Тауар нарығындағы тұтынушылардың тәртібі. Нарықты сегменттеу. Тұтынушы Тұтынушы– қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы. Тұтынушылармен жұмыс жасау, яғни сараптау, болжамдау, шын мәнінде оның іс-әрекетін басқару маркетинг саласында қызмет жасайтын, мейлі ол сатушы, не сауда агенті, маркетинг – менеджер, не маркетинг – директор болсын, оның күнделікті кәсіби қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Тұтынушылармен жұмыс жасау, яғни сараптау, болжамдау, шын мәнінде оның іс-әрекетін басқару маркетинг саласында қызмет жасайтын, мейлі ол сатушы, не сауда агенті, маркетинг – менеджер, не маркетинг – директор болсын, оның күнделікті кәсіби қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Тұтынушылардың іс-әрекеті маркетинг бағыттарының бірі.Оның әдісімен зерттеу мен коммерциялық кәсіпорындар үшін ғана, сондай-ақ жалпы мемлекетке қызмет жасауға ықпал етеді.Тұтынушылардың іс-әрекеті – салыстырмалы түрде жас ғылым саласы. «Тұтынушылар іс-әрекеті» пәні экономика, маркетинг және психология пәндерінің ұштасуы негізінде қалыптасқан және бірте-бірте басқа да көптеген білім салаларынан әдістер жиынтығын қамтыған. Тұтынушылардың іс-әрекеті маркетинг бағыттарының бірі.Оның әдісімен зерттеу мен коммерциялық кәсіпорындар үшін ғана, сондай-ақ жалпы мемлекетке қызмет жасауға ықпал етеді.Тұтынушылардың іс-әрекеті – салыстырмалы түрде жас ғылым саласы. «Тұтынушылар іс-әрекеті» пәні экономика, маркетинг және психология пәндерінің ұштасуы негізінде қалыптасқан және бірте-бірте басқа да көптеген білім салаларынан әдістер жиынтығын қамтыған. Тұтынушылық мінез–құлық тек ақша бюджетімен ғана емес,сонымен біргеуақыт бюджетімен де шектеледі.Тұтынушының уақыт бюджеті 3негізгі компоненттен тұрады: - 1 жұмыс;
- 2 иелектегі емес уақыт;
- 3 бос уақыт.
Нарықты сегменттеу. - Нарықтың тартымды сегменттерінде қолайлы өндірістік-коммерциялық жағдайлар, тиімді тарату арналары, пайда мөлшерінің өсетін мүмкіншіліктері және әлсіз бәсеке болуы тиіс. Алайда таңдалған сегменттер іс жүзінде бұл талаптарға әрқашан да сәйкес бола бермейді.
- Тұтынушыларды (нарықты) мінез-құлқы мен сипаттамасы және тұтыну өзгешеліктері негізінде топтарға бөлу процесі нарықты сегменттеу деп аталады.
- Нарықты сегменттеу фирма үшін маңызды стратегиялық іс-әрекет болып табылады. Себебі ол фирманың әрекет ету шеңберін және нарықта табысқа жету үшін қажетті өзгермелілерді анықтауға мүмкіндік береді. Нарықты сегменттеу – маркетинг жөніндегі маман игеруге тиісті шеберлік.
Нарықтық ниша 3 түрлі көзқараста сипатталады: - 1. Фирма үшін жұмыс істеп, пайда алуға қолайлы нарық сегменті;
- 2. екі немесе одан да көп нарық сегменттерінің қақтығысында орналасқан өндірістік қызмет сыйымдылығы жөнінен үлкен емес аймақ;
- 3. өндірістік және коммерциялық іс-әрекет шеңберіндегі бизнестің инновациялық түрі;
- Микросегменттеу негізінде жергілікті (локальный) және жекелей маркетинг іске асады. Жергілікті маркетинг – белгілі бір территориядағы жергілікті тұтынушы топтарға байланысты маркетингтік шараларды өткізу. Жекелей маркетинг – кейбір тұтынушылардың мұқтаждықтары мен талғамдарына орай жасалған маркетингтік бағдарлама мен тауарды ыңғайлау. Оны сонымен қатар бір тұтынушыға арналған маркетинг деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |