Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
166
383-тапсырма. Мына берілген машиналардың қызметін
кестеге толтырыңыздар.
Машина атауы
Атқаратын қызметі
Жүк көтергіш кран
Бетон араластырғыш
Шынжыр табанды
экскаватор
Жол құрылыс машинасы
Жүк тиегіш
384-тапсырма. Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін теріп
жазыңыздар.
385-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып,
шағын мәтін құрастырыңыздар.
Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдық, құрылыс машиналары,
доңғалақты кран, топырақ таптауыш, жер қазғыш машиналар,
тастақ қабаттарды бұзу, көтергіш кран, жолдар салу, жөндеу
жұмыстары, өңдеуіш машиналар.
386-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар.
Көтергіш кран
Жаңа үй бой көтеріп келеді.
Онда көптеген машиналар жұмыс
істеуде. Сол машиналардың ішіндегі
ең бастысы – көтергіш кран. Оның
айқыш-ұйқыш болып құрсауланған
болат
мұнарасы
көкке
бойлап,
алыстан көрінеді. Кран ауыр бетон
плиталарды, бетон арқалықтарды,
кірпішті, цемент сылақты жерден
көтеріп алып, өзінің ұзын қол секілді
жебесімен құрылысшыларға апарып береді. Күн өткен сайын
Қазақ тілі
167
үйдің бой көтеруімен бірге кран да «өсе» түседі: оның
мұнарасын жоғары қарай ұзартып отырады. Көтергіш крандар
көптеген ауыр жұмыстарды істейді. Бір жерде үлкен ағашты бір
орыннан екінші орынға көшіріп отырғызу, басқа бір жерде
қазылған орға жуан құбырларды көтеріп салу керек болғанда,
автомобильге орнатылған көтергіш крандар пайдаланылады.
387-тапсырма. Мәтіннен өткен шақтың жұрнақтары
жалғанған етістіктерді теріп, түрлеріне қарай бөліп, дәптерге
жазыңыздар. Ауыспалы келер шақ формасымен келген
етістіктерге көңіл аударыңыздар.
388-тапсырма. Төменде берілген сөздерге барыс септігін
жалғап, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Қала, үй, Қазақстан, топырақ, құм, елді мекен, зерттеуші,
тарих, ғалым, Сарыарқа, Әмудария өзені, Жетісу, Ертіс, Жайық,
Жібек жолы, кент, шаһар, тау қойнаулары, тау басы, аңғарлар,
тәжірибе, шұңқыр, өріс, ескерткіш, асыл мұра.
389-тапсырма.
Мәтіннің
мазмұны
бойынша
негізгі
мәліметтерді қатыстыра отырып, тірек схемасын жасаңыздар.
390-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұнын
айтыңыздар.
Прежде чем приступить к возведению стен вашего дома,
необходимо подвести под них основу – заложить фундамент.
Отношение к процессу закладки фундамента должно быть
абсолютно серьезным, а исполнение – обдуманным. Что же вам
нужно знать о фундаментах, чтобы избежать непоправимых
ошибок?
Существует два типа конструкций фундамента: ленточный
(непрерывный) и столбчатый (состоящий из отдельных
столбиков). Если дом будет кирпичным или бетонным, то
выбора быть не может – только сплошной непрерывный
ленточный фундамент. Столбчатый фундамент устраивается
под легкие деревянные и каркасные постройки. Строительные
материалы,
используемые
для
сооружения
фундамента,
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
168
достаточно разнообразны: кирпич (только глиняный красный
кирпич; белый силикатный кирпич для устройства фундаментов
использовать нельзя), бутовой камень, бетон.
391-тапсырма.
Жоғарыдағы
мәтін
бойынша
өз
ойларыңызды білдіріңіздер.
392-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтіндегі
қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңыздар.
Зерек ес – қажетті нәрсені есте сақтау қабілеті ғана емес,
сонымен бірге керексізді ұмыту қабілеті де. Сондықтан есте
сақтаудың басты заңы – ойлау.
Есте сақтауға тиістіні ойлау, есте сақтайтынды бұрын
білетініңмен байланыстыру, есте сақтағаныңды ойша көру
керек. Ең бастысы – осының бәрі өзіңе қашан керек боларын
ойлау.
«Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған.
Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете
аласың.
393-тапсырма.
Сөз
тіркестерінің
екінші
сыңарын
табыңыздар.
1. құрылыс
2. индустриялы
3. доңғалақты
4. топырақ
5. бетон
6. қада
7. көтергіш
8. ұңғыма
9. төсемді
10. өңдеуіш
1. кран
2. бұрғылау
3. таптауыш
4. қағу
5. жолдар
6. әдіс
7. машиналар
8. машиналары
9. кран
10. төсегіш
394-тапсырма.
Берілген терминдерді
дәптерлеріңізге
жазып, жаттап алыңыздар.
кесене – мавзолей
құлпы тас – замковый камень