Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
172
404-тапсырма. Екінші қатардағы отыр, жатыр, жүр, тұр
етістіктерін бірінші қатардағы сөздермен мағыналық жағынан
байланыстырыңыздар.
әңгімелесіп
сөйлесіп
тыңдап
талқылап
қарап
бекітіп
ақылдасып отыр
жүргізіп жатыр
тіркеп жүр
ойланып тұр
ұшып
қонып
жүгіріп
қолданып
танытып
405-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен
аша білген академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ халқы
мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті
ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі,
әлемдік өреге ойшыл ғұлама. Қ.И. Сәтбаев мемлекеттік және
қоғам
қайраткері
ретіндегі,
ғалымдығы
мен
шебер
ұйымдастырушылық
қабілетінің
арқасында
Қазақстанның
индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдісінің көш
басында болып, кемеңгер ғалым атанды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – әлемдік өредегі тұлға,
қазақ ғылымының Гималайын жасап, өзі сәтті сілемінің шыңы –
Эверест болып өтті. Дарынды қазақ халқы жиырмасыншы
ғасырда көптеген ғалымдарды өмірге әкелді, солардың арасында
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұлғасы құзыр шыңға ұқсайды.
Қ.И. Сәтбаевтың арқасында Қазақстан геологиясы өндірістік
және іс жүзінде ғана қолданылатын ғылым өлшемі шеңберінен
Қазақ тілі
173
шығып, адамзаттың ой әлемін қозғайтын биік дәрежеге жетті.
Сондықтан
да
оның
жарқын
бейнесін
XX
ғасырдың
ғұламаларының арасында берік тіркелген паспортымыз, мәңгі
мақтанышымыз болып қала бермек.
406-тапсырма. «Көне түркі ескерткіштері» мәтіні бойынша
сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазір адамзат мәдениетінің даму тарихында қандай
ескерткіштер елеулі мұралардың бірі саналады?
2. Күні бүгінге дейін қандай ұтқыр тіркестер, қанатты
сөздер, көркем бейнелер қайда кездеседі?
3.
Білім
мен
мәдениеттің
биік
өресін
танытқан
оқымыстылардан кімдерді білесіздер?
4. Түрік қағанаты құлағаннан кейін түркі әлеміндегі әдеби
өмір орталығы қай жерлерге ауысты?
5. Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралар қашан жойылған?
6. 1069 жылы жазылған атақты дидактикалық шығарма
қалай аталады?
407-тапсырма. Мәтіннен тәуелді сөзді, сондай-ақ барыс,
табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөздерді тауып,
жалғану ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.
408-тапсырма.
Сөйлемдерді
орыс
тіліне
аударып,
тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңыздар.
1. Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді (Жами).
2. Кісіні тұрмыс тәрбиелейді (Науаи). 3. Адам баласын заман
өсіреді, кімде-кім жаман болса, заманымыздың бәрі кінәлі
(Абай). 4. Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады
(Т.Фуллер). 5. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар
(Низами). 6. Әрбір істің ақыры бар, әрбір қиыншылықтың
рахаты бар (Науаи).
409-тапсырма. Қазақстандағы қандай ескерткіштерді
білесіңдер? Олардың шығу тарихы жайында пікірталас
ұйымдастырыңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
174
410-тапсырма. Сөз тіркестерінің екінші сыңарын тауып,
орыс тіліндегі баламасын табыңыздар.
ұлттық
басшы
көрікті
нақыш
мемлекет
ғимарат
игі
шара
арнайы
жазу
көркем
мұра
мәшһүр
мүдде
әдеби
ғұламалар
ұлттық
тілі
діндар
жазылған
қашан
тұлға
ескерткіш
бейне
411-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
Алаша хан кесенесі
Алаша хан кесенесі XIV−XV ғасырлар арасындағы сәулет
өнерінің басты ескерткіші. Күмбез Ұлытау ауданындағы
Қаракеңір өзенінің жағасында салынған. Бұл кесененің өзіндік
бір ерекшелігі – далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалуы.
Оның іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Кіре
беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты сықырлауық есігі
тәрізді. Күмбездің екі жақ-
тауы мен маңдайы өрнекті
кірпіштермен қос сызықша
етіп қатар өрілген. Қабырға-
лары сыртқы жағынан кереге
көзді кілем тәрізді өрнек-
теліп қаланған. Кесененің
құрылыс жүйесіндегі өрнек
үлгілері
Орта
Азияның
сәулет өнерінде кездеспейді.
Бұл ғимараттың өзіне тән және бір ерекшелігі, үстіңгі қабатында