Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет57/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95

199
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Ілияс Жансүгіров атындағы педагогика институты ашылған 
жылы мен осы оқу орнының алғашқы студенттерінің қатарында 
едім. Талдықорғанға кіре берістегі ықшамауданда Айдархан жездем 
мен Қарлығаш әпкемнің қолында тұрып оқыдым. Бұл үйдің есігі 
күндіз-түні бір жабылмай, төрінен қонақ үзілмейтін. Осы шаңы-
рақта жүріп қазақтың талай-талай игі жақсыларымен таныстым. 
Дәнеш Рақышев, Қуаныш Сұлтанов, Ақселеу Сейдімбеков, Қойшы-
ғара Салғарин, Сәкен Иманасов, Әбен Дәуренбековтер бұл үйде жиі 
бас қосатын. Жұматай ағамен де осы үйде жүздесіп едік.
Жездемнің жақын досы, жаратылысынан жаны ерекше Жұме-
кең нің бар болмысы да бөлекше еді. Сұлу мұртын сипап қойып, 
өмірі бір асықпай-саспай, бойын тіктеп жүретін. Көп тыңдап,аз 
сөйлейтін. Отырыстарда домбыраны қолға алып, құлағын баппен 
бұрап, шерте бастағанында, жұрт бірден тына қалатын еді. Содан 
соң домбыраның қоңыр үніне ақынның сазды даусы қосылып
жаныңды жаулап алар керемет бір үндестік туындайтын. «Айыбым 
болса кеше жүр, асқақтау жердің маралы…» 
Әнін ширата бастағанда, ақынның жан сыры отырған жұртты 
түгел баурап, бар дүние ұмыт болатын. Тек осы сәт, осы ән, осы 
үн, осы сағыныш пен үзілмеген үміт қана үлбіреп тұратын еді-ау 
бөлмеде. Ән қалықтап барып үзілген шақта, тыңдаушылар тәтті 
сезімдерін кілт үзгісі келмей, біраз уақыт маужырап, мұңға бата-
тын. Содан кейін әңгіме-дүкен басқа бір арнаға ауысушы еді. Жұрт 
қолқалап ақынға өлеңдерін оқытып, күйлерін шеркізетін. Айтқан 
әңгімелерін ұйып тыңдайтын. Өз басым одан кейін өлеңдерін 
дәл Жұматайдай мәнерлеп оқып, әнді әуелете шырқайтын, күйін 
құйқылжыта тартатын ақынды кездестірген емеспін. Мүмкін, ондай 
дарындар маған жолықпаған шығар. Иә, айтпақшы, мен айтайын 
деген әңгімемнің ауанынан біраз ауытқып барады екенмін.
Көктемнің бір жарқыраған күні еді. Айнала құлпырып, құстар 
құйқылжыта ән салған шақ. Қысқы сессия артта қалған, жаз-
ғысына әлі біраз уақыт бар, қарын тоқ, көйлек көк дегендей. 
Көңілім алып-ұшып, аяғым жерге бір тисе, бірде тимей, жатақ-
ха на дағы құрбыларыммен кездесуге орталық көшемен ұшып ке-
лем. Өте тығыз шаруам бардай, тым асығыспын. Әлдебіреу атым-
ды атап шақырғандай ма… Кім болды екен деп, жан-жағыма қа-
радым. Жападан жалғыз, көшенің қоршау темірінде арқасын күнге 
тосып, Жұматай аға отыр екен. Қасына барып, сәлем дестім. Ол 
кісі биязы жымиып, «Аманбысың, қалқам!» – деді. Жөн сұрады. 
Уақыты бос болды ма, білмеймін, Жұмекең өзіне тән кербез 
мәнеріне салып, ананы-мынаны тәптіштеп сұрай бастады. Көбейіп 
бара жатқан сұрақтарына жауабым таусылып, мынадай та 
маша 
шақта жалғызсырап отырған ақынның көңілін аулайын дедім де, 


200
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
қолымдағы бір тал шұғынық гүлін ұсынып, «Аға, мынау сізге…» – 
дедім. Ақын гүл атаулыны тұңғыш рет көргендей, таңырқай қарап, 
үнсіз отырып қалды. Мен асыға қоштасып, өз жөніме кете бардым…
Содан кейін азғана уақыт өткен еді. Бір күні сабаққа келсем, 
курстастарым жамырап, «Саған Жұматай Жақыпбаев өлең 
шығарыпты, радиодан естідік», – дейді. Бұл жаңалыққа сенер-
сенбесімді білмей жүргенде, Жұмекеңнің өзі де біздің үйге келе 
қалды. Қайран балалық-ай десеңізші, «Аға, аға! – деймін, – жұрт 
Сіз маған өлең шығарды дейді, рас па? Оқып беріңізші!», – деп 
қолқалаймын. «Шығарғаным рас, өлең сен сыйлаған шұғынық 
гүл жайында, бірақ сөздерін ұмытып қалыппын...», – дейді ақын 
қысылыңқырап. Қылқылдап қоймаған соң, екі шумағы ғана есімде 
қалыпты, соны оқып берейін, дегендегісі: «Наградталып көрмеген 
екем туғалы, жапырақтар сонда қол соғып бәрі шулады...», – болды.
Сол шумақтар жадымда осы күнге дейін сақталып, есейе келе 
маза бермейтін болды. Бірде өлеңнің басқа шумақтары қандай 
болды екен деп ойласам, енді бірде бір тал гүлді баға жетпес сыйға 
балаған ақын сезіміне таң болам... Амал қанша, қанша іздестірсем 
де, сол өлеңнің толық нұсқасы қолыма бір түспеді. Бұл да болса 
суреткер құдіретінің бір жұмбағы шығар деген жорамалмен арада 
жылдар өтті.
Иә, содан бері қаншама су ақты, қаншама көктем келіп, дала 
төсі алқызыл гүлдерге бөленді. Есейіп, егде тарттық. Өткен жылдың 
көктемінде достарымызбен қыдырып қырқаға бардық. Жол 
бастаушымыз – жиенімнің дос ағасы, жердің жайын жақсы білетін 
Өмірбай ақын. Барған жерден ұзын сапты селебе пышағымен 
үңгіп жерошақ қазып, қала тұрғындарын бір таңдандырған.Әңгіме 
барысында Жұматай атын атағанда, кездейсоқ жерден ортақ 
таныс тапқаныма мен де таңырқадым. Дүлдүл ақынмен кезінде 
таныс болғанымды айтып, баяғы оқиғаны баяндап бердім. Өмекең 
айналайын, қарағым-ай!–деп бәйек болды да қалды. Студенттік 
досын емірене есіне алып, ағынан жарылды. Содан соң ескі 
таныстардай, өткенді еске алып, шүйіркелесіп қалдық. Кеш батуға 
ыңғайланды. Қайтуға жиналсақ та, бәріміз күні бойы айтылған 
әңгімелер әсеріне тәнтіміз.
Көлігіміз бір белестен асқанда, алдымыздағы жадағай қыратқа 
жайқала өскен небір әсем қыр гүлдері көздің жауын алып
тоқтамасымызға қоймады. Нәзік сабақтарының басындағы 
үлбіреген шағын көгілдір гүлдері бейне бір үлпілдеп қонған көбелек 
дерсің. Үзіліп кетердей, бар болмысы тазалық пен пәктіктің нышаны 
іспетті, жүректі еріксіз шымыр еткізеді. Сайын даланы көмкерген 
гүлдің көптігі сондай, жер бетіне көгілдір жібек матаны, яки масаты 


201
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
кілемді төсей салғандай, керім бір көрініс. Бұрын-соңды көрмеген 
ғажайып гүлдер... Күннің ұясына қонған ғажайып суреті, ымырт 
үйірілген бейуақ мезгіл... Осының бәрі менің көз алдымда әлі күнге 
дейін сақтаулы тұрғандай... 
Шыдай алмай, машинаны тоқтатып, жүгіре шықтым. Өмірбай 
ақын жұрттан бұрын түсіп, гүл теруге кірісіп кетіпті. Басқалар да 
одан қалысар емес. Енді біреулері кешкі жұпар ауамен рахаттана 
тыныстап, айналаға барлай қарайды. 
Теріп алған құшақ-құшақ гүлін қолтығына қысқан Өмекең 
қасыма жақындады. Маған қарап: «Қарағым, кезінде досыма гүл 
сыйлаған екенсің. Аруағыңнан айналайын, Жұматай, көзі тірі болса, 
қарымтасын өзі өтер еді. Осы дала гүлін Жұмекеңнің атынан саған 
ұсынып тұрмын, қабыл ал!», – деді бар ықыласымен. «Әкең өлсе 
де, әкеңнің көзін көрген өлмесін», – деп, данышпан қазақ қалай 
тауып айтқан, риясыз дос көңіліне қатты толқып, Жұматай сыйын 
Өмірбай ақынның қолынан алдым...
Қайтуға асықсақ та, Өмекең қоярда-қоймай жолдан өз 
үйіне түсірді. Кетерде біздерді мәрттігіне тағы бір тәнті етіп, өз 
шарбағындағы қалың өскен әдемі бөртегүлден молынан үзіп, шоқ-
шоғымен бәрімізге тарту етті. Біздер қонақжай отбасымен қимай 
қоштасып, түнделетіп Алматыға жүріп кеттік.
Сыйға алған гүлдер құшағыма әзер сыйып, көлігім бүтіндей гүлге 
көмілді. Әлсін-әлсін бетімді жұпар аңқыған гүл шоғына басып, 
емірене иіскеймін. Іштей қатты толқып, үн-түнсіз отырмын. Бір 
сәтке сол бір шуақты көктемім, сонау гүлдей жайнаған он жеті 
жасым қайта оралғандай. Апыр-ай, десеңізші, ақынға гүл ұсынған 
сол күннен бері санасам, тұп-тура отыз үш жыл өткен екен. Қайран, 
Жұмекең! Араға аттай отыз үш жыл салып, жадыраған осынау көктем 
күні, сол бір тал гүлімді өзіме десте-десте етіп қайтарды. Кезінде 
өлеңнен шашу шашса, бүгін міне, ақынның жомарт жаны гүлден де 
шашу шашқан екен -ау... 
Осы жерде нүкте қойылып, хикаят аяқталған еді. Бірақ, бұл оқиға 
ары қарай өз бетінше өрбіді. Жұмекеңнің өлеңі себеп болып, жан 
жары, ақын Зайда Елғондиновамен де таныстым. Болған оқиғаны 
баяндап, бұйымтайым, Жұмекеңнің маған арнаған өлеңін табуын 
сұрадым. «Жұмсағанға Сіз жақсы», – деп, Қарлығаш әпкемнен 
Жұмекеңнің сол үнтаспасын облыс радио архивінен қарастыруын 
өтіндім. Қайран әпкем, өтіншімді екі етпеді, бірақ архивтегі талай 
құнды материалдар, өкінішке орай, аумалы-төкпелі заманда ұшты-
күйлі жоғалып кеткен екен.
Зәкең де ақынның талай дүниесінің, оның ішінде маған арнаған 
жыр шумақтарының не қолжазба, не баспа түрінде табылмағанын 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау