108
Жас маманға жәрдем
Бибігүл ЕЛЕУСІЗОВА,
«Мағжан Жұмабаев атындағы
№19 орта мектеп-гимназиясы
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
Талдықорған қаласы.
ЖАңА ТЕХНОЛОГИя
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер
мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша
білімді меңгертумен қатар, оқытуды дараландыруға жағдай
жасау арқылы, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін
ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім
беруге бағытталып отыр.
Мен де өз сабағымда қолданған жаңа технология туралы
айта кетсем деймін. «Қос сөздер» тақырыбын Д.Эльконин
мен В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы»,
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан алынған
үзінді – «Балықшылар» әңгімесін Марал Жанпейісованың
«Модульдік оқыту» технологиясы негізінде, «Ертегілер»,
«Есімшенің сөйлемдегі қызметі» «Одағайды оқыту», т.б.
сабақтарымды сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,
Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту», т.б. жаңа
технология элементтерін қолдану арқылы өткізудемін.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан
алынған «Балықшылар» атты үзінді әңгімені Марал
Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы
бойынша өткіздім. Бұл үзінді әңгіме 3 сағатқа бөлінген.
109
Бөлімі.
Сабақ саны
Әдістер
Модуль мазмұны
Кіріспе.
1-сабақ.
Шолу.
1. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің
өмірі мен шығармашылығы
2. «Балықшылар» әңгімесі
Сөйлесу.
2-сабақ.
Әңгімелеу, түсініктеме.
«Кім тапқыр?» ойыны.
1. Әңгімедегі басты
көріністерді табу
2. Табиғат апатымен арпалыс
3. Түсініксіз сөздермен жұмыс
Қорытынды. 3-сабақ.
Талдау.
«Түсін мені» ойыны.
Шығармашылық
ізденіс.
1. Шығарманың
композициялық элементтері.
2. «Кейіпкер келбеті»
3. а/ Арал тағдыры;
ә/ Табиғат апаттары;
б/ Өнерімен тамсандырған.
3-сабақ қорытындылау болғандықтан «Талдауда»
оқушылар шығарманың композициялық құрылымына
күрделі жоспар құрып, әңгіменің әр бөліміне тақырып
қойды.
«Түсін мені» ойыны оқушыларды сергіту мақсатында
тиімді қолданылды. Әңгімедегі кейіпкер келбетінің есімі
жазылған қағаз топ бастаушысына беріледі, ол топтың
қалған мүшелеріне кейіпкер есімін атамай, оның бойындағы
қасиеттерін сипаттайды. Топ мүшелері әңгімедегі кейіпкер-
дің кім екендігін, іс-әрекетінің қай сәтте бейнеленгенін
әңгімелейді. Ал шығармашылық ізденісте осы шығарма
бойынша түсірілген фильмдегі өнер майталмандары туралы
сөз қозғайды.
«Қос сөздер» тақырыбы бойынша өткізген сабағымда
қолданған жаңа технология «Дамыта оқытудың», СТО-
ның Венн диаграммасы, Инсерт таблицасы арқылы және
«Адасқан қос сөздер», «Сыңарын тап» ойындары арқылы
оқушылардың білімді меңгеруге деген құлшынысы біршама
артты.
«Адасқан қос сөздер» ойыны. Әліпбилік тізбек қатарынан
қайталама қос сөздерді табу.
110
аэбвгтаудежзикқтау
лмнңкөреопрскөрет
«Сыңарын тап» ойыны.
Алуан-...
Жылмың-...
Ет-...
... -қу
...-әдемі
...-жұлт
Венн диаграммасы
Қос сөздер
Ұқсастығы
Біріккен сөздер
Дефис арқылы
жазылады
Күрделі сөздер
Бірігіп жазылады
Осылайша жаңа технология элементтерін қолдана
отырып сабақтарды шығармашылықпен өткізудемін.
Лаура ТӨЛЕУОВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік
университетінің магистрі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
МАҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ
ОҚУ-БІЛІМ
Ахмет Байтұрсынұлы 1912-1915 жылдар аралығында
отыз шақты мақала жазған. 1913 жылы ол «Қазақша оқу
жайынан», «Оқу жайы», «Білім жарысы», «Білім жарысы
хақында», «Орысша оқушылар», «Оқыту жайынан» атты
мақалалар жазды.
Қазақ балаларының болашағы – қазақ мектептерінде.
Әрбір маман иесі өз деңгейінде жұмыс істеуі қажет. Осы
орайда Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын оқытуда
мұғалімдердің екі кемшілігін айқын көрсетті. 1. Қазақ
мұғалімдері түгіл ноғай мұғалімдерінің көбі дыбыс айыру
жағына шорқақ көрінеді. Дыбысты жақсы білмей, балаға
111
дұрыс білім берілмейді. Қазақ тілінде неше дыбыс бар екенін
білмейді және олардың қалай дыбысталатынын ажырата
алмайды. 2. Мұғалімдер оқуды дыбыспен жаттықтыруды
бастамайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды
жеңілдететінін білмеді.
Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазуды
үйретудің негізі, істің басы түзу болса, барысы да түзу
болатынын анықтады.
Мақалада сол кезеңдегі оқудың бірнеше жетістіктері
мен кемшіліктерін дәл көрсетті. Жетістіктері: 1) қазақ
балаларының қазақ мектебінде білім ала бастауы; 2) қазақ
әліпбиі арқылы қазақша білім алуы; 3) сол білім негізінде
бір кәсіпті игеруі; 4) бастауыш мектептердің пайда болуы; 5)
жас мамандардың мұғалім мамандықтарын алуы; 6) қазақша
оқу жайында насихат жүргізіле бастауы.
Кемшіліктері: 1) қазақ мектептерінің өте аз болуы; 2)
бағдарламалардың жасақталмауы; 3) қазақша кітаптардың
жоқтығы; 4) қазақ мектептеріне қарағанда орыс мектеп-
теріне көп көңіл бөлінетіндігі; 5) мұғалімдердің әлі де дайын-
дықтарының төмендігі; 6) арнайы мамандарды даярлайтын
педучилищелердің болмауы.
Ахмет Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Бала оқытуын
жақсы білейін деген адам, әуелі, балаларға үйрететін
нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың
табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек.
Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен
қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың
ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болу керек».
Ғалым бұрын айтқан пікірінен тағы да келтіріп, үдетіп
беру машығынан таймай: «Орысша оқу орыс қолтығында
тұрған жұртқа керек, керек болғанда, қазақша оқығанның
үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе,
орысша білу қажет» деп тағы пысықтай түседі. Мұғалім
Достарыңызбен бөлісу: |