120
тыңдап, сауатты сөйлейді.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: ту, елтаңба,
бәйтерек
суреттері, мәтіндер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеремін. Жұмыс
барысы «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында болады.
II. Қызығушылықты ояту сатысы.
Миға шабуыл стратегиясы. Тәуелсіздіктің қандай
белгілерін білесіңдер?
Оқушылар сұрақтың жауабын А3 форматты қағазға
жазады. Оны тақтаға іліп, оқып шығады.
III. Мағынаны тани білу сатысы.
Блум таксономиясы стратегиясы.
Осы белгілердің ішінен I топқа тудың, II топқа елтаңба-
ның, III топқа «Бәйтеректің» суреті беріледі. Сурет бойынша
мәтін құрайды. Мәтінде негізгі және туынды, дара және
күрделі, сапалық және қатыстық сын есімдер болуы керек.
Жазған мәтіндерін оқып, сын есімдерді тақтаға жазады,
талдайды, дәлелдейді.
Кітаппен жұмыс. 153-жаттығу (жазбаша).
154-жаттығу (ауызша).
Сергіту сәті. «Ойлан, тап» ойыны.
Оқушылар орындарынан тұрып, тақтаға шығады. Олар
жарыса жауап береді.
Оңға оқыса да, солға оқыса да заттың сынын білдіретін
сөзді табыңыз.
Синоним сын есімдерді табыңыз.
Антоним сын есімдерді табыңыз.
Оқушылардан сын есім қатысқан мақал-мәтелдерді
сұраймын. Оқушы назарын интерактивті тақтаға аударып,
берілген мақал-мәтелдердің ішіндегі сын есімдерді
тұлғасына қарай талдайды.
121
1. Туған жердің жуасы да тәтті.
2. Қуаттының қолы ұзын,
Талаптының жолы ұзын.
3. Ел іші – алтын бесік.
4.
Саналы ерде сауап бар,
Санасыз ерде қауіп бар.
5. Жаман жолдас жауға қалдырар.
IV. Ойтолғаныс сатысы.
Оқушылар
«Сүйікті Қазақстаным» тақырыбына
берілген сөздердің көмегімен сын есімдерді қатыстырып,
өлең шумақтарын құрайды.
1...................................
ойладым,
..................................... бойладым.
..................................... мен балаң,
..................................... ойнадым.
2...................................
көркем едің,
..................................... есейгенмін.
..................................... туған елім,
..................................... көркейтемін.
3...................................
жайнаған,
..................................... қайнаған.
..................................... ұлымын,
..................................... ойнаған.
V. Үйге тапсырма: 155-жаттығу.
VI. Бағалау.
122
Роза БЕКМОЛДИНА,
Қарағанды облысының
Ақтоғай ауданындағы
«Айыртас» жалпы білім беретін
орта мектебінің мұғалімі.
НЕГІЗГІ САТЫДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫН
ЖОБАЛАУ
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта
білім беру Тұжырымдамасында «12 жылдық білім берудің
басты мақсаты – өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-
өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті,
шығармашыл білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»
деп нақты көрсетілген. Тұжырымдамада көрсетілгендей,
құзыреттіліктің өзі бір-біріне тәуелсіз бірнеше бөліктен
тұрады.
Тұлға құзыреттілігі: өзінің даралығын сезініп, өзін-
өзі дамыта білуі; өзінің қызметін бағалай білуі; түйткіл
мәселені шешудің ең тиімді жолдарын асыра білуі; өз
әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі; өз бетінше алынған
ақпаратты талдай, таңдай білуі; түрлі өмірлік жағдайларды
пайдаланып, тиімді шешім қабылдай білуі.
Құзыреттілік – білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай
жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге
қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін,
құзырлыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже.
Әдебиет пәні мұғалімі алдындағы шәкіртінің рухани
жетілуіне, әсіресе, сөздік қорының бай болуына, сондай-
ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа
деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды
тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу
бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс
123
атқарғаны абзал.
12 жылдық білім берудегі басымдылық – оқушының
«қоғамдық субъекті» ретіндегі өзінің іс-әрекетін дамытуға
бағытталады да, оның еліміздің әлеуметтік, экономикалық
және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті
тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Білім беру жүйесіндегі құзыреттіліктер жиынтығын
қолдана отырып 7-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша
өткізген сабағымды өз әлімше жобалап отырмын.
Тақырып: Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесінің
сыры мен сипаты.
Дең-
гейі
Проблеманы шешу
құзыреттілігі
Ақпараттық
құзыреттілік
Коммуникатив-
тік құзыреттілік
I
Проблеманы сәй-
кестендіру
Топтар: «Даттаушы»,
«Ақтаушы».
Резолюция
1. Адам – ең саналы
тіршілік иесі.
Шыңғыс
Айтматов
«Жанпида»
Көксерек-
Тасшайнар
Құрмаш-
Бостон
және қарсы
көзқарас-
тағы
кейіпкерлер
Пенделік
түсінік
Рөлдік
ойындар:
Сот,
Ақтаушылар,
Даттаушылар,
Көксерек,
Бүгінгі ауыл
Көксерегі.
Мақал-мәтелдер
пайдалану.
«Қасқырды
қанша асыра-
саң да
орман-
ға қарап ұли-
ды», «Қасқыр
да қас
қылмайды
жолдасына»,
т.б.с.с.
2. Қасқыр да – табиғат-
тың бір бөлшегі.
Критерийі:
1
. Барлығы
адамға
бағынуы керек.
2. Табиғатта барлық
тіршілік иелерінің өмір
сүруге қақысы бар.
Аргументі:
1-топ.
1.
Қасқырды қанша
асырасаң да ұлиды.
2. Малға, адамға қауіпті.
3. Қоғамға қауіпті қас-
қырды аяуға болмайды.
2-топ.
1. Қасқыр – табиғат
еркесі.
2.
Адам мен табиғат
бірлігі.
3. Қасқырдың да өз сезімі
бар, түйсігі, жан айқайы
бар.