Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет54/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95

190
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Журналистика факультетінде Қайрат Әлімбек, Бауыржан Үсенов, 
Бауыржан Жақып, Гүлнәр Салықбай, Мұратбек Оспанов, Балапан 
Базар(Түкібаев), Табылды Досымов, филология факультетінде 
Светқали Нұржанов бар. «Балықшы балықшыны алыстан таниды» 
дегендей бірінші курстағылар жайына қалып, жоғарыда аталған 
өлең сарбаздары мені тобына қосып алды. Сол жылы күзде өмірі нің 
соңғы күніне дейін жалыны басылмай кеткен жарқын талант иесі 
Есжан Айнабеков әскерден оралып, екінші курсқа кірді. Ол қып-
қызыл от еді. Журналистика факультетінде Мұхаметжан Сералин 
атындағы әдеби бірлестік бар. Есжан келді де жандандырып жі б-
ерді. Күн сайын студенттердің жаңа өлеңдері, әңгімелері талқы ла-
нып жатады. Апта сайын талантты әдебиетшілермен кездесу өтеді. 
Арнайы орын немесе зал іздеп жатпаймыз. Бесінші жатақ хананың 
фойесі дүрілдеп тұрады.
Есжан екеуміз Түркістанда Саттар Ерубаев атындағы мек-
теп-интернатта бір сыныпта оқығанбыз. Бал бұлақтай бала кезден 
серттескен жан достар едік. «Есейгенде бір үйде тұрамыз»дейтін. 
Кейін солай болды да. Шухов көшесіндегі 120-үйде талай жыл бірге 
тұрдық.
Бір күні Есжан дарынды ақын Әбубәкір Қайрановты кездесуге 
шақырамыз деді. Әдеби бірлестіктің бір мүшесі:
– Оның бір-ақ кітабы бар ғой. Өзі тым жас, – деді ойланбастан.
– Соның өзі жетеді, – деді Есжан өткір көзімен бәрімізді шолып 
өтіп, –за то, қандай кітап! Тоқсан жыл өмір сүріп, сондай бір кітап 
жаза алмай кеткендер көп. Әбіш 26-да, Сарттар Ерубаев 23-ақ жыл 
өмір сүрген, Сұлтанмахмұт ше, Шоқан ше? Өмір деген талантқа 
өлшем емес. Жұматай келеді. Оның екі-ақ кітабы бар. «Шұғынық 
гүл төркіні», мен «Саратан». Пышақтың қырындай. Ну и что? Ол 
поэзияның көгіне шықты ғой. 
Есжан әдеттегідей қызбалана сөйледі. «Жұматай келеді» деген 
сөзіне елең ете қалдым. Жұмағаңды бұған дейін көрмеген едім. 
Күтіп жүрдім.
 Әбубәкірдің кеші керемет өтті. Бірақ Жұмағаң келе алмады. 
Ертесіне Есжан екеуіміз бас ғимаратқа бірге бара жаттық.
Жұматай аға келмеді ғой, – дедім. Есжан үндемеді. 
– Сен ол кісіні жақсы білесің бе? – Ол тағы үнсіз. Темекісін 
будақтатып келеді. Кенет өлең оқи жөнелді.
Трамвай түгіл, таксиде келе жатсам да,
Ғимараттың басында құсша тізілген.
Анардың қызыл дәніндей шамдар ақшамда,
Сен жайлы өлең оқиды мұңлы ызыңмен.
«Қазақстан» қонақүйінің үстіндегі қып-қызыл шамдарды көріп 
пе ең? Солар кешке қарай ән салғандай ызыңдап тұрады. Со ның 
өзі де Ләйлә туралы жырлап тұрғандай. Қалай көреді десеңші! 
 
Ға жайып ақын ғой!


191
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Мен Кенежирен туралы оқып бердім:
Құла жирен, туа бітті қасқабас,
Молда мінсе дұғасынан тастамас.
Бермейтін-ақ атым еді қайтейін,
Бес моторлы самолетке баспа-бас.
– Бес моторлы самолетін кім біліпті. Бірақ ақынның көңілі 
ғой. Кенежиренін Бітіқара атқа емес, самолетке де ауыстырғысы 
келмейді. Бұл – шексіз сүю. Басқаша айтса Кенежиреннің бағасы 
түсіп қалады. Ғажап ақын! – дедім мен де еркін сілтеп, әсіресе ана, 
бір жері:
Заулайтын еді әуелеп ұшқан кемедей,
Зымырайтын еді түрмеден қашқан немедей.
Екеуміз жарқылдай күлдік.
– Тұлпардың жүйріктігін анаған теңеп, мынаған теңеп әуреміз. 
Түрмеден қашқан неме алды-артына қарамай безеді ғой, безеді, 
– дедім. Күлкіге көмілдік. Жұматайдың өлеңіне кіріп кеткенбіз. 
Күлкімізді тоқтата алмаймыз. Орта жолда арсалаңдап Қайрат 
Әлімбеков қуып жетті. Жұматай туралы әңгімемізге араласып, оның 
өлеңдерін ағызып оқи бастады.
Екі-үш күннен кейін Есжан, Қайрат үшеуіміз Жұмағаңның 
үйіне бардық. Зайда жеңешем үйде жоқ екен. Гитарасын құшақ-
тап Қажытай аға отыр (Ілиясовты айтамын). Дабырлап, жарқын 
амандастық.
– Келіңдер, келіңдер, – деді Жұмағаң әдемі қара көздері күлім-
дей қарап. Бұрыннан таныс адамдай мені де бауырына алып, құшақ-
тады. Жайғасқаннан кейін арыны қайтпаған Қажытай көкем:
– Тоқтаңдаршы! «Жұматайдың жұпбасарын» тартып берейін, – 
деп гитарасын оңтайлады. Қажекең күйді гитарамен тартады. Ғала-
мат шебер орындайды.
– Мына інімді танымадым ғой, –деді ол күй біткен соң ма ған 
қарап. Жұмағаң сабырлы. Жымиып қарайды.
– Бұл менің кластас досым –Темірғали. –Сөзге Есжан кірісті. –
Алматыға жаңа келген жас ақын. Журфакта оқиды.
– Ақын ба? –деді Қажытай аға. –Әй Жұматай! Сенің қағана тыңа 
тағы бір ноян қосылды. Құттықтаймын!
– Ауылда жүргенде Жұмағаңнан хат алғаным бар, –дедім мен.
Бағанадан бері үндемей отырған Жұматай аға қозғалақтап бір 
денесімен маған қарай бұрылды. 
– Осы сен таудағы Темірғали емессің бе? –деді таңдана қарап.
– Иә. Мен таудың баласымын. Қайдан білдіңіз, аға?
– «Жалында» жүргенде жазған едім ол хатты. Есімде. Сен мүлде 
хабарласпай кеттің ғой. Сенің өлеңдеріңді жарияламадық. Шық қан 
соң бірден жарқырап шықсын деп едім. Ағаңа өкпелеген жоқ сың ба?
– Жоқ, аға.


192
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
– Ал сенің атың менің есімде бірден сақталып қалды. Өйткені, 
біздің Сарноқай жақта Темірғали деген тамаша ақын өткен. Аттас 
екенсің.
– Бір өлеңін оқысын да. Енді «Жалынға» беруге жарап қалған 
шығар, –деді Қажекең қырылдай күліп, –Мына Жұматай қағанат 
құрып жатыр. «Необогемский могольский каганат». Моғол қаға-
наты. Соған қабылдау үшін жақсы өлеңдерің болса оқып жібер.
Жұмағаң жымиған қалпы қарап отыр. «Оқып жібер» дегендей, ол 
да басын изеді.
– Ең қысқа өлеңімді оқып көрейін, – дедім сәл қысылып.
Жаңбыр
Зілмауыр салмақ шыдатпай,
Көбесі көктің сөгіліп.
Ақша бұлт аппақ сынаптай,
Жаңбыр боп кетті төгіліп.
Кеттім мен кешіп белшемнен,
Төгіліп жатқан маржанды.
Мөлдірлік деген өлшеммен,
Бағалау үшін бар жанды. 
– Сен көп өсіпсің, – деді Жұмағаң, – шынында да «Жалынға» 
сұранып тұр. 
Бәріміз күліп алдық.
– Зілмауыр салмақ. Өмірдің салмағы ауыр. Ақынның ап 
пақ 
жаны оған шыдай алсын ба? Сезімдерінің көбесі сөгіледі. Мұңы 
жыр боп, жаңбыр боп төгіледі. Тазалық, адалдық, мөлдірлікті өмір-
дің өлшемі етіп ұстау екені, бірінің қолынан келмейді. Бұл өнер дің 
асыл мұраты. Жарайсың! Сені қағанатқа қабылдаймын. Сол үшін 
мына мөлдір судан бір алайық. Жарықтық, бұл да мөлдір- ау. Мөл-
дір өлеңдерің көбейе берсін, Темуджин. Мен саған ноян деген шен 
беріп, Темуджин деп ат қойдым. Қалай?
– Рахмет, аға! Сеніміңізді ақтауға тырысамын, – дедім қуа ны-
шым қойныма сыймай. Есжан мен Қайрат бұрыннан ноян екен.
– Ал құтты болсын! Моғол қағанаты жасасын! Қаған 
ның 
денсаулығы үшін ішейік!
Сол күні Жұмағаңмен ұзақ сырластық, сұрастық. Қағанмен 
осылай таныстым.
Қағанатта ең талантты ақындар бас қосқан. Өмір тәжірибе сіне, 
жасына қарай қаған олардың бәріне шен беріп қойған. Қажытай 
аға – кеңесші. Аса талантты ақын Мейірхан Ақдәулетов – илхан, 
орысша-қазақша бірдей сілейтін Әуезхан Қодар – гоан, бөрі мінезді 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау