50
5. Жиренше шешеннің дана әйелі.
6. Абайдың ертегі айтқыш әжесі.
Ана тақырыбы – мәңгілік тақырып. Осы сыныпқа дейін
ана тақырыбында қандай шығармаларды өттік, соған
ойқозғау жасайық.
1. Баубек Бұлқышев. «Ана».
2. Ақселеу Сейдімбек. «Әйел-Ана» ертегісі.
3. Төле бидің шешендігі. «Ананың арқасы».
Электрондық оқулықтан ана туралы шығармалар
үзінділерін тыңдату.
Сұрақ: «Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын.
Бәрің де анадан тудыңдар. Анамен алыспайды да, атыспайды
да» деп бір топ барымташылардан қызын арашалап қалған
ана қай шығармада еді? (Ғабит Мүсірепов.«Ананың анасы».
Жазушы қазақ әдебиетінде аналар тақырыбына ең көп қалам
тартқан).
Ойтолғау. «Анаға құрмет көрсету – адам баласының
парызы» деген тақырыпта балаларды сөйлету.
Шығармадағы кейіпкерлерге (Ана мен балаға) мінездеме.
Болжаңыз. Тұрмыс тауқыметі қиындап, жұмыссыздық
етек алған кезеңде отбасылық дәстүрлерге нұқсан келіп
жатыр. Перзенттік борышын түсінбейтіндер де бар.
Болашақта анаға деген құрмет қандай болмақ? Соны
болжаңыз.
Балаларға өз ойларын айтқызу.
А
Н
А
Л
А
Р
51
ХХ ғасырдың басында заманымыздың заңғар жазушысы
Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
деген сөзін есте ұстасақ, мемлекет тарапынан анаға
деген қамқорлықты күшейтсек... Анаға деген құрмет өз
дәрежесінде болады деп болжайық.
Тренинг: «Эпитет». Әр оқушы өз аналарының есімінің
бірінші әрпінен басталатын эпитет сөз тауып интертақтаға
жазу.
Аяулы ақылды парасатты
сымбатты мейірімді
маңғаз биязы
қарапайым
көрікті қымбатты
сұлу кішіпейіл
Бекіту. «Бес арыстарымыздың» аналары неге «байғұс
ана», «сорлы ана» болды? Балаларға ойларын айтқызу.
Біздің заманымыз жақсы. Өздеріңнің айтуларың бойынша,
«маңғаз, әдемі, ақылды ...». Үнемі сондай болып жүру үшін
біз не істеуіміз керек? (Жақсы оқып, оның үмітін ақтауымыз
керек).
«Асыл қазынам». Міржақып Дулатұлы шығармашылығы
бойынша кітап көрмесімен таныстыру, «Қазақ әйелі»
бүктемесімен таныстыру (интертақтада шығару арқылы).
Қорытынды. Әдемі аналар әлдилеп отырған әлем әрқашан
жақсы болмақ. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
болашаққа сенімділігі, баланың ата-анасын ардақ тұтып,
өзінің перзенттік парызын бір сәт есінен шығармауына
бүгінгі сабақ арқылы себепкер болдық.
АНА
52
Гүлзия СҮЙЕУОВА,
Жаңаөзен мектеп-гимназиясының
мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы.
СӘКЕН СЕЙфУЛЛИННІң
«КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫ
(11-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Сәкен шығармашы-
лығының аясы кеңдігін байқату, поэма мазмұнын
басшылыққа ала отырып, өз ойларын ортаға салуға
жұмылдыру; дамытушылық – оқушының ойлау қабілетін,
өз ойын әсерлі, кестелі, образды сөздермен жеткізе білу,
мәнерлеп оқу шеберліктерін дамыту; тәрбиелік – сөз
өнерін қастерлей білуге, табиғатты аялауға, сезімталдыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-
жауап, баяндау, түсіндіру, проблемалық, салыстыру,
мультимедиа, интерактивті тақта. Көрнекіліктері: суреттер,
сызбалар, үлестірмелі парақшалар. Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, тарих, география.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: оқушы зейінін сабаққа аудару; сабақтың
мақсатымен, тақырыбымен таныстыру; сыныпты үш топқа
бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Экраннан Сәкен суреті, эпиграф
көрсетіліп тұрады. Үлестірмелі парақшалар таратылады
(Тақтадан көрініп тұрады).
І топ: 1. Сәкеннің өмірі туралы не білесің? Қандай
жерлерде білім алды? 2. Сәкен – революционер ақын. Ол
53
туралы не айтасың?
ІІ топ: 1. Сәкен қай жерлерде қызмет етті? 2. «Сәкен –
лирик ақын» дегенге өз пікірің.
ІІІ топ: 1. Сәкеннің шығармаларын ата. 2. Қандай
драмалық, прозалық шығармалары бар?
Оқушылар үй тапсырмасын айтып болғаннан кейін
тақтадан Сәкен Сейфуллиннің өмірі, қызметі, еңбектері
жөнінде хронологиялық таблица көрсетіледі).
Жаңа сабақ. (1-слайд) «Абайдың інілері, қазақтың
ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» деп ақын жырлағандай,
бүгінгі сабағымызда «Үш бәйтерегіміздің» бірі – Сәкен
Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен оқып танысамыз.
(Экраннан Көкшетау жері, Бурабай көлі, Жұмбақтас,
Оқжетпес суреттері көрсетіледі).
(2-слайд) «Көкшетау» поэмасы 1928 жылы жазылды.
«Көкшетау» – туған жер туралы, оның ғажап сұлулығы мен
тарихы жайлы поэма...
Оқулықпен жұмыс. Хрестоматиядан «Көкшетау»
поэмасын оқушыларға тізбектей оқыту.
1-тапсырма. (3-слайд)
«Оқжетпес» тарауынан таудың зәулім екенін танытатын
сөздер мен сөз тіркестерінің астын сызу.
Сүп-сүйір бейне найза, шың, құз биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп.
Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Жалғыз-ақ шың басына ноқаттай боп,
Құйқылжып, қалықтайды бүркіт ойнап.
- Балалар, біз Сәкен Сейфуллин және Мағжан Жұмабаев
шығармаларымен таныстық, екі ақынның шығармаларында
ұқсастық, үндестік бар екен, бірақ әр ақынның өз ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: |