46
Жинақтау. Ертегіден мен не үйрендім? (бір сөзбен
түйіндеу)
Дыбыстар сөйлейді.
Т – ... О – ... Л – ... А – ... Ғ – ... А – ... Й - ...
Қорытынды. Атадан
жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атадан асыл ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Үйге тапсырма: 1) әдеби ертегінің мазмұнын баяндау;
2) өзіне ұнаған жерден үзінді жаттау; 3) мәтіндегі тұрақты
сөз тіркестері мен синонимдерді теріп жазу.
Нұрсұлу ИБРАГИМОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысының
Түлкібас ауданындағы
«Алғабас» жалпы орта мектебінің
мұғалімі.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ.
«ШЕШЕНІң БАЛАЛАРЫН СҮюІ»
Сабақтың мақсаты: білімділік – Міржақыптың
«Қирағат» жинағына енген «Шешенің балаларын сүюі» атты
өлеңінің мағынасын ұғындыру;
тәрбиелік – адамгершілікке,
имандылыққа, ата-ананы құрметтеуге, ұлттық салт-
дәстүрлерді сақтауға, елжандылыққа баулу;
дамытушылық
– оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қаблеттерін арттыру,
ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тест,
топтастыру, салыстыру, болжау.
Көрнекілігі: электрондық
47
оқулықтар, бүктеме, таблицалар, кітап көрмесі.
Сабақтың барысы.
Үй тапсырмасы тест әдісі бойынша сұралады.
1. Міржақып Дулатұлы қай облыста дүниеге келген?
а) Семей облысы; ә)
Талдықорған облысы;
б) Оңтүстік Қазақстан облысы; г) Торғай облысы.
2. Міржақып қандай оқу орнында оқыған?
a) Орынбор рабфагінде;
ә) Торғай қаласындағы
орыс-қазақ мектебінде;
б) Петербург артеллерия училищесінде;
в) Ахмет-Риза медресесінде.
3. Сол кезеңдегі қазақ оқығандарының бас қосатын
орны қай жер болды?
а) Алматы; ә) Торғай; б) Омбы; в) Орынбор.
4. Омбыда ол кіммен танысады?
а) Шәкәрім; ә) Ахмет Байтұрсынұлы;
б)
Мағжан Жұмабаев; в) Жүсіпбек Аймауытов.
5. Міржақыптың «Жастарға» деп аталатын өлеңі қай
газетте басылды?
а) «Түркістан уалаятының газеті»;
ә) «Дала уалаятының газеті»;
б) «Серке» газеті;
в) «Айқап» жұрналы.
6. 1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш
кітап:
а) «Терме», «Азамат», «Жұмбақ»;
ә) Абайдың өлеңдер жинағы, «Қырық мысал», «Оян,
қазақ!»;
б) «Домбыра», «Қорамсақ», «Көкпар»;
в) «Алтын құс», «Алмас қылыш», «Көшпенділер».
7. Міржақыптың қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше
орны қандай?
а) Публицистикалық жанрдың негізін салды;
49
Идея. Идея тақырыппен тығыз байланысты. Бұл өлеңнің
идеясы – ананы сүю, балаға ана қадірін ұқтыру.
Өлеңнің құрылысы. Өлең 4 шумақ,16 тармақтан тұрады.
Қара өлең ұйқасымен (а, а, б, а) жазылған.
Көркемдік ерекшелігі. Өлеңде көркемдегіш құралдардан
эпитет, тұрақты тіркестер қолданылған. Эпитет қазақша
«қосалқы» деген ұғымды білдіреді. Ол заттың, құбылыстың,
ұғымның белгілі бір қасиеті мен сапасын екінші бір ұғым
арқылы бейнелейтін, түсіндіретін, анықтайтын сөз, яғни
эпитет белгілі бір қасиет пен сапаны анықталатын сөзбен
тіркесіп қана анықтайды. Өлеңдегі эпитеттер:
сорлы ана,
байғұс ана. Тұрақты тіркестер:
төбесі көкке жету (қуану);
түн ұйқысын төрт бөлу (ұйықтамау). Өлең сұрақ-жауап
үлгісінде жазылған, яғни, сұраулы, хабарлы сөйлемдерден
құралған.
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңіне талдау
Тақырыбы
–
Ананың балаға деген махаббаты.
Идеясы
–
Ананы сүю, құрметтеу.
Әдеби жанры
–
Поэзия.
Көркемдік ерекшелігі
–
Эпитет, тұрақты тіркестер.
Өлеңнің құрылысы
–
11 буынды,4 шумақ, 16 тармақ,
қара өлең
ұйқасымен жазылған.
Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым, жұмсақ мінезді
болған екен. Алайда той-думандарда жан тебірентер әсем
дауысы атақты әншілердің өзін таңқалдырған. Ал, әкесі
ұста болған. Міржақып өзінің өнерлі анасынан екі жасында
айырылған. Өлеңде ақынның анасына деген ұлы махаббаты
жатқандығы анық.
Сөзжұмбақ. «Аналар»
1. Адам атаның қасындағы ана.
2. Шоқанның әжесі.
3. Толағайдың анасы.
4. Абайдың анасы.