«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Ақжолтай Ләйлә Нұрсұлтанқызы
Тақырыбы : Дененің қозғалыс бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат
|
I кезең .Ұйымдастыру кезеңі
|
Көпір
тапсырмалары
|
Сұрақтарға жауап бер.
1.Қысым анықтамасына сәйкес формуланы толық жаз?
Жауабы: Р =
2.Архимед заңының тұжырымдамасын толықтыр?
Жауабы: Сұйыққа батырылған денеге оның батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
3.Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты өзгереді?.
Жауабы: Биіктікке (һ)
|
|
ІІ кезең.(топтық жұмыс)
Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр (төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы)
|
Теориясы: “Білу”
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді? )
|
Бос нүктенің орынына тиісті сөздерді қой.
1.Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін не деп атайды?
Жауабы: Жұмыс
2. Механикалық жұмыс дегеніміз не?
Жауабы: Дененің бір орынынан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.А-жұмыс
3. Жұмыстың орындалу тездігін сиппаттайтын шаманы қалай атайды?
Жауабы: Бұл физикалық шама қуат деп аталады?
|
Теориясы:
“Түсіну”
(Неге? Себебі? Неліктен?)
|
Сұраққа жауап бере отырып, бос нүктені толықтыр.
1.Механикалық жұмыс кезінде дененің орын ауыстырудың жүрілген жолға тең болу себебі неде?
Жауабы:Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес болуына байланысты.
2.Жұмыстың формуласын көрсет
Жауабы: А = F*S ; жұмыс =
3.Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек, оның себебі неде?
Жауабы: Бір жұмысты орындау үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды.
Қуат = N =
|
Теориясы: “Талдау”
(Салыстыр. Айырмашылығы неде?)
|
Сұраққа жауап бер.
1.Екі бала бірін-бірі шанамен сүйреді. Бұл жағдайда олар механикалық жұмыс істеді ме?
Жауабы:Олар механикалық жұмыс жасады, өйткені олар күш жұмсап, орын ауыстырады.
2.Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндірді ме?
Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты бірдей емес,себебі қуат уақытқа және жасалынған жұмысқа тәуелді .
|
Теориясы:
“Жинақтау”
(қорытынды шығар, сызба, сөзжұмбақ)
|
Шамалардың атауын ,өлшем бірлігін жаза отырып, формуланы түрлендір.
Жұмыстың, қуаттың анықтамасына сәйкес шамаларды жаза отырып формуланы түрлендір.
Жауабы: А - жұмыс, Дж А = F * S => F = ; N = А = N * t
F - күш, Н
S - жол, м
N - қуат, Вт
t - уақыт, с
|
Практикасы
“Қолдану”
(қарапайым тапсырмалар беру)
|
Есептерді шығар.
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
=72 км/сағ= 20м/с А= F*S А=2000Н*20м/с*10с= 400000 Дж=400кДж
F= 2000 Н
t =10 c S= * t
А= F** t
Т/к; А=? Жауабы:400 кДж
2. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Берілгені: шешуі: Есептелуі:
N = 30Bт N= ; А=N·t А= 30Вт·600с=18000Дж=18кДж
t=10 мин=600с
Жауабы:18 кДж
Т/к: А-?
|
Практикасы
“Баға беру”
(Сен қалай ойлайсын? Не істер едің?)
|
Сен қалай ойлайсың?
Өлшемдері мен құрлысы бірдей екі кеме әр түрлі қуат өндіреді. Бұл кемелер бірдей жылдамдықпен қозғала ма?
Жауабы: Менің ойымша: бірдей жылдамдықпен қозғалмайды, себебі олар әр түрлі қуат өндіріп отыр.
|
|
ІІІ бағалау кезеңі (жеке жұмысы)
Деңгейлік тапсырмалардыбіртіндеп орындап, балл жинаңдар
|
Теориясы:
“Білу” (Кім? Не? Қашан? Не істеді?)
|
1 деңгей. Тест жауабын белгілеңдер.
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
А) А = В) А = F · S С) А= Д) А= F·t
2.Қуаттың анықтамасына сәйкес формуланы көрсет?
А) N= В) N= С) N= Д) N=
3.5 мВт-та қанша ватт бар ?
А) 5·10-3 Вт B) 5·10-3 Вт C) 10-3 Вт Д) 5·10-6 Вт
4. 1 мк Дж –да қанша джоуль бар?
А) 0,000001 Дж В) 0,001 Дж С) 1000000 Дж
|
Практикасы
“Қолдану”
(жоғарыдағы қарапайым тапсырмалар үлгісінде болу керек)
|
1.Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар?
Бер: Шешуі: Есептелуі:
А=F· S А=0,5 кг·10н/кг·60 м=300Дж
m= 0,5 кг F=mg;S=Һ
Һ= 60м A=mg·h
Т/к: А=? Жауабы:300Дж
2.Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай? Бер: Шешуі: Есептелуі: Р=120 Н N= N= = =160 Вт
һ=20 м А= Р·Һ
t=15 с N= Жауабы:160 Вт
Т/к: Nорт -?
|
|
2 – деңгей (5балл+4балл=9 балл)
|
Теориясы: “Түсіну”
(Неге? Себебі. Неліктен?)
|
Сұрақтарға жауап бер.
1. Денеге түсірілген күш, атқарылған жұмысқа байланысты ма?
Жауабы: Ия, себебі механикалық жұмыс күшке тура пропорционал.
2.Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме? Себебі неде
Жауабы: Қуат шамасы артқан сайын өндірілген жұмыс та артады.Себебі қуат жұмысқа тура пропорционал.
|
Теориясы: “Талдау”
(Салыстыр. Айырмашылығы неде?)
|
Бос нүктенің орнына тиісті шамаларды қой.
|
Практикасы
“Қолдану”
(өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар)
|
Есептерді шығар.
1.Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?
Бер: Шешуі: Есептелуі:
m=4 кг А=F·S А=4 кг·9,8Н/кг·2,5 м=100Дж
Һ=2,5 м F= mg; S=Һ
Т/к: А-? A= mg·Һ
Жауабы: 100 Дж
2."Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?
Бер: Шешуі: Есептелуі : t=2 сағ=7200 с
А=110 кДж=110000 Дж N= =15Вт
Т/к: N=? Жауабы:15 Вт
|
|
3 деңгей (9балл+3балл=12балл)
|
Теориясы:
“Жинақтау”
(қорытынды шығар, сызба сөзжұмбақ)
|
Тірек –сызба нұсқаны толықтыр.
Қуат қандай шама скаляр Формуласы Өлшем бірлігі Вт Қуаттың белгіленуі N
|
Практикасы
“Баға беру” (Сен қалай ойлайсын? Не істер едің?)
|
Есептерді шығар
1.Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай?
Бер: шешуі:
һ=10 м N=
V=50 м3 t=2 мин =120с
есептелуі:
Т/к: N-?
N= немесе 42000 Вт
Жауабы: 42 кВт
|
Тақырыбы :Дененің қозғалыс бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат
1.Тұрмыста және физикада «жұмыс» деген ұғым жиі қолданылады. Мысалы, адамдардың да, аққан су мен соққан желдің де, құмырсқа мен бал арасының да, құлаған денелердің де жұмысы туралы айтуға болады. Сондай-ақ ғарыш зымыранының, сүңгуір қайықтың және әр түрлі қозғалтқыштардың жұмыстарын анықтау мәселелері де қойылады. Физика негізінен механикалық жұмысты қарастырады. Күш дене орын ауыстырса ғана механикалық жұмыс жасалады.
Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс механикалық жұмыс деп аталады.
Денені қозғалту үшін оған басқа дене белгілі бір күшпен әрекет етуі керек. Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес келсе, онда оның орын ауыстыруы S жүрілген жолға тең болады. Денеге әрекет ететін F күштің шамасы үлкен болған сайын істелетін жұмыс та арта түседі. Сондай-ақ дененің орын ауыстыруы өскен сайын атқарылатын жұмыс та өсе береді. Мұндай пайымдау күнделікті өмірлік тәжірибеден туындайды.
Сөйтіп, дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де, жүрілген жолға да тура пропорционал өседі. Бұл қорытынды қысқаша мына өрнек түрінде беріледі:
Жұмыс = күш * жол яғни
Мұндағы: А-механикалық жұмыс;
Ғ-күш;
s – жүрілген жол.
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.
1Дж=1Нх1м=1Н∙м.
1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж
1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж
1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж
1. Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, Қарағанды шахталарында 1940-1950 жылдары көмір комбайындарын дүние жүзінде бірінші болып қолдана бастады. Бұл еңбек өнімділігін ерен арттыруға игі әсерін тигізді. Өйткені, бір жұмысшының біргнеше сағат бойы қол еңбегімен істеген жұмысын көмір комбайны тез арада орындап шығады. Сондай-ақ нақты бір жұмысты жұмысшыдан гөрі көтергіш кран тезірек орындаса, сол жұмысты трактор атқа қарағанда жылдамырақ атқарады. Бұдан жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындады.
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:
немесе
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.
Қарапайым тілмен айтқанда қуат деп жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасын айтады.
2. Тұрмыста да, техникада да орташа қуат деген ұғым жиі қолданылады. Оның себебі: әр түрлі қозғалтқыштарды айтпағанның өзінде, тіпті, бір адамның өзі бір жұмысты әр түрлі уақытта орындайды. Егер әрбір секунд сайын шамасы бірдей жұмыс істелетін болса, онда қуат тұрақты болып қалар еді. Ал өмірде ондай жағдай кездесе бермейді. Сондықтан көп жағдайда А/t орташа қуатты білдіреді.
3.Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады. Қуаттың мұндай бірлігін бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы
Джеймс Уаттың (1736-1819 ж) құрметіне ватт атайды (қысқаша Вт деп белгіленеді). Сонымен,
немесе
Техникада аса қуатты қозғалтқыштармен қатар, қуаттылығы өте төмен нәзік тетіктер де жиі қолданылады. Соған сәйкес қуаттың үлкен бірліктері де, мысалы , киловатт(кВт), мегаватт(МВт), сондай-ақ кіші бірліктері де, мысалы:милливатт(мВт), микроватт(мкВт) енгізіледі.
1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт
1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт
1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт
Мысалы ретінде кейбір қозғалтқыштардың орташа қуатын келтіре кетейік:
Адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80 Вт;
«Волга» автомобилінің қуаты 70-80 кВт;
Алғашқы атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55 000 кВт;
«Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000 кВт;
«Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125 000 000 кВт.
Машиналардың қозғалтқыштарының қуаты мәлім болса, олардың белгілі бір уақыт аралығында істейтін жұмысын есептеп табуға болады. Расында да,
формуласынан жұмысты анықтай аламыз. .
Есептерді шығар.
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
=72 км/сағ= 20м/с А= F*S А=2000Н*20м/с*10с= 400000 Дж=400кДж
F= 2000 Н
t =10 c S= * t
А= F** t
Т/к; А=? Жауабы:400 кДж
Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Берілгені: шешуі: Есептелуі:
N = 30Bт N= ; А=N·t А= 30Вт·600с=18000Дж=18кДж
t=10 мин=600с
Жауабы:18 кДж
Т/к: А-?
Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар?
Бер: Шешуі: Есептелуі:
А=F· S А=0,5 кг·10н/кг·60 м=300Дж
m= 0,5 кг F=mg;S=Һ
Һ= 60м A=mg·h
Т/к: А=? Жауабы:300Дж
Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай? Бер: Шешуі: Есептелуі: Р=120 Н N= N= = =160 Вт
һ=20 м А= Р·Һ
t=15 с N= Жауабы:160 Вт
Т/к: Nорт -?
Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?
Бер: Шешуі: Есептелуі:
m=4 кг А=F·S А=4 кг·9,8Н/кг·2,5 м=100Дж
Һ=2,5 м F= mg; S=Һ
Т/к: А-? A= mg·Һ
Жауабы: 100 Дж
"Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?
Бер: Шешуі: Есептелуі : t=2 сағ=7200 с
А=110 кДж=110000 Дж N= =15Вт
Т/к: N=? Жауабы:15 Вт
Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай?
Бер: шешуі:
һ=10 м N=
V=50 м3 t=2 мин =120с
есептелуі:
Т/к: N-?
N= немесе 42000 Вт
Жауабы: 42 кВт
Есептерді шығар.
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.
Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар?
Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай?
Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?
"Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?
Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай?
Есептерді шығар.
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.
Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар?
Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай?
Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?
"Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?
Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |