Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет18/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   95

82
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Қалың ел сені ардақтап,
Қарсы алса деп ем гүлменен.
Дүние тілі, діні көп,
Дүрліге жылда той қамдап,
Ләйләнің туған күні деп,
Ләйлісе деп ем мейрамдап.
Жетпеспін сонау арманға,
Жеткенмен менде құдірет.
Ақынның тілін алған ба?
Ақымақ ғалам бір рет. 
Иә, ол сұлу табиғат аясында сұлулықты жырлап өсті. Табиғатқа 
бәрін берді, табиғат та одан еш нәрсесін аяған жоқ. Өзі туған Жоң-
ғар Алатауының ерке бұланы болып ер жетіп, серке ұланы болып 
қалыптасты. Ақиық қыраны болып шалықтады.
«Мені Жоңғар шыңдарында көрер ме ең, жирен атқа мін генде» 
дейтіні де содан.
Дүние талайды көрсе де,
Әлі бір ақынын көрген жоқ.
Көрмесе бір күн көреді, – дейтін.
Көрсетті де. 
Шың беті балқып, сары ала түстерге,
Таң қурай ағып, долана піскенде.
Шыңдағы құлмақ сабағын үзілтіп,
Сәмбі талдарға орала түскенде,
Алаяқ жиренмен жетіп мен бір келгем, –
дейтін тағы да. Әдетте біз натуралист жазушы дейміз. М.Прив-
шин, В.Биянкин, М.Зверев секілді қаламгерлер осы топқа кіреді. 
Негедүр натуралист жазушы дегенді айтқан ел натуралист ақын де-
мейді. Демесе демей-ақ қойсын. Бірақ, бөлек шаба білгеннің орны 
да бөлек болғанға не жетсін! Жұматай өлеңді жақсы жазғаны үшін  
кінәлі емес қой.
Меніңше, Ілияс Жансүгіровтен кейін тау табиғатын көзбен кө-
ріп, қолымен ұстап жырлаған ақын Жұматай болды.
Бұл, әлбетте одан арғы- бергіде аталмыш тақырыпқа өлеңдер 
жазылмады деген сөз емес. Жазылды. Жазылғанда қандай? Бірақ, 
жоғарыда айтқандай көзбен көріп, қолмен ұстау, жүрекпен сезіну 
бар да, сыдырта баяндап, сырғытып өте шығу бар. Өкінішке орай, 


83
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
жастарды айтпағанда кексе ақындарымыздың өздері туған ай мақ-
тың өсімдіктер әлемі туралы сұрай бастасаңыз таяз білімін та ны тып 
далаға сөйлейді. Құстан танитыны қарға мен сауысқан, әрі кетсе 
бүркіт, бері кетсе шымшықты біледі, ағаштың бәрі олар үшін тал, 
гүлдің бәрі бір гүл. Кешегі аспанға қарап алдағы айда не бола ты нын 
болжайтын сұңғыла қазақтың бүгінгі ұрпағы көктемде әуелі қай 
гүл бүр ашатынын, күзде ең соңғы боп қай ағаштың жапыра ғының 
түсетінін, қай шөптің не қасиеті барын білмейді. Не ауыл қа зағы, не 
қала қазағы білмейді. Мұны өзімізден бұрын сырт көз сын шы орыс 
ағайындар байқап жүр, аудармашылар аңғарып жүр. «Жаз келсе 
жайқалып ауладағы өрік ағашы гүлдейтін» деп жазады бір ағамыз. 
Өрік жаз келмей тұрып, ерте көктемде жеміс ағаштары ара сында 
бірінші боп гүлдейді.
«Бәйшешек тердік қырлардан,
Көгілдір көктем күнінде»
деп жазады бір ақын ағамыз. Бәйшешек – ақпанның соңын ала 
қар астынан көрінетін алғашқы гүл. Яки, ол гүлдейтін кез тіпті де 
көгілдір көктем емес.
«Тауларда бұлбұл сайраған,
Бауларда гүлдер жайнаған»
дейді менің бір құрдасым. Бұлбұл тауда сайрамайды, ол жазықта, 
қалың бұта, қалтарыс, ормандарда жылы жерлерде жүретін құс. Күн 
әбден жылыған кезде келіп, ұзамай қайтып кетеді.
Классик жазушымыз Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трило-
гиясын атақты Ю.Казаков аударды. «Бірде Юрий жанұшыра жүгіріп 
келіп: «Әбе, мен сізден сұмдық қате таптым», – дейді. «Ол не қате?» 
«Сіз күн суық еді, мұржалардан будақ-будақ түтін шығуда» деп 
жазасыз. Қыстың аязында түтін будақтамайды, керісінше, бозаң 
тартып сұйық боп ауаға ирелеңдей жайылады» дейді Ю.Казаков.
 Бұл мысалды келтіріп отырған себебіміз, әр сөздің реңкі болады, 
ажары, мінезі болады, біз соны ескермей ұрып айдап бәрін бір қораға 
тыға береміз, нәтижеде бүгінгідей автордан өзге ешкім оқымайтын 
әдебиет пайда болады. 
Жә, Сәбең айтпақшы, тақырыбымызға оралайық. Жұматай дың 
табиғат туралы өлеңдеріне келсек:
Біріншіден, ол түсті (цвет) керемет ажырататын, әр түстің өзіне 
лайық баламасын дәл табатын. Қазақ «жеті бояу» дейді. Анығында 
түс анықтаушы сөздер біздің тілімізде жүзден асады. Соның нобайын 
Жағда Бабалықов ақсақал жинаған. Бірақ, Жәкеңді де, оның еңбегін 
де керек қып жатқан басшылық жоқ. Біз ұлы депрессия зама нында 
өмір сүріп жатырмыз. Бізді заманның лай сулы ағысы алып ба рады. 
Ағын суға қарсы жүзбек ниет қайсымызда бар?
Екіншіден, Жұматай өлеңдерін оқып отырғанда қозғалысты 
сеземіз. Гүлдің ырғалғаны, «тазқара құстың қалқып өткені», 


84
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
«құлмақтың сәмбі талға орала түскені» – бәрі-бәрі көз алдыңыздан 
өтеді. Яки, өлі табиғатты ол суретке түсіру үшін не киноға тарту 
үшін алдыңызға әкеліп «мынау мынадай, мынау былай болады» деп 
мезі ететін баяндауға ұрынбайды, сізді тірі, жанды дүниемен етене 
табыстырып, таныстырып, біріктіріп, кіріктіріп жібереді. Сіздің көз 
алдыңыздан өлі пейзаж емес, тірі, жанды табиғат өтеді.
Үшіншіден, ол әр гүлдің исін ажырата біледі. Сізді шұғынық 
гүлмен сарғалдақ, шетен мен рауғаш әрқайсысы өздеріне ғана тән 
исімен баурайды.
Біз Жұматайдың өлеңге әкелген үш жаңа дүниесіне тоқталар 
едік. Оның біріншісі – жоғарыда айтқан табиғат көріністері болса, 
екіншісі – Ләйлә сұлу, үшіншісі – Кенежирен аттың бейнесі.
Ләйлә сұлуды жырлау, шынын айтсақ, жаңалық емес еді. Сұлу 
қызға ғашық болу – сонау көне заман поэзиясынан бастап бүгінге 
дейін бар тақырып. Бұдан шығады – гәп тақырыпта емес екен. 
Ақынды тақырып құтқарады деу бекер сөз. Дұрысы, тақырыпты 
ақын алып шығатын болса керек. Әйтпесе, ғасырлар бойы 
жырланып келе жатқан Ләйлә неге Жұматай жырлағанда қайта 
жасарып, жайнап шыға келеді. Бәлкім, ол ақынның қиялындағы 
қыз шығар, бәлкім Жоңғар Алатауының «қара алмас көзді, бал ерін» 
аруларының бірі болар – әңгіме онда емес, әңгіме қазақ поэзиясына 
осындай бір жаңа бейненің келуінде. Әр ақынның өз Ләйләсі бар.
Оның Ләйләсін кім көрді екен?
Мен де көргем жоқ. Бірақ, Жұматай поэзиясындағы сол аруды 
өз басым оның жан-жары ақын Зайдаға ұқсатамын. Осындай сұлу 
өлеңдер үшін біз Жұматайға қаншалықты қарыздар болсақ, Зайда 
ханымға да сонша қарыздармыз. Зайда сияқты әйел жігіттің жі гітіне 
бұйырады, Зайда сияқты ақын бақытты елдің поэзиясына бұйы-
рады.
Құрмет пен даңқ Зайда ханым, – Ләйлә сұлуға!
Ақиқатына келсек, қазақ ақындарының соңғы екі-үш буыны 
Шығыс әдебиетін білмей өсті. Оны айтасыз, бізде кешеге дейін 
арабша не парсыша жақсы білетін бірде-бір ғалым болған 
жоқ. Шығыстану ілімі – жабулы қазан жабулы күйінде жатты. 
Бізде ортағасырлық Шығыс мәдениетін зерттеген тарихшылар 
 
болды ма? КПСС тарихы бойынша ғылым докторлары мен акаде-
миктер жеткілікті еді. Біздер, қазақтар шығыстануды– өзбек пен 
тәжік ағайындар еншісіне беріп қойып, партия тарихын, ха лықтар 
достығын сол кездегі көсемдеріміздің сүйікті тақырыбы «Советтік 
аралас некені» марапаттадық, қазақтың орысқа тиген қызын 
мақтадық, татарға үйленсек қызметіміз өсті. Біз тіпті сол жылдары 
Түркістандағы Яссауи кесенесіндегі бай кітапханадан, Қарнақ 
медресесіндегі бай кітапханадан айырылып қалдық. Ол үшін бірде-


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау