйрық 10.11.2009ж , бұйрық №145 16.03.2011ж.. Жоғарғы балл – 100.

  2. Студенттің өзін-өзі жетілдіру – тақырыпқа арналған СӨЖ қорытындысы, қосымша ізденісі арқылы, ҒЗЖна, конференцияларға қатысу белсенділігі арқылы бағаланады. Жоғарғы балл – 100



СӨЖ бағалау критериі

Реферат:

90-100 балл «үздік» - материал тақырыбы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсеткен, рефератты орындау кезінде реферат құрылысын қатесіз және шығармашылық түрде, әртүрлі иллюстрациялар қолдану арқылы соңғы 5 жылдағы әдебиеттерді қолдану арқылы орындаған студент алады;

75-89 балл «жақсы» - материал тақырыбы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсеткен, рефератты орындау кезінде реферат құрылысын қатесіз және шығармашылық түрде, әртүрлі иллюстрациялар қолдану арқылы соңғы 5 жылдағы әдебиеттерді қолдану арқылы орындаған, бірақ материалды мәлімдеу кезінде біраз қателіктер жіберген;

50-74 балл «қанағаттанарлық» - тапсырманы өте қысқа, толық көлемде орындамаған, материалды мәлімдеу кезінде бірқатар қателіктер жіберген студенттер алады;

49 балл және төмен «қанағаттанарлықсыз» - рефератты мәлімдеу талапқа сай емес.
Презентация:

90-100 балл «үздік» - материал тақырыбы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсеткен, рефератты орындау кезінде реферат құрылысын қатесіз және шығармашылық түрде, әртүрлі иллюстрациялар қолдану арқылы соңғы 5 жылдағы әдебиеттерді қолдану арқылы орындаған студент алады;

Иллюстрациялар жоғары сапалы, анық суретпен болу керек.



75-89 балл «жақсы» - материал тақырыбы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсеткен, презентацияны құру тәртібі сақталған, бірақ материалды мәлімдеу кезінде бірқатар қателіктер жіберген.

50-74 балл «қанағаттанарлық» - тапсырманы өте қысқа, толық көлемде орындамаған, материалды мәлімдеу кезінде бірқатар қателіктер жіберген студенттер алады;

49 балл және төмен «қанағаттанарлықсыз» - презентацияны мәлімдеуі талапқа сай емес.


  • Тәжірибелік сабақтарға қойылатын талаптар

  • Тесттік есептерді шешу 4 сабаққа 10 тест арналған, тесттің текстік көлемі – 7-8 жолдан, 5 жауаптан тұрады, 1 жауабы дұрыс

  • Ауызша сұрау: студент тақырыпқа қатысты теориялық білімін көрсете отырып, оқытушы қойған сұрақтарға жауап береді.

  • Топпен жұмыс: аз уақыт аралығында орындалатын есеп беріледі. Тапсырма орындалмағаннан кейін әр топ есеп береді немесе тақырыпқа қатысты рөлдік ойындарын көрсетеді.Топтағы әр студенттің қатысу дәрежесі, тақырыпты, мәселені қамти алу қабілеті бағаланады.

  • Ауру тарихын, диспансерлік науқастың тексерілу картасын талдау: науқасты талдау барысында оқытушының қойған сұрақтарына студенттің берген жауаптары бағаланады.




  • СӨЖ-не қойылатын талаптар:

  • Әдебиет және басқа білімнің көзімен жұмыс жасауға қойылатын міндет

Әдебиет және басқа жерден алған білімін студент жіктеп, талқылай білу керек.


  • Рефератқа қойылатын міндет

Реферат полемикалық түрде дайындалу керек. Әрбір аргументке дәлелденген факт, мысал, өзінің өмірінде кездескен жағдай келтірілу керек. Рефератты студент дәлелденген жалпы қорытындынымен аяқтау керек

Орындалу критериялары:

  1. Реферат көлемі 6-8 баспа беттен құралу керек;

  2. Реферат жазған уақытта кем дегенде 4-5 текст көзі пайдаланылу керек;

  3. Рефератта баяндалу құрылымы сақталу керек;

  4. Баяндама тұсында қолданылған әдебиетке сілтеме жасалу керек;

  5. Библиография дұрыс безендірілуі керек.

Реферат құрылымына кіреді:

  • Титульдік бет;

  • Мазмұны (бұл бөлімде бет нөмірлері көрсетіле отырып,реферат тақырыптары мен бөлімдерінің орналасуы қысқа баяндалады);

  • Кіріспе бөлімі (реферат тақырыбының өзектілігі, актуалдылығы, мақсаты мен міндеттері көрсетіледі);

  • Негізгі бөлім (рефераттың бұл бөлімі дәйектер мен дәлелдерді пайдалана отырып, талқыланып отырған мәселені әр қырынан ашады, алдыңғы бөлімнің логикалық жалғасы болып табылады);

  • Қорытынды бөлім (реферат тақырыбына қысқаша қорытынды жасалынады, нұсқаулар беріледі)


Презентацияға қойылатын міндет

Студент презентациясын дайындағада стиль, әшекейлеу ережесін сақтау керек, қою реңді түстерді, 1 слайдта ең кобі 3 немесе 4 түрлі түсті пайдалануы керек, компьютерлік анимация мүмкіншілігін қолдану керек. Бағдарламасы қысқа, түсінікті, анық, дәлелді болу керек.


Емдеу нобайы:

1.емдеу нобайын жасауға қойылатын талаптар:жұмыс көлемі 3-4 баспа беттен құралу керек; жұмыс сауатты жасалу керек, баяндалу мәдениеті сақталу керек; баяндама тұсында қолданылған әдебиетке сілтеме жасалу керек; библиография дұрыс безендірілуі керек.

2.емдеу нобайының құрылымы :титульдік бет(форма бойынша);кіріспе (тақырып актуалдылығын негіздеу); негізгі бөлім (схема этиологиялық, патогенетикалық, симтоматикалық емді дәлелдей алу керек); қорытынды (тақырыпқа қатысты қысқаша қорытынды жасалады); әдебиеттер тізімі.


  • Ағымды бақылау: тестілеу сұрақтарын шешу, ауызша сұрастыру, ситуациялық есептерді шешу, тематикалық науқастардың клиникалық талқылауына қатысу, кіші топтарда өзін және топтық бақылау, аутопсия жүргізу.

  • Білімді бағалау критерийлері мен ережелері: студенттердің рейтинг бағасы ағымды бақылау бағаларынан қойылады.

  • t- ағымды бақылау = ортаңғы баға. Ол тәжірибелік сабақтың баллдарының орташа суммасынан СӨЖ баллының орташа суммасынан есептеледі.

  • Жіберілу рейтингі – студенттің қорытынды бағасынан 60% кем емес құрайды. Сондықтан дисциплинадан семестрлік баға мына формула арқылы есептеледі:



Егер семестрлік баға 50 %көп немесе тең болса, студент емтиханға жіберіледі.

Қорытынды тексеру: 2 кезерадан тұрады.

1 кезара – тестілеу ( 157 тест құрастырылды);

2 кезара – тәжірибелік дағды «Жатыр түбiнiң биiктiгi мен iш айналым өлшеуде»

Қорытынды баға

I = R х 0,6 + E х 0,4,

I – қорытынды баға

R– рейтинг бағасы

E – экзамен бағасы

Рейтинг құрамы -60% от R,



емтихан -40% от I

Тәжірибелік дағды бойынша қорытынды тексеру (емтихан):

Жатыр түбiнiң биiктiгi мен iш айналым өлшеуде студенттің тәжiрибелiк дағдылары

қадам-дар №

Қадамдарды бағалау критериялары






Балмен бағалау

1.


Жүктi әйелдi кушеткаға шалқасынан жатқызады

20

15

10

2,5

2.

Iштi қарап тексередi.


20

15

10

2,5

3.

Сантиметрлiк лентамен iш айналымын кiндiк тұсында өлшейдi (мерзiмiне жеткен жүктiлiкте 90-95 см-ге тең).


20

15

10

2,5

4.

Жатыр түбi биiктiгiн өлшеу үшiн, сантиметрлiк лентамен қасағаның жоғарғы ортасынан жатырдың түбiне дейiн созып өлшейдi, табылған өлшемдi айтады (мерзiмiне жеткен жүктiлiкте 32 см-ге тең).


20

15

10

2,5

5.

Нәрестенiң болжама салмағы бойынша ой-пiкiрiн айтады, оны Жордания формуласымен есептеп анықтайды (IА х ЖТБ).


20

15

10

2,5


Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерилері


Балл бойынша бағалау

Орындау %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

90 – 100 балл

90% – 100%

Үздік

75 – 89 балл

75% - 89%

Жақсы

50-74 балл

50% - 74%

Қанағаттанарлық

49 балл және одан төмен

0% - 49%

Қанағаттанарлықсыз



Студент білімінің пән бойынша бағасын есептеу әдісі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Балл

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

100

үздік


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық


С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Білімін бағалау ҚР ГОСО 5.03.06-2006 негізделген.«Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында білім деңгейінбақылау» 26.08.2006г.

1. Білім алушылардың білімі, меңгеруі, тәжірибелік жұмысы бақылаудың барлық түрі бойынша қарым-қатынасы теңескен әріптік жүйесінің балды-рейтингті бағасымен анықталады.

2. «Үздік» бағасы А әрпімен белгіленеді және 4,0 сандық эквивалентіне, 95-100 пайызға сәйкес және А- 3,67 сандық эквивалентіне, 90-94 пайызға сәйкес Бұл баға, білім алушы материал бағдарламасын меңгерген жағдайда және орындағанда ешқандай қателік жібермегенде, бақылау және тәжірибелік сабақ тапсырмаларын өз уақытында орындап есеп бергенде, үй тапсырмасын орындауда ерекше көзге түссе, коллоквиумдарды өз уақытысында қатесіз тапсырса, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді оқып үйренуде өз еркімен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданғанда, материал бағдарламасын жүйелей білсе қойылады.

3.«Жақсы» бағасы В+ әріпімен белгіленеді, 3,33 сандық эквиваленті және 85-89 пайызға сәйкес. В, 3,0 сандық эквивалентіне және 80-84 пайызға сәйкес; В- 2,67 сандық эквивалентіне және 75-79 пайызға сәйкес Бұл баға студент материал бағдарламасын 75 пайыздан жоғары меңгерсе және жауап бергенде көп қателіктер жібермесе, бақылау және тәжірибелік сабақтар тапсырмасын өз уақытында орындап ескертусіз тапсырса, үй тапсырмасын дұрыс және өз уақытында ескертусіз тапсырса, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттер пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, студенттің өзі түзететіндей қателіктер жіберсе, оқытушының көмегімен материал бағдарламасын жүйелей білсе қойылады.

4. «Қанағаттанарлық» бағасы С+ әрпімен белгіленеді, 2,33 сандық эквиваелентіне және 70-74 пайызға сәйкес. С – 2,0 және 65-69 пайызға сәйкес. С- 1,67 сандық эквивалентіне және 60-64 пайызға сәйкес. Д+ - 1,33 сандық эквивалентіне 55-59 пайызға сәйкес. Д – 1,0 сандық эквивалентіне және 50-54 пайызға сәйкес. Бұл баға студент материал бағдарламасын 50 пайыздан жоғары меңгергенде, бақылау және тәжірибелік сабақ тапсырмасын орындау барысында мұғалімнің көмегі қажет етілсе, коллоквиум тапсырғанда қателіктер жіберілгенде ғылыми-зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпегесе, мұғалім көрсеткен оқулықпен шектелсе, материалды жүйелеуде қиыншылықтар байқалса қойылады.

5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы Ғ әрпімен белгіленеді. 0 сандық эквивалент және 0-49 пайызға сәйкес. Бұл баға студент негізгі материалды және пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген жағдайда, жауап бергенде қателіктер жібергенде, күнделікті тапсырмаларды орындамағанда, аралық және қорытындылау бақылауын, негізгі әдебиеттермен жұмыс жасай алмаған жағдайда қойылады.



Жабдықталуы және қосымшалануы:
Жабдықтар: мультимедиялық проектор, компьютерлер, оқулық-жаттығу кабинеті.

Қосымшалар: CD оқулық, DVD-фильмдер, электронды таситын ақпараттар.ахуалды есептердің комплекті.

2.11. Қосымша


  • Форма №1 пре- және постреквизиттермен келісу протоколы

Келісу дисциплиналары

Материалды өзгерту, айту реті жөнінде ұсыныстар

Кафедралардың протокол нөмерлері мен жиналыс датасы

1

2

3

Пререквизиттер

Акушерлік іс және гинекология

Акушерлік іс және гинекология кафедрасында жатыр мойны денесінің фондық және ісікалды ауруларының жалпы сұрақтары талқыланады

№2 акушерлік іс және и гинекология кафедрасының жиналыс протоколы

«____»___________2012 ж.

Протокол №



Постреквизиттер

Акушерлік іс және гинекологиядан дипломнан кейінгі дайындау

Акушерлік іс және гинекологиядан дипломнан кейінгі дайындау кафедрасында типтік және жұмыс бағдарламасында жатыр мойны мен денесін дифференциалды диагностикасы мен индивидуалды емін терең зерттеуге бағытталған клиникалық зерттеулер, семинар, ғылым- тәжірибелік конференциялар, ойындар жүргізіледі.

№2 акушерлік іс және и гинекология кафедрасының жиналыс протоколы

«____»___________2012 ж.

Протокол №

№ 2 акушерлік іс және гинекология

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Калиева Л.Г.




14 беттің 14беті



жүктеу 285,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау