16
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ
ФИЗИКА МҦҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика
мҧғалімдерін даярлаудың мәселелері
Бүгінгі күнгі білім ордаларының, жоғары педагогикалық
оқу орындарының
басты мақсаты білікті мамандарды даярлау екендігі даусыз. Заман талабы
ӛзгерген сайын жоғары педагогикалық оқу орындарына қоғам тарапынан
қойылатын талап та ӛзгереді.
Қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты – білім алушылардың тұлғалық
және кәсіби тұрғыда дамуы болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін
болашақ мұғалімді кәсіби қызметке, яғни мектепте қызмет ететін маман ретінде
даярлау қажет. Оларға берілетін білім мазмұнында оқыту жүйесінің
стратегиялық бағыты айқын кӛрсетілуі тиіс. Оған білім беру процесінің
икемділігі, яғни қоғамның дамуына сай болуы, берілетін сабақтардың
жүйелілігі мен сапасы, білім бағдарламасының орынды іске асуы, берілетін
білімнің нақтылығы, толықтығы, айқындығы, тереңдігі бүкіл оқу-тәрбие
жұмысын дұрыс жоспарлауға оң ықпал етері хақ.
Болашақ мұғалімді даярлау арнайы (әдістемелік, психологиялық,
дидактикалық,
физикалық)
білім,
кәсіби
дағды
және
біліктілікті
қалыптастыруды кӛздейді.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде физиканың маңызды орын алуы,
тек қана ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруына байланысты
емес, табиғаттағы басқа да ғылымдардың дамуында алатын орнына да
байланысты болып отыр. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарында
болашақ физика мұғалімдерін даярлауда тӛмендегідей талаптар қойылады:
- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан
талдауға қабілетті және осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін әртүрлі кәсіптік іс-
әрекетінде
қолдануға дағдылануы;
- кәсіптік іс-әрекеттің басқару механизмі мен ұйымдастыруын жетілдіру
үшін ғылыми мәліметтердің автоматтандырылған қор жинағын, ақпараттық-
әдістемелік материалдарын және коммуникативтік желілерін қолдануға
икемділігі болуы;
– іргелі физикалық заңдарды және физикада пайдаланылатын
математикалық
аппаратты білуі;
– осыларды физикалық және математикалық модельдерді жасау, әртүрлі
құбылыстар мен процестерді болжау және бейнелеу үшін қолдануды білуі;
– жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде әртүрлі оқыту қызметі түрлерін
жүргізуге, оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға
қабілетті болуы;
– ғылыми-зерттеулерді және орта оқу орындарында білім беру үдерісін
ұйымдастыруға
дағдыланған болуы;
– ӛз еңбегін ғылыми негізде
ұйымдастыруға икемді болуы;
– кәсіби қызмет саласында қолданылатын мәліметтерді жинаудың,
сақтаудың және ӛндірудің компьютерлік
әдістерін меңгеруі;