Қазақ тілі
169
бекініс – острог
қорған – замок
қамал – замок
топырақ – грунт
құм – песок
топырақты тығыздау –
уплотнение грунта
топырақты өзек – грунтовое ядро
топырақты бекіту – закрепление
грунта
құм бүріккіш – пескоструйка
құмтас, құмдақ тас – песчаник
құм ұстағыш – песколовка
құмды құмайт – песчанистая
супесь
құмды тұғырық − песчанная
подушка
395-тапсырма. Берілген сөздердің жиі қолданылатын
тіркестерін табыңыздар.
Бұйым_____________________________________________
Шығарма___________________________________________
Ежелгі_____________________________________________
Кезең ______________________________________________
Дәуір______________________________________________
396-тапсырма. Сөз тіркестерінің екінші дұрыс сыңарын
табыңыздар.
1. ұлттық
1. тығыздау
2. топырақты
2. өнері
3. құмды
3. салу
4. өзекті
4. борыш
5. сәулет
5. тәрбиесі
6. дәстүрлі
6. ескерткіші
7. бабалар
7. көрініс
8. адам
8. жағдай
9. адамгершілік
9. мәселе
10. кесенелер
10. тұғырық
397-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, ат қойыңыздар.
Бұл ғимарат XV ғасырда өмір сүрген. «Жерұйықты» іздеп
өткен Асан қайғының ұлы Абат батырға арнап салынған.
Әкесінің тапсыруымен шөбі шүйгін құнарлы мал өрісін іздеуге
шыққан Абат батыр осы Бесқопада жел маядан құлап қаза
табады. Мазарды осы өңірдің барша тұрғындары бірлесе қысқа
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
170
мерзімде салып бітіреді. Осыдан екінші атауы – «Байтақ»: кең,
шексіз; бұл тұста – бүкіл халықтық деген мағынасы шығады.
Аңызды ескерткішке тікелей қатысты деп айту өте қиын. Далада
мұндай ғаламат құрылыстар, негізінен хан, төре тұқымы
жерленген қабір үстінде бой көтерген.
398-тапсырма. Төмендегі синоним сөздердің мағынасын
түсініп, сөйлем құрастырыңыздар.
күшті – ержүрек – айбынды
мемлекет – ел
азаттық – еркіндік – бостандық
тәуелсіз – егеменді – дербес
қарқынды – жедел
399-тапсырма. Төмендегі сұрақтар төңірегінде пікірлесіңіздер.
1. Сіз өзіңіздің өлкеңізге қандай сәулет өнерін тұрғызғыңыз
келеді?
2. Ұлттық нақышты қалай берер едіңіз?
3. Бүгінгі таңдағы сәулет құрылыс жұмыстарына көңіліңіз
тола ма?
4. Болашақ білім ордаларының, мәдениет орындарының
қандай болғанын қалайсыз?
5. «Егер мен сәулетші болсам ...» тақырыбына эссе
жазыңыздар.
400-тапсырма. Екі топқа бөлініп «Тарихи ескерткіштер»
тақырыбына топтық жарыс ұйымдастырыңыздар.
401-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
Көне түркі ескерткіштер
Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған
бабаларымыз артына өлмес мұралар қалдырып отырды.
Ғылымда «Орхон – Енисей жазулары» деп аталатын, бұл
тамаша
ескерткіштер
қазір
адамзат
мәдениетінің
даму
тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Қазақ тілі
171
Ержүрек қолбасшы Күлтегіннің, білікті мемлекет қайраткері
Тоныкөктің,
Белге-Қағанның
құлпытасына
қашалған
жазулардағы көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер, ұтқыр
тіркестер қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылады.
Күлтеген, Бүлге-Қаған, Тоныкөк .... ғасырлар керуенінің
бізге ескірмей жеткен есімдер, әлемге мәшһүр тұлғалар Алаш
ұлыстарының елұранын тасқа таңбаланған, түрік дүниесінің
тегіс табынатын кемеңгерлері. Орхон өзенінің жағалауында
VI–VIII
ғасыр
аралығында
бабаларымыздың
құрметіне
тұрғызылған шежіре-жазуға толы ескерткіштер талай елдің
оқымыстыларын таңдандырды. Түркі қағанаты құлағаннан
кейін түркі әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі
Қазақстан жеріне – Жетісу мен Сыр бойына ауысады. Өзіндік
сипатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениеті де
өркендейді. Сол көне күндерде өмір сүрген, шығыста кеңінен
танылған астроном және математик Аббас Жауһари, филолог
Ысқақ
әл-Фараби,
географ
Жанақ
әл-Қимақи
сияқты
оқымыстылар білім мен мәдениеттің биік өресін танытты.
402-тапсырма.
Мәтін бойынша кездесетін сөздерді
естеріңізге сақтаңыздар.
төл жазуы – жеке өзіне тән, меншікті жазуы
байырғы – бұрынғы
білікті – білімді, әр нәрседен жан-жақты түсінігі бар
құлпытас − қабір, бейіт басына орнатылатын ескерткіш тас
қашау – ағашты, темірді, тасты тесетін құрал
қашалған − қашаумен тесіп жазылған
ұтқыр – мазмұнды, ұтымды, тиімді
мәшһүр – аты, данқы әйгілі, белгілі
ұлыс – рулық
өре – ой-өрісі, білім деңгейі
қырғын – қиян-кескі соғыс, қан төгіс
сахара – кең байтақ, жазық дала
софы – діни, діндар ақын.
403-тапсырма. Мәтіннен мұра, мәдениет сөздерімен
тіркескен барлық тіркестерді теріп, әрқайсысының мағынасын
түсіндіріп жазыңыздар.