Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет53/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



159 

367-тапсырма.  Мәтін бойынша сөз тіркестерін аяқтаңыздар. 

 

Түркіттердің  мамандығы  темір  ......................,  аңызға 



........................,  арғы................,  түркіттердің  басты  ................, 

археологиялық  .......................,  жәдігерлерін..............................., 

тайыз ......................, темір........................., көміртегі......................., 

химиялық  ...........................,  кезекті    құйма  ................,  кеуек 

темірдің ........................,  халықтың жаппай ....................... 

 

368-тапсырма.  Өлеңді  мәнерлеп  оқыңыздар.  Әйгілі  ақын 

Мағжан 

Жұмабаевтың 



«Түркістан» 

өлеңі 


бүкіл 

әлем 


түріктерінің гимні саналатын. 

          

                                 

Түркістан 

 

Түркістан − екі дүние есігі ғой, 

Түркістан − ер түріктің бесігі ғой. 

Тамаша Түркістандай жерде туған 

Түріктің тәңірі берген несібі ғой 

                        

Ертеде Түркістанды Тұран дескен, 

Тұранда ер  түрігім туып-өскен. 

Тұранның тағдыры бар талқымалы, 

Басынан көп тамаша күндер кешкен. 

 

Бұл Тұран − ежелден-ақ алаш жері, 



Тұрансыз тарқамаған алаш шері. 

Тұранның топырағында тыныштық тапқан 

Алаштың арыстаны Абылай ері... 

 

Шер батса, кім іздемес туған елін, 



Тұлпар да көксемей ме туған жерін? 

Арқаның ардагері − қалың алаш, 

Тұранда, біле білсең, сенің жерің!  

 

369-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

тайыз руст − мелкий руст 



балқу − плавление 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

160 



кеуек темір − железо губчатое 

қышқыл − кислота 

көміртегі − углерод 

көмір қышқылы − угольная кислота 

шахристан-абыз − ақсүйектер қалашығы 

рабат − қолөнершілер қалашығы 

кеуек әктас − пористая известняк 

кеуек тас − пемза 

кеуек аратөсем − пористая поверхность 

кеуектер − поры 

кеуектеп қалау − пустотелая кладка 

кеуектендіргіш − порообразователь 

кеуектас  − құмыпемзовый песок 

кеуекті жік − пористый шов 

 

370-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  түсініктемесін  біліп 

алыңыздар. 

 

Тошала  (шошала)  −  сайман,  азық-түлік  қоятын,  төбесін 



дөңгелектеп жауып, шошақтап шығарған балшық, яки тас үй. 

Керіш  − топырақтан, құмнан бірігіп құралған тас. 

Зембіл  −  топырақ,  тас  сияқты  ауыр  заттарды  салып  екі 

кісілеп көтеруге арналған жабдық. 

Күрке − баспана, лашық. 

Лашық − уақытша үй, баспана, үйшік. 

Ақ керіш − ақ топырақ, онымен  үй ағартады. 

Қапас − темірден, ағаштен, шыбықтан тоқылған үйшік. 

Тасболат − күйдірген кірпіш. 

   


371-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. 

 

Ежелгі қамал-қалалар 

 

Қазақстанның  ерте  орта  ғасырлық  және  орта  ғасырлық 



кезеңі  қала,  ірі  елді  мекендер,  әртүрлі  ескерткіштер  салу  және 

қазақтың  ата-бабаларының  көшпелі  тайпалар  өнерінің  биік 

өрісіне  куә  боларлықтай  құнды  фактілер  мен  оқиғаларға  толы. 

Ұлы  жібек  жолының  дами  түсуі  және  феодалдақ  қарым-




Қазақ тілі 

 

 



161 

қатынастардың  өркендеуі  –  отырықшы  елді  мекендердің 

жоспарлық жүйесін туғызады.  

Ежелгі  қамал  –  қалалардың  орнына  берік  бекіністер, 

қорғаныс орындары – кешендер «кешен қалалар» тұрғызылады, 

олар  бертін  келе  цитательдерге  «қаланың  алғашқы  өзегіне» 

айналады.  Оның  сыртынан  қорғаныс  қабырғалары  қоршалған 

Орта  Азиялық    «Шахиристан»  атты  қала  тұрғызылды.  Кейін 

қала  өсе  келе  оның  маңында  қолөнер  шеберлері  мен  ұсақ 

саудагер,  кедей-кепшіктер  орын  тепкен  елді  мекен  –  рабаттар 

өмірге  келді.  Цитадель,  шахиристан,  рабаттан  тұратын  қала 

«мәуераннархлік  үлгідегі  қала»  атағына  ие  болды.  Еліміздің 

көптеген қалалары осы үлгі бойынша ғасырлар бойы дамыды. 

 

372-тапсырма.    Мәтін  бойынша  көп  нүктенің  орнына 

қажетті сөзді, сөз тіркесін жазыңыздар. 

 

Қазақстанның  орта  ғасырлық  кезеңі  құнды  ...  мен  ...  толы. 



2. Ұлы ... дами түсуі және феодалдық ... өркендеуі отырықшы ... 

жоспарлық  жүйесін  туғызды.  3.  Ежелгі  қамал  –  қалалардың 

орнына ... тұрғызылды. 4. Олар бертін келе ... айналды. 5. Оның 

сыртынан ... қоршалған Орта Азиялық ... атты қала тұрғызылды. 

6. Еліміздің ... осы үлгі бойынша ... дамыды. 

 

373-тапсырма.    Мәтіннен  көптік  жалғауы  бар  сөздерді 

теріп жазыңыздар. 

 

374-тапсырма.    Төмендегі  сөздердің  түсініктемесін  біліп 

алыңыздар. 

 

баркетуші (Беріктеуші) − құрылыс маманы, құрылысшы. 



бәдізші – тас шабушы шебер. 

бедерші – бедер түсіруші шебер. 

қайрақшы  –  қайраушы  адам  (қырықтық  қайраушы,  орақ 

қайраушы). 

қайысшы – қайыс шебері. 

қасаға – ошақтың шеңбері. 

қашшы – тас қашау шеберлері. 

қошетер  –  зергер,  қош  етуші  (жұрттың  бәрін  қуантатын 

шебер). 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

162 



оюшы  −  әртүрлі  өрнек  үлгілерін  жасаушы,  қазақ  ою-

өрнегінің шебері. 

кент – қала, шаһар. 

 

375-тапсырма. 

Мәтінді 

қазақ 


тіліне 

аударып, 

өз 

ойларыңызды қосып мазмұндаңыздар.  



 

Канализация  предназначена  для  отведения  фекальных  и 

сточных вод. Обязательно необходимо помнить, что ввод в  дом и 

надворные  постройки  водопровода  допускается  только  при 

наличии  трубопроводов  канализации,  отводящих  сток  от 

санитарных и хозяйственных мест. Если в месте застройки имеется 

общая система канализации, то лучше всего подсоединиться к ней. 

Это  согласуется  с  местной  санитарно-экологической  службой  и 

администрацией.  Канализацию  прокладывают,  как  правило,  в 

подполье,  а  если  есть  подвал,  то  в  нем.  Для  устройства 

канализационной  коммуникации  используются  чугунные  или 

пластиковые трубы большого диаметра. 

 

376-тапсырма.    Мәтінмен  танысыңыздар,  мәтін  бойынша 

сұхбат құрастырыңыздар. 



 

Сумен жабдықтау 

                                                    

 

                        



«Сусыз өмір болмайды» 

Шынында  да  әлемде  сусыз  өмір  жоқ.  Халық  шаруа-

шылығының  бірде-бір  саласы  сусыз  жұмыс  істей  алмайды.  Үй-

жай тұрмыстық шаруашылығы күрделі қазіргі қалаларда су көп 

мөлшерде  қала  тұрғындарының  мұқтаждары  үшін,  қала 

алаңдарын,  егіс  алқаптарын  суғарып,  баптау  үшін  және  басқа 

мақсаттар үшін қолданылады. Өнеркәсіп орындарында да су өте 

көп  мөлшерде  шығындалады.  Судың  сипаты  мен  оның  дұрыс 

ұйымдастырылуы  өндіріс  бұйымдарының  сапасы  мен  құнына 

едәуір  себепші  болады.  Ауылдық  жерлерде  де  су  адамдардың 

шаруашылығына,  мал  және  егін  суғаруға  жұмсалады.  Сонымен 

қатар,  ауылдық  және  қалалық  жерлерде  су  өрт  сөндіру 

жұмыстарына  да  пайдаланылады.  Осы  тұтынушылардың 

барлығын  сумен  қамтамасыз  ету  үшін  орталықтандырылған  су 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау