Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен -жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесу өтетін орын мен уақыты: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.
1.«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, қаржылық – экономикалық секторының бас маман - бас есепшісі, (Е-R-4 санаты), индексі - 89-19-09; 1 - бірлік.
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 73289 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары экономикалық немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері: Сектор бөліміне жүктелген бухгалтерлік есепті жүргізу жұмысын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі бекіткен нұсқаулар мен нормативтік актілерге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп шот пен барлық пайда болатын шаруашылық операцияларды көрсету және бақылау жүргізу; Жыл басынан барлық кезеңдерде бюджеттік міндеттемелер мен төлемдер бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарын толық құрастыру; Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттардың жоспарлы бөлу және шығындандыру, оларға тұрақты бақылау жасау; Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржының ашылуы туралы қалалық қаржы бөлімімен және Қазынашылық департаментімен бірлесіп тұрақты жұмыс істеу. Өз бағыттарымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және дер кезінде жүргізу. Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу жүзеге асырады.
Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
_________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |