«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

100
Өнеге сағаты                                                      
Гүлайым СҰЛТАНГЕРЕЕВА,
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы 
орта білім беретін мектептің мұғалімі.     
                                                      Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы. 
АРДАҚТАЙЫҚ АНАНЫ
(5-сыныпта аналар мейрамына байланысты өткен 
мерекелік шара)
Мақсаты:  оқушыларды  аналарды  ардақтауға  баулу, 
аналарды  балалары  жүрген  ортамен  жақын  таныстыру, 
оқушылардың  анасы  мен  ұстаздарына  мерекелік  тартуы, 
оқушы,  ата-ана,  ұстаз  ынтымақтастығы.  Қатысқандар: 
аналар, оқушылар, ұстаздар.
Жүргізуші: - Қазақтың ұлы ақыны – Абайдың «Адамның 
адамшылығы  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата-ана,  жақсы  құрбы, 
жақсы  ұстаздан  болады»  дегені  қандай  көркемдікпен 
айтылған!  Балаларыңыз  қандай  білім  ордасында  ғылым 
негізін  біліп,  қандай  құрбы  достарының  ортасында  жүр, 
ұстаздардың  қандай  адамдар  екенін    таныту  ретінде  және 
алда  келе  жатқан  мерекелеріңізбен  құттықтау  мақсатымен 
осы сынып сағатына шақырып отырмыз. Қош келдіңіздер!
Хор: «Ана туралы жыр».
Жүргізуші:  -  «Ата-ана  қадірін  білмеген  халық  қадірін 
білмес» деген екен жазушы Ғабиден Мұстафин. Шынында 
да, бізге осы жарық дүниені сыйлаған жан кім? Анамыз! Ал 
сонда ең жақын адамды қадірлей де қастерлей білеміз бе? 
Ризалығымызды күнделікті көрсетіп, білдіріп отырмыз ба? 
Біз  оны  «ой+сөз+іс=анаға»  деген  махаббат  формуласымен 
білдіре  аламыз.  Жақынына  жақсылық  жасай  алмаған 
басқаны  (қоршаған  ортаны,  халқын)  жарылқай  қоймас. 
Өткен  сабақта  балаларыңыз  «Анаға  хат»  атты  шығарма 
жазды, сол жазғандарынан үзінді тыңдаңыздар.
(Оқушылар шығармасынан үзінді оқылады).


101
Ана тақырыбына ән шашу.
Аналар сайысы (ән жалғасын табу).
«Кім болғым келеді келешекте?» ойыны. Ана мен баланың 
байланысын, баласының кім болатынын, болашақта қандай 
мамандықты қалайтынын білу.

Негізгі көмекші сөз
Мектеп, білім
Жақсы маман
1
Аудармашы
2
Қаржыгер
3
Банкир
4
Әскери адам
5
Әнші
6
Жұрналист
7
Полиглот
8
Зерттеуші
9
Биші
10
Жазушы
11
Полиция қызметкері
12
Экономист
13
Инженер
14
Кеден қызметкері
15
Заңгер
16
Технолог
17
Шаштараз
18
Ұшқыш

Мамандық атауы
Ата-ана
Оқушы
Поэзиялық сәлем. Ана тақырыбына өлеңдер оқылады.
Мақал-мәтел жарысы. 
1.  Ананың  сүті  –  бал,  баланың  тілі  –  бал.  2.  Ана  сүтін 
ақтамағанды  ешкім  жақтамайды.  3.  Ердің  анасы  –  елдің 
анасы. 4. Анаға баланың алалығы жоқ. 5.  Ағайын – алтау, ана 
–  біреу.  6.  Ағайынның  алтын  сарайынан  анамның  жыртық 
лашығы  артық.  7.  Ана  жақсылығын  ауырсаң  білерсің.  8. 
Баланың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге. 9. Әке көрген 
оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пішер.  10.  Күннің  шуағы  жылы, 
ананың құшағы жылы.
Еңбек  жеңісі.  Әр  оқушы  анасына  сыйлық  тапсырады. 
Ол балалардың өз қолдарымен жасалған бұйымдары болуы 
қажет. Мақсат: кішкентайынан еңбекке баулу.
Қорытынды сөз.    


102
Сыныптан тыс тәлім
Гүлжәмила ҚАРЖАУБАЙ,
Атырау облысының
Қызылқоға ауданындағы
«Миялы» орта мектебінің
мұғалімі.                                                                               
«ОЛАР ДА БҰЛ ҚАСЫМДЫ БІР 
БАЙҚАСЫН»
(Зияткерлік  олимпиада)
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 
алған  білімдерінің  тиянақтылығын,  Қасым  Аманжоловтың 
өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерінің жүйелілігін 
анықтау.
Түрі:  зияткерлік  олимпиада.  Әдісі:  сұрақ-жауап, 
ізденушілік.  Көрнекілігі:  Қасым  Аманжоловтың  портреті. 
Құрал-жабдығы: интерактивті тақта.
Өткізу барысы.
І. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу; топқа бөлу, 
топ басыларын сайлау; шартын түсіндіру.
І кезең. «Білгіш болсаң – айтып көр».
Әр топ мүшелерінің әрқайсысына жеке сұрақ қойылады. 
Сұраққа  «иә»,  «жоқ»  деп  жауап  беріледі.  1  сұрақ  1  ұпай 
болып есептелінеді.
І топқа:
1.  «У»  дыбысы  дауысты  дыбысқа  жата  ма?  (иә).  2. 
Етістіктен сын есім жасала ма? (иә). 3. Піл көтермегенді тіл 
көтере ме? (иә). 4. Жіктік жалғауына екпін түсе ме? (жоқ). 
5. Қасым Аманжолов Атырау облысында дүниеге келген бе? 
(жоқ). 6. Қасым көркем аударма ісімен айналысқан ба? (иә). 
7.  Қасым  КСРО-Германия  соғысына  қатысқан  ба?  (иә).  8. 


103
Ленинградтағы  орман  шаруашылығы  институтын  бітірген 
бе? (жоқ).
ІІ топқа:
1. Дауыссыз дыбыс жеке тұрып буын құрай ала ма? (жоқ). 
2. Сан есімнен баяндауыш жасала ма? (иә). 3. Көсемшенің 
-ғалы,  -гелі  жұрнақтары  жіктеле  ме?  (жоқ).  4.  Лексика  тіл 
дыбыстарын  зерттей  ме?  (жоқ).  5.  Қасым  Аманжоловтың 
әні бар ма? (иә). 6. Қасым мен Абай кездескен бе? (жоқ). 7. 
Қасымның әншілік, әртістік өнерге бейімі болған ба? (иә). 8. 
Қасым мұғалімдік қызмет атқарған ба? (жоқ).
ІІ кезең. «Жүйрік болсаң – шауып көр».
Сұрақ жалпы топқа қойылады, білетіндері жауап береді.
І топқа:
1.  «Ер  Тарғын»  жырында  кездесетін  жырау    (Сыпыра 
жырау).  2.  Қазақтың  ұлы  педагогы,  ағартушы-ғалым  ( 
Ыбырай  Алтынсарин).  3.Абайдың  қайғысын  ұлғайтып 
көрсететін өлеңдері (Әбдірахман өліміне арнау өлеңдері). 4. 
«Мөлдірім» әнінің авторы, жергілікті сазгер (Қ.Ізекенов). 5. 
Мақалды жалғастыр. «Ел іші – .....» (алтын бесік). 6. Қасым 
Аманжоловтың туған жері (Қарағанды облысы, Қарқаралы 
ауданы, Қызыл ауылы). 7. Ағасы Қасымды қай интернатқа 
орналастырды?  (Семей).  8.  1930  ж.  қай  газетте  жұмыс 
атқарды?  («Лениншіл  жас»).  9.  Тұңғыш  өлеңдер  жинағы 
(«Өмір сыры»). 10. Қай жылы әскер қатарына шақырылды? 
(1941).  11.  Ақынның  бес  бөлімнен  тұратын  ұзақ  толғауы 
(«Елге  хат»).  12.  Лермонтовтан  аударған  драмасы 
(«Маскарад»).  13.  1946  жылы  неше  өлең  жазды?  (26).  14. 
1941-1945  жылдардағы  соғыс  тақырыбына  жазған  ақын 
туралы поэмасы («Ақын өлімі туралы аңыз»). 15. Қасымның 
алғашқы поэмалары («Құпия қыз», «Бикеш»).
ІІ топқа:
1.  «Қарға  бойлы»  атанған  жырау  (Қазтуған).  2. 
Жеріміздегі Исатай Тайманұлының 220 жылдығы тойланған 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау