«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет28/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

104
жер (Тайман жалы). 3. «Мен қазақпын» деп жар салған ақын 
(Ж.Молдағалиев). 4. «Мыңмен жалғыз алысқан қай ақын»? 
(Абай).  5.  Абайдың  неше  қара  сөзі  бар?  (45).  6.  Қасым 
Аманжоловтың  туған  жылы  (1911).  7.  1935-1936  жылдары 
қай  қалада  театрда  қызмет  етті?  (Орал).  8.  Жұрттың  көбі 
жатқа  білетін  толғауы  («Өзім  туралы»).  9.  Пушкиннен 
аударған поэмасы («Полтава»). 10. Қасым қандай музыкалық 
аспаптарда  ойнай  білген?  (домбыра,мандолина).  11.  Ақын 
«Василий  Теркинді»  кімнен  аударды?  (А.Твардовский). 
12.  «Таңдамалы  шығармалары»  қай  жылы  жарық  көрді? 
(1952).  13.  Әбділда  Тәжібаевтың    ақын  еңбегін  бағалаған 
мақаласының атауы (Дауылды жырлар). 14. Мал дәрігерлік 
техникумды қайда оқыды? (Семей). 15. Орал қаласында қай 
газетте қызмет атқарады? («Екпінді құрылыс»).
ІІІ кезең. «Бәйгеге барар жолда».
Топ  басыларына  сұрақ  қойылады  және  кілтті  сөздер 
беріледі.  Егер  топ  басшысы  жауап  бере  алмаса,  келесі  топ 
басшысына  мүмкіндік  беріледі.  1  сұрақ  10  ұпай  болып 
есептеледі. 
1. Қасымның ерлік өмірдің ғажайып жасампаз қуат- күші 
бар өзіндік әлем екенін суреттеген поэмасы. Кілтті сөздер: 
Қиыр  Шығыс,  ақын,  аңыз.  Жауабы:  «Ақын  өлімі  туралы 
аңыз».
2.  Ақынның  философиялық  пайымдау  мен  эстетикалық  
мұратының  ерекшелігін  көрсететін  өлеңі.  Кілтті  сөздер: 
табиғат, шың, күнге табыну. Жауабы: «Хантәңірі».
3. Заман шындығын, лирикалық кейіпкердің тебіренісін 
бейнелейтін, «Арманым бар ма, өлсем бір көріп, қайда екен, 
қайда,  ......?»  деген  жолдар  кездесетін  әні.  Кілтті  сөздер: 
майдан,  жас  көңіл,  көрсетпей  жүзін,  естіртпей  сөзін,  қыз. 
Жауабы: «Дариға, сол қыз».
4.  Ақынның  өз  өмір  жолын  ой  елегінен  өткізуі,  өз 
табиғатын тануға және танытуға деген талпынысы, алдағы 


105
   
   
 
болашақ күнге деген үміті суреттелетін өлеңі. Кілтті сөздер: 
Қасым, жүз ойлану, мың толғану. Жауабы: «Өзім туралы».
(Екі топтан екі оқушы «Өзім туралы» және «Дариға, сол 
қыз» әндерін орындады.) 
Қорытындылау.  Топтардың  берген  жауаптарының 
ұпай  санына  қарап  жеңімпаз  топты  және  жақсы  қатысқан 
жекелеген топ мүшелерін марапаттау.  
Арайлым ИБРАЕВА,
«Қарасу» жалпы орта білім
беретін мектебінің мұғалімі.
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы,
«Бесқауға» ауылы.
ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТАЛАНТ
Мақсаты:  ақиық  ақынның  өмірінен  мағлұмат, 
өлеңдерімен  таныстыру,  Мұқағали  Мақатаев  поэзиясының 
халыққа  кең  таралуының  және  оның  өлеңдерінің  сыры 
неде екенін таныту, ақын шығармалары арқылы шындыққа, 
адалдыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Балалар екі топқа бөлінеді: «Аманат», «Мұрагер».
Сайыс бөлімдері.
І. «Поэзия минуты» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)
ІІ.  «Мұқағали  әлемі»  (Мұқағали  өмірінен  естеліктер 
оқу)
ІІІ. «Білгенге – маржан» (Сұрақтарға жауап беру)
IV.  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар»  (Ақынның  әндерін 
орындау).


106
V. Қызықты тапсырмалар.
VI.  «Ақынға арнау» (Оқушылар шығармашылығы).
Мұғалімнің кіріспе сөзді айтуы. 
Сайыс 
салтанаты 
ақынның 
сөзіне 
жазылған  
«Саржайлауым» әнімен ашылады.
1-жүргізуші: - Бүгінгі «Тау тұлғалы талант» атты әдеби-
сазды  поэзия  сайысымызда  мектептің  5-10-сыныптарының 
оқушылары «Мұрагер» және «Аманат» атты екі  топ болып  
өз  шығармашылығы  мен  ынта-жігерлерін  танытпақшы. 
Ендеше,  сөз  кезегі  өздеріңізде,  алдымен  топ  басшылары 
өздері  дайындаған  ұрандарымен таныстырып өтсін. 
2-жүргізуші: - Өлең – өнер! Оны туа біткен дарын иесі, 
шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына 
орап ақ қағазға түсіреді.
Ақынның өлеңдері талай болашақтарға көшеді. Ендеше, 
сол жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдарына құлақ 
салайық: «Поэзия минуты».
1-жүргізуші:  -  Қазақ  поэзиясының  аспанында  ерекше 
нұрланып, жанып, жарқырап өткен біртуар ақын Мұқағали 
Мақатаев  бүгінгі  күнде  81  жасқа  толатын  еді.  Құдіретті 
поэзияның тас қалаушысы атанған Мұқағали Мақатаевтың 
туған күнін неге тойламасқа? 
Сайысымыздың келесі ІІ бөлімі «Мұқағали әлемі» деп 
аталады. Топ мүшелері ақын өмірі жайлы естеліктер айтады.
Ән.  «Есіңе  мені  алғайсың».  Орындайтын:  Манархан 
Раушан.       
2-жүргізуші: - Келесі ІІІ бөлім: «Білгенге – маржан.
1. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 2. Тұңғыш 
өлеңдер  жинағы  қай  жылы  шықты?  («Ильич»,  1964).  3. 
Ақынның азан шақырып қойған толық аты. 4. Ақынның жары 
кім? 5. Ақынның үш бақытын ата. (Халқы, Тілі, Отаны). 6. 
Ақын неше жасында өмірден өтті? 7. Ақынның композитор 
досы кім? (Нұрғиса Тілендиев). 8. Ақынның ауылдас досы 


107
кім?  (Әбдіке Асанов, 10 жыл бірге оқыған).
1-жүргізуші: - Мұқағали ақынның поэзиясы бүгінде әнге 
айналды.  Оның  сөзіне  жазылған  әндер  қаншама.  Әндері 
халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы  мен қайғысын 
бөлісетін жан серігіне айналды. 
Сайысымыздың келесі ІV бөлімінде әнге кезекті берейік. 
Әр топ ақынның өлеңіне жазылған екі-үш әнді орындайды.  
2-жүргізуші:  -  Келесі  V  бөлім  «Қызықты  тапсырма-
лар» деп аталады. Мына конверт  ішіне түрлі  тапсырмалар 
жасырылған.  Сол  тапсырмаларға  жылдамдық  танытып 
жауап беру керек.
1-тапсырма. Мұқағали Мақатаев кім? (ойтолғау)
2-тапсырма Ән жазылған өлеңдерін ата («Сәби болғым 
келеді»,  «Дариға,  домбырамды  берші  маған»,  «Сүйікті 
мектебім», «Қаздар қайтып барады», «Наурыз айы туғанда», 
«Фариза,  Фаризажан,  Фариза  қыз»,  «Отыздан  асып 
барамын», «Күрең күз», т.б).
3-тапсырма.  «Өмір  –  өзен»  кітабы  қай  жылы,  қайда 
жарық көрді? Мұқағали қай жылы, қайда қайтыс болды?
4-тапсырма.  Ғасырлар  тоғысында  Мұқағали  ақынға 
қандай атақ берілді? 
VІ бөлімде өмірден от болып өткен жалынды ақынға әр 
топ өз арнау өлеңдерін оқиды. 
МҰҚАҒАЛИ
               Көп көрсе де өмірді жолы бұлтақ,
               Көп кешсе де тірлікті күні бұрқақ,
               Мұқағали ақындай тау тұлғалы
               Азаматқа еліктеп өсер ұрпақ!
   
   
 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау