«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет16/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

58
-  Ендеше,  тақтаға  назар  аударайық.  Ақынның  портреті 
шығармалар жинағы көрсетіледі (слайд түрінде).
Мағынаны ашу. Бүгін біздің өтетін жаңа сабағымыздың 
тақырыбы:  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасы  (соғыс 
тақырыбына  арналған).  Біздің  мақсатымыз  –  поэмаға  жан-
жақты талдау жасау. 
Интерактивті тақта: Алғашқы аты: Абдолла (1943 ж.). 
Кейіпкері: ақын Абдолла Жұмағалиев. Жанры: поэма. 
Ақын-жазушылар пікірлері:
«Ақынның  соғыс  тақырыбына  жазылған  шығарма-
ларының  ішінде  ең  шоқтығы  биігі  –  «Абдолла».  Бұл  – 
батырдың қанымен жазылған, әр сөзі оқ болып атылған, от 
болып шашылып тұрған оптимистік трагедия».    
                                                           Әбділда Тәжібаев.
«Қасымның бұл поэмасынан қанды майданда жараланған 
жолбарыстай жау отымен жағаласқан өрт жанарлы жауынгер 
бейнесін  көреміз...  Поэма  оқушыны  тартып,  кейіпкерге 
ыстық  сезім  тудыратын,  ерлік  істеріне  сүйсіндіретін 
шығарма». Қалижан Бекхожин.
Ақын  бұл  поэмада  II  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  адам 
қасіреті мен қасиетін сұрапыл серпінмен жазған. Майданда 
қапылыста  мерт  болған  досы  Абдолла  Жұмағалиевке 
арнаған.
Қан  майданда  өмір  мен  өлім  бетпе-бет  келіп  тұрған      
шақта  ақындық  тебіренісі  терең  суреттеледі.  Соғыста 
мерт  болған  мәрт  батырдың  қазасы  ерекше  шабытпен 
бейнеленген.  Аяулы  досқа  деген  махаббаты,  орны  толмас 
өкініш  сезімі  тебіреніске  ұласып,  философия  тұрғысынан 
қарауға серпін берген. 
Үнтаспадан поэманың үш шумағы тыңдалады, әрі қарай 
поэманы оқушылар мәнерлеп оқиды.
Сөздікпен жұмыс слайд түрінде көрсетіледі.
Нұх – пайғамбар аты. Прометей – от құдайы.


59
Қызойнақ – жастардың бас қосқан ойыны. 
Гүрзі – соғыс қаруының аты. 
І  топтың  тапсырмасы:  поэманың  композициялық 
құрылысы
Оқиғаның басталуы.
Жекпе-жек кеп өмір, өлім 
Соққыласып жатқан жоқ па?
Оқиғаның байланысы.
Өр кеудесін етіп қалқан 
Сол баяғы жатыр бір жас.
Оқиғаның дамуы.
Күллі әлемнің ашу-кегі
Орна менің кеудеме кеп!
Оқиғаның шиеленісуі.
Қысты келіп жан-жағынан 
Темір торлы жау құрсауы.
Оқиғаның шарықтау шегі. Кідірді ер, оқ таусылып,
Автоматы ең соңғы рет, 
Алды демін, тынды сұлық...
Оқиғаның шешімі.
Жалт етті ту, жалт берді өмір.
ІІ топтың тапсырмасы: Абдоллаға мінездеме
     талантты            ақын          қайсар       жауынгер
                                                                                                        
     кекшіл                                                            адал
                              отаншыл      батыл      
ІІІ  топтың  тапсырмасы:  поэмадағы  көркемдегіш 
құралдарға талдау.
Теңеулер:  ұшқандай  ет  құс  боп  көкке,  қойылғандай 
болды  сол  от  динамиттің  пілтесіне,  айдаһардай  көтерді 
бас,  естігендей  тозақ  күйін,  жараланған  жолбарыстай,  т.б. 
Метафора:  Қанды  пышақ  –  жау  күлкісі.  Анафора:  Осы-
ақ  болды  келген  қолдан.  Осы-ақ  болды-ау,  әттең,  шіркін! 
Эпитет:  аударды  бір  отты  көзін.  Кекті  зіл,  қорғасын  бұлт.
 
Абдоллаға 
мінездеме 


60
   
   
 
азаланып жетті дауыл.
ББҮ әдісі слайд түрінде көрсетіледі (әр оқушы дәптеріне 
орындайды).
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Жастайынан жетім 
қалғандығын, бірнеше 
өлеңдерінің тақырыбы 
туған жерге, Отанды 
сүюге, құрметтеуге 
арналғандығын 
білемін. «Ақын өлімі 
туралы аңыз» поэмасы 
Абдолла Жұмағалиев 
туралы екендігін 
білемін.
 Ақын Абдолла
Жұмағалиев 
пен Қасым 
Аманжоловтың 
достығы туралы 
терең білгім келеді. 
Ақындардың қазіргі 
таңда ұрпақтары 
қалай жалғасуда, 
соны білгім келеді.
Абдолла секілді ба-
тырды елі әрқашан 
құрметтейді. 
Ерлігі ешқашан 
да ұмытылмайды. 
Абдолла секілді 
ержүрек, батыл 
қайтпас, қайсар 
болуды үйрендім.
Ойтолғаныс: слайд түрінде.
Бекіту.  Поэма  апофеозбен  аяқталады.  Апофеоз  –  ақын 
өліміне қайғыру, батырға деген сүйіспеншілік.
Үйге  тапсырма:  поэманы  оқу,  үзінді  жаттау,  Абдолла 
Жұмағалиев туралы мәліметтер жинау, рафт жазу.
Бағалау. Оқушыларға тиісті баға қойылады.
р/с
Оқушы-
ның аты
Өзін-өзі 
бағалау
Топ 
басшысының 
бағасы
Мұғалімнің 
бағасы
Қорытынды
 баға
1
2
3
4
5


61
Айнұр НАУРЫЗОВА,
Жәңгір хан атындағы жалпы білім 
беретін орта мектептің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкейордасы ауданы.
АБАЙДЫң ӘБДІРАХМАНҒА 
АРНАҒАН ӨЛЕңДЕРІ
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Абайдың  Әбішке 
арналған  өлеңдерінің  идеясы  мен  тақырыбын,  көркемдік 
тілін,  мазмұнын  меңгерту;  тәрбиелік  –  өлең  арқылы 
оқушыларды  адалдыққа,  адамгершілікке,  әке  мен  бала 
арасындағы  шынайы  махаббатқа  тәрбиелеу;  дамытушы-
лық  –  оқушылардың  лирикалық  шығармаларды  талдау 
дағдыларын, тіл байлықтарын дамыту.
Түрі: практикалық сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, 
талдау, саралау. Көрнекілігі: интерактивті тақта, Әбіш,Абай 
портреттері,  үйлестірме  қағаздар.  Қосымша  әдебиеттер: 
«Абай жолы» романы бойынша «Қарашығын», «Өкініште», 
«Қапыда»  тараулары,  «Абай»  энциклопедиясы,  Жамбыл, 
«Алғадай туралы ойлар». Әдістемелік әдебиеттер: Қанипа 
Бітібаева. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Әдебиетті оқыту 
технологиясы».
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
(Әбіш туралы тың мәліметтері игеру үшін үйге берілген 
«Абай  жолы»  романы  бойынша  оқушыларға  сұрақтар 
беріледі).
1.  Романда  Әбіштің  портреті  қалай  берілген?  Тауып 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау