ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей каласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
Силлабус
|
Силлабус
042-17-5-2.18-33.40-2016
|
«Оптика» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус)
|
№ 1 басылым
09.06. 2016 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пәннің атауы: Оптика
Кредит саны: 3
Мамандық шифры: 5В060400 «Физика»
Факультет: жаратылыстану-математика
Кафедра: физика
Семей 2016
1 ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы
аға оқытушы
Рахимбердина Анаргуль Турысбековна __________________ 2016 ж.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
Хаттама № 11, 09. 06. 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С. _________
2.2. Жаратылыстану-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама № 5, 08.06.2016 ж.
Төрайымы Абдишева З.В. ___________________
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама № 6, 09.06.2016 ж.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры
Г.К. Искакова __________________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
МАЗМҰНЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
КУРС САЯСАТЫ
БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Оқытушының аты-жөні, тегі Рахимбердина Анаргуль Турысбековна
Лауазымы: аға оқытушы
Факультет, кафедра жаратылыстану-математика, физика
Байланыс ақпараты- тел: 77-33-58, e.mail Anargul9161@mail.ru.
№ 3 оқу ғимараты, 304 кабинет.
1. 2. Пәннің қысқаша мазмұны:
Энергетикалық және жарықтық шамалар және олардың өлшем бірліктері. Геометриялық оптиканың элементтері. Көз және көру. Рең туралы ұғым. Жарық интерференциясы. Жарық дифракциясы. Поляризация.
Қосарланып сыну құбылысы және табиғи оптикалық активтілік. Дисперсия. Жарықтың жұтылуы және шашырауы. Табиғаттағы оптикалық құбылыстар. Жылулық сәулелену.
Люминесценция құбылысы. Фотоэффект және Комптон эффектісі.
Лазерлік сәулелену және бейсызық оптика.
5В060400 «Физика» мамандығы үшың “Оптика» міндетті компоненті бойынша оқу бағдарламасы (алғаш рет енгізілген, 09.06.2016 ж., №28) мына құжаттар негізінде әзірленді:
1.3. Пәнді оқып-білудің мақсаты:
- Физиканың оптика тарауынан жарықтың табиғаты туралы, сонымен қатар оптикадағы бақылаудың, өлшеу мен эксперименттеудің негізгі әдістері туралы, қазіргі заман техникасында оптикалық құбылыстар мен заңдылықтардың қолданылуы туралы түсінік беру.
- Студенттердің алған теориялық білімін практикалық физикалық және техникалық есептерді шығаруда қолдана білуге үйрету, студенттерге оптиканың негізгі заңдары мен принциптерін және олардың математикалық өрнегін беру;
1.4. Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті
- теориялық физика және арнайы курстардың шеңберіндегі физиканың барлық тарауларын тереңдетіп және жан-жақты оқыту үшін негіз болатын білімнің іргелі базасын қалыптастыру.
- Студентті негізгі оптикалық құбылыстар мен, оларды бақылау және зерттеу әдістерімен, эксперимент нәтижелерін өңдеуді ЭЕМ-ды қолдану әдістерімен таныстыру;
- Студентке оптиканың дамуы мен оның философиялық және методологиялық проблемалары жайлы ұғым беру.
1.5 Оқып-білудің нәтижелері
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
Білу:
- студенттерде қоршаған табиғат әлемі туралы біртұтас, қалыпты, логика тұрғысынан қарағанда қарама-қайшылық тұжырымдары жоқ физикалық көзқарасты қалыптастыру;
- классикалық физика тұрғысынан табиғаттағы негізгі оптикалық құбылыстар мен процестер туралы түсініктермен таныстыру.
- негізгі оптикалық құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін;
Орындай алу:
- тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді;
- физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;
ұға білуі қажет: негізгі оптикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;
дағдысының болуы:
- Оптикалық құбылыстың физикалық механизмін аша білуі;
- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен
жұмыс істей білуі;
-физикалық эксперименттердің техникасын меңгеруі, физикалық параметрлерді, тұрақтыларды процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,
- компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі;
- Оптика есептерін шығара білуі.
1.6 Курстың пререквизиті:
1.6.1. Механика.
1.6.2. Молекулалық физика.
1.6.3. Электр және магнетизм
1.7 Курстың постреквизиті:
1.7.1. Атомдық физика.
1.7.2. Ядролық физика.
1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
1 кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
(сағ)
|
СТС (сағ)
|
ЗЖ, сағ.
|
БӨЖ
|
Барлығы (сағ)
|
Қорытынды бақылау формасы
|
1
|
1
|
3
|
15
|
15
|
15
|
90
|
135
|
Емтихан
|
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі 2 кестеде келтірілген
Кесте 2
№
|
Модуль. Тақырып
|
Сағаттар саны
|
|
Дәріс
|
ПС
|
ЗС
|
БӨЖ
|
әдебиет
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Модуль № 1 Геометриялық оптика. Жарықтың интерференциясы, дифракциясы
|
1.
|
ЭМ толқындар шкаласы. Жарықтың табиғаты туралы ілімнің дамуы. Ферма принципі. Жарық жылдамдығы. Энергетикалық бірліктер мен олардың арасындағы қатынастар. Жарық шамалары. Геометриялық оптиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Оптикалық бейнелердің геометриялық теориясының бастамалары. Сфералық бетте сыну. Центрленген оптикалық жүйе. Линзадағы бейнені тұрғызу. Жұқа линза формуласы. Сфералық айна. Оптикалық жүйелерді қосу. Линзалық оптикалық құралдар.
Практикалық сабағы № 1 Энергетикалық бірліктер, жарық шамалары, әртүрлі жарық көздерінің беретін жарықталынуы. Геометриялық оптика элементтері.
Зертханалық жұмыс № 1Жұқа линзаның ұлы фокус аралығын анықтау.
|
1
|
1
|
1
|
6
|
5.1.1;
5.1.3;
5.1.5;
5.1.6
|
2.
|
Монохромат жарықтың интерференциясы. Жарық толқындарының интерференциясы. Екі нүктелік жарық көздерінен шығатын толқындардың интерференциясы. Толқындық фронтты бөлу және амплитуданы бөлу әдістері бойынша тәжірибелер. Көлбеулігі бірдей және қалыңдығы бірдей жолақтар. Ньютон сақиналары. Квазимонохромат жарықтың интерференциясы. Уақыт бойынша когеренттілік. Кеңістік бойынша когеренттілік. Жарық көзінің өлшем-дерінің интерференциялық бейнеге әсері. Оптиканың жарықталынуы. Фабри-Перо интерферометрі. Эйри формулалары. Интерференциялық жолақтардың анықтығы. Вавилов-Черенков сәуле шығаруы.
Практикалық сабағы № 2 Монохромат жарықтың интерференциясы.
Зертханалық жұмыс № 2 Френель бипризмасының көмегімен жарықтың толқын ұзыңдығын анықтау.
|
1
|
1
|
2
|
6
|
5.1.2;
5.1.5;
5.1.6
|
3.
|
Дифракция құбылысы. Гюйгенс-Френель принципі, оның интегралдық түрі және интерпретациясы. Френель аумақтары. Дифракциялық бейнелерді талдау үшін векторлық диаграммаларды қолдану. Аумақтық пластинкалар. Дөңгелек саңылау мен экрандағы дифракция.
Практикалық сабағы № 3 Квазимонохромат жарықтың интерференциясы.
Зертханалық жұмыс № 3 Линзаның қисықтық радиусын және жарықтың толқын ұзындығын Ньютон сақинасынның көмегімен анықтау.
|
1
|
1
|
2
|
6
|
5.1.1,
5.1.3;
5.1.5;
5.1.6
|
4.
|
Дәріс № 4 Амплитудалық және фазалық дифракциялық торлар. Акустикалық толқындардағы дифракция. Дифракция және спектрлік анализ. Спектрлі кеңістікте жіктеуші спектроскопия. Призмалық, дифракциялық және интерференциялық спектрлік құралдар мен олардың негізгі сипаттамалары: аппараттық функциясы, бұрыштық және сызықтық дисперсиясы, ажырату қабілеті, дисперсия аумағы. Көпөлшемді құрылымдағы дифракция. Брэгг-Вульф формуласы. Фотондық кристалдар. Табиғи фотондық кристалл. Жасанды фотондық кристалдар.
Практикалық сабағы № 4 Жарықтың дифракциясы.
Зертханалық жұмыс № 4 Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.
|
1
|
1
|
1
|
6
|
5.1.2;
5.1.5;
5.1.6
|
Модуль №2 Жарықтың поляризациясы мен дисперсиясы
|
5.
|
Оптикадағы поляризация ұғымы. Жарықтың электромагниттік теориясының шеңберіндегі сәуленің поляризациясын бейнелеу. Жарық толқынының затпен әсерлескендегі электр және магнит өрістерінің ролі. Жазық, шеңбер, эллипс бойымен поляризацияланған және поляризацияланбаған жарықты ажырату. Негізгі анықтамалар мен терминдер. Поляризацияның түрлері мен формалары. Поляризацияланбаған сәулелер. Табиғи жарық. Толық шағылу.
Практикалық сабағы № 5 Амплитудалық және фазалық дифракциялық торлар.
Зертханалық сабақ № 5 Малюс заңын тексеру
|
1
|
1
|
1
|
6
|
5.1.5;
5.1.6
|
6.
|
Диэлектриктер шекарасындағы толық ішкі шағылу. Поляризациясы әртүрлі шағылған сәулелер фазаларының қатынастары. Металдар оптикасы. Металл шекарасындағы жарықтың шағылу мен сынуының геометриялық заңдары.
Практикалық сабағы № 6 Көпөлшемді құрылымдағы дифракция
|
1
|
1
|
|
6
|
5.1.1;
5.1.5;
5.1.6
|
7.
|
Анизотроп орталардың оптикасы. Анизотроп орталардағы жарық толқындарының таралуы: эксперименттік фактілер мен теория элементтері. Фазалық және сәулелік жылдамдықтар. Біросьті және екіосьті кристалдар. Жарықтың қосарланып сынуы. Гюйгенс тұрғызуының көмегімен жарықтың таралуын сапа жағынан талдау.
Практикалық сабақ № 7 Жарықтың поляризациясы.
Зертханалық сабақ № 6 Рефрактометр арқылы заттың сыну көрсеткішін анықтау.
|
1
|
1
|
1
|
6
|
5.1.1;
5.1.5;
5.1.6
|
8.
|
Эллипс бойынша поляризацияланған жарықты алу және талдау. Гиротропты орталар туралы ұғым. Табиғи оптикалық активтілік. Сахарометрия. Механикалық деформация, электрлік (Поккельс және Керра эффектілері), магниттік (Фарадей, Коттон-Муттон эффектілері) өрістер әсерінің нәтижесінде пайда болатын оптикалық қасиеттердің анизотропиясы. Зееман эффектісі.
Практикалық сабағы № 8 Оптикадағы Френель формулалары.
Зертханалық жұмыс № 7 Луммер-Бродхун фотометрінің көмегі арқылы жарықтың техникалық шамаларын анықтау.
|
1
|
1
|
2
|
|
5.1.1;
5.1.5;
5.1.6
|
9.
|
Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың заттағы таралуының микроскопиялық бейнесі. Дисперсияның классикалық электрондық теориясы. Фазалық және топтық жылдамдықтар, олардың қатынастары. Сыну көрсеткішінің қалыпты және аномальды дисперсиясы.
Практикалық сабағы № 9 Жарықтың қосарланып сынуы.
|
1
|
1
|
|
|
5.1.1;
5.1.5;
5.1.6
|
10.
|
Жылулық сәуле шығару. Заттың сәуле шығару және жұту қабілеттері мен олардың қатынастары. Абсолют қара дененің моделі. Стефан-Больцман заңы. Вин ығысу формуласы. Рэлей-Джинс формуласы. Сәуле шығарудың классикалық теориясының шектелуі.
Практикалық сабағы № 10 Жарықтың дисперсиясы.
Зертханалық жұмыс № 8 Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау
|
1
|
1
|
1
|
|
5.1.6; 5.1.7;
5.1.1
|
Модуль № 3 Жарықтың кванттық теориясы
|
11.
|
Кванттық теорияның элементтері. Планк формуласы. Жарықтың шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырауы. Шашыраған жарық интенсивтілігінің жиілікке тәуелділігі (Рэлей формуласы) және шашыратудың бұрыштық диаграммасы. Доплер эффектісі мен жарықтың абберациясы. Шашыраған жарықтың поляризациясы, оның спектрлік құрамы.
Практикалық сабағы № 11 Жылулық сәуле шығару.
|
1
|
1
|
|
6
|
5.1.4,
5.1.2
|
12.
|
Табиғаттағы оптикалық құбылыстар. Күн сәуле көзі. Синхротрондық сәуле шығару. Жердің бетін жарықтандыру. Атмосфераның өткізуі. Атмосферадағы рефракция. Сәуленің турбуленттік ығысуы. Атмосферадағы Рэлей шашыратуы.
Практикалық сабағы № 12 Допплер эффектісі.
|
1
|
1
|
|
6
|
5.1.5,
5.2.1
|
13.
|
Люминесценция құбылысы: негізгі заңдылықтары, спектрлік және уақыттық сипаттамалары, кванттық ұғымдар тұрғысынан интерпретациясы.
Практикалық сабағы № 13 Фотоэффект
Зертханалық жұмыс № 9 Жарықтың толқын ұзындығын лазер көмегімен анықтау.
|
1
|
1
|
2
|
6
|
5.1.3,
5.2.2
|
14
|
Фотоэффект. Негізгі эксперименттік заңдылықтар және оларды түсіндіру. Фотондар мен олардың қасиеттері. Фотондар қатысатын процестердегі энергия мен импульстің сақталу заңдары. Комптон эффектісі.
Практикалық сабағы № 14 Комптон эффектісі.
Зертханалық жұмыс № 10 «Планк тұрақтысын анықтау»
|
1
|
1
|
2
|
6
|
5.1.1;
5.1.5;
5.1.6;
5.2.1
|
15
|
Еріксіз комбинациялық шашырату. Стокс шашыратуы. Мандельштам-Бриллюэн еріксіз шашыратуы. Ауысулардың қанығуы. Сызықтық және сызықтық емес жұтылу. Спектрлік сызықтардың ені мен профильдері.
Практикалық сабағы № 15 Кванттық теорияның элементтері. Планк формуласы.
|
1
|
1
|
|
6
|
5.1.1;
5.1.5;
5.1.6
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
15
|
15
|
15
|
90
|
|
2.1. 1-2 аралық бақылау тапсырмалары
№1 аралық білімді бақылау тапсырмалары мен сұрақтары
1. Энергетикалық және жарықтық шамалар және олардың өлшем бірліктері.
2. Геометриялық оптиканың элементтері.
3. Көз және көру.
4. Рең туралы ұғым.
5. Жарық интерференциясы.
6. Жарық дифракциясы.
7. Поляризация.
|
|
2.2 межелік бақылау тапсырмалары.
1. Қосарланып сыну құбылысы және табиғи оптикалық активтілік.
2. Дисперсия.
3. Жарықтың жұтылуы және шашырауы.
4. Табиғаттағы оптикалық құбылыстар.
5. Жылулық сәулелену.
6. Люминесценция құбылысы.
7. Фотоэффект.
8. Комптон эффектісі.
9. Лазерлік сәулелену және бейсызық оптика
3 курс САЯСАТЫ
Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.
Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.
Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.
Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.
Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.
Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.
Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.
4. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Кесте 3
Апта №
|
Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының, БӨЖ тақырыптары
|
Білімді бақылау түрі
|
Барлық балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1-7
|
1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді
|
30
|
Практикалық сабақтар, БӨЖ
|
1
|
Энергетикалық бірліктер, жарық шамалары, әртүрлі жарық көздерінің беретін жарықталынуы. Геометриялық оптика элементтері.
№ 1 Жұқа линзаның ұлы фокус аралығын анықтау.
|
|
|
2
|
Монохромат жарықтың интерференциясы.
№ 2 Френель бипризмасының көмегімен жарықтың толқын ұзыңдығын анықтау.
|
|
|
3
|
Квазимонохромат жарықтың интерференциясы.
№ 3 Линзаның қисықтық радиусын және жарықтың толқын ұзындығын Ньютон сақинасынның көмегімен анықтау.
|
|
|
4
|
Жарықтың дифракциясы.
№ 4 Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау
|
Бақылау жұмысы
№ 1-3 зертханалық жұмыстарды тапсыру
|
30
30
|
5
|
Амплитудалық және фазалық дифракциялық торлар.
|
|
|
6
|
Көпөлшемді құрылымдағы дифракция
Өздік жұмыс тапсырмалары:
1. Көз және көру қабілеті. Көздің оптикалық схемасы.
2. Релэй, Жамен, Рожденственский, Майкельсон екісәулелік интерферометрлері.
3. Жіңішке саңылаудағы, тікбұрышты және дөңгелек саңылаулардағы Фраунгофер дифракциясы.
4. Бейненің голографиялық жазу әдісінің физикалық негіздері. Габор және Денисток голограммалары.
|
Бақылау жұмысы
4 № Зертханалық жұмысты тапсыру
Конспект құрастыру
|
20
20
90
|
7
|
Жарықтың поляризациясы
|
|
|
7
|
Межелік бақылау № 1
|
Бақылау жұмысы
|
80
|
1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы
|
30+270=300
|
8-15
|
8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді
|
30
|
Практикалық сабақтар, БӨЖ
|
8
|
Оптикадағы Френель формулалары.
№ 5 Луммер-Бродхун фотометрінің көмегі арқылы жарықтың техникалық шамаларын анықтау.
|
|
|
9
|
Жарықтың қосарланып сынуы.
№ 6 Малюс заңын тексеру
|
|
|
10
|
Жарықтың дисперсиясы.
№ 7 Рефрактометр арқылы заттың сыну көрсеткішін анықтау.
|
|
|
11
|
Жылулық сәуле шығару.
№ 8 Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау
|
Бақылау жұмысы
№ 5-7 Зертханалық жұмыстарды тапсыру
|
30
30
|
12
|
Табиғаттағы оптикалық құбылыстар.
|
|
|
13
|
Фотоэффект.
№ 9 Жарықтың толқын ұзындығын лазер көмегімен анықтау
|
|
|
14
|
Комптон эффектісі.
№ 10 «Планк тұрақтысын анықтау»
Өздік жұмыс тапсырмасын тексеру
1.Брюстер пластинкалар жиынтығы, шағылдырғыш поляризаторлар.
2.Металдардың оптикалық константаларын өлшеу.
3.Поляризацияланған жарықтың интерференциясы.
4. Сахарометрия.
5. Дисперсияны байқау схемалары. Пуччианти әдісі.
6.Мандельштам-Бриллюэн өзіндік шашыратуы және комбинациялық шашырату. Ұсақдис-персті және бұлыңғыр орталардағы жарықтың шашырауы.
7. Кемпірқосақты зерттеудің тарихы мен есептеуі. Полярлық жарқырау.
8. Фотолюминесценция.
9. Екінші гармониканың генерациясы. Екінші гармониканың генерациясындағы фазалық синхронизм.
10. Сызықтардың біртекті және біртексіз кеңеюі. Толқындық фронттың айналуы.
|
Бақылау жұмысы
№ 8-10 Зертханалық жұмыстарды тапсыру
Конспект құрастыру
|
20
20
90
|
15
|
Доплер эффектісі.
|
Тест тапсырмалары
|
80
|
8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы
|
30+270=300
|
Емтиханның қорытынды баллы
|
|
400
|
Академиялық кезең үшін қорытынды балл
|
|
1000
|
Білімді бағалаудың көпбалды әріптік жүйесі
Кесте 4
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,00
|
80-84
|
B-
|
2,.67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,00
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
F
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттарарлық емес
|
5. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
Негізгі әдебиеттер
5.1.1 Жұманов К.Б. Оптика негіздері, 1 бөлім: Оқу құралы.-Қазақ университеті, 2004 – 321 б.
5.1.2 Н.М. Годжаев Оптика. учеб. пособие для вузов. М., Высшая школа, 1977.
5.1.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.
5.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
5.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
5.1.6 Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум. Семей, 2011 ж.
5.1.7 Ландсберг Г.С. Оптика.-М.: Наука, 1976
5.1.8. Матвеев А.Н., Оптика.-М.: Высшая школа, 1985
5.1.9. Бутиков Е.И. Оптика.-М.: высшая школа, 1986
5.1.10 Савельев И.В. Жалпы физика курсы III т. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)
5.2. Қосымша әдебиеттер
5.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.
5.2.2. Борн М., Вольф Э. Основы оптики.-М.: Наука, 1973
5.2.3. Чертов А.Г.,Воробьев А.А.Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.
5.2.4.Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И.,М,Наука1968 г.
5.2.5 Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике. М.: Высшая школа, 1998.
6.3 Интернет-ресурстар
6.3.1. https://hh.kz/employer/1673057
6.3.2. https://ria.ru/documents/20090426/169135271.html
6.3.3.Полные курсы по общей физике http://www.ph4s.ru.
6.3.4. Свободная энциклопедия Википедия http://ru.wikipedia.
Достарыңызбен бөлісу: |