«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет9/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36

29
Жанна ҚАБИҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан облысының
Қаратөбе ауданындағы
«Шөптікөл» жалпы орта білім
беретін мектебінің мұғалімі.
                           ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР                                                                                                                                           
                          ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
                          (6-сынып)
Сабақтың    мақсаты:    білімдік  –  еліктеу  сөздердің 
мағыналық  ерекшелігін  таныту,    білім,  білік  дағдыларын 
қалыптастыру;  тәрбиелік  –  сөздерді  байланыстырып  сөй-
леуге  жаттықтыру,  сергектікке,  жинақылыққа,  еңбексүйгіш 
болуға  тәрбиелеу;  дамытушылық  –  логикалық  ойлау 
қабілетін,  лексикалық  сөздік  қорын,  сөйлеу  мәдениетін 
дамыту.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой қорыту. 
Көрнекілігі:    кесте,  үнтаспа,  “Еліктеу”  сөзжұмбағы. 
Пәнаралық байланыс:  музыка, әдебиет.   
Сабақтың барысы.  
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау /сұрақ-жауап арқылы тексеру/     
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?  
- Біз қандай сөз таптарымен таныстық?
III. Жаңа сабақ.
-  Бүгін  біз  тағы  бір  сөз  табымен  таныс  боламыз.    Бұл 
сөз  табы  –  заттар  мен  құбылыстардың  сыртқы  түріне, 
дыбыстарына,  қимыл-әрекеттеріне  еліктеумен  байланысты 
шыққан сөздер. Түсіну үшін мына кестеге назар аударайық   
/Кестені пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру/.
-  Балалар,  бұл  мысалдардағы  қарқ,  тарс,  шаң-шұң, 
қылтың-сылтың,  сырт-сырт  деген  сөздер  айналадағы 


30
заттар  мен  құбылыстардың  дыбыстарына,  сыртқы  түріне, 
қимыл-әрекеттеріне  еліктеуден  туған.  Сондықтан  мұндай 
сөздерді еліктеу сөздер деп атайды.  
Енді осы еліктеу сөздердің басты белгілеріне тоқталайық.  
1.  Барлық  басқа  сөз  таптары  сияқты  еліктеу  сөздер  де 
құрамына  қарай  дара  -----------  күрделі    болып  бөлінеді              
/кесте бойынша түсіндіру/.
2. Мағынасына қарай  еліктеуіш ------------- бейнелеуіш 
болып бөлінеді.
3.  Көбіне  көмекші  етістіктермен  тіркесіп,  қайталанып, 
қосарланып келіп отырады: сарт етті, саңқ-саңқ ете қалды.
IV. Оқулықтағы берілген жаттығуларды орындату.
V.  Үнтаспадан    Нұрғиса  Тілендиевтің  “Аққу”  күйін 
тыңдату. 
-  Аққудың  үні  мен  қимылын  күй  ырғағымен  қалай 
жеткізген, сөзбен қалай айтып жеткізуге болады?
VI. Үнтаспа арқылы өлеңдерден үзінділер оқылады, тың-
дату. Өлеңдердегі еліктеу сөздерді естіп тауып, оң қолдарын 
көтеріп үлгеруі керек.
1. Көбелек келіп көлп етті,
    Көбігін ішіп ол кетті.
    Жапалақ келіп жалп етті,
    Жартысын ішіп ол кетті.
    Қарға келіп қаңқ етті,
    Қалғанын ішіп ол кетті.
    Сауысқан келіп саңқ етті,
    Сарқып ішіп ол кетті.
2. Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң,
    Кімді көрсең мен сонан.
    Болмасын кекшіл, болсайшы көпшіл,
    Жан аямай кәсіп қыл.
    Орынсыз ыржаң, болымсыз қылжаң
    Бола ма дәулет, нәсіп бұл? 


31
3. Шыр-шыр еткен торғайды 
    Қорғамасаң болмайды.
    Кіп-кішкене торғай да 
    Балапанын қорғайды.
4. Бақа, бақа, бақ-бақ,
    Басың неге жалпақ?
    Көзің неге тостақ?
    Бұтың неге талтақ? 
VII. Деңгейлік тапсырмалар:
1-қатарға.  Берілген  еліктеу  сөздерді  етістіктермен 
тіркестір, сөйлем құра.
бұрқ-сарқ ...                    зыр-зыр ...
сатыр-сұтыр ...             гүрс ...
шиқ-шиқ ...                      сарт-сұрт ...
зу-зу ...                             қытыр-қытыр ...
2-қатарға. Етістіктерді тиісті еліктеу сөздермен тіркестір, 
сөйлем құра.
... қарау                             ... күлу
... құлау                             ... жүру
... шайнау                          ... соғылу
... секіру            
Сабақты  қорыту  үшін  “Сөзжұмбақ”  шешу.  Сұрақтарға 
жауап беріп шешкенде ерекше торкөзде “Еліктеу” деген сөз 
шығады.
1. Қатты қорыққан кездегі қозғалыс  /селк/  
2. Қазанның жай қайнауы /бүлк/ 
3. Ең жіңішке дауыстың естілуі /шіңк/ 
4. Жөтелдің түрі /күрк/ 
5. Тамшының дыбысы /тырс/ 
6. Күлкінің түрі /кеңк/ 
7.  Қасыңнан  бір  нәрсе  өте  шықты,  қалай  сипаттайсың?      
/зу/  
VIII. Бекіту сұрақтары: 


32
   
   
 
- Еліктеу сөз дегеніміз не?
- Қандай түрлері бар?
- Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?  
IX.  Үйге  тапсырма:  ереже  жаттау;  еліктеу  сөзі  бар 
жұмбақ, мақал-мәтелдер жазып келу.
Гүлбаршын АҒЫЛМАНОВА,
Мәди Бегенов атындағы 
жалпы білім беретін
орта мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы.
ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ 
(7-сынып)
№1. 
1. Көп мағыналы сөздер.
2. Зат есім. Зат есімнің жасалуы.
3.  Мына  сөздерге  дыбыстық  талдау  жаса:  болашақ, 
мектеп.
№2. 
1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. 
2. Сын есім, мағыналық түрлері.
3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.  Ауыл 
сыртынан гүрілдеген дыбыс естілді.
№3. 
1. Омонимдер.
2. Сын есімнің шырайлары.
3. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талда. Жақсылыққа 
жақсылық  –  әр  кісінің  ісі,  жамандыққа  жақсылық  –  ер 
кісінің ісі.


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау