Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет20/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95

88
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Бейне бір Жұмақстан жұртын аралағандай әсер алдыңыздан 
шығады. Иә, бұл – Жұматайдың жұрты. .. Жұмақтағы. Ақын да бір, 
қызғыш құс та бір-ау деп ойлайсың кейде. Көз тамшысындай көлге 
өзге құс қондырмаймын деп көгілдір айдын үстінде қызғыш құс әлек. 
Жәннатты жарғаққа, сұлулықты сұмпайыға айналдырмаймын деп 
ақын бәйек. Құс қалбағай, ақын желбегей. Жеме-жемге келгенде
екеуі де дәрменсіз – қараулықтың қасында, алпауыттың алдында. 
Екеуі де сұлулықты сақтайық, әсемдікті қорғайық деп жаһанға жар 
салудан аулақ. Құдайдың құдіретімен туа салған, пенде қолы нан 
келмес періште дүниені сол тамылжыған, уылжыған күйінде алға 
тартсақ, адам жүрегі оянар, харамдықтан аянар деп ойлайды. Ақын 
қасында да бір періште жүр. Ақын жүрегі жомарт. Әлгі періш теге 
әлем сұлулығын сыйлағысы келеді. Ал қазір... ал қазір әлем сұлу лығы 
дегеніңіз аядай ғана. Мұны да ақын сезіп тұр. «Мен жүрген жерге 
ғана шөп шығады» деуі де содан. Ел, халық ұғымында «Гүлғызар құс 
аузын ашса, көмейінен ән төгіледі» деген әңгіме бар. Ақын да бір 
жақсылықтың жаршысы, сұлулықтың жоқтаушысы. Әттең, олар аз, 
өте аз... Есесіне жүрген жеріне шөп шықпайтын, күнді түнге, гүлді 
күлге айналдыратын әпербақан апайтөстер қаншама?
Айналасы жұп-жұмыр осы бір өлеңде қаншама сурет, қан шама 
бояу, қаншама көркем көрініс, қаншама сұлулық сүлбесі жатыр 
десеңізші? Текті ауыздан тегін сөз шықпаса керек-ті. Мұн 
дай 
дүниені көзбен жүгіртіп оқып шығу обал, көңілмен тоқып, өрнек, 
бояуын бойға сіңіру абзал. Жасыл мәуіт, көк шұға, бұйра тоғай, ақ 
өзен, гүл айдаған үр самал, қызыл түс, сиыр бүйрек үй тастар, көк 
тонды, көлеңкелі шырша, жүйіткіген жирен ат, шоқтай қызар ған 
құбыла, құрымдай қара бұлт, гүл төселген соқпақ...көз аяңда қанша 
байлық тұнып тұр! Мұның бәрін кез келген көлденең көз көрер ме? 
Әй, қайдам-ау, көген көздер болмаса...
Шынтуайтында келгенде, жер бетінде осындай сұлу әлем, сүмбіл 
дүние бар ма? Бар болса ол – ақын әлемі. Бұл – Жұматайдың жұ мағы. 
Жұматайдың жұмағына кірген жан кірден тазарып, бір ауық болса да 
кірпияз күйге енеді. Тән шәрбетін, жан жәннатын сезінудің өзі бір 
ғанибет емес пе?! Міне, Бекзаттық поэзияның құдіреті осындай.
Ақын алдымен өзін жақсы танып-білуі лазым. Өзіңді толық 
тану арқылы ғана өзгенің қайғы мен қуанышын, мұңы мен шерін, 
қасіреті мен қасиетін сезіне аласың. Өзіңді тану өзімшілдік емес. 
Құдайым лайым өзімшілдіктен сақтасын. Өзеуреген өзімшіл діктен 
өлермендік өніп шығады. Бұл дегеніңіз қатерлі ісіктен де бетер 
қауіпті. Менмендікке бой алдырған ақыннан әлгіндегідей адами 
қасиеттерді табу да, тану да қиынға айналып кетеді. Мен мендік 
меңдесе, астамшылдық асқынады. Хас ақын мұның екеуіне де қас. 
Өкінішке орай, бізде – қазақы өлең топырағында өзіне өлеңі, өлеңі 
өзіне ұқсай бермейтін ақындар аз емес.


89
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Иә, Жұматай көбіне жалқы болатын. Жүрсе асықпай-аптық пай, 
ұрттаса баппен, шақпен шамалап шамырқанатын шәркездігінде де 
бекзаттық болымы, тектілік тәлімі баданадай байқалып тұра тын. 
Зейіні тыңдауға бейіл, зердесі тыңдағанды оқуға, тоқуға бейім ол 
қай ортада да бабын бұзбаған қалпы байсалды отыра беретін. Өзін 
бағалайтын, өзгені сыйлайтын, тумысынан әдепті, ес біл 
ген 
нен 
тәрбиелі, ержеткеннен тәлімді ұлдың таным-білігі, сөйтсек, та лайға 
өнеге, үлгі екен ғой...
 ...Мылқау болған жіпсіз байлап бай тілін
Арттыра алман жаман Жұматай құнын.
Ақ тәңірдің өзі ғана біледі,
Кімді жасқап, кімді жарылқайтынын, – деп мұны бір өлеңінде 
Жұматайдың өзі де сыпайы ғана білдіре кеткен тәрізді.
Таным-білім демекші, Жұматай поэзиясында энциклопедиялық 
нышан, сипат та жоқ емес. Атамзаманғы аңыз, оқиға, әлімсақта ғы 
ат-есім, қайдағы қағида, үрдіс, дәстүрді қайдан оқып, қайдан тани-
ты нын қайдам, қай өлеңінде де өзгеше, тосын әлемдер айшығын ал-
ды ңыз ға тартады да отырады. Осы орайда оның әдебиет деген әлемге 
қажет шаруаның археологы да, геологы да болдым мен, -дегені 
жәй мақтан емес, әрине. «Біз де оқығанбыз, өнер ашқанбыз, тіс 
қаққанбыз» дейтіндердің талайы Жұматай өлеңдерін оқығанда, әлгі 
райынан қайтып, тілін тістей қоятынына мен кәміл. Қазір сауатсыз, 
саудасыз ешкім жоқ. Бәріміздің де ішімізде бір-бір «қуыршақ құдай-
лардың» билеп-төстеп кететіні бар. Тартысып-таласып, жау ласып-
дауласып қалатынымыз да содан. Ал Жұматайдың ішінде... Аз 
сырластым, көп жүздестім демейін, ол бұл «құдайды» ішіне індетіп, 
жанына жуытып көрген емес. Оның құдайы біреу. Ол – Тәңір. Ол – 
Алла. Ол – жаратылыс пен жаратушы жәйлы ұлы ұғым. Ұлы ұғым 
ғана үлкен ойға, үркер сезімге жетелейді. Жұматайдың ойы да, бойы 
да, сезімі де, ұғымы да... бәр-бәрісі өміршең өлеңмен өрілген. Егер ол 
«...Дабырадан қашқанға даңқсыз деп жүрмісің, доп тебетін жігіттей 
дыбысы жоқ деп мені...?» десе, ол да жәй айбар, сес емес, маған үңіл, 
бағала, бақ деп дос-құрбыға қаратып айтылған базынадай.
Ақын «мені» кейде жалқы, кейде жалпы. Айдай әлемнің тыныс-
демін, қарекет-берекетін айна-қатесіз дөп басып, дәл танып 
отыратын ол бағзы бірде , ілкі арада өзіне де үңіліп, үңілген сайын 
ширығып отырады. Қайсыбір нақұрыстың намақұл сөзінен намыс-
та нып қалған ақын бәрібір «өшін» одан емес, өлеңнен алады. Жүрек 
жара сын жан тілімен жалап жазбақ болады. Бәрібір жаманшылық қа 
бармайды, жақсылық қамын жасамаққа әрекеттенеді:
...Мұхит жаққа асығады әр өзен,
Сол бір ойы және қымбат, және жөн.


90
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Мен Жалайыр Мұқылайдан артықпын,
Қият нәсіл қаһанмен тең дәрежем.
 Көсемдікке келіп те тұр форымым,
Әрі қатал, әрі нәзік қол, үнім.
Мен қалқамды жадыратар едім-ау,
Бес-алты айға берсе Колбин орынын...
Иә, ақын пенде. Пенде, әдетте, кемшіліктен кенде емес. Бірақ, 
бұл арадағы нәзіктік, бұл арадағы қаталдық кемшілік деуге келмейді. 
Контрасты екі ұғым, екі қасиетті жию, жымдастыру арқылы ақын өз 
болмысынан хабар айтып тұр. Әділдік, ақиқат, шындық жолында бір 
ғана нәзіктік жеңіске жете алмақ емес, оған қайсы бірде қатал дық та 
қажет. Ақын кредосы осы. Өмір көрген, көріп қана қоймай, тағдыр 
таныған пешенелі пенденің ой-түйіні бұл...
Байқайсыз ба, ақын жанында – біздің Жұматай жанында көлде-
нең көзге көрінбей көкше мұнар, көгілдір елестей ерекше бір нәзік, 
нәркес, сұлу дүние ылғи жүреді де қояды. Ол, бәлкім, пері не періште 
ме? Әлде...арманда ару Ләйлә ма?..
«Мен қалқамды жадыратар едім-ау...»
«Сол қызға қарап ойлаушы ем әйел затын мен:
«Әйел» деген сөз – сөз бе деп «ай елі» деген...»
«Мен жоқ болсам, атымды айтып күбірле,
Мен өлмесем, жақсылықтан түңілме...»
«...Сәбиісің ізгі ананың ,
Жаны-тәні ақ қардай-ақ.
Анаңнан да қызғанамын,
Өзім ойлап тапқандай-ақ».
«Жұматай ма? Керек емес мұны аяу,
Жүрегінде намысы ояу, жыры ояу.
Сенің барың, сенің бұлай туғаның,
Қандай ғажап, құдай-ау!»
«...Сен жұпардай пайдалысың,
Мен арақтай зияндымын...»
«Көрсетші бір күлетінін Күн қалай,
Жымимасаң ақ нұр кетер азайып...»
Анығын айтсақ, ақынды жебеп-желейтін де, дерегін беріп де-
мейтін де осы бір ғажайып бейне. Ол бір елестей, ол бір тәтті 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау