85
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
бір партия, совет, комсомол қызметкерлері (ардагерлері)
жауапқа
тартылған жоқ.
Жұматай Шығыс әдебиетіне қызығушы еді, білгісі, үйренгісі
келетін. Ал үйренетін нәрселер көп еді ғой, шіркін. Ол барлық
талантты ақындар секілді ізденгіш болды. Шығыс поэзиясын оқып,
көп ақындарды қазақша тәржімалауға ұмтылды. «Шедевр» дегенді
парсылар «шаһбаз» дейді екен деп таңқалып жүруші еді, кейін осы
сөзді өлеңге қосты.
Кенежирен ат жабайы аттай жатағандау тұрқымен тақтай
қақпаны өзі ашып (қазақтың қара өлеңінің қақпасын деп түсінеміз)
кіріп келді. Ескендір Зұлқарнайынның «Буцифал», Әзірет Әлінің
«Дүлдүл», Рүстем батырдың «Рахыш», Ақан серінің «Құлагері»
болғаны ( Қамбардың Қарақасқасы, Қобыландының Тайбурылы,
(Алып Манаш) Алпамыстың Байшұбары т.б. тарихтан мәлім.
Жұматайдың Кенежирені де өлеңіміздегі
өлмейтін бейне Ат ре тінде
ме? Әңгіме жағы түкті жылқы айуан туралы ғана болса, оның жа-
расы жеңіл. Ақын Кенежирен атты жырлай отырып, өзін жырлады.
Қысқа қайырып айтарымыз осы. Әлбетте Жұматай ақынға обал.
Тірісінде талданбады, жақсы танылмады. 60-қа келгенде асық пай
кең ауқымда айтатын жөніміз бар еді, уақыттың тарлығы бұған да
қол байлау боп тұр.
Бір-екі ауыз сөз ақын Жұматай туралы емес, адам Жұматай ту-
ралы. Екеуміз «Жалын» журналында бір
кабинетте талай уақыт қыз-
меттес болдық. Қызмет дегеннен шығады, жұмысқа мұндай қыр сыз
адамды көрген емеспін. Кей күндері ертеден қара кешке дейін шөп
басын сындырмайтын. «Неге жалқаусың?» десем, «қазақпыз ғой»
дейтін күліп.
Атаққұмарлық, шенқұмарлық оған жат еді. Менімше, оған
өлеңнен басқа ештеңе қызық емес еді. Өлеңде ғана талантты еді ол.
«Композитормын» дейтін. Онысына баға бере алмаймын. «Боксер-
мін» дейтін. Бұған сену өте қиын еді. «Төремін» дейтін. «Ойдайт!»
дейтінмін күліп.
Әдемі қалжыңдайтын. Әзіл өлеңдерінің өзі бір төбе. Ұйқас
тапқыш еді. Мысалы:
«Дегенде прожектор, прожектор,
Астында прожектор біраз ет тұр».
Немесе: «Бұл үйдің үсті де дом, асты да дом,ортасы үңірей ген
гастроном», т.б.Әдемі киініп, өзін серілер санатына қосатын.
Тарихи тұлғалардан Жалайыр Мұқа, Жалайыр Сартақ, Жалайыр
Қадырғалиларды қатты қадірлеп, өлеңге қосып жүрді. Қонаевқа
шаң жуытпаушы еді. Кейбіреулер «Осы татар шал кетпей қазақ
тілі құрыған сайын құри береді» десе, жатып кеп ашулана
тын.
Қонаевтың татар емес екенін дәлелдеуге барын салушы еді. Соны
86
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
білетін құрдастары кейде «татар шал»
туралы әдейі әңгіме айтып
жынын келтіретін.
Өтірік айтпайтын. Айтса, онысы сол мезет әшкере боп, өзі қоса
күлуші еді. Қатар-құрбысына сыйлы болды. Сол кездің өзінде-ақ
жастар «Жалынға» Жұматайды іздеп келетін.
Өзін Тұманбай аға Молдағалиевке қарыздармын деп есе п тейтін.
Онысы рас та. Тұмағаң жастарға ылғи да тілекші, қамқор шы боп
келе жатқан кісі ғой, әсіресе Жұматайдың қатарға қосылып кетуіне
қамқорлығын аяған жоқ. Ағаларына еркелеген бір ақын болса
Жұматайдай болсын.
Сондықтан, кешегі келмеске кеткен Кеңес үкіметін қанша
жамандасақ та «Жұматай билік басындағылардан көп қиянат көрді,
оның ажалы кеңестік биліктен болды»
дегенге өз басым қосыла
алмаймын. Кітабын шығарды, пәтер алды, қаламақы тапты, қолын
ешкім қаққан жоқ. Ол –диссидент емес еді. Жұматайдан дисси-
дент не Ғайса жасап керегі жоқ. Жұматай – Жұматай еді. Соның өзі
жетпей ме?
«Әдебиет айдыны» , 22 желтоқсан, 2005 жыл
Исраил САПАРБАЙ
БЕКЗАТ БОЛМЫС
(Қазақ жырының көгінде жасындай ағып өткен
Жұматай Жақыпбаев жайында сыр шерткенде)
Ептілік пен тектіліктің аралық өлшемі көк пен жердей.
Бірін-бірі теуіп тұрған бұл екі ұғымды бір-біріне телимін деу бос
әурешілік болар еді. Ептіліктің есігінен қашанда өлермендік пен
пысық айлық сығалап тұрады. Тағы бір қызығы,
ептілер ешкімге
есе жібере қоймайды. Қай заманда да, қай қоғамда да оны өз
еншісінен қағажу қалдырмайды. Өйткені, оған дауа жоқ. Адам
дерті жазылар-жазылмас, қоғам дерті әріден беріге созылуымен
қатерлі. Созылмалы ауру дегеніміз сол. Ал... ал тектілік жөні бір
басқа. Ол де геніңіз қанның құрамында, тәннің тұрағында, жан ның
жұмағында ғана ғұмыр кешеді. Тектілікпен теңесу де, текетіресу де
қиын. Ол үшін алдымен өз әддіңе бақ. Өз төркін, төріңді тап. Заты
текті өзі залал көрсе де, өзгеге залал түгілі, залалға апарар амал да
жасай білмейді. Онда ұсқын болмайды, нұсқа болады. Ныспы нұс-
қалы жанның ішкі әлемі кіл әлеміштен, не жалтырақ, жылтырақтан
87
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
тұрады деу де әбестік. Тектіліктің тұла бойынан берекелі бекзаттық,
келісті кербездік, сындарлы сырбаздық,
биқасап бипаздық мен
мұндалап тұрады. Ондай жанның өзіне ұқсағысы кеп, сөзіне
ұйыитындар, құдайға шүкір, көп. Ырқы мен ықпалы еріксіз ықы-
лас арттыратын ондай жан егер ақын болып келсе ше? Онда әлгі
өзіміз айтқан тектілік сарайының сән-салтанаты мен ажар-көркін
осы ақын әспеттеуге лайық дей беріңіз. Бекзаттық поэзияны да, түп-
тің –түбінде, осы ақын жасай алады!
Өз басым Жұматай Жақыпбаевты біздегі бекзаттық поэзия-
ның бірден-бір өкілі дер едім. Ал бекзаттық поэзияға алдымен –
сыршылдық, сырбаздық, сұлулық тән. Осы үш бірдей микроәлемді
өнбойына өзек еткен өлең дүниесі қай кезде де қазынаңа да,
базынаңа да жарап жатыр. Сұлулыққа іңкәр
ақын сұлу-сұлу сөз
теріп, мамыр мақам, мың бояу, күндіз күмбір, түнде ояу, көр меске
– ғайып, көргішке – ғажайып дүниені алдыңызға тартады емес пе?!
Сол дүние, сол әлемге бір сәт те болса көңіл қойып, көз тоқтатып
көріңізші:
Кешемін жасыл мәуіт, көк шұғаны,
Алдымда жарық күннің от шуағы.
Көрдің бе көкорайды? Қалай екен?
Мен жүрген жерге ғана шөп шығады.
Әнеу бір бұйра тоғай көгіне енсек,
Ақ өзен, одан әрі көрінер шеп.
Қайтайық жәй адыммен, екеумізге,
Атамның беріп кеткен жерін өлшеп.
Ерейік гүл айдаған бір самалға,
Сенікі мұнша құс та, мұнша мал да,
Қызыл түс, сиыр бүйрек үй тастар да,
Көк тонды, көлеңкелі шыршалар да.
Жүйіткіп жирен атпен күліп өткен,
Таниды мені таудың гүлі көптен.
Қызартты құбыла да шоқтай жүзін,
Құрымдай қара бұлтын түріп еппен.
Қарамас енді маған мұңайып күн,
Мен сені жақсы біліп, шынайы ұқтым.
Жүр бері гүл төселген соқпақтармен,
Биікке тумысынан лайықтым.