«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет10/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36

33
№4. 
1. Синонимдер.
2. Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
3. Абырой, бірлік сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
№5. 
1. Антонимдер.
2. Сан есімнің мағыналық түрлері.
3. Сыбаға сөзіне фонетикалық талдау жаса.
№6. 
1. Табу.
2. Есімдік, есімдіктің түрлері.
3. Асты сызылған сөздерді құрамына ажырат. Балаларға 
ата-бабаларының  қалай  өмір  сүргенін,  қандай  өсиет 
қалдырғанын айтып беремін.
№7. 
1. Эвфемизмдер.
2. Етістік. Естістіктің құрамына қарай бөлінуі.
3. Асты сызылған сөздерді буын түрлеріне қарай ажырат. 
Тіршіліктің  ішкі-сыртқы  жағдайларын  жақсартуға 
талпыну – адам болмысына тән нәрсе.
№8. 
1. Дисфемизмдер.
2. Сабақты және салт етістіктер.
3. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда. Баянауылға біз күн 
түске тармаса жеттік.
№9. 
1. Фонетика. Тіл дыбыстары.
2. Етістер, түрлері.
3.  Берілген  сөздердегі  дауысты  дыбыстарды  тауып, 
түрлеріне ажырат: әдебиет, көрік, асыл.
№10. 
1. Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар.
2. Есімше, есімшенің жасалуы.


34
3. Даналық, батыр сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
№11. 
1. Ашық және қысаң дауыстылар.
2. Көсемше, көсемшенің жасалуы.
3.  Сөйлемге  морфологиялық  талдау  жаса.    Егіншілер 
ертеңгі астан кейін аттануға жиналып жатқанда радио 
саңқ етті.
№12. 1. Еріндік және езулік дауыстылар.
2. Үстеу, мағыналық түрлері.
3. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда. Көшелерде электр 
шамдары жарқ-жұрқ етіп, күндізгідей жап-жарық болып 
тұрады.
№13. 1. Дауыссыз дыбыстар, дауыссыздардың түрлері.
2. Үстеу, құрамдық түрлері.
3.  Берілген  сөздердегі  дауыссыз  дыбыстарды  тауып, 
түрлеріне ажырат: жұмбақ, қарлығаш, текемет.
№14. 1. Буын, буынның түрлері.
2. Еліктеу сөздер, түрлері.
3. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса: сынып, өсиет, 
уақыт.
№15. 1. Үндестік заңы. Буын үндестігі.
2. Одағай, одағайдың түрлері.
3.  Мына  сөздерге  дыбыстық  талдау  жаса:  қуаныш, 
жақсылық.
№16. 1. Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.
2. Шылау, шылаудың түрлері.
3.  Сөздерді  буын  түрлеріне  ажырат:  еңбек,  толқын, 
мақсат.
№17. 1. Екпін, екпіннің түрлері.
2.  Зат есімнің түрленуі.
3. Сөйлемдегі сөздерді сөз табына талда. Мөлдір шық күн 
көзіне күмісше жылтырайды.


35
№18. 
1. Тұрақты тіркестер.
2. Етістіктің шақтары. Осы шақ.
3.  Дауысты  дыбыстарды  тауып,  түрлеріне  ажырат: 
қасиет, көмір, ұғымтал.
№19. 1. Көнерген сөздер. Тарихи және архаизм сөздер.
2. Етістіктің шақтары. Келер шақ түрлері.
3. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса : еріншек, сәуле, 
байлық.
№20. 1. Неологизмдер.
2. Өткен шақ түрлері.
3.  Сөйлемді  сөйлем  мүшесіне  талда.  Алшынбай  ауылы 
теңіздей теңселген Шұбаркөлді жағалай қонды.
№21. 1. Кәсіби сөздер мен термин сөздер.
2. Етістіктің райлары. Ашық рай.
3.  Асты  сызылған  сөздерді  буынға  бөліп,  түрлеріне 
ажырат. Бөлменің бір қабырғасында қазақша оюлы тұскиіз 
тұр. 
№22. 1. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің түрленуі.
2. Сөздердің байланысу тәсілдері.
3.  Дауыссыз  дыбыстарды  тауып,  түрлеріне  ажырат: 
қабілет, бостандық, шәкірт.
№23. 1. Орфография мен орфоэпия.
2. Сөздердің байланысу түрлері.
3. Өнерлі, талапты сөздеріне фонетикалық талдау жаса.
№24. 1. Диалект сөздер.
2. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің түрлері.
3. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса. Жұмыстан соң 
олар табиғат аясында демалды.
№25. 1. Дара сөздер мен күрделі сөздер. 
2. Сөз тіркесінің құрылысы. Матасу.
3. Сөйлемдегі сөздерді сөз табына талда. Ол жолда ешбір 
ауылға соқпас, жалпақ дөңнің үстімен ауылға тура тартар.


36
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Галина КӘРМЕНОВА, 
                        Семей қаласындағы 
№3 орта мектеп-кешенінің 
мұғалімі.
СҰЛТАНМАХМҰТТЫң ӨМІРІ   
МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Сұлтанмахмұттың 
өмірі мен шығармашылығына тоқталу, балалық шағы, білім 
алу жолдары, қызметі, алдына қойған мақсатқа жету жолын 
оқып үйрену; дамытушылық – ақын шығармалары арқылы 
әдеби-теориялық  білімдерін,  өзіндік  ой-пікірін  жүйелі 
жеткізуін, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту; тәрбиелік 
– оқушыларды ұлттық патриотизмге, оқу-білімнің маңызын 
түсіне білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.
Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Әдіс-тәсілдері:  талдау, 
сұрақ-жауап,  әңгімелеу,  түсіндіру,  тест,  хронологиялық 
кесте. Көрнекілігі: Сұлтанмахмұттың шығармалар жинағы, 
кесте,  хат,  диалог-жұрнал,  тест  сұрақтары,  нақыл  сөздер 
жазылған плакат, кеспе кәртішке.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру (амандасу, түгелдеу).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. 
- Балалар, біздің бүгінгі, ертеңгі, болашақтағы мақсаты-
мыз не? (Оқу оқып, білім алу). Ал сабағымыздың мақсатында 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір мен шығармасын оқып 
үйренуді екі кезеңге бөліп қарастырамыз. 


37
І. «Өмірін өнер-білімге арнаған жас өрен». Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың  өмірін хронологиялық кесте бойынша оқып 
үйренеміз (1893-1920ж.)
Жылдары 
Болған оқиғалар
1893 жылы
28 қазан
Омбы уезі, Шағырай болысының Қарауыл Шабар ауы-
лы, қазіргі Көкшетау облысының «Қызылту» ауданы. 
6 жасында
Әкесінен хат танып, молдалардан сабақ алады.  
1902-1903 ж. Әлі, Тортай, Мұқан молдалардан оқиды.  Мұқан араб, 
парсы тіліндегі өлеңдерді қазақшаға аударған.
1906-1907 ж. Сұлтанмахмұт  Мұқан  молдаға  еліктеп  13  жасында 
өлең жазады. «Секілді өмір қысқа жарты тұтам».   
1908-1910 ж.
Баянауыл
Молда үйінде жатып Әбдірахман медресесінде оқиды. 
Өлең  атаулыға  жаны  қас  молда  «Өлең  жазсаң,  теріс 
батамды  беремін»  деп  қорқытып,  малай  есебінде 
ұстайды.  Молда  қаталдығына  шыдамай  оқуды  тастап 
кетеді.
1911-1912 ж.  Көрші  ауыл  Нұрғали  Бекбауов  деген  жаңаша  оқыған, 
қазақ-татар  тілдерінде  шығатын  газет-жұрнал,  пән 
әдебиеттерін оқып тұратын кісіні молдалыққа жалдай-
ды. Бала ақын қазақ-татар тіліндегі әдебиеттермен та-
нысып, таланты оянып, дүниенің мәнін, заман жайын 
ұғына бастайды. 
Өлеңдері: 
«Дін»,  «Сарыбас»,  «Соқыр  сопы»,  «Оқу»,  «Кезек 
қашан келеді?». Ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасын, 
өнер-білімнің    пайдасы,  дін,  байлық,  кедейлік,  еңбек 
жайында толғанады.
1912 ж. 
қыркүйек
Троицк. «Ахун Рахманқұли» деген татар медресесінде 
оқиды. Бір қыс оқыған соң денсаулығына байланысты 
шығып қалады.
«Іздегенім  табылды,  халқыма  күн  болам»  деген 
ақынның  судай  тасыған  көңілі  сап  тыйылып,  жазда 
Троицк маңына бала оқытуға кетеді. 
Осы кезде
1913-1914 ж.
«Ауырмай есімнен жаңылғаным» деген әңгіме жазады. 
Троицк. «Айқап» жұрналы шығып тұратын. Соған хат-
шы болып орналасады. Ойы толысып, шабыты тасып, 
өлең, әңгіме, мақала жазған кезі.  «Қамар сұлу» рома-
нын, «Өлең, ән айтушылар», «Қазақ тілінде оқу оқыту 
қалай?» деген мақалаларын жазады. 
1914 ж. жаз
Ізденіп оқу үшін әрі тура айтар өрлігінен редакциядан 
кетуге тура келеді.


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау