Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет56/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95

196
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Бір қаралы шеру шығар жолға әлі.
Сол кезде бір жан баласы жыламай,
Ләйлә, жалғыз сен өкінсең болғаны, – деген, болмаса:
– Қанша ғажап азап шектім Ләйлә деп,
Менен асқан бақытты адам жоқ, күнім! – деп кейде шаттана, кейде 
мұңая әлде егіле жырлаған өлеңдерін жатқа соғатынбыз. Арамызда 
оған еліктеп жыр жазып, ақынның өзіне өлең арнағанымыз да аз 
емес. Шайырдың көзі тірісінде шыққан қалыңдығы пышақтың 
қырындай ғана үш сирек кітабы біздің арамызда қолдан қолға өтіп 
жүріп, тозды десек болады. Соның бірі – «Ләйлә» атты кітапшасы. 
«Тәкаппар аппақ жүзінде Тарыдай бір мең бар...», «Ханшадай өзін 
ұстаған, қара алмас көзді, бал ерін» Ләйләнің Жұматай өлеңдеріндегі 
детальдардан құралып, әрі қарай қиялымызбен сомдалып-өңделген 
сұлу бейнесі әрқайсымыздың көкейімізде сол кезде орын тепкені 
өтірік емес. Ал өмірдегі Ләйлә Бейісбекқызы Досмұхамбетованың 
сонау 60-жылдардан бері Мәскеуде өмір сүріп жатқанын білеміз.
Қосылуына тағдыр жазбаған, бірақ Жұматайдың жырына 
өмірлік өзек болып, көптің көңіліндегі аңсарлы бейнеге айналған 
«Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ» сол Ләйләнің Астанада 
анасы Балапан Арынова мен туған сіңлісі Майра тұратыны туралы 
мағлұмат құлағымызға тигенде оларды тауып, жолыққанша асықтық. 
Алдымен телефон арқылы тілдестік, алайда Балапан апаймен жүз 
көрісуіміз кешеуілдей берді. 84 жастағы кейуана ауырып қала берген 
соң, ақыры қызы Майрамен жолығуды қанағат етуге тура келді.
– Өздеріңіз де білетін боларсыздар, Ләйлә мен Жұматайдың 
арасында айтарлықтай терең, тығыз қарым-қатынас болмаған ғой. 
Тіпті Жұматай онымен тек бірер рет қана кездесіп, бірнеше рет 
үйге шығарып салған сияқты... Анамның жұмыс бабымен біздер 
Талдықорғанға таман көшкенімізде Ләйлә сондағы кешкі орыс 
мектебінде оқыды да, Жұматай оған қарама-қарсы орналасқан қазақ 
интернатында жатқан екен. Олар сол кездері танысса керек, –дейді 
сіңлісі Майра. Жұматайдың өзі:
Он жетімде сені көрдім, көрдім де,
Көрмей сені тұра алмайтын болдым мен! – деп жазғанын білеміз.
– Ләйлә екеуміздің арамыз 8 жас, ол жоғары сыныпта оқығанда 
мен бастауыштағы баламын. Талдықорғанның жанындағы Еркін 
деген ауылда тұратын біздің үйге дейін Жұматай қаладағы мектепке 
оқитын Ләйләні шығарып салған кездері болған, ал ол едәуір жер, 
–деп еске алады Майра Досмұхамбетова бізбен әңгімесінде. Ләйлә 
1946 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Ол үйдің тұңғышы болғанда, 
Майра кенжесі.
– Ләйлә тәтем кейін ҚазМу-ге түскен соң Мәскеу универси-
тетіне ауыстырылған. Ол кезде үздік оқып, ерекше көзге түскен 


197
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
студенттерді Мәскеу, Ленинград тәрізді сол кездегі Одақтың үлкен 
қалаларына жіберетін дәстүр болған ғой. МГУ-дің тарих-архивтану 
факультетін бітірген соң практикада болған Ләйлә сол қалада 
біржола қалып қойды. Мен 7-сыныптан бастап Одақ көлемінде 
бірнеше рет олимпиадаға бардым. Соның бірінде Воронеж арқылы 
Мәскеудегі Ләйләға соққанымда оны әлдебіреу «Сөйлесу пунктіне» 
телефонға шақырып, мен ере бардым. Телефон шалады деп күтпеген 
болса керек, алғаш тұтқаның ар жағындағы адамның кім екенін 
сұраған соң Ләйлә таңырқаған үнмен «Жұматай?» деп дауыстап, 
сәл кідіріп барып жауап бергені бар. Солайша олардың бір-ақ рет 
телефонмен сөйлескеніне куә болған едім, –дейді ол. 
Сіңлісі Майраның айтуынша, Ләйлә жасөспірім шағында 
қатарластары арасынан ерекшеленіп тұратын, сондай алғыр, 
талапты, батыл, өткір жан болыпты. Барлық жақсы нәрсені үйреніп 
алғысы келіп тұрады екен. Орыс мектебінде оқығанымен, қазақтың 
жалпақ тілінде ауызекі еркін тілдесе алады. Гитара тартып, сахнада 
ән салатын, ептеп өлең шығаратын да болған. Жақсы оқығаны 
үшін «Артек» лагеріне де барып, тіпті онда пионерлердің дружина 
кеңесінің төрайымы болыпты. «Үйге кейін алғысхат келді, лагерьде 
бірге болған достарынан да Одақтың әр жерінен көпке дейін 
хаттар келіп жүрді. Сонда тек қана Жұматай емес, оған көп адам 
ғашық болған ғой, ойлап отырсақ. Егер осында оқып, елде қалса, 
ол бір атақты адамға айналар еді деп ойлаймын» дейді Майра 
Бейісбекқызы. Кезінде әйгілі «Гауһартас» фильмін түсірушілер 
Ләйләға бас кейіпкер рөлін ұсынып, қолына сценарийді беріп, 
бірталай айналдырған. Басқа фильмдерге де ұсыныстар болған 
екен. Өкінішке қарай, әртіс-актер дегенге үрке қарайтын сол кездің 
түсінігімен әке-шешесі қарсы боп, «оқуыңды бітіріп ал» деп, рұқсат 
бермей қойыпты.
– Анам «Біз сол кезде біліміміз болса да, надан болдық» деп 
өкі ніп отырады, –дейді Майра апай ол жөнінде. Бұл мағлұматтар 
Ләйлә туралы алғаш «Қазақ әдебиеті» газетінен 2005 жылғы 21 
қазанындағы санында жарық көрген Сайлаубай Тойлыбаев деген 
автордың «Жұматайдың Ләйләсі» атты мақаласында айтылған жайт-
тарды толықтыра түседі. Онда Балапан апай Ләйләнің тіпті оқушы 
кезінде «Асока» аталатын операда басты рөлді ойнағанын да айтады. 
Ләйләнің Жұматай жырларынан басқа да өнер туындылары ның 
тууына себепші болғаны хақында Сайлаубай Тойлыбаев жазған тағы 
бір дерек – әйгілі композитор Әсет Бейсеуовтің «Меңді қыз» әнінің 
Ләйләға арналғандығы. Талайдың шабытына қозғау салған сол ару 
Ләйлә тағдырдың жазуымен Мәскеуде ұлты басқа бір азаматпен бас 
қосқан. Бүгінде өз отбасы, 27-28 жас шамасында Митя-Дмитрий 
атты жалғыз ұлдары бар. «Тәтем тұрмысқа кеш шықты ғой, –дейді 


198
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Майра. – Бірақ оған талай, тіпті басқа ұлттың жігіттері де ғашық 
болған, көркіне ақылы сай, мінезі де тартымды, көпшіл еді өзі де. 
Ләйлә алғаш өзге ұлт өкіліне, шет жерге тұрмысқа шығатынын 
айтқанда үй іші қарсы болып, сол себепті ол біраз уақыт ешкіммен 
хабарласпай, қатынаспай, томаға- тұйық қалды».
Әрине, кейіпкеріміздің байырқалы, тыныш өміріне көлденеңнен 
килігудің жөні жоқ. Ләйләнің тіпті қосағының аты-жөнін жария 
етуді де қаламаған Майра апайды оның Мәскеудегі телефоны мен 
мекенжайын қиыла көп сұрап қинай алмадық. Білгеніміз, бүгінде 
Ләйлә қызметі арқылы алған Мәскеудегі үйінде тұрып жатыр. Қазір 
зейнет демалысында көрінеді, бірақ әлдебір жеке фирмада жұмыс 
істеп жүрсе керек. Мәскеуден елге жылда келіп тұрады, өткен жазда 
ғана Астанада болып қайтқан. Жұматайдың өлеңдері, кітаптары, өзі 
туралы жазылған мақала – бәрін көрген, жақсы біледі. Олар ішкі 
дүниесінде қандай сезім толқыныстарын тудыратыны, әлбетте, 
сіз бен біз үшін беймәлім, қадірлі оқырман. Бәлкім «Жұматайдың 
Ләйләсінің» өзінен сұраудың да реті келер. Ләйлә Астанаға келіп 
қалса, бізге хабарлап, жолықтыруды сіңлісі Майраға өтініш етіп, 
құлаққағыс қылуды ұмытқанымыз жоқ.
Айтпақшы, Майра апайдың айтуынша, Ләйлә мен Жұматайдың 
жұбайы Зайда кезінде бір ауылда, Мұқырда тұрыпты. Сол уақта-
ақ Жұматайдың Ләйләға ғашық екенін айналасындағы біраз жұрт 
білген деседі. Жұматайдың бірі өлеңіне, бірі өміріне серік болған 
Ләйлә мен Зайданың алыстан туысатын өзара ағайыншылығы да 
жоқ емес болса керек. 
«Айқын» газеті
28.02.2008 жыл.
Маруана ХАМЗАҚЫЗЫ
ЖҰМАТАЙ АҚЫН ЖӘНЕ ГҮЛ
Гүлінің молдығынан сабағы майысқан бөртегүл мен көгілдір дала 
гүлінің хош иісі мұрын жарады. Құмыра толы құшақ-құшақ гүлді 
терезе алдына да, стол үстіне де, еденге де жайғастырып тас  тағам. 
Бұл – Жұматай ақынның мерейтойыма арнап тартқан сыйы. Иә, 
иә, таңданбаңыздар, Жетісудің теңдессіз лиригі, қысқа ғұмырында 
нәзік сезімді жырлап өткен Жұматай Жақыпбаевтың өзіме 
 
қайтарған гүлі…
Бұл адам сенгісіз хикаят былай басталып еді…


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау