91
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
түстей, ол
бір ай сәулесінен нәр алған, күн нұрынан жаралған жаһан
қызындай...Қолмен ұстай алмайсың, көзбен көре алмайсың. Ақ
қанатты періштенің дәл өзі. Көк қанатты көбелек те сол түстес.
Арман айдынында аққудай қалқып, қиял қанатында қиянға самғап
кеткенде аһ ұрып, аңырып қаласың ылажсыз. Сұлу соны сымен
сүйкімді, сиқырлы, ару сонысымен ажарлы, базарлы. Жұматай
ақынды жынды етіп батыс барына апарып «ащыға» ұрындыратын
да, шымылдық ішіндегі Шығыс сазына шомылдыратын да осы
сырлы, нұрлы беймәлім дүниенің дүр қызы:
Ару білер көз арбаудың әдісін,
Сүрме тартса әр береді шырайға.
Құрбың салса Кәшімірдің шәлісін,
Менде жоқ деп нәзіктікпен мұңайма.
Көз қарасын тек хас сұлу бұлдайды,
Жанарыңды бері қарат жалынды.
Тұт ағашын жеген құрттай бір қайғы
Жегідей жеп кетті –ау менің қайғымды.
...Сені көріп құба талдай иілген,
Танытқым кеп шеберлік пен тегімді,
Хас ұстадай пілләдан жіп иірген,
Жаным, ойым бір қиялға берілді...
... Ертегі елінде, аңыз аймағында көзсіз, ессіз экзотикаға еріген,
емінген, берілген Есениннің «Парсы саздары» еріксіз еске түседі...
Діні, ділі басқа, кезең, кезі әрқалай екі ақынның араға уақыт салып,
бірін-бірі жатырқамай, жатсынбай қауышуы, үлбір әлем, күмбір
күмбезді дүниенің кең сарайында өзара үн қосуы қайран қалды рады.
Қандай нәшті, нақышты, нәрлі, бозым бояулы назым десеңізші?!
...Көлденеңнен тартса сынын күн алдан,
Қара түнде табу ләзім аппақ ән.
Бұлт та – тұман, мұң да – тұман, тұманнан,
Ешкім рақат, ешкім опа таппаған.
Тағы да тап басып тәнті етер сол табысу!.. Тегінде,
аман-есен
болғанда Есенинді осы біздің Жұматай өз тілінде сөйлетуі керек-
ақ екен-ау деген ой келеді. Әттең, екеуі де жоқ бүгін... Құлап
қауышарлық, жылап көрісерлік өлеңдері ғана бар. «Ақын Алла ның
сүйікті перзенті, оның аузына сөзді жаратушының өзі салады» деген
әңгіме рас шығар шамасы...
92
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Алланың сүйікті перзенті болған соң да ақын сол жаратушы
жарық дүниеге сыйлаған сұлулықты әспеттейді, жаратылыс
жәннатын жанына азық, жырына тұздық етеді. Жер жәннаты –
Жетісу жұртында туып-өскен соң ба,Жұматай жан-тәнімен, бүкіл
болмыс-бітімімен табиғаттың төл баласы, жаратылыстың бел
баласы тәрізді. Біздің ұғымымызда ақын ауылы, Жұматай өлкесі
– жұмақтың жұмағы, жәннаттың жәннаты.
Ақын өлеңдерін оқи
отырып олай деп ұғынбасқа шараң жоқ. Оның табиғат бояуларын,
тау мен тас тілін, балдыр мен шалғын сырын, гүл мен өндір өскіннің
тамыры мен тағдырын соншалықты жетік, тамаша танып-білетіндігі
еріксіз таң қалдырады:
Сараң да малын алдырған,
Сайраған кезде жүрегім.
Шөлде де шөлін қандырған,
Жыңғылға тартқан ұл едім, –
деп басталатын «Өсімдік аты – Жұматай» деген өлеңі де бар. Әйтсе
де біз мұны қоя тұрып «Сазда» атты мына бір өлеңіне үңі лейікші:
Желек, ну жібермейді желіңді кей,
Ауаға жұпар ағыс емінді ме, ей?!
Жалқаулау желпілдейді шөп шуласа,
Атқұлақ жапырағы тебінгідей.
Безді, әне, құмырсқалар үй көшіріп,
Бұйра бас цыгандарша биле, шілік!
Оң қолды үнді құдай – қарандыздың,
Қалған ба басына алтын түйме шығып?
Бетке алып кетті шымшық құбыланы,
Осы иттің өзгермей ме ғұмыры әні?
Жә, қойшы... погондардың оқасындай,
Сары бас жоңышқалар құбылады.
...Жап-жасыл теңгесі айтып бірдемені,
Сәмбі тал көрсеткен жоқ күнге мені.
Сәйгел көп ызыңдайды айналшықтап,
Сақбайдың бұзауы деп жүр ме мені?
Осынау киіктің асығындай ықшам да шағын өлеңде қанша
бояу, қанша ояу дүние, образдар әлемі сыбдыр қағып сырласып,
тілі шығып, мойыл көбен мойын ырғасып, ымдасып, жамы-
93
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
расып, жарасып тұр десеңізші?! Бәрі де сұлу, бәрі де ғажап! Өмір
бақи солмайтын, сембейтін Жұматайдың жұпарлы жұмақ дүниесі!
Содан да ол ажарлы, әсем, мәңгі жап-жасыл. Жұматайға тән тәтті
жымиыс, қою қара мұрт астынан мырс етер әдемі әзіл,
жұмсақ юмор
да бар мұнда. Бейне, Жұматай жаратылысқа, жаратылыс Жұма тайға
айналып кеткендей...
Мойындамасқа болмайтын парадокс қай заманға да ақын тағ-
дыры өзектес, ортақ десе болғандай. Жұматай жырлаған Мұсаның
күні – біздің де бүгінгі күніміз. Өзгергені шамалы:
...Атқанда күнде таң аппақ,
Аллаға бір тай мінгіз деп.
Алашты жүрді адақтап,
Ақынға туар күнді іздеп.
...Жылытып жерді шуағы,
Жан берер кезде, ес кетіп.
Ақынның күні туады,
Туады-ау, әттең, кештетіп...
«Азап шектім, аз жаздым, көп қаңғырдым» –
дейді ақын ендігі
бір өлеңінде. Біздің басқа бұл да ортақ. Жасыратыны жоқ шын дық.
Талант тағдыры, талантқа лайық тағдыр жазмышы, әлде, әлімсақтан
бері қарай осылай ма екен?..
Қалай болғанда да ақын қайғы-мұңнан ада-күде емес. Мұңсыз
өмір – құнсыз. Ал қайғы мен ажал айтып келмейді, айтып келсе,
қайтып келмейді. «Аз жаздым» деп өкінген Жұматай бұл хақында да:
Қарсы келсең себеді билік өлім,
Ол тек қана ажалдың киді кебін.
Мен де ажалмен ақырын сөйлесемін,
Мен де ажалға иілмей, илігемін, –
деп айтып үлгеріпті. Қайсы бір боркеміктей боздап иілмейді, илігеді
қайсар, ожар кейіппен амал сыз. Бұл да бекзаттықтың белгісі.
Иә, нәзік те қайсар, өжет те өрімтал, сұлу да сүмбіл, сырбаз да
кербез
Жұматай ақынның төл болмысы, төркін-тегі осындай.
Өтіп бара жатқан уақыт-ай!... Кеше ғана баппен басып, «жүрген
жеріне гүл өніп», көктен нұр еміп, көңіліне жыр егіп жүре-
тін байсал қылық, жайсаң жігіттің інжу-маржан жыры қалыпты
біздің еншімізге. Ол бүгінде жалғыз Жұматайдың емес, жалпы
жамағаттың, қала берді, қазақ поэзиясының қасиетті қазынасы десе
болғандай. Бұл інжу-маржан қазынаға қайта-қайта оралып, қадіріне